Оқу-тәжірибелік құралында ішкі істер органдарымен (әрі қарай - ІІО) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді жүргізу барысында қолданылатын әкімшілік-процессуалдық құжаттардың үлгілері көрсетілген.
Бұл процессуалдық құжаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға және де дербес әкімшілік жаза салуға құқылы ІІО қызметкерлеріне пайдалы болуы мүмкін. Аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай – Кодекс) «Ішкі істер органдары (полиция)» атты 685-бабында және «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар» атты 804-бабында тура көрсетілген, атап айтқанда:
1)Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары мен департаменттерінің бастықтары;
2) аумақтық ішкі істер органдарының бастықтары;
3) әкімшілік полиция бөлімшелерінің бастықтары;
4) көші-қон полиция бөлімшелерінің бастықтары;
5) облыстың , республикалық маңызы бар қаланың ,астананың жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
6)полиция бөлімдерінің ,бөлімшелерінің , әкімшілік , көші-қон полициясы бөлімшелерінің ,жергілікті ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) желілік бөлімдерінің , бөлімшелерінің ,пункттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
8)ішкі істер органдарының (полицияның) арнаулы атағы бар қызметкерлері;
9) ішкі істер органдарының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандырылған полиция бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.
ІІО тәжірибелік әкімшілік-юрисдикциялық қызметінің талдауы қолданыстағы әкімшілік материалды және процессуалдық құқық нормаларын бірқатар бұзу фактілерін куәландырады. Кей кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді ресімдеу кезінде қажетті әкімшілік-процессуалдық құжаттарды дұрыс толтыру үшін ІІО қызметкерлеріне тәжірибелік дағдылар жетіспейді.
Оқу-тәжірибелік құралының авторлары әкімшілік-юрисдикциялық өкілеттіктерге ие ІІО қызметкерлерінің әкімшілік-процессуалдық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сай қызметтік іс қағаздарды жүргізуге көмек көрсетуді мақсат етті. Қазіргі таңда әкімшілік-юрисдикциялық қызмет бағыты бойынша 50 шақты процессуалдық құжаттар әзірленуде. Құралдағы процессуалдық құжаттар әкімшілік-юрисдикциялық қызметтің негізгі кезеңдерін қамтиды:
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыру;
- шағым беру және наразылық келтіру;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды орындау.
Процессуалдық құжаттардың үлгілері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу» атты 4-бөлімінің талаптарына сәйкес әзірленген және де соттардың, прокуратураның, сонымен бірге әкімшілік юрисдикцияны жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының тәжірибелік қызметтерінде қолданылуы мүмкін.
Құралда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптарында көрсетілген құжаттардың үлгілері мазмұндалған. Алайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді ресімдеу бойынша қызметтік іс қағаздарды жүргізу тек қана бұл құжаттармен шектелмейді. Сонымен бірге басқа да әр түрлі анықтамалар, мінездемелер, ілеспе құжаттар, талаптар, сұрау салулар, түсініктемелер, баянаттар, ақпараттық-іздеу карточкалары және т.б. құжаттар қолданылады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 768-бабы негізінде дәлелдемелерді тараптармен қатар әкімшілік өндірістің басқа да қатысушылары ұсынуы мүмкін.
Келтірілген құжат үлгілерінің мазмұны құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып өзгертілуі мүмкін. Кейбір құжаттардың үлгілері бір іске арналғанына қарамастан, толтыру кезінде, мәселен, қаруды, көлікті, ақшаны, құжаттарды, есірткіні, сусымалы және сұйық заттарды алып қоюда елеулі түрде өзгертіледі.
1-үлгі
Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу АКТІСІ
20 ___ ж. «____» __________сағ.___мин._____ _____________________
(толтыру орны)
Мен, __________________________________________________________
(актіні толтырған тұлғаның лауазымы, атағы, Т.Е.Ә.)
Куәгерлердің қатысуымен:
1._____________________________________________________________
(куәгердің Т.Е.Ә., мекен-жайы)
2. _____________________________________________________________
(куәгердің Т.Е.Ә., мекен-жайы)
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 797-бабына сәйкес көлiк құралын, кемені, шағын көлемді кеме ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе ____________________________________________________________________
стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға оны жеткiзу
____________________________________________________________________
(эвакуациялау) әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы орындалғанға дейін)
жолымен ұстап алдым.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 797-бабы 3-тармағының 1-бөлігіне сәйкес, көлік құралын пайдалануға тыйым салынады: _______________________________________________________
(мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ не жасырын,
________________________________________________________________
қолдан жасалған немесе ұлттық стандартқа сай емес нөмiр белгiлерi
________________________________________________________________
бар көлiк құралын кемшіліктер жойылғанға дейін пайдалану)
Көлік құралы туралы мәліметтер: __________, ___________________,
(маркасы) (нөмірлік белгісі)
Иесі _______________________________________________________
(Т.Е.Ә., ұйым, мекен-жайы, телефоны)
___________________________________________________ тіркеуде.
Ұстап алу барысында :_________________________________________
(фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба,
_______________________________________________________қолданылды.
басқа тіркеу тәсілдері)
1. ______________________________ 2. __________________________
(куәгердің қолы) (куәгердің қолы)
Лауазымды тұлға ______________________________________________
(актіні толтырған тұлғаның Т.Е.Ә.)
Акт көшірмесін алдым__________________________________________
(көлік құралы иесінің Т.Е.Ә.)
__________________________________________________________________
20 ___ ж. «____» __________ ______________________________________
(хаттаманы алған тұлғаның қолы)
2-үлгі
Достарыңызбен бөлісу: |