Философияда «антропология» термині - Бірінші рет философияда «антропология» терминін Кант кіргізді.
- Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз – адам туралы ілім.
- Ол адам мәселесін екіжақты қарады. Біріншіден, ол табиғат әлемi мен табиғи қажеттілікке тәуелді болса, екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды. «Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағынышты болуынан асқан сорақы сұмдық мүмкін емес»,- деді.
- Антропогенездің негізгі концепциялары.
- — Теологиялық концепция (креационизм) адамды Құдай жаратты. Жаратылыс эволюция емес, Құдайдың бір мезеттік акті. (христиандық теология и т.б.)
- — Биологиялық концепция (дарвиннің эволюция теориясы) – адам табиғи жолмен адам тәріздес маймылдардан биологиялық эволюция заңдар негізінде пайда болды. (Ч. Дарвин, Ф. Энгельс, К.Маркс, В. Ленин, марксизм, позитивизм)
- — Адамның ғарыштық эволюция концепциясы – адам ғарыштық, биологиялық эволюция заңдары арқылы космостық және биологиялық организмдердің эволюциясының және Ғарыштық Ақыл нәтижесінде пайда болды. (Махатмы, Е. Блавтская, Ф.Л Дью, Е. Рерих және т.б.)
Ежелгі үнді философиясындағы адам мәселесі - Ежелгі үнді философиясы мен дінінде адам әлемдік жанның бір бөлігі ретінде қаралды.
- Жанның біреуден екіншісіне көшуі туралы ілімде, тіршілік иелері (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен Құдай арасында өтуге болатын жылжымалы шекара бар.
- Бірақ ең маңыздысы - бостандыққа ұмтылу тек адамға ғана тән, оған жету үшін құштарлықтан құтылу, болмыстың эмпирикалық жолы, сансара - карма заңдарын білу қажет.
- Упанишадтың пафосы- шабыт, сезім шаттығы, ықлас, ынта, жігерлену. Упанишад үнді философиясының дамуына зор ықпал көрсетті.
- Діни - этикалық ілім - буддизм, адам мәселесін ең жоғарғы биікке көтеріп, өмірді түгелдей соған арнау жайында баяндайды
Қытай философиясындағы адам - Қытай философиясында Конфуций СЯО-ға (ұлдың сый-сияпат көрсетуi, әке -шешені және үлкендерді сыйлауы), ең икемді әдіспен үлкен отбасын, елді басқаруға, этикет, әділеттік пен мінез-құлыққа ерекше көңіл аударады. Конфуций ең алғашқы болып «Өзіңе қаламағанды басқаларға қалама», - деп, ең басты моральдік-этикалық принципті өмірге әкелді.
- Даосизм, оның негізін салушы Лао-цзы бойынша, Дао (жол) - көрінбейтін, барлық жерде бар, өзінен өзі пайда болатын табиғат, заңдылық, оған жеке адамның мінез - құлқы мен ойлары да жатады. Адам өмір бойы дао принципін ұстануы керек, адам өз мінез - құлқын табиғатпен бүкіл әлеммен келістіруі керек. Бұл iлiм кейін Қытайдың негізгі бір діні ретінде дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: |