Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


дың сыртқы грамматикалық көрсеткіштері дай, -ғы



бет18/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі


дың сыртқы грамматикалық көрсеткіштері дай, -ғы,

-лы, -іңкі, -кір жұрнақтары.

Сөйтіп, қатыстық сындар зат есім, үстеу, етістік сияк- ты басқа сөз таптарынан болатындықтан, олардың (ка- тыстық сындардың) нақтьілы мағыналары да өздерінін жасалуына негіз болған сөздерімзн байлаиысты. ОсЫ

170

себептен қатыстық сындардың мағыналары өздерінің төркіндес (жасалған) сөздерінің синонимі сияқты болып келеді. Мысалы: аталық борыш
атаның борышы;

ауылдағы адамауылда туратын адам; ауыспалы қы- зыл туауыстырылып отырылатын. қызыл ту. Өздері- нің бастапқы төркіндерінен алшақтап кеткен ұзақ (әң- гіме), түнық (су), ашыц (сөз) сияқты негізі сын есім делініп саналатын, бастапқы үза (ды), түн (тұнды), аш (ашты) деген етістіктерден жасалған я туған сындарды алсақ, олардың мағыналары да қаншалықты алыстады дегенімізбен де, ездерінің бастапқы теркіндерімен ма- ғыналас (синонимдес) келеді.

§ 53. СЫН ЕС1МН1Ң МОРФЕМАЛЫҚ ҚҮРАМДАРЫ

Ақ, қара, сары, көк, сұр, биік, үлкен, аласа, жылы, жұқа, қалың, тік, ірі, кіші сияқты сапалық сын есімдер- ді алсақ, қазіргі кезде олардың кай-қайсысы болса да, тиісті морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есе- біінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізгі сын есімдер ретінде түсініледі. Ал,ч бойшаң, алғыр, білгір, өткір, ашпалы, жаппалы, қалалық, ауылдық, жазғы, күзгі, үшқалақ, ұиіңыр, ұйымшыл, уайыміиыл, үққыш, квнбісті, көнтерлі, басқы, бастапқы, сөзіиең, сөзуар, сияқты қатыстық сын есімдерді алсақ, олардың бәрі де тиісті түбірлер мен жұрнақтарға мүшеленетін туынды сөздер есебінде қабылданып, белгілі қосымшалар арқы- лы жасалған туынды сын есімдер екені аңғарылып тұ- рады.

Сөйтіп, сын есімдерді морфемалық құрамдарына қа- рай, негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер деп

бөлуге болады. Бірак оларды осылайша жіктеу шартты нәрсе екенін есте ұстау қажет, ейткені қазіргі кезде не- гізгі сын деп жүрген сөздердің көпшілігінің төркінін талдап қарағанымызда, туынды сындар болып келеді. Мысалы: тұнық, суық, сұйық, сирек, жазық, толық, ашық, жабық, иік, жетік, тілік, сергек сияқты сындар бастапқы түщ суы,, ары, сүйы, сире, жаз, толА аш, жап, и> жет, тіл, сергі деген етістіктерден туған. Сондай-ақ, ащы, түщы сияқты сындардың әуелгі формасы ашты, түшты дегендер болған да, кейін белгілі дыбыстык ез- герістерге ұшырап, бөлінбейтін түбір сөздерге айналып Кеткен. Ал, толы, пісі, кіші сындары да бастапқы толық, пісік, кішік деген формалардан ықшамдалған, кебу

171




(отын) сияқты сындар да кеп, кебік деген етістіктерден туған. Әрине, мұның бәрі бір күнде емес, замандар бо- йы тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қорының қарым-қатынасынан туып, тілдің даму заңына лайық бірте-бірте қалыптасқан және сол заң бойынша орныққан.

§ 54. СЫН ЕСІМДЕРДЩ ЖАСАЛУЫ

Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), син- таксистік (аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсілдер аркылы жасалады.

Морфологиялык (синтетикалық) тәсіл бойынша туа- тын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.

Синтаксистік (аналитикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер. жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі аркылы (ақ сары, қызыл сары; қара көк, ал щра көк; ақ қүба, ақ сүр, ақ іиабдар, ақ шубар, ақ көк
т. б.), не- гізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті, цара пальтолы т. б.), зат есім мен туынды сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлануы арқы- лы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады.

Морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалык жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі аркылы (мысалы: басқа, өзге, шала-жансар т. б.) жасалады.

Бұл тәсілдің ең негізгісі, әрине, синтетикалық және аналптикалық тәсілдер, ал семантикалық тәсіл тіпті өнімсіз.

§ 55. ЕСШДЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМДІ ЖҮРНАҚТАР

  1. -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағы аркылы кейбір зат есім- дерден, есімдіктерден, үстеулерден, сондай-ақ, жатыс септік формасындағы сөздер мен әредік шығыс септІкте- гі сөздерден туынды сын есімдер жасалады. Ондай туын- ды сын есімдер және олардың мағыналары мынадай:

  1. Мекендік ұғым білдіретін кейбір зат есімдерге, үстеулерге, сондай-ақ, жатыс және"шығыс (сирек) сеп-

172

гік формаларындағы есімдерге қосылып, мағыналары солардың лексикалық мазмұидарьша катысты туынды катыстык сын есім жасайды. Мысалы: ауызғы, төргі, түпкі, ішкі, төменгі, жоғарғы, соңғы, артқы, баладағы, кітаптағы, сөйлегендегі, ортальщтағы, заводтағы, цехта- ғы, үюлі, түрулі, санаулы, бүктеулі т. б.

  1. Мезгілдік ұғым білдіретін кейбір зат есімдер мен есімдіктерге, мезгілдік үстеулерге жалғанып, мазмұнда- ры солардың нақтылы лексикалык. мағыналарына қа- тысты туынды сын есімдер жасалады. Мысалы: кешкі, түскі, күзгі, жазғы, көктемгі, түнгі, күндізгі.

  1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті косымшасы арқылы мы- надай туынды сөздер жасалады:

  1. Негізгі және туынды зат есімдерден, олардың нак- тылы лексикалық мағынасына қарай (соған байланыс- ты), белгілі бір заттыц я басқа бір құбылыстың бар еке- ніи (барлығын) я мол екенін (молдығын) білдіретін туынды сын есімдер жасалды. Мысалы: арлы, атақты, әдепті, әсерлі, байыпты, икемді, инабатты, пайдалы, шөпті, ағашты, сулы гүлді, сиырлы, балалы т. б.

  2. Қосарланған зат есімнен де, сын есімнен де, сан есімнен де, үстеуден де мағына жағынан әрі қосарлан- ған сол екі сөздің де мазмұндарымен тікелей байланыс- ты. әрі екеуінің де мазмұндарын қоса қамтитын күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ағалы-інілі, ойлы- қырлы, таулы-тастьі, өзенді-сулы, үлкенді-кішілі, бүрын- ды-соңды, жоғарылы-төменді т. б.

  3. Екі-үш сөзден қүралып, суреттеме атаулар есебін- де кызмет ететін әр алуан тіркестерден де күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ак, басты, қаз мойынды, ай қабақтьі, теке сақалды т. б.

  1. -сыз (-сіз)— есім сөздерден болымсыздық мағына білдіретін туынды сын есім жасайтын өте өнімді жұр- нақтын бірі. Осы қосымша арқылы туатын сын есімнің мағынасы жоғарыдағы (-лы, -ты, -ті, -ды, -ді) формасы тіркесіп жасалатын сын есімнін мазмұнына карама-қар- сы, демек, заттың жоқтығын білдіретін сын есім (таусыз, сусыз, баласыз, ақылсыз, білімсіз т. б.) жасайды. Соны- мен қатар бұл қосымша конкретті, абстракт зат есімдерге, есімдіктерге, жалпы атау сөздерге жалғана бе- реді. Мысалы: баласыз, кітапсыз, көліксіз, білімсіз, мүң- сыз, түйсіксіз, ашусыз, ақылсыз, даусыз, сенсіз бізсіз т. б.

  2. -шыл, -шіл қосымшасы зат есім, есімдік, әр тарап-

173




ты сөздерге жалғанып, олардыц лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті, икемді- лікті, құмарлықты білдіретін катыстык сын есім жасай- ды. Мысалы: ұйқышыл, сауықшыл, күлкішіл, шайшыл, зорлықшыл, ұйымшыл, өзімшіл, турашыл, ойшыл т. б.

  1. -дай (-дей, -тай, -тей) негізінде өзі жалғанған сөз- ден салыстыру, ұқсату мәні бар туынды сын есім жа- сайтын қосымша бола тұрса да, бүл форма бір алуан сөздерге жалғанып туьшды үстеулер де жасайды.

  1. Зат есімдерге жалғанады. Мысалы: аттай, экедей, таудай, үйдей, судай, кісідей, самолёттей т. б.

  2. Есімдіктерге жалғанады. Мысалы: мендей, сен- дей, ондай, біздей, өздеріндей, анадай, мынадаи т. б.

  3. Сан есімдерге жалғанады. Мьтсалы: жүздей, мың- дай, елудей, қырықтай, отыздай т. б.

  4. Есімше формаларына жалғанады: жабысқандай, болжағандай, жылардай, өлердей, баратындай, оқитын- дай т. б.

  1. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік.

  1. Зат есімдерге жалғанып, олардан әр сөздің нақ- тылы мағынасына қатысты қасиеттерді білдіретін туын- ды сын есімдер жасайды. Мысалы: орталық, қоғамдық, қалалық, азаматтық, жолдастық т. б.

  2. Мезгіл атаулары мен әр қилы бүйым атауларына жалғанып, олардан мезгіл, өлшеу мөлшерімен байла- нысты туынды сын есімдер жасайды Мысалы: айлық, жылдық, апталық, тәуліктік, көйлектік, пальтолың, 61- pep қайнатымдықекі-үш асымдық т. б.

  3. Есімдіктерге жалғанып, олардан белгілі бір жақ- қа қатыстықты білдіретін туынды есімдер жасайды. Мы- салы: өздік, сендік, мендік, қандайлық, қанишлық т. б.

  1. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес екі морфемадан (-да+с) қүралған осы күранды қосымшалар бірде күра- мындағы компоненттері (бөлшектері) жеке-жеке бөл- шектенетін жүрнақтардьщ тіркесі есебінде жүмсалса, бірде ондай компоненттерге бөлшектенбейтін бір түтас күрделі жүрнақ ретінде колданылады. Мысалы: аралас, ыңғайлас, қадірлес, сыйлас сияқты сөздердегі -лас (-лес) қосымшасын іштей жеке-жеке бөлуге болады: ал, ңурбылас, дәмдес, пікірлес, көмектес, елдес, муңдас де- гендердегі -лас (-лес) формасын олай етіп ажыратуға болмайды.

Бүл омоним жүрнақтың я есімге тән, я етістікке тән екендігі сөйлем ішінде (контексте) колданылу орньтна,

174

атқаратын қызметі мен беретін мағынасына қарай ажы- ратылады. Мысалы, Қунанбайдың көп уақыттан бергі сыйласы да, қудасы да, досы да осы кісі еді
(М. Әуезов); Бір ананың егізіндей екеуміз жуп жазбадық, тату бол- дық, сырластық (Ә. Ахметов) деген сөйлемдердегі ал- ғашқы сыйласы деген сөз — есім де, соңғы сырластық деген сөз — етістік, осыған сәйкес, олардың морфология- лык түлғалары да басқаша түрленген, демек, алғашқы сыйлас деген сөзге тәуелдік жалғау қосылып түрса, сонғы сырлас деген сөзге етістіктіц өткен шақ формасы (-ты) мен жіктік жалғаудың қосымшасы қосылып тұр.

-лас (-лес) жүрнағы арқылы жасалатын туынды сын есімдердің мағыиалары жүрнақ жалғанатын негіздер- дің мазмұндарына сәйкес бірлестікті, теңдестікті, үлас- тьтқты, қарымдастьтқты, мерзімдестікті білдіреді. Олар- дың негізгі түрлері төмендегідей:

  1. Адамның алуан түрлі сыр-мінездерімен байланыс- ты абстракт мағыналы зат есімдерге жалғанып, ондай сипаттардыц басқа адамдармен әріптес екендігін білді- реді. Мысалы: ниеттес, сырлас, тілеулес, пікірлес, көңіл- дес, щадірлес, ақылдас т. б.

  2. Адамзат, жан-жануарлардың төркін-тегімен бай- ланысты үғымды білдіретін зат есімдерге жалғанып, олардың түкым-туысы бір екендігін білдіретін сын есім- дер жасайды. Мысалы: туыстас, аталас, тумалас, бауыр- лас, қарындас т. б.

  3. Мекен атауларына жалғанады да, олардың нак- тылы мағыналарына орай, мекен-орын, жай, қоныс ас- тастығын білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мы- салы: ауылдос, көріиілес, жерлес, елдес, тумалас, уялас, жапсарлас, іргелес т. б.

  4. Қейбір зат есімдерге жалғанып, олардың накты- лы лексикалық магыналарына карай, түрлі қарым-қа- тынас, мерзім-мөлшер жағынан сыбайлас келетін сындық үғымдарды білдіреді. Мысалы: жолдас, замандас, са- бақтас, кэсіптес, қызметтес, мэжілістес, дәмдес, өкіие- лес, үзеңгілес, серіктес, істес, сөздес т. б.

  1. -шаң, -шең.

Кнім-кешек атауларына бүл жүрнақ талғаусыз жал- ғана бергенімен, өзге зат есімдерге талғап жалғанады. Бүл жүрнақ арқылы жасалатын туынды сын есімдер мазмүн жағынан біркелкі емес. Бүған карағанда, осы Жүрнақтың қазіргі формасы тек бірыңғай -шаң (-шең)

175




болғанымен, тарихи шығу төркіні жағынан басқа-басқа (екі я үш түрлі) формалар болған сияқты. Ал -шаң (-шең) жұрнағының сөз тудыру қабілеті мынадаи:

  1. Киім-кешек атауларына жалғанып, адамның бо- йындағы киімімен байланысты сыртқы бейне-көрінісін білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы: көйлекшең, етікшең, пальтошаң т. б.

  2. Қейбір зат есімдерге жалғанып, адамға я затка тән белгілі бір ерекше қасиетті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Бүл сын есімдер мағына жағынан -шыл (-шіл) жүрнағы арқылы туатын сын есімдермен синонимдес болып келеді. Мысалы: ашушаң, сөзшең, бойшаң, тершең, кіршең т. б.

§ 56. ЕСІМДЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМСІЗ ЖҮРНАҚТАР

  1. -ыл, -іл, -л, -ал, -ел косымшалары тек бірен-саран- даған ғана түбірлерге қосылып, сол форма.лармен тұта- сып, сындық ұғымды білдіретін негіздер ретінде көнеле- ніп қалған. Мысалы: батыл, жеңіл, қызыл, жасыл, қа- тал т. б.

  2. -дар, -дер, -тар, -тер зат есімдерден, нақтылы лек- сикалык мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетіне ду- шар болғандықты білдіретін сындык ұғымның атаула- рын жасайды. Мысалы: қарыздар, хабардар, борыш- тар т. б.

  3. -и жұрнағы — төмендегі -паз, -қой, -қор жұрнак- тары сияқты, иран тілдерінен (парсы, тәжік, ауған) ауыскан кірме қосымша. Мынадай бірлі-жарым сөздер- де ғана кездеседі. Мысалы: эскери, мәдени, тарихи, сая- си, әдеби т. б.

  4. -паз өзі жалғанған сөзден оның нақтылы лексика- лық мағынасына тікелей қатысты белгілі бір іс-әрекетті істеуге мамандығы я қабілеті барлықты білдіретін жаңа сөз тудырады, ондай сөздер зат есімнен гөрі сын есімге бейім болады. Мысалы: өнерпаз, аспаз, ойынпаз, әсем- паз, білімпаз, келісімпаз, сезімпаз т. б.

  5. -мпаз, -ымпаз, -імпаз жұрнағы -ым, және -паз (-м + паз) компоненттерінен кұралған. Бұл форма сезім- паз, алымпаз, білімпаз, жағымпаз сияқтанған сөздерде бөлшектеуге көнгенімен, жасампаз, кеңесімпаз, сұрам- паз тәрізді сөздерде жеке-жеке бөлшектерге ажыратуғә келмейді.

176

Бүл жұрнак та өзі жалғанатын етістіктерден сол аталған іс-әрекетке икемі барлықты, бейім екендікті, оң- тайлылықты білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: жағымпаз, жасампаз, жанасымпаз, кеңесімпаз, жүзімпаз, малтымпаз
т. б.

  1. -қой, (-ғой) жұрнағы кейбір зат есімдерге жалға- нады да, олардьщ нактылы лексикалық ұғымдарына ті- келей қатысы бар амал-әрекет пен мінез-құлықтардын сындық атаулары болатын жаңа сөздер тудырады. Мы- салы: кәсіпқой, жәдігөй, әзілқой, сәнщой, жанжалқой т. б.

  2. -қор жұрнағы өзі жалғанатын зат есімдерден бел- гілі бір амал-әрекетке бүтіндей беріліп, оған машықтан- ғандықты білдіреді. Мысалы: жемқор, жалақор, айла- қор, бейнетқор, қамқор, мансапқор, ызақор, намысқор, шаруақор, парақор, есепқор т. б.

§ 57. ЕТІСТІКТЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМДІ ЖҮРНАҚТАР

  1. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек.

  1. Өзі жалғанатын салт және сабақты етістіктің лек- сикалық мағынасына тікелей байлакысты түрлі сындық ұғымдардың атауларын жасайды. Мысалы: ашық, тұ- нық, суық, толық, жабық, жарық, бұзық, корқаң, қа- нық, қашық, жасық, іиірік, ілік, жатьщ, бітік, құрғақ, ширац, озық, кесек, дөңгелек т. б.

  2. Еліктеу сездерге жалғанып, олардан әр килы ка- тыстық сын есімдер тудырады. Мысалы: бұлтаң, жал- тақ еңкек. жалпақ, бұрқаң, адырақ т. б.

  3. Кейбір зат есімдерге жалғанып, олардың лекси- калық мағыналарына сәйкес туынды сын есім жасайды. Мысалы: жолащ, жорғсіқ, қьісырақ, ортақ, ирек т. т.

  1. -уық (-уік) формасы етістіктен белгілі бір іс-әре- кетке бейімділікті білдіретін туындьі сын есімдер жа- еайды. Мысалы: жылауьщ, сөйлеуік, сұрауық, сыбыр- лауық т. б.

  1. -ыңқы, -ңқы, -іңкі, -іңкі жұрнақтары етістіктерге Жалғанып, олардан сол сөздердің негізгі лексикалык Мағыналарымен байланысты туынды сын есімдер жасай- Ды. Мысалы: жатыщы, салбыраңқы, шығыңқы, көтерің- KL басыңқы, қамығыщы, шашыраңқы, кебіңкі, быты- РЩқы т. б.

  2. -ынды, -інді, -нды, -нді. Бастапқы -ын, (-ін, -н)

177




формасы мен -ды (-ді) формасынан кұралған бұл күр- делі жұрнақтар етістіктерге жалғанып, белгілі бір іс- әрекеттің нәтижесінен туған сындық ұғымнын атауын білдіреді. Мысалы: асыранды, қуранды, серпінді, түйін- ді, туынды, жаттанды, жырынды, ағынды, шубырынды, жасырындьі
т. б.

  1. -малы (-мелі, -балы, -белі, -палы, -пелі).

Бұл -ма және -лы аффикстерінен жасалған құранды форма етістіктерге жалғанып, олардың негізгі мағына- ларыиа байланысты туған сындық ұғымдарды білдіре- ді. Мысалы: ауыспалы, көшпелі, жылжымалы, бүрмелі, таңдамалы, қүбылмалы, серіппелі, жинамалы, салыстыр- малы, аспалы, аумалы-төкпелі, үйелмелі-сүйелмелі т. б

  1. -қыш, -кіш, -ғыш, -гіш қосымшалары етістіктерге жалғанып, олардан лексикалық мағынасына қатысты әр түрлі сындық атаулар жасайды. Мысалы: білгіш, оңғыш, сезгіш, күлдіргіш, тапқыш, сенгіш, болжағыш, сөйлегіш, ренжігіш, байқағыш, ашуланғыш т. б.

  2. -шақ (-шек) жұрнағы өздік етіс формаларына жалғанып, олардың мағыналарына қатысты іс-әрекетті істеушінің (іс иесінің) сындық қасиетін білдіреді. Мы- салы: аяншақ, мақтаншақ, үрыншак,, жасқаншақ, ерін- шек, тартыншак,, қызғаншақ, қорғаніиақ, аиіулсіншаң т. б.

  3. -ымды (-імді, -мды, -мді). Бұл — бастапқы -ым ' және -ды компоненттерінен туған құранды жұрнақ. Оның құрамындағы -ым және -ды компоненттері бірде бөл- шектеніп сараланса, бірде іштей жеке-жеке бөлуді кө- термейді. -ымды (-імді...) жұрнағы етістіктерге жалға- нып, өзі қосылатын сезінін мағынасына байланысты ка- тыстық сын есім жасайды. Мысалы: жағымды, үтымды, үнамды, орамды, үйлесімді, тартымды, қонымды, шы- дамды, устамды, жарасымды т. б.

  4. -улы, -улі. Әуелгі және -лы қосымшаларынак кұралған күрделі -улы (-улі) жұрнағы етістіктерге жал- ғанып, олардың мағынасына байланысты заттың белгілі бір қалпын, керінісін, жағдайын білдіретін туынды сын есім жасайды. Мысалы: жинаулы, ерттеулі, жиюлы, ою- лы, үюлі, түрулі, санаулы, бүктеулі т. б..

  5. -қақ, -кек, -ғақ, -гек жұрнақтары әрі зат есім, әрі сын есім тудыратын омонимдес қосымшалар болғанЫ- мен, бұлардьщ зат есімнен гөрі сын есім тудыру кабіле- ті басым. Өйткені бүл жұрнақтар қосылған формалар- дың көпшілігі сын есім есебінде жұмсалады, оныц бер

178

жағында, етістіктерден бұл косымшалар арқылы туатын сын есімдер, өзінің негігзі (түбірінің) лексикалық ма- ғыналарына орай адамның кейбір мінез-құлқыньщ, та- биғаттың кейбір көріністерінің бейне-сипаттарын білді- реді. Мысалы: асқақ, тоңғақ, жабысқақ, оңғақ, тайғақ, майысқақ, қатқақ, урысқақ,
т. б.

  1. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары етістіктен зат есім тудыру жағынан қандай енімді болса, сын есім тудыру жағынан да сондайлықты қабілетті. Оның бұл ерекшелігі осы жұрнақтың, жоғарыда айтылғандай, зат есімге де, сын есімге де ортақ (омонимдес) қосымша бо- луына байланысты. Сондай-ақ, бұл жүрнақ аркылы жа- салған туынды сездердің әрі зат есім, әрі сын есім кыз- метін атқаруы да оның (қосымшаның) осы ерекшелігіне тікелей қатысы бар құбылыс екені күмәнсыз.

-ма (-ме...) жұрнағы арқылы жасалған сын есімдер тікелей өздері туған негіздерінің (түбірлерінің) лексика- лық мағыналарына байланысты сындық ұғымдарды біл- діреді. Мысалы: қызба (адам), бөспе (сөз), бояма (мі- нез), жалдама (ақы), қынама (бел), жайылма (сөйлем), құрама (нәрсе), сырма (пенжек), аспа (шам), көшпе (құм) т. б.

§ 58. ЕТІСТІКТЕРДЕН СЫН ЕСШ ТУДЫРАТЫН ӨНІМСІЗ ЖҮРНАҚТАР

  1. -ыс, -іс, -с жұрнактары кейбір етістіктерден нақ- тылы лексикалық мазмұнына орай туынды есім жасай- ды. Мысалы: ұқсас, таныс, талас, жалғас, тіркес, келіс, кетіс т. б.

  2. -қыр, -ғыр, -кір, -гір косымшалары өнімсіз болса да әрі туынды етістік (ысқыр, пысқыр, ощыр, түшкір, үшкір, қышқыр) әрі туынды сын есім (ушцыр, өткір, білгір) жасайтын омоним жұрнақтар.

-қыр, -ғыр, -кір, -гір жұрнактары аркылы етістіктер- ден туатын сын есімдердің мағыналары жалғанатын сө- зінің лексикалық мазмұнына орай, белгілі бір іс-әрекет- ке бейімділікті, кабілеттілікті, жеткілікті білдіреді. Бұл Жағдайда -қыр жүрнағының мағынасы -қыш жұрнағы- Мен синонимдес болып келеді. Мысалы: алғыр, білгір, е1'йр, уищыр дегендерді алғыш, білгіш, ушқыш деп те айтуға болады.

; Сонымен қатар, бұл жұрнақ әрі экспрессивті, әрі эмо- Чиялы я тілек, я қарғыс ренін білдіретін жалаң және

179


күрделі формалар да тудырады Мысалы: қүрғыр, өртен- гір, қадалғыр, арам қатқыр, сеспей қатқыр, көсегең кө- гергір, өркенің өскір т б.

  1. -мыс (-мыш) формасы кейбір етістіктерден сын- дық ұғым тудыратын көне форма есебінде кызмет етеді Мысалы: жасамыс, айтылмыш, тарамыс, жазылмыш, жаралмыш т. б.

  2. -ымтал (-імтал) формасы. Бастапқы жалаң -ым және -тал қосымшаларынан қүралған күрделі жұрнақ. Оның сөз тудыру кабілеті тіпті аз, өзі жалғанған етіс- тіктерден, олардың мағыналарына орай, белгілі бір әре- кетке бейімділікті, қабілеттілікті білдіретін туынды сын есім жасайды. Мысалы: ұғымтал, өсімтал, сезімтал т б

  3. -қы (-кі, -ғы, -гі) жұрнағы кейбір ётістіктерге жалғаиып, олардан сол сөздердің мағыналарына байла- нысты туған сындық үғымнын атауларын жасайды. Мы- салы: бүралқы, оралғы, жинақы, күлдіргі т. б.

  4. -ыр, -ір, -ар, -ер.

  1. -ыр (-ір, -р.-) формасы кейбір негіздерге жалға- нып, олардың лексикалық мағынасына катысты туған сындық ұғымның атауларын білдіреді. Мысалы: жүмыр, иір, обыр, қыңыр, тықыр, шымыр, қүзар, былжыр т. б.

  2. -ыр (-ір, -ар, -ер...) қосыміиасы кейбір еліктеу сөздерден де туынды сын есім жасайды. Мысалы: жал- тыр, жылтыр, сылбыр, былбыр т. т.

  1. жұрнағы кейбір етістіктерге жалғанып, лекси- калық мағынасына қатысты сын есімдер жасайды. Мы- салы: жарау, қызу, тақау, жадау, жабырқау, түзу, таяу, бітеу, баяу, көлбеу, қату т б.

  2. -аған (-еген) жүрнағы кейбір салт және сабақты етістіктерге жалғанып, олардан мазмұнына сәйкес, бел- гілі бір іс-әрекетке бейімділікті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: тебеген, қабаған, сүзеген, қашаған, береген, алаған, безеген, көреген т. б.

  3. -ын (-ін, -н) жүрнағы кейбір етістіктен және кей- бір көне негіздерден туынды сын есім жасайтын өнімсіз қосымшаның бірі. -ын (-ін, -н) қосымшасы өзінің жал- ғанатын сөзінің лексикалық мағынасына қатыстық сын есімге тән мағына жамайды. Мысалы: ортан, бүтін, ер- кін, үзын, жайын т. б.

  4. -қалақ (-келек, -ғалақ, -гелек) жұрнағы кейбір етістіктерге жалғанып, солардың лексикалық мағынасы-' на сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бой ұратындықты біЛ'

180

діретіндей сындық ұғымның атауын жасайды. Мысалы: үшқалақ, сасқалақ, қозғалақ
т. б.

  1. -алақ (-елек) жүрнағы негізінен, еліктеу сөздерге * жалғанып, олардың бейнелеу ұғымына катысты туынды

сын есім жасаиды. Мысалы: еңкелек, қаңғалақ, бүлта- лақ, шыжалақ, жалталақ т. б.

  1. -анақ жұрнағының туынды сөз жасаудағы үлесі тіпті аз да, өнімі тіпті жоқтың қасы деуге болады. Өйт- кені бұл жұрнақ арқылы тек суқ, шүқы, иіық сияқты 61- pep етістіктен ғана олардың нақтылы лексикалык ма- ғынасына қатысты сындық ұғымды білдіретін туынды сөздер жасалады. Мысалы: сүғанақ, иіүқанақ, шығанақ т. б.

  2. -ғылықты (-гілікті, -қылықты, -кілікті) жүрнағы -қы, -лық, -ты компоненттерінен қүралған; бүл қосым- ша кейбір салт және сабақты етістіктерге және мекен атауын білдіретін кейбір зат есімдерге жалғанып, косы- латын сөзінің мағынасына байланысты туынды сын есім- дер жасайды. Мысалы: жеткілікті, түрғылықты, жергі- лікті, тыңғылықты т. б.

  3. -мсақ, (-мсек, -ымсақ, -імсек) жұрнағы және -сақ (-сек) қосымшаларынан жасалған. Бүл форма кей- бір салт және сабақты етістіктерге жалғанып, іс-әрекет адамның әдетіне, қалыпты үйреншігіне айналған қасие- тінің сипатын білдіретін сын есім жасайды. Мысалы: сүрамсақ, тілемсек, жарамсақ, берімсек, өлімсек, алым- сақ, сатымсак; т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет