Қазақстан Республикасы
Бiлiм
және ғылым министрiнің
2014 жылғы «08 » тамызындағы
№ 340 бұйрығына 2-қосымша
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми
жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1.
Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және ӛткізу
қағидалары
(бұдан әрі – Ғылыми конкурс) Ғылыми конкурстардың ұйымдастыру және
ӛткізу тәртібін анықтайды.
2.
Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың
Ғылыми конкурсын (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі
– Іntel ISEF)) жыл сайын Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ӛткiзедi.
3. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін
ынталандыру;
2) ең талантты және
дарынды жас зерттеушiлердi
iрiктеу және оларға
қолдау кӛрсету;
3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға
ықпал ету.
4. Ғылыми конкурстың іріктеу кезеңі халықаралық қағидалардың
(Intel ISEF) талаптарына сәйкес – Ғылыми
Рецензиялау Комитетімен
(бұдан әрі - ҒРК) ӛткізіледі. ҒРК – Ғылыми конкурстың әр кезеңіндегі
заңдары, қаулылары және ережелері бар ғылыми жұмыстардың,
сертификаттардың,
ғылыми зерттеу жоспарларының, экспонаттарының
бағалануына жауапты білікті мамандар тобы болып табылады.
Ғылыми конкурстың барлық деңгейлерінде ғылыми жалғандық және
бұрмалауға, басқа конкурстарға бұрын-соңды ұсынылған жұмысты ӛз
жұмысы
ретінде пайдалану немесе ұсыну, жалған мәліметтер беруге жол
берілмейді.
5. ҒРК ұсынылған жұмыстарды қарайды,
бағалау критерийлары
бойынша қосындылап, Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және ӛткізу
жӛніндегі республикалық ұйымдастыру комитетімен бекітілген әр жобаны
рецензиялайды және қоғамдық-гуманитарлық
бағыт бойынша облыстық
кезеңге, жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша республикалық
кезеңге қатысушыларды анықтайды.
2
6. Ғылыми конкурстың қорытынды кезеңінің қазылар алқасы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым вице-министрімен бекітіледі.
7. Ғылыми конкурсқа:
1) аталған ғылым саласындағы фактiлер,
оқиғалар, құбылыстар