Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


) -мақ еді (-мек еді, -бақ еді, -пақ еді, -пек еді)



бет30/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі


1) -мақ еді (-мек еді, -бақ еді, -пақ еді, -пек еді)

форманты (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді).

Әр шақтың сыр-снпаттарын алды-алдына қарағанда, шаққа катысы бар етістік формаларының жалаң түрле- рі де, күрделі түрлері де түгел қамтылып, олардың жалпы және жалқы сипаттары кадағалануға тиісті. Шақ категориясын жасауға катысатын формалардын ішінен әсіресе етістік негіздері, есімше, көсемше, арай, рай ка- тегориялары жайында айтылған қағидалар есте болға- ны жөн.

Осы шақ

Өткен шақ пен осы шактың жігін ажырату үшін де сейлеу кезі, демек, сөйлеушінін тындаушыға сейлеп [^тырған сәті (мезеті) шек, өлшеу етіп алынады. Олай болса, осы шак формасы сейлесіп отырған (диалог) Уақыт бойығіда болатын я болып жататын амал-әрекетті сУР«ттейді. Ал сөйлеу үстінде істеліп жататын әрекет, әдетте, азды-ғөпті бұрын басталған процесс болғаны- 'ен кейбір сәттерде ол процесс әр түрлі кедергі-кідіріс- е> тоқырауға ұшырағанымен, біржола тоқтап қалмай.

329




үздік-создык. жүріп жататын процесс болатындықтан, осы шақ ұғымы да мезгіл-мерзім жағынан үзіліңкілі, созылыңқылы, тынбаіі жүріп жататын амал-әрекетті білдіреді.

Қазақ тілінде осы шак категориясының арнаулы мор- фологиялық көрсеткіштері жоқ. Бірақ етістік жүйесін- де оның қилы-қилы мағыналарын білдіруге икемделіп, замандар бойы сол кызметтерді атқару нәтижесінде әбден ориығып, қалыптаскан грамматикалық амал-тә- сілдер бар.

Жоғарыда айтылған жалпы грамматикалық (катего- рнялық) сипатынан туатын мағыналық ерекшеліктеріне және оларды білдіретін амал-тәсілдердің қызметтеріне карай, осы шак категориясы мынадай үш түрге бөліне- неді: Жалпы осы шақ, нақ осы шақ және неғайбыл осы шақ.

  1. Жалпы осы шақ. Осы шақтың бұл түрі етістік не- гізіне кесемшенін. -а (-е, -й) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Өйткені бұл форма, контекстегі қызметіне карай, сөйлеп отырған кезде болатын амал-әрекетті де (байқайсың ба, күн қызып келеді) үнемі істелетін кәсі- би және басқа күнбе-күнгі әрекетті де (ол совхозда ту- рады, сонда агроном болып істейді), адамзатқа, ғалам- затка тән үйреншікті, дағдылы жалпы кимыл, қозға-j лыс, амал, әрекет, істі де (ит уреді, қус ұшады; сиыр мөңірейді; шөп өседі; жел еседі; бала күледі; әнші ән салады; муғалім бала оқытады, шэкірттер сабақ тың- дайды) білдіре береді.

Бұл форма тек жалпы осы шақ мағыиасында ғана емес, жалпы іс-әрекетті тыңдаушыньщ көз алдында бұ- рын болғандай, казір болып жаткандай және келешекте шүбәсыз болатындай етіп суреттеп көрсету үшін жұмса- ла береді. Сол себептен бұл форма, әдетте, ауыспалы шақ формасы деп те аталады. Мысалы: «Бір күні Алдар Көсе Шығайбайдікіне келеді; Қөсені көреді де, Шығекең алдындағы асын етегінің астына жасыра қояды; Алдар: «бәлем, саған бір көрсетейін» дейді де, көріскен болып, Шығекеңді олай-булай жулқылайды, аунатады, зықы- сын шығарады. Сейтіп, Шығекең басымен әуре болады, асы далада қалады»...
дегендердегі етістіктер үшінші жақта түрып, өткен шақ мәнін білдіріп түр. Сондай-аК, «Адам көзімен көреді, аяғымен жүреді; басымен ойлай- ды, ңолымен жумыс істейді» дегендерде, жоғарыда айт- қандай, осы шақ реңкінде жұмсалып түр. Осындай,

330

осы шак. мағынасын бұл форма ауызба-ауыз сөйлесетін (диалог) жағдайда I. II. III жак түрлерінде тұрып та атқара алады. Ал «Ол ертең ерте келеді, ксшкісін еке- уіміз театрға барсімыз»
дегеннен әріше, келер шақ ма- ғынасы түсініледі.

  1. Нақ осы шақ. Осы шактыд бұл түрі көсемшенің еткен шақ (-ып, -іп, -п) және осы шақ (-а, -е, -й) түрін- дегі етістік формасына жатыр, жүр, түр, отыр деген жай- күй етістіктерінін біреуі тіркесу аркылы жасалады. Мы- салы: аитып отырмын; көріп турмыз; оқып жүр; келе ясатыр т. б.

Жалпы осы шак пен нак. осы діақ лтағыналарының айырмашылыктарын мына мысалдан да анғаруға бола- ды: мен келемін дегеннен келу процесі тек жалпы атал- ғаны анғарылса, мен келіп турмын; мен келігі жүрмін; мен келіп жатырмын; мен келіп отырмын дегендерден келу әрекеті жалпы түрде емес, ситуация нақтыланып аталатыны көрінеді. Бірақ бүл 4 етістік тек нақ осы шақ мәнін ғана білдіріп қонмайды. Олар нак осы шақ ма- ғынасын тек тікелей (баска дәнекерлерсіз) жіктеліп түрғанда ғана білдіреді (мен журмін; сіз турсыз; біз отырмыз; сендер өсіп келе жатырсыңдар). Өйткені күй- жай етістіктері қатысатын тіркестердің бәрі бірдей нак осы шақ қызметін аткара бермейді. Олар есімше, кө- S:eMme, рай, шак формаларында созылыңкы, шұбаланкы амал-әрекетті, процестерді білдіре отырып, сөйлемнің езге де мүшелері ретінде кызмет аткара береді. Мыса- лы: Асығып жүріп кітабымды ұмитып кетіппін; Біз ол кезде мектепте оқып жүрген шәкірттер едік; Біз оларға дәйім барып турдық. Демек, бұл төрт етістік амал-әре- кеттің белгілі бір қалыпта (түрған, отырған, жүрген, жатқан) үзак, үздік-создық, өзгеріссіз дәйім болатынын білдіретіндіктен, өткен шақта да, келер шакта да, рай түрлерінде^де, субстантивтеніп те жұмсала береді.

  1. Неғайбыл осы шақ. Осы шактың бұл түрі екі түрлі аналиіикалық формант аркылы жасалады. Оның бірін- шісі — көсемшенің келер шақ (-ғалы, -гелі...) формасын- Дағы етістікке (барғалы, келгелі) жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік Жалғау тікелей жалғанып жасалады. (Мысалы: барғалы °тырмын; жүргелі отырмысың? аттанғалы жатырмыз; квргелі турмыз; оқуға түскелі жүрсіңдер ме?); екіншісі ■чын деп (-йін аеп) форманты жалғанған етістікке сол ‘төрт (жатыр, жүр, түр, огыр) етістіктін бірі тіркеседі

331




де, оған жіктік жалғау тікелей косылу арқылы жасала- ды (мысалы: барайын деп отырмын; жүрейін деп түр.. мын: жөнелейін деп жатырсың ба? Институтқа түсейің деп жүрмін).

Бул форма келешекте істелмекші болған амал тура- пы ойды сөнлеп отырған кезде (осы шақта) жүзеге асы- рылатындай етіп көрсетеді. Бірақ бұл форма да, қажеті- не карай, есімше, көсемше, рай, шақ қосымшаларың қабылдап, осы шақтан баска да қызмет атқарады (кетіп қалайық деп отыр едік
; жүріп кеткелі отырғанда, олар келе қалды; сәті түсейін деп тұрған іс екен; жумысты бітіріп тастайын деп отырып қалыппын т. б.).

Е с к е р т у: Оқулықтарда «өсуде, дамуда...» форма- осы шақ көрсеткіші саналып жүр. Бүл формада ешкан- дай да Еербалдық мағына болмайтындықтан және оған етістікке тән қосымшалар қосылмайтындыктан, етістік- тін шақ формасы ретінде қаралмачға тиіс.

Қелер шақ

Келер шақ категориясына амал-әрекеттің алдапы уа- кытта я сөйлеп отырған кезден кейін жүзеге асатыны- аспайтыны я асырылатыны-асырылмайтыны туралы тү- сінік беретін етістік формалары жатады. Бірақ, түр-тү- рінің ерекшеліктеріне қарай, бұл формалардын, өзара мағыналық айырмашылыктары болады.

Келер шақ формалары мағыналары мен түлғалык түрлеріне карай, жалпы (анық) келер шақ, болжалды келер шақ және мақсатты (арнаулы) келер шақ деген уш топқа бөлшеді.

  1. Жалпы (анық) келер шақ амал-әрекеттің алдағы уакытта шүбәсыз. анық жүзеге асатынын білдіреді. Бүл шақ етістік негізіне көсемшеніц осы шақ формасынын жүрнағы (-а, -е, -й) қосылу аркылы жасалады. Мысальі: Біз үлкендердің тапсырмасын орындаймыз, үміттерін ақтаймыз, жазғы демалыста ауылдағы егін, күрылис жүмыстарына қатысамыз, ауыл еңбеккерлеріне жярдем береміз.

  2. Болжалды келер шақ формасы алдағы уақытта іс телетін амал-әрекетті атайды, бірақ ол амалдың жүзе ге асу-аспауы күдікті, екі талай екені аңғарылады. А^ форманың өзі есімшенін келер шағының -ар (-ер, -V жүрнағы арқылы етістіктіц жалаң және күрделі негіз

332

дерінен жасала береді. Мысалы: Өзіңіз әуелі келерсіз, окай-жапсармен сонда танысармыз; Сізбен әлі де талай цездесетін де иіығармыз, әңгімелесетін де болармыз.

  1. Мақсатты (арнаулы) келер шақ формасы амал- әрекеттіц алдағы уакытты шүбәсыз, күдіксіз (қайткенде де) жүзеге асатынын және онда бір максат барын коса білдіреді. Бүл форма етістік негізіне есімшенің мақсатты келер шағының -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жүрна- ғы жалғану арқылы, кенде соңғы жүрнақтың үстіне -шы дәнекері косылу арқылы жасалады. Мысалы: Біз ертең жиналмақіиымыз да, онда сембілікке кім, қаіиан, қайда баратынын сөз етпекпіз; Бүгін кітапхансіға бармақпын, жолға қажет кітаптар алмақпыи.

IX т a р а у ҮСТЕУ

§ 98. ҮСТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА /

Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етіс- гіктің) әр түрлі сындык, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мелшерлік күй-жайларын және сыннын белгі- сін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш м,ү- ше ретінде қолданылатын баска есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) арқылы да білдірі- леді. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет атқаратын ондан есім сөздер мен етістік фор- малары өздерінің бастапқы қасиеттерін жоймййды. Осы себептен пысықтауыш мүше болған сөздердің барлығы бірдей үстеу болуы шарт емес. Ол осы үйде түрады жә- не Мен мынау колхоздан пана таптым, енді орным осын- да (М. Әуезов) деген сөйлемдерді алсақ, бірінші сөн- лемдегі пысықтауыш үйде деген сөз болса, екінші сөй- лемдеғі пысықтауыш — осында деген сез. Бірақ мағына жағынан бүл екі пысықтауыштың арасында елеулі айырмашылық бар: жатыс септігінде колданылып пы- сықтауыш болып түрған үйде деген зат есім түрушының мекенін (орнын) айқын білдірсе, осында деген пысыкта- уыш түрушының мекенін жалпы түрде ғана хабарлап тұр. Екіншіден, үй деген зат есім жатыс септікте түрып Қана пысықтауыш болып түрса, осында деген пысыкта- Уьтштың бастапқы түбірі осы деген есімдік болғанымен.

333


-нда қосымшасы онын табііғн бөлшегі болып тұракта- лып, көнеленіп калған. Сол калпында ол тек пысықта- уыш кызмтеінде жұмсалады.

Сол сияқты, бірге бірді қосса, екі болады; Бірге жа- сасып келгенмен, жақынға хсақынның қасиеті бірден танылмайды (М. Әуезов) деген сөйлемдердегі бірге-ні салыстырсақ, екеуінің түрі бірдей болғанымен, мағына- сы мен қызметі екі басқа. Олардың екеуінің де бастап- кы түбірі — бір, екеуінің де қосымшасы — барыс септік жалғауы -ге. Бірақ бұл сөз мағына жағынан екі жары- лып сараланған. Алғашкы сөйлемдегі бірге өзінің тура мағынасында қолданылып, толықтауыш болып тұр. Ол барыс септіктің нешеге? қаншаға? деген негізгі сүрау- ларына жауап береді. Ал, екінші сөйлемдегі бірге сөзі бастапкы мағынасынан алыстап, демек, объектілік мән- нен адвербиалдық мағынаға көшіп, кимыл қалай жаса- латындығын білдіреді. Ендеше, алғашкы сөйлемдегі бір- ге деген сөз барыс септіктегі сан есім болса, екінші сөй- лемдегі бірге деген сөз үстеу сөз болады.

Осылар тәрізді, бірден бірді кемітсе, ноль қалады; Қуаныш, қайғы бірден қысқан Жамалдың көзі, булау- дай (Ғ. Мұстафин) дегендегі бірден деген сөз алғашкы сөйлемде шығыс септіктегі зат есім (толыктауыш) бо- лады да, екінші сөйлемде үстеу сөз (пысықтауыш) бо- лады.

Осылайша мағына жағынан әуелгі төркіндерінеғ (мысалы: зат есімдердің, сын есімдердің, сан есімдердіқ ғ.сімдіктердің катарларынан) бөлініп, лексикалық маз- мүны жағынан қимылдың алуан түрлі күй-жайларын білдіретін сөздер үстеуге жатады. Тіліміздегі бірге, бір- де (кейде деген мағынадағы), бірден, кенеттен, лажсыз- дан, кейде, шалқасынан, жүресінен, зорға, жатқа, босқа, текке, қапыда, абайсызда, жөнімен, ертемен, алға, арт- қа, алда, артта, мұнда, сонда, осында сияқтанған үстеу- лердің барлығы да жоғарыдағыдай көнелену жолымен калыптаскан үстеулер.

Қазак тілінде осындай көнелену тәсілі арқылы бір- жолата үстеуге айналған, немесе, мағына жағынан екі жарылып, сараланып, демек, бір жағынан, үстеуге ай- налса, екінші жағынан, өздерінің әуелгі лексикалық тоіғ тарының да (мысалы: есімдердің де) катарында қалыи жүрген сөздер көп. Мұндай сөздер, әсіресе, жатыс, шы* ғыс, барыс, көмектес септіктердің формаларында жйі ушырайды.

Есімдерден көнелену арқылы туған үстеулер сияқты, етістік формаларынан көнеленіп шыккан үстеулер де бар. Етістік түрлерінен көнелрніп шыққан үстеулер де көбінесе көсемше формалармен түрлес келеді. Бірақ көсемше формада тұрған сөздердің барлығы да бірдей үстеу бола бермейді. Мысалы: Ол өзінен-өзі сөйлей кірді
(С. Мұқанов) деген сөйлемдегі сөйлей деген — үстеу сөз емес, көсемше. Өйткені сөйлей, сөйлеп деген көсемше- лер жіктік жалғауды тікелей кабылдап, сөйлемде дара түрып та (мысалы: сөйлеймін, сөйлемейсің, сөйлеппін, сөйлепсіз т. б.), басқа көмекші етістікпен тіркесіп те (мысалы: сөйлеп турмын, сөйлеп турсың, сөйлеп отыр, сөйлей тур т. б.), құрмалас сөйлемнің бағынынкысының баяндауышы да, немесе сөйлемнің жай пысықтауыш мү- шесі де бола алады. Көсемшелерде жалпы етістікке тән шактық, амалдық және басқа қасиеттер болады. Сон- дықтан бұл сияқты көсемшелер үстеу емес, етістіктің нағыз көсемше формалары болып есептеледі.

Ал аздап, аз-аздап деген сөздерден сөйлей, сөйлеп деген сөздердің қасиеттері табылмайды. Өйткені аздап, аз-аздап деғен сөздерге тікелей жіктік жалғаулары жалғанбайды; олар жай сөйлемдеде, кұрмаластың бағы- ныңкысында да баяндауыш болып қызмет атқармайды; бүл сөздерде етістіктерге тән шақтық және басқа к.а- Үиеттер де жоқ. Бүлар (аздап, аз-аздап) сөйлемде тек пысықтауыш болып кана кызмет атқарады да, аздан, азғана, аз-аздан, аздан-аздан, азғана-азғанадан деген сияқты мағынаны білдіреді. Оның бер жағында, етістік- ке жалғанатын болымсыздық жұрнағы -ма (-ме), -па (-пе), -ба (-бе) бүларға косылмайды (мысалы: сөйлемеп ем деп айтуға болса, аздамап, аз-аздамап деп антуға болмайды). Сөйтіп, бүл сөздер (аздап, аз-аздап) көсем- ш,елерге тек форма жағынан үқсас, бірақ ол үқсастық тек сыртқы түлғасында (пішінінде) ғана. Осындай аз- дап, аз-аздап сияқты көсемше түрлес үстеулерді етіс- тіктермен төркіндес үстеулер деп есептейміз.

Етістіктермен төркіндес болып келетін (көсемше фор- малар) үстеулер де тек мағына жағынан ғана емес, кыз- меттері жағынан да көсемшелерден алыстап кеткен с®3Дер болады. Мысалы: қайта, қайра, қайтара, жағалай, яйнала деген көсемше түрлес үстеулерден қайтадан, Ңайрадан деген сияқты туынды жаңа үстеулер жасала- ^ы- Кейде олар айналаң, айналасы деген сияқты түрде ТәУелденіп те келеді. '

335



бүрьін

бүрыныраң

бүрындау

тым бүрын

кейін

кейінірек

кейіндеу

өте кейін

ьілгері

ілгерірек

ілгерілеу

аса ілгері

әрі

әрірек

әрілеу

тым әрі

әрмен

әрменірек

әрмендеу

тіпті эрмен

былай

былайырақ

былайлау

тым былай


  1. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да колданылады. Мыса- лы: қүр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, қүр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан- бос, қүрдан-қүр т. б.

  2. Негізгі үстеулерден косымшалар арқылы да, қо- сарлану аркылы да, баска сөздермен тіркесіп те, туын- Ды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-әрең,

озар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, үдайылап, әрі-бері, бүрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төмен- ді, енді-енді, кейінде, кейіннен, ендігәрі т. б.

Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қо- сымшалар арқылы, сездердің бІрігу және қосарлану, тфкесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркес- ТеРінің түрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айнал- ^ан) үстеулерді айтамыз.

337




Құрылысы мен кұрамы жағынан туынды үстеулер екі топқа бөлінеді:

а) жалаң туынды үстеулер;

ә) күрделі туынды үстеулер.

1. Жалаң туынды үстеулер. Түрлі қосымшалар ар- қылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеу- лер дейміз. Олар, кандай косымшалар қосылса да, сырт- қы \формдсы жағынан бір сөз болып келеді. Бірак. жа- лаң туынды үстеулерге жалғанатын косымшалар екі түрлі болады: біреулері жүрнақтар арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардын көнеленуі арқы- лы үстеуге айналады. Жеке-жеке қарағанда, олар тө- мендегідей:

Жүрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер. Бү-

лар арнаулы жүрнақтар арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнактар мыналар:

  1. -ша, -ше жүрнағы үстеу тудыратын әрі ең негізгі, әрі аса өнімді жүрнақ болып қызмет атқарады. Осы жүрнак аркылы жасалған үстеу мағына жағынан негі- зінде амалдың қалай я калайша істелетіпдігінің бейне- сін білдіреді. Бұл жұрнак жалкы зат есімдерге де, жал- пы зат есімдерге де (мысалы: Бәйтеневіие, Аманкелдіше, қусша, адамша), олардың жекеше түріне де, көпше түріне де (мысалы: батырша, батырларша, комсомол- ша, комсомолдарша т. б.) және тәуелді түріне де (кө- зімше, көзіңіие, көзімізіие, көзішие т. б.) жалғанып үс- теу тудырады.

Осы жұрнак арқылы кейбір негізгі сын есімнен де (ескііие, жаңаша, басқаіиа, қысқаша
т. б.), туынды сын есімнен де (биылғыша, бурынғыиіа) үстеу жасалады; жіктеу есімдіктерінен де (мениіе, меніңше, сеніңше, біз- іие, біздіңше, оларша, сендерше), өздік есімдіктен де (өзіміие, өзіңше, өзінше, өзімізше, өздерінше), кейбір белгіеіздік есімдіктерден де (әлдекімше, кейбіреулерше) үстеу сөздер туады.

  1. -лай, -лей (-дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары да — үстеу тудыратын өнімді журнақтардың бірі. Мысалы: осилай, екіншілей, жастай, жібектей, күздей, қыстай т. б.

  2. -дайын, -дейін (-тайын, -тейін) жұрнактары да —

аса өнімді жұрнактар. Бұл жүрнақтар дай және -ы«

деген қосымшалардан құралған қүранды жұрнақтар- Мысалы: Түлкідейін түн ңатып, Бөрідейін жол тартып

338

(Махамбет); Еділден асып айқара, Заулатты мені отар- ба, Жорғадайын іиайқала (Жамбыл).

  1. -шалық (-ша+лық), -шама (-ша-ғма) жұрнақта- ры сілтеу есімдіктерінен үстеу жасайды. Мысалы: осын-

г іиалың, осыншама, соншама, соншалық, мунша, мунша- лық т. б.

  1. Көсемшенің кұранды -лап, -леп (-дап, -деп, -тап, -теп) формалары косылған сөздің бәрі бірдей, әрине, үс- теу бола бермейді. Өте-мөте Еербалдық (етістікке тән жіктік форма қосылатын) жактық мағына білдіретін т. б. формалар үстеу болмайды. Олардың ішінен тек вербалдық мағына білдірмейтіндері ғана, демек, адвер- биалданған формалары ғана үстеуге жатады. Мысалы: Кырықтап, отыздап, жаяулап, темірлеп т. б.

  2. -шылап (-шілеп) жүрнағы. Бүл жұрнақ бастап- к,ы -ша және -лап деген қосымшалардан құралған. Мы- салы: (сиыршылап, жылқышылап, Бейсеншілеп т. б.

  3. -қары (-кері) жұрнағы санаулы біраз сөздерге жалғанып үстеу жасанды. Мысалы: ішкері, сыртқары, тысқары, уіиқары т. б.

  4. -ын, -ін, -сын, -сін косымшалары тек біраз сөздер- ге ғана қосылып үстеу тудырады. Мысалы: қысын, жа- зын, жасырын, астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін т. б.

ь Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер. Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бө- лінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындап кенеленгең «косымшалар» төркіндері септік жалғаула- рынан болғандықтан, сыртқы түлғасы жағынан сол сеп- тіктердің жалғауларына ұқсас келеді.

Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет бол- ■андықтан, мүндай үстеулер кейбір септік жалғаулары- іын, көиеленуінің нәтижесінде кебінесе есімдерден туады.

а) Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер:

іорға. босқа, текке, жатңа, бекерге, әреңге, алға, артқа, зс (т) қа, үс (т) ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге, қазір- ’-е, күнге т. б.

ә) Жатыс септіктің кенеленуінен туған үстеулер:

алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, кҮнде, тунде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, Капелімде, қапылыста, лезде, жөппелдем (е) де т. б.

б) Шығыс септіктің көғ:еленуінен туған үстеулер:

'^лқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, те-

339




зінен, қырынан, келтесінен, басынан, әуелден, іиетінен, лажсыздан, тосыннан, кенеттен, қатеден т. б.

в) Көмектес септіктін көнеленуінен туған үстеулер:

кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөні- мен, түйдегімен т. б.

  1. Күрделі туынды үстеулер. Күрделі туынды үстеу- лер деп екі сөзден я бірігіп, я косарланып жасалған не- месе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрактам- ған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.

а) Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудін нәти- жесінде үстеулерге айналады. Ондан үстеулер мыналар: бүгін, биыл, тақертең, жаздыгүні. қыстыгүні, әрқшиан, әрдайым, екіншәрі, ендігәрі, түкеугүні, біртслай. пиқа- іиан, әлдеқайда, бірқатар, неғүрлым, гжептәуір, бірқы- дыру, әлдекімше, сөйтіп т. б.

ә) Сөздердің косарлануы аркылы туған үстеулер мы- надай: әрең-әрең, енді-енді, зорға-зорға; қолмп-қол, сөз- бе-сөз, көзбе-көз; бет-бетімен, топ-тобымен, лек-легімен; \ сті-үстіне, алды-артына, қолды-қолына; бостан-босңа; тектен-текке, турадан-тура; күнде-күнде, жылда-жылда сөйлей-сөйлей, көре-көре, айтып-айтып; жата-жастана, кие-жара, күліп-ойнап, аунап-қунап; бір-бірлеп, он-он- дап, мың-мыңдап; бірте-бірте, біртіндеп-біртіндеп; о/у тын-оқтын. оқта-текте, анда-санда; жапа-тармсіғай, ты рым-тырағай т. б.

б) Жазуда бөлек танбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде колданылатын грамматикаланған және идио- маланған түрақты тіркестер — оларды екі салаға бөлуге болады.

Грамматикаланған және лексикаланған тіркестер күні кеше, күні бүеін, күні ілгері, ала жаздай, күндерді бір күн, ертеден қара кешке, ала сала, келе сала, айи келе, оқи келе, жаза келе, алдын ала, соңын ала, сабақ қа бола, кітапқа бола т. б.

Идиомаланған түрақты тіркестер: қйс пен көздің ара сында, аяқ астынан, түн баласында, қаннен қаперсіз елден ала бөтен, томаға түйьщ, қүлан таза т. б.

§ 100. ҮСТЕУЛЕРДІҢ МАҒЫНАЛАРЫ

Үстеулердін мағыналары да түрлі-түрлі болады Кей бір үстеу сездер, сөилемде колданылу ерекшелігіне Kf pan, әлденеше мағынаны білдіреді. Мысалы, Ол сон


340

ғана әнін тоқтатып, көпке қарады (М. Әуезов); Сен сон- да барып қон да, ертең осында қайтып кел (С. Мұқанов) деген сөйлемдердіц екеуінде де кездесетін сонда деген үстеу — бір ғана сөз. Бірақ осы үстеу алғашкы сөйлем- де мезгілдік мағынаны білдірсе, екінші сеилемде мекен- дік мағынаны білдіріп тұр. Ол сөз алғашқы сөйлемде қашан? екінші сөйлемде қайда? деген сұрауға жауап бе- реді.

Сол сияқты, Ол өлең былай шығарылды (С. Мүка- нов), Сен ана ағашты былай лақтьірып таста (Ғ. Мұста- фин) деген сөйлемдердегі былай дегеи сөздің де мағы- насы бірдей емес. Бірінші сөйлемдегі былай қимылдың сынын білдірсе, екінші сөйлемде қимылдың бағытын біл- діріп тұр. Бірак бүл сөздердіц де төркіні бір Үстеу сез- дер мағынасына қарай тдптастырғанда мынадай сегіз топқа бөлінеді. /

  1. Мезгіл үстеулер. 2) Мекен үсгеу- лер. 3) Мөлшер үстеулері. 4) С ы н (я б е й - не) устеулері. 5) Күшейту (я үлғайту) устеулері. 6) Мақсат үстеулері. 7) Се- беп-салдар үстеулері. 8) Топтауde­ny) үстеулері.

  1. Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін я дәі- ді мезгілін білдіреді де, ңаіиан? қашаннан? сияқты сү- рауларға жауап береді.

Мезгіл үстеулері аса көп. Оларға, мысалы, мынадай сөздер жатады: бүгін, былтыр, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, глі, ендігәрі, екіншәрі, бұрын, әуел-баста, ey­re, кеіи, күндіз, бүрсігүні, әсте, күнімен, ертеден, күні бугін, күні кеіике, бүгін таңда, күн ара, күні бойы, қыс- тыгуні, қыстай, жаздай, ала жаздай, күні-түні, анда- санда, енді-енді, оқтын-оқтын, оқта-текте, кейде, кей-кей- де, әлгінде, әрқашан, әлдеқаиіан, осындайда, апаң-сапақ- та, таң сәріде, ежелден, баяғыдан, әуелден, ңазірде, үдайы (зр уақытта) т. б.

  1. Мекен үстеулері кимылдың орнын (мекенін), ба- ғытын білдіреді де, қайда? қайдан? сияқты сұрауларға Жауап береді.

Мекен үстеулеріне мынадай сездер жатады: ілгері, ілгеріде, әрі, әріде, әрмен, кері, жоғары, төмен, жолшы- °ай, жол-жөнекей, алға артта, алды-артынан, тысқары, әлдеңсійда, сонда, осында, мүнда, былай, одан-бұдсн 7■ б.

  1. Мөлшер үстеулері түрлі қатынасты я жалпылап,

341




я мөлшерлеп немесе кимылдын. және сыннын я теңдік, я кемдік дәрежесін білдіреді де, қанша? ңаніиалық? неиіе- леп? қаншалап?
сняқты ғана сұрауларға жауап бе- реді.

Мөлшер үстеулеріне мынадай сөздер жатады; оиіиа, сонша, осынша, оншальіқ, соншалық, осыниіалық, оніиа- ма, мұншама, анағурлым, сондайлық, осындайлық, бі- рен-саран, ондаған, көптеген, бірталай, бірқыдыру т. б.

  1. Сын (бейне) үстеулері қимылдын алуан түрлі са- пасын, тәсілін (істелу жолын), бейнесін білдіреді де, қа- лай? қайтіп? қалайша? кімше? неше? (не сияқты?)

сияқты сұрауларға жауап береді. Бұл бай топқа мынадай үстеулер жатады: осылай, осылайша, сөйтіп, өй- тіп, бүйтіп, олай-бұлай, бірден, бірдей, бірге, бірте-бір- те, біртіндеп, ойша, бурынғыиіа, өзінше, әлінше, көзім- іие, пәрменінше, тікелей, қайыра, қолма-қол, кезек-ке- зек, әрең-әрең, көрнеу, іле, өздігінен, өзді-өзді, ойлап- ойлап, ойлай-ойлай, жатпай-турмай, билеп-төстеп, келе сала, біле тура, ашыңтан-ашық, бостан-босқа, емін-ер- кін, шама-шсрқынша, зорға, қапыда, лезде, шалқасы- нан, айтар-айтпастан, бет алды, қаннен қаперсіз, үнемі, бекер т. б. \

  1. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері заттың сынын, қн- мылдын өзін яемесе түрлі мелшерін, келемін я аса кү- шептіп, я аса солғындатып көрсетеді де, қалай? қандай? деген сұрауларға жауап береді.

Бүл топка мынадай үстеулер жатады: ең, әбден, ыл- ғи, кілең, сзл, өңкей, тіпті, тым, нақ, нағьіз, ның, әнтек, мүлдем, дәл, керемет, қабағат, мейлінше, сонша, төтен- іие, жөнсіз, орасан, өрен, аса, өте т. б.

  1. Мақсат үстеулері қимылдын максатын білдіреді. Максат үстеулері — езге топтарға қарағанда сан жағы- нан өте аз топтын. бірі. Мысалы, бұларға мынадай сөз- дер жатады: әдеііі, әдейілеп, жорта, қасақана. Бұлардан баска мақсат үстеулері кебінесе аналитикалық тәсіл ар- қылы жасалады. Мысалы: кітапқа бола, оқуға бола т. б.

  2. Себеп-салдар үстеулері амалдың себебін я салда- рын (нәтижесін) білдіреді. Оларға мынадай үстеулер жатады: жоңңа, босқа, қур босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан. Бұлардан басқа кесемшелер- дің кайталануы арқылы жасалатын сөйлей-сөйлей, көре~ көре, оқи-оқи т. б. үстеулер көбінесе осы топка жатадй'

  3. Топтау (я саралау) үстеулері амалдың және баскз

342

карым-қатынастын бірігу арқылы істелгенін немесе, ке- рісінше, жекеленіп істелетіндігі» білдіреді. Бұл үстеулер неіиеден? ңаншадан? неиіеуден? қалай-қалай? сияқтан- ған сүрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, үшеу- леп, он-ондап, бір-бірлеп, он-оннан, қырың-елуден, аз- аздан, көп-көптен, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен, алды-алдына, бас-басына, үйді-үйіне т. б .

Сейтіп, үстеулердің ішіндегі сан жағынан ен кебі сын я бейне үстеулері, онан кейінгісі мезгіл, мөлшер, мекен, күшейту үстеулері. Ал өзге топтармен салыстыр- ғанда мақсат үстеулері мен себеп-салдар үстеулері ана- ғурлым аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет