Байланысты: Rol reaktivnosti organizma v patologii na kaz .yaz
Реактивтіліктің организм жүйелеріне әсерін түсіндіреді.
Арнайы емес реактивтіліктің механизмдері жүйке жүйесінің реакциясы (орталық жүйке жүйесі, вегетативті жүйке жүйесі), эндокринді жүйенің реакциясы, тосқауыл жүйесі, жасуша реакциясы, гуморальды реакциялар арқылы жүзеге асады.
Жүйке және эндокриндік жүйелер – бұл организмнің әртүрлі факторларға раекциясын қалыптастыратын негізгі жүйелер болып табылады. Жүйке жүйесі жаңа тіршілік жағдайындағы рецепторлардың, нейрондардың, жүйке талшықтарының, жұлын мен мидың қызметін өзгертеді. Жүйке жүйесінің белсенділігінің өзгеруі организм резистенттілігін өзгертеді. Мысалы: орталық жүйке жүйесін кофеинмен тез ынталандыру организмнің гипоксияға төзімділігін төмендетеді.