Афферентті иннервацияға әсер ететін заттектер


Жергілікті анестетиктердің жіктемесі



бет3/12
Дата08.02.2022
өлшемі237,75 Kb.
#120009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар.
Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар.

Жергілікті анестетиктердің жіктемесі:

  • Күрделі эфирлер: прокаин (новокаин), кокаин, тетракаин (дикаин), бензокаин (анестезин). Эфирлі байланыстар тұрақсыз болғандықтан, бұндай анестетиктер қанда және ұлпаларда ферменттер арқылы тез ыдырап кетеді де, олардың әсер ету уақыты қысқа болады.
  • Амидтер тобы: тримекаин, лидокаин (ксилокаин, ксикаин), бумекаин (пиромекаин), мепивакаин (менивастезин, скандонест), артикаин (ультракаин, септонест), бупивакаин (маркаин). Бул топқа жататын дәрілердің биотрансформациясы бауыр жасушаларында баяу өтеді. Сондықтан олардың әсерлері ұзақ болады.

Қолдану әдістері бойынша:

  • 1) Аппликациялық анестезия жасау үшін қолданылатын заттар (анестетик ауыз қуысының сілемейлі қабатына, жараның бетіне енгізіледі): кокаин (2% - 5 ml), тетракаин (дикаин) 2-4%, лидокаин 2%, пиромекаин ерітінділері 1-2 %, сонымен қатар анестезин (ұнтақ, таблетка, жақпамай, балауыз).
  • 2) Инфильтрациялық анестезия жасау үшін қолданылатын заттар (операциялық тілік жасалатын теріге және терең тіндерге "сіңуі"): новокаин (0,25-0, 5%), тримекаин (0,125-0,25-0,5%), лидокаин ерітінділері (0,25-0,5%).
  • 3) Өткізгіштік немесе аумақтық анестезия кезінде қолданатын заттар (анестетикті нерв бойымен енгізеді; нерв талшықтары бойынша қозудың берілуі тежеледі, яғни сол нервімен иннервацияланатын аумақтың сезімталдығы жойылады): новокаин (1-2 %), тримекаин (1-2%), лидокаин ерітінділері (0,5-2%).
  • 5) Интралигаментарлық және пульпа ішіне енгізу: лидокаин, мепивакаин, артикаин препараттарын қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет