Адам философиясы және құндылықтар әлемі Қазіргі философиядағы адам мәселесін салыстырмалы талдау Философиялық оқулардағы адам •Абай философиясындағы адам мәселесі



бет3/5
Дата08.04.2024
өлшемі441,39 Kb.
#200578
1   2   3   4   5
Байланысты:
адам мәселесі
Саясат туралы

Ежелгі антика заманында адам

  • Ежелгі антика заманында адамды космос бейнесінде, «кішкентай әлем» (микрокосмос) ретінде қарады.
  • Адам туралы мәселені алғашқы рет Сократ қойды. Ол рационалдық этиканың негізін қалап, адамның ішкі дүниесін, оның жаны мен ізгілікті ісін түсінуді ұсынды. «Ізгілік» дегеніміз – білім, «Жақсылық пен әділдікті танып-білген адам жамандық пен әділетсіздіктен аулақ болады»- дейді.
  • Платон ілімі бойынша адамда мәңгiлiк жан мен өткiншi дене қосылады. Жан - денесіз идея әлеміне жатады. Адам болса, дербес рухтың сақтаушысы.
  • Аристотель «Адам қоғамдық хайуан, тек ақылы бар»- деп, ал құлдарды адам деп санаған жоқ, «сөйлей білетін жануар» деп атады. Құл иесі құлға қайырымды бола алмайды. Сол сияқты әкесінің баласына қайырымды болуы міндетті емес, өйткені ол оның меншігі болып есептелінеді, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі әкесіз бала дүниеге келмейді.
  • Христиан дінінде адам ұғымы, Құдай бейнесінде қаралады. Адамды бағалауда ақыл-ой емес, жүрек негіз болады. Жүрек Көне өсиетте (Ветхий завет) - 851 рет қайталанады.
  • Фома Аквинский: «Адам - дене мен жанның бірлігі. Хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе. Жан мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі. Адам денесі - құмарлық пен ынтызарлықтың, жындардың ұясы», - дейді.

Жаңа Заман философиясындағы адам

  • Жаңа Заман философиясының өкілдері: Бэкон, Декарт, Гоббсс, Спиноза - адамның өз болашағы өз қолында, Құдайдан да, басқадан да тәуелсіз, ол тапқыр да белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субъектісі.
  • Адамның ерекшелігі де, рухани күйі де оның ақыл-ойында, яғни ойлау қабілетінде деп есептедi.
  • Декарт: ойлауды адамның өмір сүруінің нақты куәсі дейді. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін». Адам - ақыл-ойы бар тіршілік иесі. Дене мен жанның арасында ортақтық жоқ. Дене белгісіздікте болса, жан ойлайды, жанның айқын маңызы – сана, ақыл-ой».

Абай философиясындағы адам мәселесі

  • Қазақтың ұлы данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды.
  • Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең мән беріп, философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек дейді. Әуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нәрсе адамның жақсы қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» 
  • Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мәселесін қозғайды. Бұл екі ұғым адам мен хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақ жүректігімен адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам – иманды. Ойшыл Абай адамдық танымдағы ұяттың басымдығын сөз етіп тұр. Жиырма бесінші қара сөзінде: «Қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап – ішуге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уа әртүрлі бәлеге ұрлық зорлық, қулық сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатын нәрсе» деп ой түйіндейді 
  • Абай мұрасы – ізденіс пен ойланудың, кемелділік пен ізгілікті танудың үлгісі. Өйткені, хакім ғұламаның басты мақсаты – адам болу үшін ненің жаман, не жақсы екенін көрсетіп қана қоймай, жаманнан жирендіріп, жақсылыққа бастау. Сондықтан Абайдың «Адам бол!» деген үндеуін бір сәт ұмытпағанымыз абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет