«Агрономияның барлық міндеттері, егер олардың мәнін байыбына жете ұғынсақ, өсімдіктердің дұрыс қоректену жағдайларын анықтап, дәл жүзеге асыру болып табылады», деп тұжырымдалған


Табиғи жағдайлар мен топырақ құнарлылығы



бет75/86
Дата06.06.2022
өлшемі1,58 Mb.
#146128
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86
Байланысты:
Агрохимиялык зерттеулер адистемеси эл китап

Табиғи жағдайлар мен топырақ құнарлылығы.

Минералдық тыңайтқыштардың неғұрлым тиімді мөлшерін қолдану үшін республикамыздың әрбір табиғат аймағының ауа-райын және топырағының ерекшелігін жете білу керек. Өйткені осы жағдайларды ескере отырып дақылдарға арналған тыңайтқыш мөлшерін қолданудың маңызы зор.


Қазақстан территориясы алты табиғат аймағына бөлінеді. Осы табиғат аймақтарының климаты мен топырағы біріне-бірі мүлде ұқсамайды, олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Аталған табиғат аймақтары мыналар:





  1. далалық егіншілік аймағы;




  1. қуаң далалық егіншілік аймағы;




  1. шөлейтті аймақ;




  1. шөлді аймақ ;




  1. Тянь-Шань тау бөктері аймағы;




  1. Алтай тау бөктері аймағы.



Далалық аймақтың климат жағдайы негізінен астық өндіру үшін қолайлы. Бұл аймақтың терістік және орталық бөліктерінде бір жыл ішінде орта есеппен 300-750 мм ылғал түссе, ал аймақтың оңтүстік-батыс және шығыс жағында ылғал мөлшері 250-275 мм-ге дейін кемиді. Осы жауын-шашынның жартысына жуығы жаз айларында (маусым, шілде, тамыз) түседі.
Бұл аймақта ауаның жылылығы көктемде (сәуір айының орта кезінде) +100С, ал жаздың ашық күндерінде ауаның температурасы +27-300С дейін жоғарылайды. Көктемнен күзге дейінгі жылылықтың жиынтығы орта есеппен 2050-2350 градус.


Қуаң далалық аймақтың климаттық жағдайы құрғақ келеді. Оның батыс, орталық және шығыс бөлігінің солтүстік жағында жылына орта есеппен 250-300 мм жауын-шашын түседі.

Жылдық жауын-шашынның 80%-ы маусым-шілде


айларында түседі. Ауыл шаруашылығы дақылдары қаулап өсетін мерзім ішіндегі ауаның пайдалы температурасының жиынтығы орта есеппен 2300-2400 градусты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет