Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі



бет37/107
Дата13.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#185222
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

Мұхаммедул-Әмин18 келе жатыр !!!
Жиналған көпшіліктің көзі Бәни Шәйба қақпасында. Көңілдерді күпті еткен мәселенің шешімін табатын кім болды екен?! Кім келер екен? Қалай шешер екен? Ақыры немен тынбақ?…
Жұрттың бойын күдік пен үміт қатар билеген. Сөйтіп тұрғанда қақпадан қараңдаған біреудің сұлбасы көрінді. Ұзақта келе жатса да өзіне тән бойы, ерекше түр-тұлғасы мен жүрісінен оны тым-тырыс қақпаға көз тіккен жұрт жазбай таныды. Қуанғандарынан көбісі айқайлап та жіберді:
“Мұхаммедул-әмин келе жатыр!!! Әл-әмин!!! Ең сенімді адам! Оның үкіміне ризамыз. Ол не айтса да дұрысын айтады”.
Иә, келе жатқан расында да Мұхаммедул-әмин, яғни сенімді Мұхаммед болатын. Баршаның сенімінен шыға білген турашылдығы, шыншылдығы, кісі ақысына аса мән беретіндігімен жұрттың ықыласына бөленген-тін. Сондықтан да халық оның келгеніне қатты қуанды.
Әрине, пайғамбарымыздың келуі кездейсоқтық емес еді. Аллаhтың әмірімен ол пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрып, беретін үкімдерімен, пәтуаларымен, қабылдайтын шешімдерімен туралығына, дұрыстығына қарапайым халықтың көзін тағы бір рет жеткізуге тиіс еді.
Құрайыш болған жайды бастан-аяқ баяндап беріп, шешімін күтті. Мұхаммед (с.а.у.) көп ойланып жатпады. “Маған кеңдеу бір шүберек беріңдер”, – деді.
Сұрағаны әкелінді. Мұхаммед (с.а.у.) шүберекті жерге жайып, қара тасты ортасына қойды.
Көпшілік аңырып қарап қалған. Енді не істеуі мүмкін?
“Әр рудан бір-бір өкіл шығып, әр бұрышынан ұстап қойылатын орнына дейін көтеріп апарсын”, – деді.
Айтқандары орындалды. Мұнан соң пайғамбарымыз өз қолымен қара тасты алып орнына қойды. Үлкен құрметке ие болды.
Халық көңілі тыншыды. Ары қарай жөндеу жұмыстары жалғастырылып, аз уақытта тәмамдалды.
Осылайша Ол қанды қырғынның алдын алып қана қоймай, өзінен әлдеқайда жастары үлкен, өмірлік тәжірибесі мол адамдардан ұтымды ойымен артықшылығын көрсетті. Ақыл жаста емес, баста екенін дәлелдеді. Мұның бәрі әрине, иләһи күштің арқасы.
Қара түсті болғандықтан, Хажарул-әсуад аталған осы мүбәрак тас Қағбаның шығыс жақ бұрышында, жерден бір жарым метр биіктікте, есікке жақын орналасқан. Үш үлкен, бірнеше кіші бөліктерден құралған. Айналасы күміспен шеңберлей қоршалған. Кейбір мәліметтерде Рухул-әсуад деп те аталады.
Бұл тас әу баста Хазіреті Ибраһимге (а.с.) көктен Жебірейіл періште арқылы түсірілген.
Қағбаның қабырғасына қаланғанға дейін Әбу Құбайыс тауында сақталған.
Кейбір деректерде кездесетін екі дүние сәруары Хазіреті Мұхаммедтің сөзі:
“Мен пайғамбар болмастан бұрын Меккеде маған сәлем берген тасты әлі күнге дейін ұмытқан емеспін ” дегенде осы Хажарул-әсуадты меңзеген.
Құрметті халифа Хазіреті Омардың бір күні тасқа жақындап, иіліп сүйіп тұрып былай дегені бар:
“Егер Расулаллаһтың сені өпкенін көрмесем, мен сені сүймеген болар едім”.

*****




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет