«Адам – Ағаш – Үй» проективті тесті Салған суреттерді интерпретация арқылы талдау жасау төмендегіше жүргізіледі.
Адам суреті бойынша Суреттің әлсіз басылуы –бостандық, әлсіздік, сылбырлық, көңіл-күйдің басыңқылығы
Суреттің қатты басылуы – әсердің шиеленістілігі, қызбалық, серпімділік
Қарындаштың қағазды жыртып салынуы -ашу-ызалық, жанжалдық, шектен тыс белсенділік
Қарындаштың басып салынуы –әсердің тұрақсыздығы
Суреттің бәсең салынуы –алаңдаушылық, үрей, фрустрация
Қиылысқан штрихталуы –аса қатты бақылаушылық, шым-шытырық ойлар
Айрықша, тым ұқыптылықпен салынған сызықтар немесе сызықтардың өшірілуі және түзетілуі – өз үрей, қорқынышын қадағалау, перфекционизм
Соңына дейін жүргізілмеген сызықтар –алқыну (астения) немесе серпімділік (импульсивность)
Керекті нүктеге түспеген (жетпеген) сызық – серпімділік, аса қатты белсенділік
Сызық формасының бұрмалануы –серпілістік(импульсивность)
Ұқыптылық – алаңдаушылық, қоршаған ортаға байланысты өз қорқынышын қадағалау
Суреттің мөлдір элементтері – кемелденбеген, іс-әрекетіндегі өткірлік, серпімділік
Қызыл түстің шамадан тыс қолданылуы –ашу-ызаның басымдығы немесе белсенділік, шығармашылық
Қара-қошқыл түстің шамадан тыс қолданылуы – жабығушылық, депрессия
Шұбар түс – маньяктік бірбеткейлік
Әрең көрінетін ақшыл түстердің қолданылуы –өзінің шын сезімдерін жасыруға талаптануы
Пішіннің үлкендігі – мазасыздану жағдай, күйзелістік (стрестік) күй, серпімділік, аса қатты белсенділік (экспансивность)
Әсірелеудің мөлшері тым өзгермелі нұсқада болуы –әсердің тұрақсыздығы
Сурет қағаздың жоғарғы жартысында салынған – өз бағасын көтеруі, перфекционизм
Суреттің төмен жаққа қарай ығысуы –өз-өзіне төмен баға беруі
Сурет қағаздың шетінен шығып кетуі – серпілістік, үрей, қорқыныш