Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 59. СЫН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ



бет19/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі


§ 59. СЫН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ

Сын есімдер компоненттерінің кұрамдарына қарай жалаң сын есімдер және күрделі сын есімдер болып екі салаға бөлінеді.

Жалан сын есімдерге ешқандай қосымшаларсыз-ақ негізгі сын есім есебінде қызмет ететін түбір сөздер (ақ, Қара, көк, сүр, тік, аласа, тар
т. б.) және жұрнақ арқы- лы жасалған туынды (малды, иіөпті, қүнарлы, өнімсіз, залалсыз, бойшаң, үйқыіиыл, көтеріңкі, серіппелі т. б.) сын есімдер және өзге сөз таптарынан семантикалық >(<ағы!іан дамып, адъективтенген сөздер (кебу, ауру, басқа, өзге т. б.) жатады. Сөйтіп, жалан сын есімдерге ^ататын сөздердің құрамында бір ғана негізгі компо-

181




иент болады, бірак ол негізгі компонентте қосымша мор- феманың болуы я болмауы шарт емес.

Күрделі сын есімдерге кемі екі я онан да астам ком- поненттерден құралып, синтаксистік (аналитикалық) жолмен жасалған сындар жатады. Күрделі сын есім- дер негізгі сындардан да, олардын өзді-өзінін де, өзге сөздермен де тіркесуі, кайталануы, қосарлануы, әредік бірігуі арқылы жасалып, бір бүтін күрделі тұлға ре- тінде қызмет етеді. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сын есімдердін. негізгі үлгілері (модельдері) төмендегідей:

  1. Сапалық (негізгі) сын есімдер бірімен-бірі тірке- седі. Бұл топқа қара ала, сары ала, торы ала, иіұбар ала, қызыл ала деген үлгі бойынша жасалатын, демек, алғашқы компоненті ауысып, соңғы компоненті өзгер- мей тіркесетін сындар да, қара көк, қара сур, қара то- ры, қара қоңыр, қара күрең, қара іиубар, қара кер де- ген үлгі бойынша, демек, алғашқы компоненті ауыспай, соңғы компоненті ауысып жасалатын екі компоненті күрделі сындар да, алқара көк, алқара кер тәрізді үш компонентті күрделі сын есімдер де жатады. Бұл топқа енетін күрделі сын есімдер жалан сапалық сындар сияқты, шырай формаларында да жүмсала береді.

  2. Бірыңғай я негізгі (сапалык), я туынды (қатыс- тык) сындар не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: кішкене-кішкене, аппақ-аппақ, үлкен-үлкен, малды-мал- сыз, қоралы-қопсылы т. б.

  3. Негізгі сынмен -лы (-лі) формалы туынды сын есім тіркеседі. Мысалы: кен маңдайлы, шокша сақал- ды, қызыл шырайлы т. б.

Зат есім, сан есім, есімдік, есімше формалар мен -лы (-ЛІ...) формалары туынды сын есім тіркеседі. Мы- салы: теке сақалды, адырақ көзді, алтын баулы
т. б.

Я екі компоненті де бірдей -лы (-лі...) жұрнағы ар- қылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бір компоненті -лы (-лі...) жүрнағы аркылы, бір компоненті -сыз (-сіз) жұрнағы аркылы жасалған туынды сын есім- дер косарланады. Мысалы: таулы-тасты, орманды-то- ғайлы. әкелі-балалы, ағалы-інілі, ессіз-түссіз, жөнді- жөнсіз, орынды-орынсыз т б.

Осы топқа төрт бүрышты, кос атты сиякты тіркестер де енеді.

  1. Зат есівд, сан есімдер мен -лық (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) формалы сын есімдер тіркесіп, күрделі сын- дар жасалады. Мысалы: халық аралық, бес жылдыҚ,

182

бес кісілік, он адам сиярльщ, екі-үш күндік т. б. Сон- дай-ак тұрақты тіркестерден де осы жүрнақ арқылы күрделі сын есім жасалады. Мысалы: көңіл көтерерлік, түс іиайысарлық, қабырға қайысарлық, күн көрерлік т. б.

  1. Я екі компоненті де (сыңарына да) бірдей, не -лық (-лік) жүрнағы арқылы, не жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бір ком- поненті -лы (-лік...) жұрнағы арқылы, бір компоненті жүрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосар- ланады, я алғашқы компоненті зат есім, соңғы компо- ненті -лық (-лік) жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады. Мысалы: әскери-саяси (кадр- лар), ғылыми-здеби (мұра); әлеуметтік-экономикалық (шара), идеялық-саяси (өмір), ңоғамдық-тарихи (тәжі- рибе) т. б.

Тәуелділіктің үшінші жағының косымшасы қосылған зат есімге (бірінші компонент) сын есім (екінші компо- нент) тіркесіп, күрделі сын есім есебінде қолданылады. Мысалы: көзі ашық, тілі майда. (тәтті), басы бос, жөні түзу, жүзі жылы, қолы үзын, қолы ашық, қолы қысқа т. б.

§ 60. БЕЛГІНІҢ РЕҢІ ЖӘНЕ ШЫРАЙ КАТЕГОРИЯСЫ

Заттардың белгілері бірде тіпті анық, бірде тым күң- гірт немесе сәл ғана артық я сәл ғана кем деген сияқ- ты әр алуан дәрежеде болуы ақиқат. Әдетте, заттардың осындай белгілері көбінесе оларды бір-біріне салыстыру арқылы танылады. Мысалы, ащы мен тұщы, ақ пен қа- ра, алыс пен жақын, қою мен сүйық, терең мен тайыз, ыстық пен суық, қатты мен жумсақ, ауыр мен жеңіл және басқа да осылар сияқты сындық ұғымдарды біл- діретін сөздерді алсак, олар — айналадағы акиқаттық қүбылыстарды бірте-бірте танудан кейін пайда болған үғымдар.

Сөйтіп, заттың түрі мен түсіне, сапасы мен сипаты- иа, келемі мен аумағына, салмағы мен нәріне байла- нысты әр алуан ұғымдарға сәйкес туып, солардың атау- лары есебінде колданылатын сөздер болады. Ол сөздер тек әр алуан түстер мен сапаларды ғана емес, бір ғана түстің я бір ғана белгінің не сапаның әр килы түрлері мен рендерін де білдіре алады. Мысалы, ащы деген бел- Пніц ашқылтым, ащылау, ап-ащы, ащырақ, тым ащы

183




деген тәрізді әр алуан дәрежені білдіретін түрлері де бар. Сондай-ақ, сарғыш, сарғылт, сарылау, сарырақ, сап-сары, өте сары
дегендер де — сары түсінің әр түрлі рендерінін атаулары. Ендеше, бүдан бір түрлі белгінің өзінде бір-бірінен ерекшеленіп ажырайтын әлденеше қи- лы рең дәрежелері болатыны айқындалады. Ондай түс- тің я белгінін. реңі сәл кем болса (ашцылтым, сарғыш), екінші бір реңі сәл едәуір артық (ащылау, сарылау) бо- луы, үшінші бір реңі едәуір артық (ащырақ, сарырақ) болуы, төртінші бір ренд күшті (ап-ащы, сап-сары) я тіпті күшті (өте ащы, тым сары) болуы мүмкін де және болатын да задды құбылыстар.

и3аттың белгісі я сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т. б.) біркелкі болмай, рең жа- ғынан эр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатыныц я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формала- р ы деп аталады. Заттың сындық белгілерінің бәсеңдік, солғындык реңдері мен мәндерін білдіретін формаларға -ғыл (-қыл), (-қылт), -ғылт, -ғылтым (-кылтым), -ғыш, ғана (-кене), -ілдер, -қай, -қан, -ақ (-ек), -шыл -шіл -шылтым (-шілтім), -ша (-ше) қосымшалары жатады. Бұл қосымшалардың туынды формалар жасау қабілет- тері сондайлықты мардымды емес. Олардың кейбіреуі • тек бір ғана сөзге (көг-ілдір, қуба-ңан), кейбіреулері екі-үш сөзге (кішкене, азғана, кііикентай, азғантай, қо- ңырқай, қүбақай, ақіиыл, көкшіл, ақиіылтым, көкшіл- тім) ғана жалғанса, кейбіреулері бес-он сөздің аясында ғана қолданылады. Мысалы, сарғыіи, бозғьии, қызғыш, сурғыш деген формалар -ғыш жүрнағы аркылы сары, боз, қыз(ыл), сур деген түбірлерден жасалған. Ал, боз- ғыл, қызғыл, сұрғыл, қуқыл, қатқыл, қыіиқыл деген сөздер -ғыл (-қыл) жұрнағы арқылы жасалған; осы сөз- дің бәріне де әуелі жұрнағын (бозғылт, сурғылт), одан кейін -ым жүриағын тіркеп (сарғылтым, ңызғыл- тым), жана формалар жасайды.

Өзге қосымшаларға карағанда, жаңа формалар ту- дыру жағынан -ша (-ше), -аң (-ең, -н) жүрнақтары, әжептәуір қүнарлы -ша (-ше) жүрнағы кейбір сапалык сын есімдерге еркін жалғана береді (ақіиа, сарыша, көк- ше, қызылша, сурша, семізше, қысқаша т. б.). Бірақ бұл жұрнақ сын есімніқ өзге түрлерінің бәріне жалғанбай- ды, бүл жүрнақ жалғанған сын есімнен сапаның олқы екені түсінілумен катар, оған кішірею, бәсеңдеу реңі жа-

184

малғаны да білінеді. Мысалы: Ақ уйдің оң жағында кііиі- рек қоңыриіа үй, сол жағында ңараиіа үй тұр (Ғ. Мус- тафин). Аңша қар, көкше муздар іиағылысып, ғажа- йып бір суреттей жарқырасады (А. Тоқмағамбетов); Биікіие тастақ төбенің басында кешкі ауылдың тірлік тынысын тыңдап Абай отыр (М. Әуезов) т. б. Осы сөй- лемдердегі қоңыріиа, қараіиа, ақіиа, көкше деген сөздер- ден атанған түстердің толық емес, жетімсіз екенін аң- ғарсақ, биікше деген сезден тастың биік емес, шағын я сәл биік екенін бағдарлаймыз. Сын есімге жалғанып, сапаның я белгінің жетімсіздігін білдіретін осы жұрнақ- тың мағынасы мен қызметінде зат есімге тән -ша (-ше) жұрнағына үқсастық та, қүрылымдастық та бар. Бүл ерекшелік, мысалы, қудаіиа, бөлімше, құнашиа, күрек- ше, кіташиа, қурықша деген зат есімдер мен биікіие, толықіиа, семізше, узыніиа, қызылша, тікіие деген сын есімдерді салыстырғанда, айкын біліне калады. Сондай- ақ ңуаң, жасаң, босаң, бәсең, сидац, қайқаң, ояң, жа- даң, қысаң, қатаң, ашаң, қшиаң сияқты сын есімдердің мағыналары мен формалары (түлғалары) белең, жутаң, кезең, қыраң, сораң секілді зат есімдердің формалары мен мағыналарына үштасып жатады. Бүл айғактар зат есім мен сын есімнің өзара қатынасында, олардың шы- ғу төркіиі мен даму заңдылықтарында тек сыртқы фор- ма жағынан ғана емес, ішкі мағына жағынан да жал- дыньгң барлығын дәлелдеумен қатар, бүл қосымшалар- дын зат есімге жалғанғанда да, сын есімге косылғанда да оларға толымсыздық, олқылық рең жамайтынып мо- йындатады.

Зат есімге де, сын есімге де жетімсіздік, солғындық, бәсеңдік реңдерін жамайтын жоғарыдағыдай косымша- лардың қатарына -дақ (-дек), -тақ (-тек) жүрнағын да қосуға болады. Өйткені осы жүрнақ жалғанған қумдақ, тастақ, шаңдақ, мұздақ деген зат есімдер мен жеңілтек, кәнтек, жуантық деген сын есімдердін формалары да, мағыналары да, қызметтері де жоғарыда талданған -ша (-ше), -аң (-ең) жүрнақтарына үқсас.

Тіліміздегі сын есімдерге тән қосымшалардың ішінен салыстыру мәнін туғызатын да, салыстыру қызметін ат- Қаратын да формалар -лау (-леу), -дау (-деу), -тау (-теу) және -рақ (-рек), -ырақ (-ірек) жүрнақтары ғана. Бүл екі жүрнақтың екеуі де тиісті белгіні салыстыру г!шін қолданылады. Олардың формалары екі басқа бо- іуларына карай, үстейтін мағыналары мен атқаратын

185


қыземттері де екі түрлі. Атап айтқанда, -лау (-леу), -дау (-деу), -тау (-теу) жұрнақтары өзі қосылатын сындық белгіге (сын есімге) бәсеңдік, солғындық, шағындык, рец жамаса, -рақ, -(рек, -ырақ, -ірек) жұрнағы, керісінше, басымдық, артыктық, молдық рең жамайды. Сөйтіп, бұл екі форма заттың сапасын (белгісін, аумағын, көлемін, қасиетін т. б.) атап қана коймайды, ол сапа басқа бір салыстырылатын заттың сол сияқты сапасынан я кем (пәс), я артық (басым) екенін білдіру үшін қолданыла- ды. Осыған сәйкес, олар салыстыру формалары (жұр^ нақтары) деп те аталады.

-лау (-леу...) жұрнағы негізгі және туынды сын есім- дерге еркін жалғана береді. Мысалы: аласалау, аиіық- тау, алыстау, ақырындау, баяулау, биіктеу, әдемілеу, әдептілеу, ескілеу, көкшілдеу, суықтау т. б.

Бүл жұрнақ кейбір зат есімдерге де, үстеулерге де жалғанады да, оларға бәсен, солғын рең жамайды. Мы- салы: дөңестеу, балалау, кедейлеу, қарттау, қыраттау, ойпаттау, ызғырыңтау
т. б.

-рақ (-рек, -ырақ, -ірек) жұрнағы да негізгі және туынды сын есімдерге жатырқамай, еркін жалғана бе- реді. Мысальг ащырақ, алысырақ, биігірек, жақсырақ, молырақ, іиикірек, малдырақ, бойіиаңырақ, толығырак, т. б.

-рақ жүрнағы үстеу сөздер мен модаль (беятарап)* сөздерге жалғанып, оларға үлғайту, молайту, көбейту реңдерін үстейді. Мысалы: ілгерірек, жоғарырақ, шетке- рірек, алғарақ, ертерек, азырақ, көбірек, қажеттірек т. б.

-рақ жұрнағы кейбір зат есімдерге де жалғанады. Мұнда да зат есімдердің семантикасына түрлі өсіңкі реңдер жамалады. Мысалы: баларақ, уятырақ, аюырақ т. б.

Заттың белгісінің реңі сын есімге тән үстеме буын арқылы да беріледі. Мысалы, қызыл мен қып-қызыл, бір түрлі түсті білдіргенімен, бір-бірінен айырмашылығы бар екі түрлі реңді білдіреді. Мұндағы қызыл сөзі кә- дімгі, қалыпты қызыл деген түсті білдірсе, қып-қызыл сөзі қан қызыл, өте қызыл деген тәрізді өсіңкі түсті біл- діреді. Сондай-ақ, жақын мен жап-жаңын деген көлем- дік белгіде де, ауыр мен ап-ауыр деген салмақтык бел- гіде де, қышқыл мен қып-қыіиқыл деген дәмдік белгіде де, жақсы мен жап-жақсы деген сапалық белгіде де рен, я дәреже жағынан өзара азды-көпті айырмашыльік

186

барлығы даусыз. Солай болса, сын есімге тән үстеме (күшейтпе) буын бір заттың белгісін екінші бір затқа салғастырмағанымен де, сапаның күшті екенін білдіре- тін форма есебінде қызмет етеді.

Заттың белгісінің реңі күшейту үстеулерінің сын есімге қабаттасуы арқылы да өзгереді. Мысалы, улкен
мен аса улкен дегендерден реңдері бір-бірінен баскаша- лау көлемдік белгі аңғарылатыны сиякты, тәуір мен тым тәуір дегендердің де сапасы бір болғанымен, олардың өзара айырмашылығы барлығы білінеді. Еңдеше, кү- шейту үстеуі мен сын есімнің тіркесулері аркылы да бір заттың белгісі екінші бір заттың сондай белгісіне салыс- тырылып, араларындағы реңді ажыратуға дәнекер бо- латынын көреміз.

§ 61. ШЫРАЙ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУЫ

Жалпы зат атаулылардың белгілері басқа-баска бо- лулары былай тұрсын, бір түрлі белгінін, өзінде (мыса- лы, түсінде, сапасында, көлемінде, салмағында және басқа қасиетінде) әр алуан рең болатынын, ол реңдердің ездері әр қилы дәрежеде болатынын айқындағаннан ке- йін, сын есімнің шырайы деген не, тілшізде кандай-қан- дай шырайлар бар және олар қандай тәсілдер (форма- лар) арқылы жасалады деген мәселелерді де анықтау қажет болады Мысалы, Жоғарғы Советтің мәжіліс за- лы кең де, биік те, жарық та, салтанатты да, сәулетті де екен деген сейлемде бір залдың өзінде бес түрлі белгі аталып тұр. Бүдан көптеген затардың алуан түрлі бел- гілерін салыстырудан да, бір жеке заттың әр түрлі бел- гілерін салыстырудан да басқа-баска белгілер аныктал- ғанымен, әлденеше заттың бір түрлі я біркелкі белгісі- нің айырмашылықтары айқындалмайды. Солай болса, салыстырудың бәрі бірдей бір түрлі сындық белгінің әр қилы дәрежесін аша алмайды.

Сын есімнің шырайы деп аталатын категорпянын мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр түрлі я біркелкі белгілерін емес) бір түрлі я біркелкі белгілері- нің өз ара айырмашылыктарын, демек, сол біркелкі бел- гілердің бір бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ак, бі- Реуі қызыл, біреуі кара, біреуі сары, біреуі қоңыр, біреуі ,көк түсті нәрселерді немесе біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі тік, біреуі сопақ, біреуі текше нәрселерді салыс-

187




тырудан шырам категориясы тумайды. Шырай катего- риясы я бірыңғай ак, я бірьщғай қызыл, я бірыңғай қара, я бірыңғай сары, я бірыңғай қоңыр, көк түсті әлде- неше (кемі екі) заттардың реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе бірыңғай үлкен я бірыңғай кіші делініп танылған әлденеше затардың көлем-аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру арқылы туады. Әрине, ондай рендер мен дәрежелер сан жағына^ да, сапа жағынан да салыстырылады. Өйткені, біркелкі бел- гінің осындай сандық я сапалық айырмашылыктары, сайып келгенде, шырайларды бір-бірінен айыратын өлшеу де, тірек те, негіз де болып саналады. Осыған орай, әрбір шырайдың өзіне тән мазмұны мен форі^асы болады.

Сонымен тіліміздегі сын есімнің мынадай төрт түрлі шырайы бар:

1) Жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейт- пелі шырай, 4) асырмалы шырай.

Жай (негізгі) шырай заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы бас- қа сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептеледі. Мысалы: биік тау, үлкен үй, жақсы қағаз, ңызыл сия.


Жай шырай формасы шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма болып саналады.

Салыстырмалы шырай бір заттың сыныіі екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердін. бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тудыратын жүрнақтар (форма- лар) мыналар:

а) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек мысалы: Көкше көктен

гөрі көгірек тау екен (С. Мүқанов); Қараойға қара- ғанда Сулутөбе бойиіаңыраң (Ғ. Мүсірепов).

ә) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу мысалы: Ниетқа- былдың отіиа жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қара- ды (Ғ. Сланов). Сол ауылда таныстау бір іиал бар ед, (F. Мүсірепов).

Бүл екі форма — өте өнімді формалар.

б) -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай -аң. Бүл өнімсіз жүрнақтар, мысалы, Дьмңыл шал ғынның арасында, бозғыл тұманның ішінде барлаушы бала да көрінбейді (В. Қатаев); Жігіттің сүрғыл* жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты (С. Мүқанов)

188

VI т a р а у САН ЕСІМ

§ 63. САН ЕСІМ ТУРАЛЫ TYCIH1K

Сан есім — есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Өзінін. мағынасы мен функциясы жағынан сан есім ©зғе сөз таптарына қарағанда, сын есімге біршама жа- кын. Бірақ сын есім заттың сапасын, сипатын, касиетін, түр-түсін т. б. сыр-сипаттарын білдіретін сөз табы болса, сан есім ■—заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білді- ретін лексика-грамматикалық сез табы. Мысалы; ақ ора- мал, жаңсы көйлек, жуан ағаіи деген тіркестердегі ақ, жақсы, жуан деген сын есімдер мен екі, бес, жиырма деген сан есімдерді бір дәрежеде қарауға болмайды. Өйткені мұндағы ақ, жақсы, жуан сөздері орамал, көй- лек, ағаш сияқты заттардың бойына тән әр қилы сын- дық қасиеттерді (сынын, түрін, белгісін) кврсетіп тұр- са, екі, бес жиырма сөздері сол заттардың ондай сыр- сипаттарынын бірін де көрсете алмайды, тек сандық, мөлшерлік жағын ғана, демек, олардың сан жағынан қанша екендігін ғана анықтайды.

§ 64. САН ЕСШНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНГИКАЛЫҚ ӨЗГЕШЕЛІГІ

Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркесті- рілмей жеке-дара айтылғанда, тек абстракт сандык үғым- дардың атаулары ретінде қолданылады. Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен (зат есімдермен) қарым-ка- тынасқа түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады. Мысалы: Төрт аяғым тең жорғамын (Қазак. эпосы); Өтегелді сегіз қанат үйдің кермесініц түсында тур< екен (М. Әуезов); Екі айдың алпыс күнде жүзі болар (Айман-Шолпан) деген сөйлемдерден төрт, сегіз, екі, алпыс деген сан есімдер аяқ, қанат, ай, күн сияқты зат есімдермен қарым-катынасқа түсіп, соларды сан жағы- нан анықтау үшін колданылған. Осындағы сан есімдер- ДІҢ нақтылы мағыналары да белгілі-белгілі ұғымдарға тіркесу арқасында ғана’ айқындалып, соның арқасында ғана аяқтың төртеу екендігі, канаттың сегіз екендігі, күннің алпыс екендігі нақтыланып тұр. Ал егер осы төрт, сегіз, екі, алпыс сездерін өзге сөздермен қарым-қаты-

191




насқа түсірмей, контекстсн тыс, жеке-дара айтатын бол- сак, олар ондай нақтылыктан айрылып, тек жалпылама түрде ғана берілетін абстракт мағьінаға ауысып кетер еді де, төрт
дегеннен, әйтеуір, бір төрт жайындағы ұғым, сегіз дегениен, әйтеуір, бір сегіз туралы ұғым, екі де- ғеннен, әйтеуір, бір екі жөніндегі ұғым, алпыс дегеннен, әйтеуір, бір алпыс жайындағы ұғым ғана аңғарылады.

Қазіргі қазақ тілінде can есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолдаиылатын бір алуан сөздер бар. Олар кұ- рамына қарай жеке-дара сөздер түрінде де, сез тіркес- тері түрінде де бола береді. Мысалы: жарым, жарты

сөздері белшектік үғымдардын, жалқы, жалғыз, сыңар, дара сездері бірлік үғымдардын, центнер, килограмм, тонна, қадақ, батпан сөздері салмак өлшемдерінін, гек- тар, кубометр сездері көлемдік өлшемдердің, адым, қа- рыс, кез, метр, шақырым, ат ишптырым, қозы көш (жер) сөздері аралық елшемдердің және ет асым, қас қаңқан- иш, ңас пен көздің арасында, әу дегешие сияқты уақьіт, мерзім өлшемдерінің атаулары есебінде қолданылады. Бірақ мүндай сөздер мен сөз тіркестері каншалыкты мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер ка- тарына жатпайды. Бұларды сан есімдерге жуықтасты- ратын таяныш — тек олардың біршама мөлшерлік мағьь нада қолданылатын семантикалық белғілері ғана. Шын- дығында, жоғарыда аталған сөздердін бәрі де — сан есімнен табиғаты мүлде басқа-баска сөздер. Олай дей- тін себебіміз: жарым, жсірты, жалқы, сыңар, дара, қос, егіз сөздері — сын есімдер, центнер, қадақ, батпан, ки- лограмм, тонна, гектар, кубометр, адым, қарыс, кез, метр, шақырым сөздері — зат есімдер; сол сияқты, ат иіаптырым, қозы көіи (жер), ет асым, қас қаққаниса, қас пен көздің арасында, әу дегенше — қызметіне қарай әр түрлі сез таптарына телінетін тұрақты фразалық тір- кестер; сондықтан бұлардың күрделі сан есімдермен еш- кандай жақындығы жок.

§ 65. САН ЕСІМНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕШЕЛІГІ

Морфологиялық сипаттары жағынан да сан есімдер- дің өзіне тән, өзге сөз таптарына ұқсамайтын ерекше- ліктері бар. Сан есімнің негізгі функциясы анықтау қыз- меті болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сездерінен бұ- рын қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан есімдер өздерінің әрі та-

192

биғи, әрі негізгі функциясы болып есептелетін сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана айтылады да, ешбір взгеріске түс- пейді.

Сан есімдер тек субстантивтенген жағдайда ғана түрленіп, әр алуан өзгеріске түседі, демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және жіктеліп те қолданыла береді.

Сан есімдердің тек өздеріне ғана тән кейбір форма- лары да бар. Мысалы, ондай формаға -ыншы (-інші), -ау (-еу) және -ер аффикстері жатады. Бұл аффикстер өзге сөз таптарынан жаңа, туынды сан есімдер жасай алмайды, тек негізгі сан есімдерге жалғанып, олардан туынды формалар ғана жасай алады. Бірақ сан есім- дердің басқа да сез таптарына ауысып отыру қабілеті күшті.

Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды сан есімдер болып екіге бөлі- неді. Негізгі сан есімдер катарына тек қана есептік сан- дар жатады да, туынды сан есімдер осы негізгі есептік сан атауларына жоғарыда аталған -ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу аркылы жасалады. Мысалы: бір- бірінші, он-оныншы; екі-екеу, алты-алтау; бір-бірер, қы- рық-қырықтай, елу-елудей
т. б.

Сан есімдер іштей дара can және к ү р д е л і сан болып белінеді. Дара сандардың атаулары аса- кеп емес, олардың бар болғаны — жиырма шақты ғана сөз: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқ- сан, жүз, мың.

Күрделі caff есімдер осы аталатын дара сан атаула- рының әр алуан жолмен тіркестіріле қолданылуы және косарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек, күрде- лі сан есімдер іштей, біріншіден, негізгі саи атаулары- ның (он сегіз, мың тоғыз, жүз алпыс үш т. б.), екінші- ден, негізгі сан атауларының қосарланып айтылуы ар- Қылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, уиі-төрт, бес- алты т. б.) болып екі салаға бөлінеді.

Күрделі сан есімдердің дара сан атауларының тірке- сулері арқылы жасалатын жүйесінде негізгі тәсіл ретін- Де қалыптасатын мынадай екі түрлі жолы бар:

Біріншіден, дара сандардан жасалатын күрделі сан- Дардың қүрамы бір саннын үстіне басқа бір санды қосу Жолымен, яғни белгілі бір санға (қосылғышқа) келесі

7-622

193




бір кажетті санды (қосылғышты) қосып айту жолымен, жасалады. Ондай күрделі сан есімдер белгілі бір жүйе бойынша кұрастырылған жай (дара) қосылғыш сандар- дың косындысы есебінде қабылданады да, қосындысы есебінде танылады. Мысалы: он бір
(11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тиқсан тогыз (999) дегеи күрделі сан есімдердін кұрамындағы жекс сак есімдер белгілі бір санға — он, жүз, тоғыз жүз сандарына — басқа бір сан- дарды — бір, сегіз, тоқсан тоғыз сандарын — косып (үс- темелеп) айту жолымен жасалған. Яғни бұл күрделі сандар он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тоқсан тоғыз (999) деген ұғымды аңғартады. Күрделі сан есім жасаудың бұл жолын қосылмалы жол деп атауға бо- лады.

Екіншіден, дара саидардан жасалатын күрделі сан- дардың құрамы бір санды (көбейгішті) баска бір санға (көбейткішке) көбейту жолымен, яғни белгілі бір санды (кебейткішті) келесі бір кажетті санға (кебейткішке) көбейту, еселеу жолымен жасалады. Ондай күрделі сан- дар белгілі бір көбейгіш сан мен көбейткіш сандардың көбсйтіндісі есебінде кабылданады және солай таиылу- ға да тиіс. Мысалы: екі жүз, тоғыз мың дегенде, бұл

күрделі сан есімдердін күрамыидағы жеке сандар бірі- не-бірін қосу емес, көбейту жолымен, яғни жүз, мың сандарын екі, тоғыз сандарына көбейту (еселеу) жолы- мен жасалған. Демек, мұндай күрделі сандар екіХжүз (200), тоғызХмың (9000) деген үғымдарды білдіреді. Күрделі сандарды жасаудың бүл жолын көбейтілмелі жол деп атауға болады

Бірак косьілмалы және көбейтілмелі күрделі сан есім- дердің жасалу амалдарының да өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, күрделі қосылмалы сандар тек он бір- ден басталады да, токсан тоғызға (99) дейін жетіп, одан жүз (100) санын аттап өтіп, жүз бірден қайта басталадьі да, тоғыз жүз токсан тоғызға дейін камтып, одан мың санын аттап өтеді де, ары карай созыла береді, екінші- ден, күрделі косылмалы сандар үнемі жоғары дәрежелі сандардан басталып, темен дәрежелі сандармен аяқта- лып отырады. Мысалы: он бір, отыз алты, елу тоғыз, жүз қырық бес, мың тоғыз жүз жиырма үш деген күрделі сан есімдердін құрамындағы жеке сандар ең соңында бірлік сандар (бір, алты, тоғыз. бес, үш), одан бұрын ондық сандар (он, отыз, елу, қырық, жиырма), одан бұ- рын жүздік сандар (жүз, тоғыз, жүз), одан бұрын мың-

194

дық сандар (мың) болып, үнемі жоғары дәрежелі сан- дардан басталып, төмен дәрежелі сандармен аяқталып отырған.

Күрделі көбейтілмелі сан есімдер, керісінше, үнемі темен дәрежелі сандармен басталып, жоғары дәрежелі сандармен аяқталып отырады. Мысалы: алты жүз, сегіз жүз, үш мың, төрт мың деген күрделі сан есімдердің құ- рамындағы сандар ылғи төмен дәрежелі сандардан (ал- ты, сегіз, үш, төрт) басталып, жоғары дәрежелі сандар- мен (жүз, мың) аяқталып отырған.

Көбейтілмелі сандар негізінде екі жүзден басталады да, тоғыз жүзге барып, екі мыңнан қайта басталып то- ғыз мыңға дейін барады. Сонда көбейтілмелі күрделі сан есімдердің көбейгіш сандары екіден тоғызға дейінгі бірлік сандар болады да, көбейткіш сандар жүз бен мың сандары болады. Осыған сәйкес, көбейтілмелі күрделі сан есімдерді іштей жүздік көбейтілмелілер (200—900) және мыңдық көбейтілмелілер (2000—9000) деп екіге бөліп қарауға болады.

Бүлардың да тіркесінде әуелі көбейтілмелілік ұғымы болған. Ол ұғым бұл сандардын қазіргі кірісіп калып- тасқан формаларында да өз бойында сақталып қалғаны байқалады. Былайша айтқанда, бүл күрделі формалар ондық көбейтілмелі сандар ретінде қабылданады.

Күрделі сан есімдердің қүрамында кебейтілмелі сан- дар мен қосылмалы сандар араласа қолданылатын кез- дері болады. Мысалы: үш мың тоғыз жүз он бес (3915) деген күрделі саннын кұрамындағы үш мың (3x1000) мыңдық кебейтілмелі сан да, тоғыз жүз (9ХІ00)—жүз- дік көбейтілмелі сан, ал он бес (10+5)—қосылмалы сан. Олай болса, бір күрделі сан есімнің қүрамында әрі көбейтілмелі, әрі қосылмалы сандар бірге тіркесе, қол- даныла береді. Күрделі санның мүндай түрі, әрине, бірыңғай көбейтілмелі не қосылмалы күрделі сандардан өзгеше. Ал, ол ерекшелік бүлардың күрамдарының ара- лас болуымен байланысты. Күрделі сан есімдердін. мүн- дай түрін аралас күрделі сан есімдер тіркесі деп атайды.

Сонымен, жаратылысы мен жасалу жүйесі жағынан сан есімдер дара және күрделіболып бөлінеді: дара сан есімдер қатарына бір, екі, үш, он, жүз, мың сияқты сан есімніц бастапқы шыға бастаған кезінен, Жаратылысынан табиғи сан атаулары мен кейінгі заман- Дарда кірігіп қалыптасқан алпыс, жетпіс, сексен сиякты сан есімдер (бұлар, бір жағынан, ондық кебейтілмелі

7*

195




сандар) жатады: күрдслі сан есімдер тобына төрт-бес, он-он бес сияқты қосарлы сандар, әр алуан қосылмалы сандар, жүздік, мындык. көбейтілмелі сандар және кө- бейтілмелі — қосылмалы аралас сандар жатады.

Ескерту: Қазіргі қазақ тілінін. нормасында бірі- гіп айтылатын алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан
сан есімде- рі де бір кездерде алтыХон, жетіХон, сегізХон, то- гызХон сияқты тіркестерден қүралған сандар.

Жалпы алғанда, күрделі есептік сандардың қүра- мындағы жеке сандардың орналасу тәртібі үнемі жоға- ры дәрежелі сандардың бұрын, төмен дәрежелі сандар- дың кейін койылып айтылу принципі бойынша түзіледі. Мысалы: елу екі үй; екі жүз он бір адам дегендегі есеп- тік сандар жоғары дәрежелі сандардан басталып, төмен дәрежелі сандармен аяқталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет