- Күрделі эфирлер: прокаин (новокаин), кокаин, тетракаин (дикаин), бензокаин (анестезин). Эфирлі байланыстар тұрақсыз болғандықтан, бұндай анестетиктер қанда және ұлпаларда ферменттер арқылы тез ыдырап кетеді де, олардың әсер ету уақыты қысқа болады.
- Амидтер тобы: тримекаин, лидокаин (ксилокаин, ксикаин), бумекаин (пиромекаин), мепивакаин (менивастезин, скандонест), артикаин (ультракаин, септонест), бупивакаин (маркаин). Бул топқа жататын дәрілердің биотрансформациясы бауыр жасушаларында баяу өтеді. Сондықтан олардың әсерлері ұзақ болады.
Қолдану әдістері бойынша: - 1) Аппликациялық анестезия жасау үшін қолданылатын заттар (анестетик ауыз қуысының сілемейлі қабатына, жараның бетіне енгізіледі): кокаин (2% - 5 ml), тетракаин (дикаин) 2-4%, лидокаин 2%, пиромекаин ерітінділері 1-2 %, сонымен қатар анестезин (ұнтақ, таблетка, жақпамай, балауыз).
- 2) Инфильтрациялық анестезия жасау үшін қолданылатын заттар (операциялық тілік жасалатын теріге және терең тіндерге "сіңуі"): новокаин (0,25-0, 5%), тримекаин (0,125-0,25-0,5%), лидокаин ерітінділері (0,25-0,5%).
- 3) Өткізгіштік немесе аумақтық анестезия кезінде қолданатын заттар (анестетикті нерв бойымен енгізеді; нерв талшықтары бойынша қозудың берілуі тежеледі, яғни сол нервімен иннервацияланатын аумақтың сезімталдығы жойылады): новокаин (1-2 %), тримекаин (1-2%), лидокаин ерітінділері (0,5-2%).
- 5) Интралигаментарлық және пульпа ішіне енгізу: лидокаин, мепивакаин, артикаин препараттарын қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |