Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Гулалиева Г. Ж 2015-2016 оқу жылы



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі1,89 Mb.
#37156
  1   2
93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі


Мақала тақырыбы: Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету


Дайындаған:

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Гулалиева Г.Ж

2015-2016 оқу жылы
Аңдатпа
Мақалада ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйретудің бірнеше жолдары көрсетілген


Аннотация
В статье рассмотрены пути обучения английскому языку с раннего возраста с использованием игровых форм



Abstract
This article discusses the ways of teaching an English language from an early age

Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

"Ойын-бала үшін өмірлік тәжірибе"М. Жұмабаев

Шетел тілі соның ішінде ағылшын тілін үйрену заман талабы,оған ешкімнің қарсылығы жоқ шыгар. Ағылшын тілі "Әлемдік тіл"мәртебесіне ие және бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді.Өз тілімізбен бірге өзге тілді де білуіміз қажет. Әрбір халықтың тілін сол елдің дүниетанымын, мәдениеті мен тарихы, салт дәстүрі арқылы меңгеруге болады.Өзге тілді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымың кеңейіп рухани байи түсесін..

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев "Біз алдағы уақытта осы алған бағыттан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіреді. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен әрбір Қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек."деген болатын. Тіл мәселесін сөзге тиек етіп, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп,қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі тиіс екендігін айтты.

Біздің елде 2013-2014 оқу жылында Білім және Ғылым министірлігінің шешімімен ағылшын тілі 1 сынып оқушыларының оқу жүйесіне енгізілді. Көптеген ата-аналардың бүгінгі күні балаларының ерте жастан тілді меңгеруіне қызығушылықтары жоғарылап келеді. Ал кейбіреулері оған қарсы, ол ата-аналардың ойынша" Ағылшын тілін оқыту қиынға соғады, психиологиясына ауырлық түсіреді. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан кейін, баланың оңы мен солын танып, еркін оқып, жаза білгенде оқытқан абзал" – деген. Баласы 1-ші сыныпта оқитын ата-аналардың бірі былай депті "Бала компьютер ойнағанша тіл үйренсін. Оқушылардың ағылшын тілін игеріп кете алатынына сенімдімін.Өзімнің ұлым бірінші сыныпта ағылшын тілін оқыды. Сабағынан қиналғанын көрген емеспін, қайта біршама ағылшынша әріп танып, біраз сөздерді жаттап қалды. Баланың неғұрлым бос уақыты болмаса соғұрлым жақсы деп ойлаймын. Оқитын сабағы болмай компьютер, ұялы телефоннан ойын ойнап отырғанша ертеңгі күні өзіне азық болатын тілді меңгергені жақсы."[7,1-2] Өте дұрыс айтылған деп ойлаймын.

Мектепте ағылшын тілін аптасына бір рет өтеміз. Оқулығымыз "Cambridge Primary Colours "баспасы бойынша. Балалар оқулығымен бірге жазу дәптері, тыңдайтын cd-дискісімен бірге, суреттері , мұғалімге арналған нұсқаулығы бар. Сапасы жақсы. Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың мақсаты-жаңа технологиялар үрдісі, тілдік қарым-қатынасты игеру болып табылады.

Ерте жастан балаға ағылшын тілін жақсы меңгерту үшін үйретудің тиымды жолдарын қолдануымыз керек. Егер біз мұғалімдер тілді дұрыс жолмен үйрететін болсақ, жемісіміздің тәтті болғаны деп есептейік.Ойын элементтері - ағылшын тілін оқытудың бір түрі болып табылады.

" Ойын-бала үшін өмірлік тәжірибе " М. Жұмабаев.[2, 167] Ойын- ол жас ерекшілікке қарамастан, баланың қөңіл-күйін көтеретін жан-жақты ойландыратын үрдіс. Сабақта қолданылатын әрбір ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,зейінділігін арттырумен қатар, дидактикалық ойындар оқыту үрдісінде оқушының коммуникативтік

құзырлығын дамытуда да үлесі зор болып табылады. Сонымен қатар оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек қана ойын болып саналады. Сабақта мұғалім ойын түрлерін дұрыс қолдана білсе, балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Ойын арқылы оқушылардың:











Ойынның мақсаты- бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар- балалардың білімдерін арттырудың құралы.

Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары болады. Сабақ басында ойынды –өткен тақырыпты қайталау үшін , ортасында-көңіл күйін сергіту үшін, соңында –сабақты бекіту үшін ойнатамыз. Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық, грамматикалық және рольдік болып табылады.

Әр сабағымда балалардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі ойындар қолданып отырамын .Ол ойындар арқылы оқушылардың сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау дағдыларының дамуына көңіл бөлемін . Сабақты ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка немесе жаңылтпаш алуға болады. (Кім бірінші жаттайды деп?) f.e Bubble double gum bubbles double жаңылтпашты қайта –қайта айтқызып тілдерін жаттықтыруға болады.

Ағылшын тілі сабағында қолданатын ойындар: бастауыш сыныптарда шетел тілін оқытудың бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану керек. Әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына жас ерекшілігіне сәйкес таңдалады. Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.



1-сыныптарға "The missing word " ойыны. Мақсаты есте сақтау қабілетін арттырады. Бұл ойында суреттер тақтаға ілінеді,мұғалім close your eyes! деп бұйрық береді, 1-2 суретті алып тастайды,open your eyes! what i s missing? деп сұрақ береді. Балалар ойланып жоғалған сөзді айтады .

"Colour letters"-ойынында тақтаға әр түрлі түсті әріптер ілінеді find yellow! Деп мұғалім бұйрық береді, оқушы сол түсті әріптің жанына барып тұрады.Ойынды қиындату үшін түстерге сөздер айтуға болады. Мақсаты түстерді ,әріптерді қайталайды. "Is it true or not?" Доп қолданса болады, мұғалім допты лақтырап жатып сөз тіркесін айтады. Yellow lemon, is it true or not? Yes.it is true. No. it is not true деп жауап береді. Мақсаты оқушылардың сөздік қорын молайту . "The hidden picture" слайд арқылы ойналады. Алдын ала дайындалған слайдтағы суреттермен жұмыс. "Yes/no"бұл ойында мұғалім сұрақ қояды Is it a book? – Yes. it is a book. Is it a map? No it is a calculator- деп жауап береді. Мақсаты дұрыс жауап беру,грамматиканы to be етістігін үйрену. Төмендегі суретте бастауыш сыныппен осы ойынды ойнап жатырмыз. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет