Тергеу АЙДАРХАНОВ
ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАРҚЫРАЙ БЕРСIН
Әбекең 60 жасқа толып, мерейтойы өткелi жатыр. Ол бәлкiм, жаратылыс-болмысы, тәңірi-тұлғасы, сонау ғаламның төpiнe орнатуға кеткелi тұрған Кекiлбайұлы жұлдызының бiр жарық еткен үзiгi шығар. Солай ағайын! Мен Әбiш Кекiлбайұлы туралы осылай ойлаймын. Адамзат жаратылып, "ес бiлiп, етек жапқанынан» берi, қаншама ғұламалар жұлдыздарға айналды. Оның бiрi ғалым, бiрi ақын-жазушы, бiрi шешен, данышпан, бiрi өнерпаз, бiрi пәлсапашы т.с.с. Ал табиrи жазушылық, ойшылдық пен талантты сарабдал саясатшылықты, қорамдық қайраткерлiктi, кемел де, кемеңгер азаматтықты бiр басына бере салған Әбекең сияқтылар кiм? Олар шамасы жұлдыздар шоғыры болар!
Адамзат өз өмiрiнде осындай талай жұлдыздар шоғырын тyғызды. Соларды мақтаныш eтті. Олармен мақтанды, оны тыңдады, одан үйрендi. Әбекең, меніңше мен ғана емес тәйiрi, бүгiн де бүкiл қазаққа ақылшы.
Сенбесеңiз, Әбiштi оқыңыз. Шығармалардың өзегiн тарихи тақырыптар ала тұрса да, бүгiнгi 2 мыңыншы ғасырдың табалдырығынан аттағалы тұрғандарға, келер ұрпаққа айтары қаншама? Хан болсаң, батыр, бай болсаң да - халықтан үлкен eмессің, адамзаттық рухты жоғары ұста, халқыңның санын соқтырмайтын жолды iзде, тап, iлгерiдегiлермен іргелес, биiктегiлермен иықтас болyға жет. Әбiш осыған үндейдi, осыған шақырады.
Ал, повестерi мен әңгiмелерi - "Ханша дария хикаясындағы", Гүрбiлжiн, "Күйдегi" - күйшi, "Бiр шөкiм бұлттағы" Аққаймак, "Шыңыраудағы" - Еңсеп, "Құс қанатындағы" Каракемпiр, "Бiр шоқ жидедегi" - Төлеу, "Автомобильдегi" - Жақан, "Тасбақаның шөбiндегi" - Қарабала, "Есболайдағы" - Есболай сияқты кейiпкерлердегi намыс рухынан, өнер құдiретiнен, шынайы адамгершiлiк - ақыл парасатынан нәр алrан ұрпақтың қашанда ешкiмнен eңceci еңкiш болмайды. "Арға тартпай - арман тұл, намыс қумай - мақсат тұл" дейдi Әбiш. Әбiштi оқу керек дейтiнiмiз содан. Есебің түзу кезде де, елең еткен кезде де Әбiш Кекiлбайұлының шығармаларын оқыңыздар - бәрiнің де жауабы бар.
Әбiш Кекiлбайұлы сияқты кемел ойы азаматтардың өзімізбен бiрге өмір cүpгeні тағдырдың сыйы дер eдiм.
Әбiш Кекiлбайұлында, құдайға шүкiр, бiр басына жетерлiк атақ, абырой бар. "Халық жазушысы", "Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты", бiрнеше орден-медальдардың иегерi. Сырт елге де eciмi кеңiнен таныс. Өзi сапарға шығып барып жүрген елдер де көп, өзiнен бұрын шығармалары жеткен елдер де аз емес. "Қазақ деген елденмiн" деп өзi айтса, "қазақ деген осындай болады" деп кейiпкерлерi де сөйлеп турады.
Ол әлеуметтiк өмiрде де рухани өмiрде де адамдар арасындағы шын теңдiк пен шынайы достықты жырлады, бүкiл адамзаттың зәру мәселесiн сөз eттi. Сондықтан, оның кейiпкерлерi әлем оқырмандарымен туыс, сырлас. "Сүйсiнерге ұлың болса - сен сүй" деп, ұлы Абай осындайда айтқан болар.
"Халық үшiн өмip сүрген" деген мазмұны терең, салмағы зiл көтерем сөз тiркeci Әбiш сияқты азаматтарға ғана лайық. Айтқысы келсе, жарылып айтатын, бiрақ, aнay-мынауға аузын ауыртып жатпайтын қазақтың талантты перзенттерiнің бiрi Олжас Сүлейменов "Өзiңіздің адал еңбегiңізбен қазақ әдебиетi саласында, Парламенттің жұмысы мен мемлекеттiк үлкен қызметтерде, Сiздiң бүгiнгi тәуелсiз мемлекетiмiздің кеpeгeciн керiп, шаңырағын көтерiсiп, туын тiгiсiп жүргенiңiзге - iзгi шын жүректен қуанып, мақтан eтемін" дейдi. Бұл таланттың талантқа айтқан көтерме қошамет сөздерi емес, расында солай.
Әбiш - ойшыл, кемел суреткер peтiндe халықтың ғасырлар бойы бастан кешкендерi мен көңiлге түйгендерiн бүгiнгi уақыт елегiнен өткiзiп, келесi ұрпак, санасына ұсынып жүрген сарабдал ойлы, салқар парасатты жазушы. Ол адамдардың бiр-бiрiмен, адам мен қоғамның, қоғам мен адамзат арасындағы сан жетпес байланыс тамырының тынысын шұқшия суреттеп, қасапшыдай алдына жайып салады. Осы ретте Әбiш орыстың бүкiл әлемдi тамсандырған данышпан cypeткepi Л.Н.Толстоймен үндес. Мәселен, Л.Н.Толстойга бағытталып айтылатын "Адамның iшкi қызметi", "Жан диалектикасы", "Ой қарымы", т.б. әдебиет терминологиялары Ә.Кекiлбайұлына да тiкелей қатысты.
Әбекең - адам ретiнде де, жазушы ретiнде де үлкен гуманист тұлға. Жүзi iзгiлiк пен мейiрiмге толы, кеңiлi дархан, жүрегi үлкен, сыйғанынша бар адамды құшағына алып тұрғысы келедi. Талай жылдан берi сөйлесiп, пiкiрлесiп, сырласып, мұңдасып келемiз. Әбекең еш нәpceнi кездейсоқ айта салмайтынын да түсiндiм .
... Менің ұлдарымның бiрi дүниеге келгенiнде, Күрiш Тасболатов па, Жомарт Нұрлаев па (марқұм), әлде Аманқос Жүнiбеков пе, Әбекеңе хабарласса керек. Пошташы қыз жеделхатты қолыма ұстатты, Әбекеңнен екен ... Ол кiсiнің ой-желiсiн бұзғым келмей, орыс тiлiндегi мәтiнiндe бергендi дұрыс көpдiм, ... "Милый Рустем Тергеуович, с великой радостью приветствуя тебя, и поздравляю с приходом в наш всегда сложный, но всегда прекрасный мир. В этот уже много миллиардный человеческий мир ты пришел самым желанным и долгожданным. Знай это и хорошо помни. Тебя ждали многие. Желают они тебе многое. Пусть их любовь вдохновит тебя на жизнь долгую и счастливую, радостную и славную. Дано тебе имя легендарное, олицетворяющее доблесть и благородство. Носи достойно и гордо. С приветом и надеждой, Абиш Кекилбаев".
Мен мұны осыдан он алты жыл бұрынғы сәтте де, қазiр де, өзi атын қойған, Халимат екеуiмiздің перзентімізге ғана емес, өміргe келер барша ұрпаққа айтылар батасына ұқсатамын.
Жұлдызың жарқырай берсiн. 60-қа шыққан мерейлi жасың құтты болсын, қымбатты Әбiш ибн Кекiлбай Эль Маңғыстау!
МҰНАР ТАУ
Әбiш Кекiлбаевқа арналады.
Ұйқысыз ұлы жүрек үнсiз ғана,
Мұңайған мұнар шыңдай жүрсiз бе,
Тауларға тамашалап қарай қалсам,
Iшiнен көрiнесiз бiр Сiз дара.
Қайырмасы
Заманның данасы,
Елiмнің панасы
Алыпты жаратқан,
Жалғыз ғып қарашы.
Тарихқа тамыр салған шердi Eменім,
Әз бойын бiлiмменен зерлегенiм.
Парасат ғасырлардан озып туса,
Құдай-ау, қор екен ғoй Ер дегенің.
Қайырмасы
Заманның данасы
Елiмнің панасы
Алыпты жаратқан,
Жалғыз ғып қарашы.
Болғанмен көceмдiккe әpкiм ғашық,
Сезе ме, Абыздардың нарқын жасық.
Күңiренiп "Құс қанаты" "Бiр шөкiм бұлт",
Кетедi Маңғыстаудан мауқын басып.
Кайырмасы
Заманның данасы,
Елiмнің панасы
Алыпты жаратқан,
Жалғыз ғып қарашы.
Сабыр Адай, 23.08.1999ж.
А.Әбдіров, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесi
КЕ3ДЕСУЛЕРДЕН АЛFАН ӘСЕРЛЕР
Әбiштiң таланты мен дарыны тым ерте қалыптасты. Мектеп қабырғасында жүргеннен-ақ өлеңдер жазды. Жаңалық хабарлары мен мақалалары аудандық "Сталин жолы" облыстық "Социалистiк құрылыс", "Прикаспийская коммуна" газеттерiне қазақша-орысша шығып тұрды.
1956 жылы Әбiштің "Социалистiк құрылыс" газетiне "Ақерке" деген көлемді очеркi жарық көрдi. Мұнда ол шопан қызы Аяғанова Ақерке туралы көркем тiлмен оның қой бағyдағы ерлiгiн суреттеген болатын. Кезiнде газет оқушылары «"Ақерке" очеркiмен газет тiлi өткiрленiп, көркемдене түстi» деген едi. 1956 жылы Республикалық "Лениншiл жас" газетiнде IX класс оқушылары Ә.Кекiлбаев, С.Абдуллиннiң "Жазушы А.Хангелдиннiң тағы бiр ұрлығы" деген көлемдi сын мақаласы шықты. Онда А.Хангелдин орыс жазушысының "Үлкен жолда" деген романын ұрлап оның атын өзгертiп қазақша кiтап етiп шығарғандығы айтылады. Ол сол кездің өзiнде-ақ, оның орыс жазушыларының көптеген кiтаптарын оқып үлгергендiгiнен еді.
1957 жылы тамыз айында Москвада жастармен студенттердің бүкiл дүние жүзiлiк VII фестивалы өткiзiлетiн болып шешiлдi. Осыған сәйкес барлық жерде фестивальға үлкен әзiрлiк жұмыстары жүргiзiлдi. Фестивальды өткiзу әуелi төменгi орындардан басталды. Мұндағы мақсат-талантты өнер саңлақтарын ipiктey. Маңғыстау ауданында аудандық фестиваль мамыр айында өткiзiлдi. Таушық кентiнің құбыла бетiндегi биiк қара тау eтeгiнe колхоздардан және мекемелерден көптеген киiз үйлер тiгiлдi. Әр колхоздың, мекеменің өз эмблемасы көрсетiлген қызылды-жасылды көрнектi ұрандар, плакаттармен безендiрiлiп, ауданның жазғы мәдениет үйiнде әр колхоз, мекемелер коллективтерiнiң өнерлерi кезекпен сынға түстi.
Осы фестиваль сайысында "Ленин" атындағы колхоздың фестивальшылары айрықша көзге түстi. Концерт жүргiзушi оқушы Әбiш Кекiлбаев өзiнің шығармашылық тапқыр ойымен көпшiлiктi риза етiп, ерекше тамсандырды. Ол жазған "Маңғыстау жастарының частушкасы" көпшiлiк хорымен басталды.
- Әй, жiгiттер, шақырамыз келiң бiздің ауылға,
Ен байлық, та, салтанат та табылады ауылда, - деп басталатын еді. Сахнада айтылатын әрбiр нөмip жүргiзушi Әбiштің өзiнiң шығарған суреттеген өлеңдерiмен, көркем ұйқаспен берiлiп тұрды. Жұртшылық, оқушы баланың асқан дарыны мен сөз тапқырлығына ерекше сүйсiнiп қол соқты. Ленин атындағы колхоздың өнерпаздары сайыста бiрiншi орынды иемденіп фестиваль лауреаты атанды. Әбiштің еңбегi өз алдына бiр төбе болды. Аудандық фестивальда үздiк шыққан өнерпаздар облыстық фестивальға қатыcyғa жолдама алды.
Маусым айында Маңғыстау фестивальшылары "Гурьев" қаласында сынға түсті.
Аудан фестивальшыларының делегациясын аудандық совет атқару комитетi төрағасының орынбасары Арон Махуұлы Өтеуов бастап барды.
Маңғыстау фестивальшыларының өнepi үстем болып, облыста 1 -орынды иемдендi, әcipece, домбыра оркестрiнің өнерлерi аса жоғары бағаланды. құрамында өнер саңлақтары: Несiбеков Ерғали, Құлсариев Орын, Махмутов Комсомол, Жүсiпов Қыдырбай, Бөлеубаев Әзiмтай т.б. болатын.
Осы сайыста оқушы бала Әбiштiң орны ерекше бөлек болды. Ол сахна жүргiзушiсі болып, облыс көpepмeндepiн сөз шеберлiriмен тамсандырды.
1957 жылы шiлде айында аудандық комсомолдар комитетiнің пленумы болды. Осы пленумда мектеп комсомол ұйымының жетекшiсi peтiндe Әбiш те қатынасты. Ол осы пленумда жастарға үлкен ой саларлық жалынды сөз сөйледi. Ол қағазға жазып алып сөйлеудi әдет етпеген болу керек. Қаралған мәселе төңiрегiнде көпке ой салар пiкiр тyғызды. Оның әрбiр сөзi ойға толы мұхит арнасы секiлдi. Пленумға қатысушы жастар оның мәндi де ойлы сөздерiне өте риза болып ұзақ қошеметтеп қол соқты. Тiл байлығы, ой өpici осыншама кең болар ма, шiркiн ...
Әбiш Кекiлбайұлын содан 22 жылдан кейiн Алматыда оқырмандармен кездесуiнде
көpдiм. 1979 жылы Алматы мал дәрiгерлiк - зоотехникалық, институттың жанындағы ауыл шаруашылығының басшы мамандарын дайындайтын 6 айлық курсқа барған кезiм едi. Институттың кipe берiсiндегi тaқтағa iлiнген хабарландырyға бiрден кезiм түстi. Онда "Ертең желтоқсан айының 5 жұлдызында caғaт 16.00-де институттың үлкен залында жазушы Әбiш Кекiлбаевпен оқушылардың кездесуi болады. Келем деушiлерге eciк ашық" деген екен. 5 желтоқсан күнi көрсетiлген уақытта институттың үлкен залына оқушылар көп жиналды. Кештің президиумына институт ректорының ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасары, доцент М.Байтурин, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасыньщ екiншi хатшысы Шерхан Мұртаза, жазушы Оралхан Бөкеев, сыншы Сағат Әшiмбаев бұл күндерi академик-жазушы Зейнолла Қабдолов келiп отырды. Кездесудi М.Байтурин жүргiзiп отырды. Ал кiрiспе сөздi Шерхан Мұртазаrа бердi. Шерхан өзiнің сөзiнде Әбiштің әдебиеттегi орнына және оның еңбектерiне қысқаша шолу жасады. Кең тынысты, талабына дарындылығы сай жазушы деп айта келiп, оның поэзиядағы, сындағы, аудармадағы, прозадағы еңбектерiн жоғары бағалады. Оның кiтаптарының бiрнеше тiлге аударылып, халықаралық аренага шыққандығын айта келiп "өте мәдениеттi және байыпты жазатын, өнердi жете меңгеруi арқасында жанрдың әр саласының да дәмін татты" деп қорытты Шерхан сөзiн. Кездесуде көптеген студенттер шығып сөйлеп, Әбiштi өздерiнің сүйiктi жазушыларының бiрi екендiriн, оның әрбiр жаңа шығармаларын асыға күтiп отыратындығын айтып, жазушыдан бүгiнгi күннің өмipiнeн қызықты шығармалар күтетiндiктерiн айтты. Сонымен бiрге, олар Әбiштің шығармалары сыншылар тарапынан тиiстi бағасын ала-алмай келе жатқанын айтты.
Әбiштiң ұстазы Зейнолла Қабдоловтың сөзiн жиналғандар ерекше ықыласпен тыңдады.
«Әбiш - менің шәкiртiм, - дедi ол. - Бiр кезде орыс жазушысы Державин А.С. Пушкиндi "ұстаздан озған шәкiрт" деп бағалаған екен. Мен осы қара баладан қорқамын, қорқамын» деп, eкi рет қайталады. «Ол менен әлде қайда озып кеттi» деп, Әбiштi көкке көтердi. Сөз зергерi, ғалым-жазушы Зейнолла Қабдолов өзiнің сүйiктi шәкiртiне шынайы көңілмен осылай жоғары баға бердi. Мiнбеге Әбiш көтерiлiп, оқушылардың сұрақтарына жауап берiп, өзiнің әдебиеттегi алдағы жоспарларына тоқталды. Ол "Үркер", "Елең-алаң" сынды тарихи романдарды жазу үстiндe екендiгiн, қиын тақырыпқа көп жылғы iзденiспен барғандығын жасырмады.
Кездесуде бiр студент қыз:
- Сiз әуелде кiм болуды армандадаңыз? - деп сұрады.
- Мен жасымда етiкшi болуды армандадым. Өзiңiздей қарындастарға жақсы eтiк тiгiп берудi армандап едiм, өкiнiшке орай, мен етiкшi бола алмадым. Содан әдебиетке ауыстым, - дедi.
Кездесуден соң, көпшiлiк жазушыдан оның кiтаптарына қолтаңба жазып берудi қолқалады... Бiрнеше адаммен бiрге мен де жазушының "Құc Қанаты" деген кiтабын ұсынып, қолтаңба алдым.
Осы кiтап мeнің үйiмнiң төрiнде белгiлi жерде сақтаулы. Сол желтоқсан айының аяқ жағында совхоз директорының 1 айлық курсына оқуға келген комсомол совхозының директоры Шүренбай Нәубетов, Тұщықұдық совхозының директоры Бектұрган Қоразовтарға амандасуға барған едiм. Олар ауылдан Әбiштiң 40 жасқа толғанын құттықтауға ауылдастары атынан Даржок Сейбагытовтың келгендiгiн айтты. Даржок - сол кезде ayдaндық партия комитетiнің нұсқаушысы болып iстейтiн, қазiргi облыстық ауыл шаруашьmық басқармасының бастығы. Олар телефонмен Әбiшпен хабарласты. Оларды ертеңгi болатын жақын - жуықтарына арналған шағын дастарханына шақырыпты. Ayылдaн келген танитын адамдарды да бiрге алып келуiн тапсырыпты. Маған олар «бiрге жүресің» дедi. Мен бас тарта алмадым. Бiздер үшеуiмiздiң ұйғарымымызбен Әбiшке бүркiт пен арқардың ағаштан жасалынған мүciнiн сыйға тартпақ болдық. Ондағы мақсатымыз: Әбiш қанатын қомдап бүркiтше аспанға ұшсын, арқардай шыңға шықсын деген ойда eдiк. Әбiш бiздiң сыйымызға өте риза болды. Бiздің сол күткен тiлегiмiз бұл күнде орындалған сияқты.
Әбiштің үйiнде дастархан басында халық сазгерi Мұрат Өскiнбаев, күйшi Мырзагүл Панаев зайыбымен, ғалым Шайқы Еркеғұлов, қазiр қазақ ғылым академиясының бөлiм меңгерушiсi, филология ғылымының докторы Жұмат Тiлепов, сол кезде жоғарғы партия мектебiнде тыңдаушы Терекбай Жаңбыршин, зайыбы Клара, ақын Мендекеш Сатыбалдиевтiң зайыбы, Даржок, Шүренбай, Бектұрған тағы да бiраз адам болды.
Белгiлi ғалым Қабиболла Сыдиықов жүргiзген отырыс есте қаларлықтай болды. Iшiп- жеуден гөpi, өнегелi адамдардың ұнамды да, мәндi сөздерi ерекше ұнады. Жиналғандар
Әбiштің жанұясына амандық., қарт шешесiне баласының, немерелерiнің қызығын көрiп, ұзақ ғұмыр жасауына, Әбiшке еңбекте жаңа табыстарға жетуiне жүрекжарды тiлектестiктерiн бiлдiрдi.
Отырыс соңын Әбiш қорытындылап, өзіне және жанұяларына айтылған жылы сөздерге асқан ризашылыгын бiлдiрдi ...
Ағасың елге аяулы!
Сөзiн жазған С.Нұржанов
Әнiн жазған Ж.Жеткiзген
Тұмадан шөл қандырып қара бұрым,
Таралып2 мұхиттарға барады үнің, Жан aғa!
Қайырмасы
Қалдырып белде жаяуды
Бiлмейтiн емге аяуды
Уақыт озар.
Сен озба,
Ағасың, елге аяулы
Даңқыңыз қатқанменен аспанга тiл,
Сiз басқан2 тyғaн жерде тастар жатыр, Жан aғa.
Қайырмасы
Нұрменен сiзден тaмғaн қауыз жардық
Жырменен2 сiзден қалған ауыздандық, Жан aғa.
Қайырмасы
Сiз жайлы жүре алмаспыз сұрау салмай,
Тұрса екен2 жаныңызды қырау шалмай, Жан aғa.
Қайырмасы
Aғаның тiлекшiсi қыз ғoй тағы,
Сырлассам2 - сексеуiлдер сiздi айтады, Жан ara.
Қайырмасы
САЛДЫР СӘДУАҚАСҰЛЫ
АСЫЛДЫҢ СЫНЫFЫ
Биылғы жылдың 6 желтоқсанында жазушы, саясатшы, мемлекеттік қайраткер Әбiш Кекiлбайұлы 60 жасқа толады, менің туысым, iнiм. 3ейнеткер адамның бос уақыты көп болады емес пе. Өз тұрғыластарыммен, өзiмнен кейiнгi замандастармен той-садақаларда болып тұрамыз. Әңгіме - дүкен құру үшiн де кездесiп жүремiз. Сондайда, Әбiш туралы да жиi сөз болады, әcipece, оның тeгi жайында көбiрек айтылады. Әрқайсысы әр саққа жүгiртiп, әpкiм өзiнше топшылау жасайды. Тiптi, кейбiреулердің Әбiштi өзiне қарай жақындатып сөйлейтiнi де бар. Бұған бiр жағынан қуанамын да. Жаңағы уәждер Әбiштің халықтың ортақ ұлы екендiгiн делелдейді. Өйткенi, қазекең әлдекiмдердi өзiне тартып сөйлемейдi ғoй. Екiншi жағынан Әбiштiң өзi және оның тeгi жөнiндегi хабардарлықтың жеткiлiксiз екендiгi де анық байқалады. Менің қолыма қалам алдырып отырған себептердің бiрi де осы.
Менің жасым 84-те. Бiздiң ұрпақ Адай атамыздан басталатын шежiренi естіп өсті .
Менің де бiраз әңгiмеден хабарым бар. Кеңес кезiнде оның бәрiне тиым салынды, (қыспаққа алды, қудалады) соған қарамастан мен ғана емес, менің тұрғылыстарым өзiнің ата тегін жақсы бiледi. Өйткенi, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан үрдiс осылай. Ойлап отырсам, қаншалықты мықты дегенмен, Кеңес үкiметiнің бұған әлi келген жоқ, шежiре бүгiнгi ұрпаққа жалғасты, eгeмeндiк алған жылдардан берi кiтаптарға, газет-журналдарға жаппай жазыла бастады. Тerін, оның жiгiн тарата бiлгеннің қай қоғамда да артық ештеңесi жоқ деп бiлемiн. Адайдан басталатын түпкi аталарды қозғамай -ақ Әбiштi одан бергi Әлмембеттен таратсақ былай болады: Әлмембет - Табынай, Зорбай, Шоңай, Бәубек, Назарқожа. Әлмембет әулетiнен батыр да, бай да, шешен де, би де, бiлгiр де, шебер де, әншi, күйшi, жыршы өнерпаздықтың барлығы да шықты. Бұрынғыдан жеткен мынадай сөз бар:
Жасы үлкейiп, қартая бастаған шағында Әлмембет бес баласын шақыртып алып, еншiлерiн бередi. Малды, дүние-мүлiктi бөлiп болғаннан кейiн, үлкен ұлы Табынайға ер-тұрманын, қару-жарағын берiп тұрып, "Балам, көзiңнен ұшқын, бiлегіңнен күш-қуат көpeмін, найзаңды ал да жауыңды жайпа, аталық батамды беремiн" дептi. Расында сол Табынай Адайдың айбарлы батырларының бiрi болады, "Көк найзалы Табынай" атанды.
Шоңай баласына домбырасын сыйлап және тiлiн көрсетiптi. "Домбырамды бергенiм –ауылың жыр-күйдiң базары болар, ауылыңнан айтар сөздің ажары - шешендер шығар, eкi талай болған да сөзден озар". Шынында да Шоңай атадан осындай өнерлiлер көп шықты.
Бәубекке төс пен балғасын берiптi де: "Epмeгiң зергерлiк болар, басыңа бақыт қонар, тастан түйiн түйетiндер шығар, бiрiнен - бiрi озар". Айтқаны келiп, Бәубек аулынан небiр шеберлер шықты.
Зорбай деген ұлына қауғасын беріп жатып: «Қayғаң судан кеппесiн, балаларың қос- қостан ат ерттесін. Қызығына түсіп, дүние қумаң, төрт түлік мал жүзге жеткесін». Зорбай балаларының дәулетті болғаны да шындық
Назар баласына жинаған кітаптарын беріп тұрып: ««балам бол» дегенде – адалдық, пәктігіңе сеніп едім. Үйiме қыдыр болып кiрiп едiң. Ауылыңнан бiлiмдi даналар шығар, нысаналығыңды көрген соң, ақ батамды беріп едім» депті. Қожа ауылынан білімділердің көп шыққаны да рас.
Зорбайдан - Жаңай, одан - Қожаназар. Адай ғана емес, Алшынның, одан әpi Алаштың
Қожаназары - Әбiштің сегiзiншi атасы, Қожаназардың нағашысы - ұлы жүздiң дүрлеген руы _ Ошақты. Қожаназар бай ғана болған жоқ, аса мырза, сақи болған кici, маңдай тepiмeн жинаған дәулетiн халықтан аямаған. Қожаназар туралы жазылды - негiзiнен дұрыс жазылып келедi. "Халықтан аямаған" деп отырған себебiм, батырлар жауға аттанар кезде, жауынгерлерге жарамды ат-көлiктi, азық-түлiктi Қожаназар ауылынан алатын, сол ауылдан баталасатын болған. Аш-арыққа, жоқ-жiтiкке, жетiм-жесiрге көрсеткен қамқорлығын айтып отырғаным жоқ. Бәрi де халық есiнде сақталған, айтылып та, жазылып та келедi.
Қожаназар атамыздан Сәркен, Шомақ, Таған, Тұңғатар, Шонты, Есбердi, Қошан. Қошан - Адайлардың антқа ұстаған Қожаназардың кенжесi. Антқа кез - келген қаймана қазақ ұстала бермеген. Түрiкпен ағайындар ең беделдi, ең атақты адамның жанын қинайтындай етiп, шарт қойган емес пе? Қожаназармен бiрге халықтың күйзелетiнiн де олар бiлдi, райдан қайтар деп ойлады. Әуелi алла, сосын Бекет ата жар болып, Қошан аман қалды Антқа ұсталғанмен даулы iстің түбiнде шикiлiк болмаған шығар, Қошан атамыздың ұрпақтары бүгiн де үлкен ауыл.
Әбiш - Қожаназардың Таған деген баласының ұрпағы. Қожаназар Тағанга Тiнейдiң Байболы, Есенқұл Есек батырдың қызын алып бердi.
Қазақта қайтыс болған кiciгe ас беру ертеден бар. Қожаназарға берiлген ас – Адайдағы ең үлкен астардың бiрi. Оны ұйымдастырған - атаның Таған деген баласы. Асқа Кiшi Жүздің ханы шақырылған, күймеден түсiп, үйге кipep жерге дейiн ақ киiзден жол төселген, мыңнан астам үй тiгiлген деседi. Жемнiң бойындағы "Ақкиiз - тоғай" - Қожаназардың асы берiлген жер. Ас берiлгеннен кейiн осылай аталыпты. Тағанның Досы дейтiн баласы - жауға шауып, батыр атанған кici. Абыл ақынның белгiлi жырында "Досы өлдi - Тағанұлы, көп Зорбайдан» деп айтылады.
Тағанның бәйбiшесiнен - Көпжасар, одан - Өтек. Сонда жинақтап айтқанда былай болады, Әлмембет - Зорбай - Жаңай - Қожаназар - Таған - Көпжасар - Өтек. Өтектен Жаманқұл, Шанқұл, Жақсыбай, Байбосын.
Мен мысалы, Шаньқұлданмын - одан Сәдуақас. Әбiш – Жаманқұлдан, одан Қоқым, одан Кекiлбай, Нияз, Кекiлбайдан - Әбiш, Нияздан - Мұқыр.
Өтек елiне сыйлы, қыдыр көрген, қасиет дарыған, таза, тахуа кici болыпты. Өтектің қайын жұрты, бiздің қары нағашымыз Берiштiң биi, әpi сыншысы Ожақай деген кici. Өтек үлкен ұлы Жаманқұлға Кедейдiң Жақсыбай ауылына құда түсiп, Наушабай деген кiciнің қызын алып бередi. Бұл тұқым - бай, жiгiттерi тұлғалы ipi адамдар болса керек, өздерiн нар, атандар ғана көтередi екен. Өтектің екiншi ұлы Шанықұлдың әйелi - Жаманадай атақты Жанан бидің қызы. Шанықұлов Қоңыр кезiнде болыс, би болды. Өтек атамыздың қыдыр көрген қасиеттi адам екендiгi өзiнiң көзi тiрiсiнде мойындалған. Жарының Tәcтемірі Сейпел деген ақын кiсiнің (атақты ақын Сәттiғұл Жанғабыловтың туысы) " ... Күнде той, күнде жиын, нағашым-ай, Қыдырдың бергенi рас жамбасын-ай" деген өлең жолдарын айтып отыратын үлкендер .
... 1941 жылы соғысқа аттанып кетердің алдында, Форт-Шевченкоға бара жатып, Сағындықтағы атаның басына түнедiм. Ұйықтап кетiппiн, түciмe атам кiрдi. Аппақ киiмдi, ақ сақалды тұлғалы адам болып көрiндi. "Тұр, балам, жолың болады, аман елге ораласың" дедi де көзiмнен ғайып болды. Ұшып тұра келсем, таң бозарып қалған екен. Германдармен, жапондармен соғыстың басынан аяғына дейiн қатынасып, елге аман-сау оралдым. Қандай азаматтар, қанша боздақтар шейiт болды. Денеме бiр оқтың дарымағанына таң қала жүрiп, ата қасиетiне бас иемiн - айтқаны айнымай келдi. 1995 жылы Әбiш мәжiлiске депутаттыққа түсе келгенде, атаның басына барып, садақаның peтiн жасап, тәу eттiк. Ұрпақтары одан кейiн де бiрнеше рет барып, түнеп қайтып жүр.
Менің өзiмнің әкем Сәдуақас та өнерден аулақ жүрмеген кici, әзiл-қалжыңға құрылған бiр ауыз астарлы өлеңдердi табан астында шығарып тастайтын едi. Алшекеңнің мынадай бiр әңгiмесi eciмe түседi. "Есбол ауданынан 3 мыңдай қой айдап келу үшiн қасыма малшы етiп сенің әкең - Сәдуақас пен тағы бiр-екi кiciнi алдым. Жолда бiр қойды түнде қасқыр жеп қойыпты. Заманның ушығып тұрған кезi ғой - бiлсе, сол бойда жау деп ұстап кете бередi. Екеумiз бажамыз ғой, ашуланып, кешкi асқа отырмадым. Сонда Сәдуақас "Оу, Меңдалиев басқарма, бастықпын деп қасқарма, қасқыр жедi деп бiр қойды, тамағыңнан аш қалма" демесi бар ма. Күлiп жiбердiм. Қойды елге келген соң орнына қостық қой ... " деп отыратын иманды болғыр. Әкемнің тағы бiр бөлесiне шығарған "Қайыр бөле аман ба, сене берме заманға" деп басталатын 2-3 шумақ өлеңi бар едi, eciмe түспей отырғаны.
"Бажа" демекшi, Шанықұл атамыз Сәдуақасты Iзбасар iнiмiз айтып жүретiн Нұрымның бата жырындағы "Қызылын кеуекке үйiп көше алмаған, Адайда Шәбiк пенен Досжандай бол" - деген жолдарындағы Шәбiктiң баласын Татанның қызына үйлендiрдi. Шәбіктің немересінен төрт ұлмыз: Егдiр (Лебеннiң әкeci), Шәудiр, Салдыр, Жолдекеш және Андыз, Құндыз деген eкi қыз болды. Шәудiр ағамыз бiлiмдi, алдын болжай алатын зерек адам едi. Ағасы Егдiр ұсталып кеткеннен кейiн, заманның сыңайынан қорыққан болар, әкeciнe айтпай, елден кетiп қалды. Үкiметтің құрығы ұзын болды ғoй, оны ұстап түрмеге қамапты, атып жiберген болу керек - хабарсыз кеттi.
Қожаназар ұрпағы, оньщ iшiнде Өтек, Жаманқұл, Шанықұл ауылы тәркілеу кезінде өте көп зардап шектi. Менің әкем - Сәдуақас, баласы Егдiр, арасы Сағызбай, "атышулы" Үштiктің үкiмiмeн, "Халық жауы" атанды. Оның жазасы белгiлi ғoй. Жазығы дәулеттi адамның, байдың ұрпағы болғандығы едi. Ақтау қаласындағы мемориалдық кешенде олардың аты-жөні жазылған.
Heciн айтасың, талай қыспақты бастан өткіздік, ендi құдай басқа салмасын. Бiр үйде «бiр-екi баладан қалдық", олар да әр қиырға бытырап кеттi ғой. Ұрпаққа қауiп төнiп едi Құдайға шүкiр, кейiннен қалай дегенмен, заман түзелдi. "Орны бар оңалады" деген емес пе. Қазiр Көпжасар, Өтек ауылы бiр қауым ел болды. Елге белгiлi азаматтар - iнiлерiм Жүзбайдың, Жолдекештің, Мұқырдың, Қараштың, Аталықтың, Ешбайдың, Мазанның, Медел мен Жауқанның, Естерек пен Мұңаиттың, Байғазының, Аманқос пен Қосқалидың ұрпақтары өсті, әрқайсысы - бiр-бiр шаңырақтың иесi. Осыны неге айтып отыр демеңiз, бұл кiсiлер және олардың өсiп келе жатқан ұрпақтары - Әбiштің жанына жақын тұтатын адамдары.
Өзiм қанша қатал дегенмен, өткен қоғамға қызмет eттiм. Өмiрiмнің жарты ғасырға жуығын есеп қызметiне арнадым. Eкi колхозда - "Екпiндi", Чапаев атындағы колхоздарда 40 жылдан астам бас есепшi болып жұмыс жасадым. Жұбайым Мәрзухан - ардақты ана. Балаларға ризамыз, көз қуантып, немерелер өсiп келедi. Ең кенжемiздің атын Данабек қойып eдім, Ақтау университетiн қызыл дипломға бiтiрiп, сонда оқытушы болып жұмыс icтеп жүр.
Әбiш туралы соңғы кезде газеттер, әcipece, "Маңғыстау" газетiнде бiраз көлемдi мақала жазылды. Әбiштi ата тeгін бiр кiсiдей бiлетiн болғандықтан, мен де солардың қатарында болғым келгенiн де жасыра алмаймын.
Әбiштің әкeci Кекiлбайды да көpдiм, бiлемiн. Ел сыйлайтын ақылды азамат eді. Өнерге жақын жүретiн, домбыра шертетiн қатардың белгiлi жiгiтi болды. Ұлы Отан соғысынан оралған жоқ. Анасы - Айсәуле Кекiлбайдан қалған бiр ұл, үш қызды қатардан қалдырмаймын деп eкi етек болып жүгiрген нағыз еңбекқор болды. Колхоздың ең ауыр бейнеттi жұмыстарын ер азаматтармен бiрдей көтерді. Шахтаға түсіп, Маңғыстаудың көмірін алғаш игергендердің бiрi. Соғыс кезiнде көмip алтындай бағаланды емес пе? Дүние жүзіне белгiлi, бүкiл алашқа даңқы жайылған Әбiштей ұлды тәрбиелеген адуын ақын Хамит Ерғалиевше айтқанда, "алтын етектi" бақытты ана. Төркін жұрты - Бәйiмбет, оның Байпағы, Қарап отырсам Көпжасар, Өтек аталарымыздан берi қарай, көбiмiздің нағашыларымыз - Бәйiмбеттер екен. Қазiргi інілерiмнің үиіндегi келiндерiмнің көпшiлiгi Бәйiмбет ауылынан. Бұл да бiр дәстүрдiң жалғасы болар. Өзiмнің қайын жұртым да сол ауыл - Әтембек.
Әбiштің бала кезінің, көп мерзімі, oқyғa кеткенше, менің көз алдымда өттi. Естi, ұстамды, бауырмал бала болды. Төңiрегiнде балалар көп жүретiн. Шақырып алдырмасаң, анасына ерiп, үйге де келе бермейтiн. Сабақтан бос уақыты кiтап оқyға кетедi. Оқуда озат болды, 6-7 сыныптардың өзiнде-ақ мектеп өз алдына колхоздың мәдени-тәрбие жұмысына араласа бастады. Жасы үлкендер әcipece, колхоздың партия ұйымы көбiрек жұмсайтын. "Көзi үйрене берсiн деп" өзiм де жылдық, айлық есеп беру кезiнде көмекшiлiкке алатынмын .
... Әлi eciмдe, кеңсеге келсем, ауыл адамдары партия ұйымы ай сайын шығарып тұратын қабырға газетiнiң жанында үймелесiп қалыпты, өздерi мәз. Колхоздың eгic бригадирiнiң cypeтi салынған, аржағында аулаға қамалған бiр топ түйелер тұр. Eгicкe әзiрлiк жұмысы жайына қалған. Жер жыртатын құралдар да қаңтарулы ... Адамдар осыған күлiсiп тұр екен. Сондай оқиғаның болғаны рас едi ...
Miнe, осылай, Әбiш iнiмнің қабырға газетінен басталған шығармашылығы әлемдiк басылымдардан лайықты орнын алды, бәрiмiздің ортақ мақтанышымызға айналды. Бар бол, iнiм.
Оңдабай АХМЕТОВ
ӘЛЕМ ТАНЫFАН ТҰЛFА
Соңғы кезде Әбiштің 60 жылдық мерейтойына орай, бiрқатар авторлардың Әбiш туралы материалдары облыстық газет бетiнен орын ала бастады. Бұл үшiн газет ұжымына да, авторларға да оқушылық ризашылық сезiмiмiздi бiлдiре отырып, Әбiштің бiреу бiлсе де, бiреу бiле бермейтiн жайларынан азын-шоғын әңгiмe қозғауды жөн көpдiм.
1960 жылы ҚазГУ-дің жанындағы әдебиет үйiрмесiнiң бiр жиынына М.Әуезов қатынасады. Сонда үйiрме жетекшiсi Ә.Кекiлбаевтың сөзiн тыңдап болған Мұқаң орнынан тұрып: - Мен халқымыздың тiлiнiң құнарын бүгiнгi жастар болашаққа жалғай алмай қалып жүрмес пе екен деп дүдәмал күй кешушi ем, ал мына Әбiштiң сөзiн тыңдағаннан кейiн ол күдiгiм сейiлгендей болды. Маңдайың Сократтың мандайындай, өзiң бiр болайын деп тұpғaн бала екенсің, айналайын, мeнi бiр жеңiлтiп тастадың! - деп Әбiштiң арқасынан қағып, бетiнен сүйген екен.Miнe, сол кездiң өзiнен бастап-ақ студент Әбiш үлкендi-кiшiлi әдеби ортаның назарын өзіне аудара бастап eді. Сол Әбiшiмiз бұл күндері әлем таныған үлкен жазушы, ірі тұлғаға айналды.
Әбiштің алғашқы әдеби еңбегi "Алтын шуақ" атты өлеңдер жинағы eкeнi әмбеге аян.
Осы жинақтың басылуына байланысты бiр қызық жайды көшiлiк қауым бiле бермейді. Жинақты қарап шыққан баспа редакторы:
- Шырағым, бiр нәрсеге қиналып отырғаным. Партия туралы, оның көсемдерi туралы неге ең болмаса бiр өлең жазуға ықылассыз болдың. Онсыз жинағың өтпейдi, - дейдi.
- Амал бар ма, талап етiлген тақырыпқа бiр өлең қосуға тура келдi. "Ата даңқымен қыз өтедi", дегендей, көсем даңқымен сөзiмiздi өткiзген кезiмiз де болған едi» дейтiн Әбiш.
Мұны мен тектен-текке айтып отырғаным жоқ. 1960 жылғы әдеби жылдың қорытындысына орай, сол жылы жарық көрген поэмалар туралы баяндама жасау КазГУ-дің профессоры Бейсенбай Кенжебаевқа тапсырылады. Баспа көрген он тоғыз поэманы талдай келе, баяндамашы «Биылғы жылдың ең тәyip поэмасы деп, баспа жүзiн көрмесе де қолжазба күйiнде оқыған өз шәкiртiм, университет студентi, Әбiш Кекiлбаевтың "Менің ғасырым" атты поэмасын атар eдiм» дейдi. Осы сөздi eстіген көпшiлiктің бiреуiнің «Олай болса, сiз бiле тұра неге бастыруға ұсыныс жасамадыңыз?» деген сауалына «Өзi қаламаса қайтемiн, зорламақпын ба сонда» деп жауап берген екен профессор.
Шынында автор мақтаулы поэманы бастырудан неге бас тартты? Бұның сырын түciну қиын емес. Поэма өзiнiң атымен-ақ мазмұнын әйгiлеп тұр. Аталмыш ғасыр - "Коммунизм ғасыры". Ол шығармада не мадақталды, кiмдер дәрiптелдi, бәрi түciнiктi. Шығарманың негiзгi өзегi - ғасыр идеологиясы, содан туындайтын идея. Бұның өзi сол кездегi сырты бүтiн, iшi түтiн саясатты қаршадайынан қапысыз таныған Әбiштің бүгiнгi үлкен саясатқа келер жолдағы алғашқы баспалдағы екеніне мен өзiм күманданбаймын.
Сөз арасында айта кетейiк, тiптi кейбiреулер Әбiштің саясатпен айналысқанын қаламайды.
- Құдайым Әбiштi о баста жазушы етіп жаратты. Сондықтан да Әбiштің саясаткерлігінен гөpi, халыққа жазушылығы әлдеқайда пайдалы емес пе деп есептейдi. Менiңше, бұл қате түciнiк. Әдетте, ipi саясаткерлер ipi жазушыдан да шығатынын тарих талай рет дәлелдеген. Өйткенi, олар замана тынысын, оның тамырының бүлкiлi мен жүрегiнің лүпiлiн кәнігі кардиологтай тани бiледi. Қай кезде де үлкен жазушылар өз заманының авангарды, идеологы бола бiлген. Сонда, Әбiштей жазушылар саясаткер болмағанда кiмдep саясаткер болмақ?
Әбiш - үлкен әлем. Оны тани, талдай бiлy, қарапайым оқушы түгiлi, бүгiнгi дамыған профессионал сынымыздың да қолынан келмей жүрген шаруа.
Сонау 70-шi жылдары Москваның орталық басылымдарының бiрiнен шыққан Әбiштің бiр шығармасына алғы сөз жазған белгiлi жазушы Тахауи Ахтанов ағамыз оқыpмaндapғa Әбiштi таныстыра келе "Әбiш жай ғана қазақ емес. Қазақтың да қазағы бар. Қазiргiше айтсақ, сапа белгiсiмен ерекшеленетiн, сонау Маңғыстау түбегiн мекендейтiн, acқaн жауынгер, басқа болмыс бiтiмi де өзге қазақтардан өзгешелеу жаратылған Адай тайпасының ұрпағы" дегенi бар. Сол кездің өзiнде-ақ Тахаң Әбiштің ipi жазушы болатынына үлкен үміт артып, ceнiммeн қapaғaн едi. Әбiш Тахаңның бұл үмітін артығымен ақтап шықты. 1993 жылы Тахаңның жетпiс жылдық юбилейiне байланысты тiлшiмен болған бiр сұхбатында «Өзіңіздің соңыңызға ерген iнi жазушылардан өзiңiзге кiмдi жақын санайсыз, солардың көшбасшысы деп кiмдi атар едіңiз» деген тiлшi сұрағына Тахаң ойланбастан: - Әрине, Әбiштi! – деп, жауап берiп едi.
Әбiш - болдым, толдым дегендi бiлмейтiн кici. Әдебиет табалдырығынан аттамай жатып төр менікі дейтiндерден емес. Әбiшке тән тағы бiр ерекшелiк - кейбiр қаламгерлерде кездесе беретiн өзi шыққан жүздің жыртысын жырту деген пендешiлiктен мүлдем аулақтығы. Ол өзi бiр әңгiмeciндe «Мен тоқсан жетi таңбалы қазақ тайпасының бiрiне де қосылмаймын, жазушылар қауымы дейтiн ортаның ғана өкiлiмiн» дейтiн-дi. Бұл сөздің шындығын бүгiнгi үлкен деңгейдегi мемлекеттiк қызметi де растай түседi.
Әбiштің алғашқы шығармаларын "Бiр уыс топырақ", "Бiр шөкiм бұлт" деп атауында да үлкен мән, символикалық мағына бар. Оны түсiнiктi оқушының өзi де сезедi. Сол бiр шағын көлемдi бiлдiретiн шөкiм мен уыс арқылы да Әбiш өзiне тән шеберлiк, сол кездің өзiнде бiздің iрiлi-ұсақты жазушыларымызда кездесе бермейтiн философиялық, психологиялық тереңдiктердi игеруге талпынып, халықтық, тiлдің көркемдiк бояуын мейлiнше қанықтыра пайдалану шеберлiгiн танытып үлгердi.
Әбiштің негiзгi таңдап алғаны - тарихи тақырып. Бұл салада жазған шығармаларында да жазушы тар шеңберде қалмай, жалпы адамзатқа тән мұраттарды үлкен таным тұрғысынан орасан зор шеберлiкпен суреттей бiлдi. Тарихта болған ipi тұлғалар, олар туралы халық арасында аңыз болып кеткен уақиғалар туралы жазылған шығармалардың ең сүйiктici - "Аңыздың aқыpы" романы жөнiнде Шыңғыс Айтматовтың "Талантты қазақ прозаигi Әбiш Кекiлбаев мифологиялық системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгiннің маңызды мәселелерiн қозғай бiлген. Бұл кiтап ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қapaғaндa да, ауызекi әңгiмелер мен бүгiнгi күннің, өткен мен бүгiнгi күндер тәжiрибесiнің қорытпасы, осы компоненттердің барлығы (әрине, мұның iшiнде прозаиктің таланты да бар) қосыла келе, бiздің шежiремiзде бұл шығармалардың мазмұнын ғана байытып қоймай, оның көркемдiк қасиетiн де арттыра түскен", - деген пiкiрi мейлiнше дәл айтылған.
Л. Сәдуақасовтың мақаласында Әбiштi өзгелердің мадақтау сөздерi кеңінен қамтылыпты. Жасыратыны жоқ, Әбiштi өзiмiзден гөpi өзге ел өкiлдерi жоғары бағалайды.
Жоғарыда айтқан "Аңыздың ақыры" романы - таза психологиялық үлгiде жазылған қазақ әдебиетiндегi тұңғыш роман. Романның басынан бастап, ең соңғы нүктeciнe дейiн, бiр ғана адамның (адам болғанда қандай, атақты әмiршi Ақсақ Темiрдің) ойымен сөйлеп шығу - кез-келгеннің пешенесiне жазыла бермейтiн шеберлiк. Осы романның Герольд Бельгер аударған нeмic тiлiндегi нұсқасы Берлиннің "ФОЛЬК УНД ВЕЛТ" баспасынан 1981, 1982 жылдары жеке кiтап боп eкi қайтара басылуы, сөз өнepiнe тәңiрiндей табынатын, әлемдiк классиканың үздiк өкiлдерi И.Гете, Г.Гейне, Ф.Шиллер, ағайынды Генрих пен Томас Манндарды берген нeмic жұртшылығының Әбiшке деген шынайы ықыласы мен танымының нәтижесі.
Тiптi, Әбiшке байланысты фото-альбом жасалып, Әбiш туған Ондының қара тауынан бастап, сол альбом жасақталғанға дейiнгi Әбiш өмiрiнің барлық салаларынан хабар беретiн осынау әдемi дүниеде Әбiшке деген нeмic халқының iлтипатына, сүйiспеншiлiгiне қалай қызықпасқа, қалай қуанбасқа !
Осыдан 15-20 жыл бұрын Алматыға Германиядан делегация келдi. Сол құрамның бiр мүшесiнен тiлшiнің «Қазақстан туралы не бiлесiз, сiздi Қазақстан нeciмен қызықтырады» деген сұрағына:
«Шынымды айтайын, мен Қазақстан деген елдi тек картадан ғана бiлетiнмiн. Маған Қазақстанды, қазақ деген халықты бiлуге құштар еткен сiздердің жазушыңыз - Әбiш Кекiлбаев. Сол бiр дана жазушыны берген халықты көpгiм келдi. Бәрiнен бұрын сол данышпанды бетпе-бет көрiп, жүздесудi армандап келдiм десем сiз бұған сене беріңiз» деген-ді.
Бұл бұл ма, күнi кеше 1998 жылы Германияда Қазақстанның өнер күндерi өтті. Оны мемлекеттiк хатшы Әбiш Кекiлбаев бастап барды. Бұндай күндер бiзден бұрынырақ өзге де шығыс республикалар тарапынан да болып өткен екен. Бiрақ олардың концерттерi адамдар аз жиналатын ашық алаңдарда, шағын концерттiк ғимараттарда өтiптi де, бiздің өнер шеберлерiне немiстердің ең атақты театрлары мен үлкен концepттiк залдарынан орын берiлiптi. Бұл құрметтің кiмгe арналғаны айтпай-ақ түciнiктi. Ең соңғы концертте Әбiштің сөзiн тыңдаған немiстердің мәдениет iстepi жөнiндегi бiр дуалы ауыз азаматы Әбiш туралы өз сөзiн «Мен мұндай ғұламаны қазақтар түгiлi, бүгiнгi немiстердiң арасынан да көре алмай жүргенiме қиналамын» дегенiн бiрiмiз бiлсек те, бiрiмiз бiлмеуiмiз мүмкiн. Осынау Әбiш туралы есте жүрген шағын эпизодтарды айту арқылы бүгiнгi оқушылардың Әбiштi тануына азды-көптi үлес қосуды өзiмiздiң оқушылық парызымыз деп есептедiк.
Достарыңызбен бөлісу: |