26. Ақбас үйректің биологиясы мен таралуы- Қанатының ұзындығы 15-17 см, салмағы 500-900 г. Қоразы қара сұр түсті, басы ақ, мойны мен төбесі қара, тұмсығы көгілдір. Мекиенінің басы қоңыр, көзінің жоғары жағында ақ жолағы бар. Қазақстанның солтүстік бөлігінде қалың сулы терең көлдерде кездейсоқ ұялайды. Қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Пәкстан, Иран, Түркия жерлерінде қыстайды.
27. Құстар биологиясындағы қоныс аударудың маңызы-Құстардың қайтуы[1] - құстардың жылда бір аумақтан екінші аумаққа жаппай қоныс аударуы. Бұл құбылыс — олардың тарихи жағдайда қалыптасқан белгілі бір инстинктке негізделген, тұқым қуалайтын қасиеттерінің бірі. Құстардың кайтуы — климаттың маусымдық өзгерістеріне бейімделуге (қоректік нысандардың және ашық су көздерінің азаюы, т.б.) тікелей байланысты.
28. Сұңқартәрізділер, не күндізгі жыртқыш құстар отряды