Адамдықты іздесең, Жаттап тоқы көңілге. (С. Торайғыров) Оңтүстік Қазақстан облысы,Төлеби ауданы «Мәдени жалпы орта білім беретін мектебі»



бет2/2
Дата27.01.2020
өлшемі1,21 Mb.
#56633
1   2

2017-2018 оқу жылы


Абай даналығы


Мақсаты– қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаев туралы тереңірек меңгеру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.
Көрнекіліктер: Абай портреті, эпиграф жазылған плакаттар, кітап көрмесі, слайд, бейнероликтер. 

Сахнада оқушылар шығып,баяу музыка орындалып, Абай туралы өлең оқумен басталады

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 


Жырымен жан сусынын қандырған кім? 
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, 
Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім? 
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім? 
Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
Арманын атандырып келешекке , 
Біздермен осы күнгі тілдескен кім? 
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? 
Жауына найза сөзін шанышқан кім? 
Өзендей құйған барып көк теңізге, 
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
Әрине,ол -Абай атамыз

1-жүргізуші- Нұрболат
Көп адам дүниеге бой алдырған, 
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 173 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! 
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді. 
2 - жүргізуші Назгүл
Бар ғұмырын әдебиетке арнаған,
Ақиқаттың ақ жолынан таймаған,
Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,
Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған!
Құрметті әдебиет сүйер қалың көпшілік! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған

«Абай даналығы» атты сыныптан тыс тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
- Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деп жырлайды ақын өз өлеңінде.
2 - жүргізуші – Назгүл
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
1 - жүргізуші – Нұрболат
- Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,- дегендей, назарларыңызда Ақерке,Дана,Назым,Зарина Балнұр –9-сынып оқушыларының орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні.
1 - жүргізуші Нұрболат
- Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. Абайдың өмірінен дерек береміз. Бір сәт экранға назар аударалық(бейнежазба материалы – 2 - 3 минут)
2 - жүргізуші – Назгүл
- Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс . «Абай тегі» туралы Нұрмахан Дана таныстырады

Абай тегі
Қазақ әдебиетінің алтын діңгегі, біртуар тамаша дарынды да ұлы тұлғасы атанған Абай Құнанбаевты ақын, ойшыл, данышпан ретінде білгенімізбен, ол данышпандық қасиетке Абай қалай ие болды деген де сұрақ туындары анық. Ол үшін Абай атамыздың тегіне назар аударалық. Орта жүздің Тобықты Арғын руынан шыққан Олжай батырдың ұрпағынан тараған. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек тараса, Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай тараған. Ырғызбайдан Өскенбай, Үркер, Мырзатай, Жортар болып өнген екен. Өскенбайдың әйелі Зере. Сол арқылы Құнанбайдан тараған тектілік Абайда да сақталды. Шыққан, өскен ортасы өте дәулетті болатын.
Мына көрініске зер салайықшы. Әжесі Зере де қыз күнінде өте бай отбасында тәрбиеленген көрінеді. Шын аты да басқаша еді. Ол ұзатыларда өз руының дәстүрімен күміс әшекейлермен оранып шыққан деседі, тіпті мұрнын тесіп сырға да салған екен. Міне, осындай оқаларды көрген Тобықтының әйелдері «Бұл Зерлі келін болды ғой» дескен екен. Содан оның есімі Зере атанған. Зеренің келін болғаннан кейін көрген түсі жайында айтатын болсақ, бірде Өскенбай түзде жүргенде Зере киіз үйде демалып жатып түс көрген екен. Түсінде атасы Ырғызбай үйге кіріп келе жатады. Қолында үлкен - үлкен үш бірдей қып - қызыл алма екен. Кірген беттен бірден сүріне жаздап, қолындағы алмасының бірін жерге түсіріп алыпты да, екіншісін қалтасына салып қояды. Ал үшіншісін сүртіп келіні Зереге сондай ілтипатпен ұсынған көрінеді. Кейін осы түсі өңінде болғандай өмірге үш нәресте алып келеді. Қызы Тайбала жат жұртқа ұзатылып, көрмей кетіпті. Ұлы Құнанбай өте ақылды, зерек, салмақты болып ерекше өседі. Ал Құттымұханбет үйленер жасқа жеткенде қайтыс болған көрінеді.

Зере әжеміз немерелерінің ішінде Абайды ерекше сүйген. Абай туғаннан тым сүйкімді болғандықтан, Ибраһим деп қойған немересінің атын араб тілінде «сүйкімді» деген мағынаны беретін «Абайым», «Абай» сөзімен атаған екен. Содан Абай атанып кеткен.



2- жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. 

Ендеше сөз кезегін 9-сынып оқушыларына береміз



Абай туралы (кітап көрмесі, мақалалар, фильмдер т.б.) мәліметтер бойынша 9-сынып оқушылары ізденістерін ортаға салды ,өлеңдерін мәнерлеп,жатқа оқиды.

Келесі 2-турда Абай өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп жатқа айту бойынша сайыс өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет