Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Гулалиева Г. Ж 2015-2016 оқу жылы



бет2/2
Дата31.01.2018
өлшемі1,89 Mb.
1   2



"Bingo"ойыны ,мақсаты сандарды қайталайды. "Mr or Mrs" Мақсаты ағылшын тілінде осылай айту керектігін үйренеді,бір-бірін сыйлауға тәрбиелейді."Point to the.." - бұл ойында балалар сынып заттарын ойларына түсіреді. Үш оқушы шығып ортаға қолдарымен көрсетіп тұрады. Мұғалім: Point to the door! Point to the window! Point to the table! деп мұғалім бұйрық береді. "Who is fast?" жазуды дамыту үшін ойналатын ойын. Мұғалім тақтаға бір сөз жазады KINDERGARDEN әрбір әріптерге сөздер жазады балалардың жылдамдығы байқалады. "ABC" ойыны. Мақсаты алфавитті қайталау.Бұл ойынды оқушылар әріпты толық меңгергеннен кейін ойнатқан жөн.ойында доп қолдансақ болады, оны лақтырып әріпке сөз сұрап немесе әріпті реттік номерін айтып ойнатуға болады.

"Listen and find" бұл ойында алдын ала дайындалған слайдтан әртүрлі дыбыстар қойылады, оқушылар тыңдап қай жануар екендігін айтады, "Snowball"ойынында мұғалім кез келген әріпті айтады 1-ші оқушы 1-сөз ,2-ші ойыншы 2 сөз, 3-ші3 сөз айтады Мақсаты оқушылардың шапшаңдылығын ,сөздік қорын тексеру . "What words do you know?"бұл ойында екі топқа бөлініп бір топ қазақша сөздер айтады екінші топ ағылшынша жауап береді. "What is this ?" Ол не ? ойыны. Оқушылар өздеріне ұнайтын заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеулері керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенің анықтаулары керек . "Жақсы-жаман" "Good-bad" ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қайталамаулары керек. Мұғалім: «Pencil. It is red-good, it is thin-bad. We can use it with our hands -good, we cannot put it in the bag – bad."It will be a…"ойынды карточкамен немесе олсызда ойнауға болады. Мұғалім тақтаға карточкалардың бір бөлігін іледі, ал оқушылар жарты бөлігін табу керек. Мысалы: Egg – chicken Boy – man Kitten. "Red Rover " ойын өзіміздің айгөлек ойынына ұқсас болып келеді. Балалар екі топқа бөлініп тұрады, сөйтіп бір топ: "Red Rover, Red Rover send ___(the person's name) right over" деп аты айтылған бала екінші топтың қолдарынан өтіп кетсе өзімен бірге бала алып келеді, ал өте алмаса екінші топ жалғастырады. Қай топ қолды көп үзіп өтсе сол топ жеңімпаз болады. "Let’s change" ойынында балалар щеңбер болып отырады. Мұғалім оқушылардың қолдарына әртүрлі тақырыптарда карточка береді. (киім , тамақ) What are you wearing? деп сұрақ қояды , қолдарындағы карточкаға қарап жауап береді. Сосын мұғалім балалардың орнын ауыстырады.Karina and Marat, change your places! деп орындарын ауыстырып тағыда сұрақ береді ." Which is different? " ойыны, бұл ойынды артық сөзді табу керек. Мақсаты оқушылардың есте сақтау қабілетін тексеру."Put a word" ойыны. Мақсаты to be етістігін , есімдікті дұрыс өз орнына қою болып табылады . Балалар үшін ол өте қызықты ойын өз сөздік қорларын тексереді.

Осы сияқты көптеген ойындар ойнаймыз. Сонымен бірге өлең айтып, тақпақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер жаттаймыз. Жыл бойы ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар, әр түрлі жарыстар жүргізіп отырамын.

Төменгі суреттерде тіл мерекесіне байланысты сыныптан тыс іс-шарада көрсетілген, ағылшын тіліндегі ертегі. Сабақта рольдік ойын ойнату арқылы



баланың сөйлеу қабілетін дамытамыз.