Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 66. САН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ӨЗГЕШЕЛІГІ



бет20/33
Дата21.10.2019
өлшемі0,66 Mb.
#50312
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі


§ 66. САН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ӨЗГЕШЕЛІГІ

Сан есімдердін сөйлем ішінде аткаратын негізгі қыз- меті — анықтауыш болу. Өйткені сан есімдер сан мөл- шерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш бо- лады да, анықтайтын сөзінің алдында (бүрын) қолда- нылады; яғни сөйлемдегі сан есімдермен байланысатын сөздер — қабыса байланысса да, жанаса байланысса да орын жағынан ылғи сан есімдерден кейін қалып отыра- ды. Сан есімдердің өзге сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды. Өйт- кені жинақтау сандары тіліміздің қазіргі нормасында сөйлемде үнемі субстантивтік рольде қолданылатын бо- лып ауысқан да, аныктауыштық (атрибутивтік) қызмет- тен мүлде алшақтап кеткен.

Әдетте, сан есімдер тек зат есімдерді ғана анықтай- тын не заттың ғана сан мөлшерін білдіретін сөздер есе- бінде қаралады. Шынында, сан есімдер тек зат есімді емес, сонымен қатар, зат есімнен жасалған туынды сын есімдердің де, етістік сөздердің де сан мөлвзерін білдіре алады. Сан есімдердің осылайша зат есімдерден, өзге сөз таптарынан, демек, туынды сын есімнен, етістіктен бүрын түрып, олар аркылы аталатын үғымдардың сан мөлшерін білдіре қолданылуы олардың пысықтау функ- циясында да жүмсала алатындығын аңғартады.

196

Сан есімдер туынды сын есімдердіи сан мөлшерін білдіре қолданылғанда, сөйлемдегі белгілі бір анықтай- гын атркбутивтік сөздің анықтаушысы, яғнн анықтау- шының анықтауышы ретінде де қолданылады. Мысалы: Щолпан ол кезде төрт балалы әйел еді
дегендегі төрт сөйлемдегі ой төрт әйел туралы емес, төрт балалы әйел (Шолпан) туралы айтылып отыр.

Сан есімдер контекске байланысты субстантивтеніп қолданылғанда, сөйлемнің барлық мүшесінің де қызме- тін атқара алады.

Сан есімдер сөйлемдегі сөздердін барлығымен бірдей қарым-қатынасқа түсе бермейді. Демек, тікелей кез кел- ген сөздермен жапа-тармағай тіркесе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері — зат есімдер, зат есім- нен жасалған туынды сын есімдер және етістіктер ғана. Өзге сөз таптарынан басқа да сөздерді талғамайтын ға- на, ақ демеуліктерін атауға болады. Ал сан есімдердің өзара бір-бірімен тіркесуі күрделі сан есімдерде кезде- седі.

§ 67^ САН ЕСІМНІҢ СЕМАНТИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ

/

Сан есімдер сан мөлшерін абстракт түрде атайтын сездер болғанымен, олар семантикалык, морфологиялық және синтаксистік жағынан іштей алды-алдына жеке категориялар ретінде танырлыктай бірнеше топқа бөлі- неді. Сан есімдердің осылайша іштей жіктелетін топта- рының кейбіреуі заттың, зат есішғен туғаң сыннын не- месе амалдың дәл саныи я есебін білдіретін болса, кей- біреуі ретін білдіреді; ал үшінші бір тобы сандык. ұғымның бөлшегін, төртінші бір тобы заттарды топтап көрсету деген сиякты әр қилы жақтарын қамтиды. Осындай түрғыдан карағанда, сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан, жинақтық сан, топтық сан, белшектік сан болып алты топқа бөлінеді.

Есептік сан есімдер



Есептік сан есімдер жалпы заттын, зат есімнен туған сындык белгінің немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-үрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін колданылады.^Олар семантикялык мяғынасы мен морфологиялык ерекшелігі

197




жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан жақын сөздер сияқтанып келеді.

Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топ- тарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жата- ды. Ол сандар, дәрежесіне қарай, бірлік сандар, ондық сандар, жүздік сандар және мыңдық сандар болып бір- неше жікке бөлінеді. -

Бірлік сандар тобына бірден тоғызға дейінгі тоғыз сөз жатады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз.


Ондық сандар тобына оннан жүзге дейінгі ондық атаулары есебінде жұмсалатын тоғыз сөз жатады: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпьіс, жетпіс, сексен, тоқ- сан.

Жүздік сандар тобына жүзден тоғыз жүзге дейінгі жүздік атаулары есебінде колданылатын күрделі тоғыз сөз жатады: бір жүз, екі жүз, үиі жүз, төрт жүз, бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз. ■

Мыцдық сандар тобына мыңнан жүз мыңға дейінгі мыңдық атаулары есебінде жұмсалатын күрделі он бір сөз жатады: бір мың, екі мың, үш мың, төрт мың, бес мың, алты мың, жеті мың, сегіз мың, тоғыз мың және он мыц, жүз мың.

Бұлардан өзге әр алуан есептік сандардың бәрі де осы аталған бірлік, ондық, жүздік, мыңдык сандардың ор қилы жолмен тіркесе қолдану жүйесі бойынша жаса- лып отырады. Мысалы, бес мың сегіз жүз алпыс үш (5863) деген күрделі санды алсақ, оның құрамындағы үш — бірлік сан, алпыс — ондық сан, сегіз жүз — жүз- дік сан, бес мың — мыңдық сан.

чЕсептік сан есімдер күрам жағынан дара және күр- делі болып екі жікке бөлінеді. Дара есептік сандардын катарына бірлік атаулары мен ондық атаулары және жүз, мың сөздері жатады да, күрделі есептік сандардың тобына жүздік атаулары мен мыңдық атаулары және әр алуан күрделі түрлерінің бәрі де жатады. Мысалы: бір, төрт сөздері — дара есептік сандар да, екі жүз елу, жиырма бес, елу алты сөздері — әр түрлі дәрежелі жеке сандардың тіркесуі арқылы жасалынған күрделі есептік сандар.>

Есептік сандао тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда, ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Олар сөз түрлендіретін аффикстерді субстан- иівтенген жағдайда ғана кабылдайды. Мысалы: Ма.г

198

басы биыл тәуір сияқты: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз ңой-ешкі, төрт жүз жиырма жеті жылқы бар (С. Мү- канов); Бүл январьдың он бірінен он екісіне щраған түн еді (А. Фадеев) дегендегі жеті жүз, мың төрт жуз, төрт жүз жиырма жеті деген есептік сандар ездерінің негізгі қызметтерінде (мағыналарында) қолданылып, тікелей сиыр, қой-ешкі, жылқы сөздерін сан жағынан аныктайтындықтан, ешқандай өзгеріске түспей қолда- нылып тұр. Ал он бірінен он екісіне деген есептік сандар күн сөзінің мағыиасын қамти қолданылғандықтан, шы- ғыс және барыс септік жалғауларын қабылдап тұр.

Есептік сан есімдер белгілі бір заттық ұғымды бойы- на сіңіре отырып, әрі сан, әрі зат ұғымын бірдей қабат- тастыра білдіргенде ғана және белгілі бір санның сан- дық атауы (санның аты) есебінде жұмсалғанда ғана субстантивтенеді. Мысалы: екіні үшке қоссабес бо- лады; төртті алтыға көбейтсе.— жиырма төрт болады дегендегі екіні, үшке, бес, төртті, алтыға, жиырма төрт деген есептік сан есімдер ешқандай заттың сан мөлше- рін білдіріп тұрған жок, тек белгілі бір сандардың ата- уы, солардың аты дәрежесінде жұмсалады.

Есептік сан есімдер субстантивтене қолданылған жағдайда сөз түрлендіретін аффикстердің бәрін де қа- былдай береді. Мысалы; көптік жалғауы есептік санға адамның жас мөлшерін білдірумен байланысты үнемі қолданылады, бірақ сан есім шамасы деген тәрізді сөз- бен тіркес ешқандай өзгеріске түспейді. Ал, бүдан өзге жағдайда көптік жалғаудың үстіне септік жалғау фор- малары жалғанып отырады. Мысалы: Сол кезде үш

жүздер шамасына жеткен, ыстық ішкен, көрінгенмен үрысқан бір мыстан кгмпір келіпті (Қазақ ертегілері); Жетім Бейсен жиырма бестерге келгенше, бір байдың есігінен іиықпапты (Ғ. Мүстафии). Рас, кейде есептік сан есімдегі Бір үй лезде он болып, оннан жүздер қүра- ■"ар деген сияқты түрде көптік жалғауы жалғанып ай- тылатын реттері бар. Бірақ бүл дағды казіргі казак ті- лінде өте сирек кездеседі.

іЕсептік сан есімдерге тәуелдік жалғаулары да жал- ганады, бірак ондайда тәуелдік жалғауы күрделі есеп- тік санның ең соңғы сөзіне ғана жалғанадьуМысалы: зоотехникетрдің жүз тоқсан үші жоғары білімді, жетпіс Ырі орта білімді; мал дәрігерлерініц екі жүз тоғызы жоғары білімді, елу екісі орта білімді; агрономдардың

199




жүз оны жоғары білімді, тоғызы ортаға жақын білім- ді... (С. Мұқанов).

Есептік сан есімдерге, субстантивтенетін болса, сеп- тік жалғаулары да жалғанады. Бірақ ондайда да септік жалғаулары күрделі сан есімнін. ең соңғы сөзіне косы- лады. Мысалы: Он бірде биыл баламыз.)Жиырмаға жет- кен соң, той-томалақ қыламыз
(Қазак эпосы); Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, Бул журтты қойған жоқ па қудай атып (Абай)

Сан есімдердің өзге топтарына қарағанда, есептік сан есімдерде жаңа сөздер жасалу рәсімі әлдеқайда күшті- рек. Тіпті бүкіл сан есімдердің ішінен жаңа сөздер туды- руға негіз болатын топ деп те осы есептік сан есімдерді айтуға болады.

( Есептік сан есімдерден туатын жаңа сөздер екі түр- лі бағытта, екі түрлі жолмен жасалады.

Біріншіден, есептік сандардан жасалатын жаңа сөз- дердің бір алуандары өзге сез таптарына ауыспай, сан есім категориясының өз кұрамында қалып отырады. Мүндай жаңа сөздердің жасалу жүйесінің екі түрлі жо- лы бар: морфологиялық жол және синтаксистік жол.

Екіншіден, есептік сан ееімдерден жасалатын жаңа сөздердііг бір алуандары өзге сөз таптарына ауысыя отырады. Мұндай жаңа сөздердің жасалу жүйесінің үш түрлі жолы бар- лексикалық (семантикалық) жол, мор- фологиялық жол және синтаксистік жол.

Сан есімнің өз құрамында қалып отыратын жаңа формаларын морфологиялық жолмен жасауға мынадай қосымшалар қатысады:

  1. -ыншы (-інші) қосымшасы кез келген есептік сан- ға жалғанып, реттік сан есім жасайды: екінші, оныніиы, отыз жетінші, жузінші, жуз жиырма алтышиы т. б.

  2. -ау (-еу) қосымшасы бірден жетіге дейінгі есептік сандарға жалғанып, жннақтау сан есім жасайды: біреу, екеу, ушеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.

  3. -дай, -дей, -тай, -тей косымшалары арқылы есептік сандардан болжалдық сандар жасалады: отыздай, елу- дей, қырықтай т. б.

  4. -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен косымшалары (жа- тыс септіктің мәні өзгерген формасы) арқылы есептік сандардан топтық (топтау) сандар жасалады: алтыдан, жетіден, он төрттен, оннан, сексеннен, алпыстан т. б.

Есептік сан есімдерден сан есімнің өз қурамында қа-

200

лып отыратын жаңа формалар синтаксистік тәсілдің мынадай жолдары арқылы жасалады:

  1. Дара есептік сандардың өзара тіркесуі арқылы күрделі сан есімдер жасалады: Он бір, отыз төрт, жуз қырық жеті, бір мың тоғыз жуз сиіпыс үш т. б.

  2. Дара я күрделі есептік сан есімдердің косарланып айтылуы арқылы болжалды сан есімдер жасалады: бес- алты, он-он бес, қырық-елу, жиырма-отыз, үш-төрт, он бес-он бес, екі жуз-екі жуз т. б.

3 Есептік сан есімдерге басқа сөз таптарына тән кейбір сөздердің тіркесіп айтылуы аркылы не болжал- дык, не бөлшектік сан есімдер жасалады: жуз қаралы, он шақты, отыз шамалы, жердің төрттен бірі, жумыстың уштен екісі
т. б.

Есептік сан есімдерден басқа сөз таптарына ауысып отыратын жаңа формалардың морфологиялық тәсіл бо- йынша жасалуына мынадай қосымшалар катынасады:

  1. -дық, -дік, -тық, -тік косымшалары аркылы есептік сан есімдерден әрі зат есім, әрі сан есім ретінде қолда- нылатын жаңа сөз жасалады: екілік, төрттік, бестік, он- дық, сегіздік, тоқсандық, жүздік, мыңдық т. б.

  2. -ті (тек бес сөзіне қосылады), -кіл (тек үш, төрт сөздеріне косылады) қосымшалары арқылы есептік сан ?сімдерден сын есім сөздер жасалады: бесті (ат), ушкіл, төрткіл.

3 -ла (-ле) косымшасы тек жинақтық (жинақтау) сан есімдеріне жалғапады да, туынды етістік формала- рын жасайды: екеуле, ушеуле, төртеуле, бесеуле, алтау- ла, жетеуле, екеулеген, екеулеп, екеулейтін т. б.

Қазіргі тілімізде бесбармаң (ет), елу басы, алты ба- қан сияқты зат есім сөздер; екі уіиты, екі удай, екі жуз- ді сияқты сын есім сөздер; үшеу ара, екі талай сиякты үстеу сөздер бар. Бұл күрделі сездер де — әуелде есеп- тік сан есімдер мен езге сез таптарының үнемі тіркесіп колданылуы негізінде лексикаланып (семантикалық жолмен) қалыптаскан.

Бір сезінің ерекшеліктері жайында

Есептік can есімдердің ішінде бір сезінін алатын ор- ны ерекше.

Бір сезі есептік сан есімдерден жана сөздер жасай- тын амал-тәсілдердің бәріне түгелдей катысады. Осымен тынбай, бү^л сезден баска қосымшалар аркылы да әр түрлі жаңа формалар (сөздер) жасалады. Сонымен қа-

201


тар, бір сөзінен лексика-семантикалық тәсіл арқьілы басқа сөз табына ауысқан формалар да бар. Бір сөзінің осылайша әр тарапты больіп келуі оның лексика-семан- тикальіқ және грамматикальіқ ерзкшелігі мол екеніне, қолданьілу өрісінің орасан көп және жан-жакты екенді- гіне әрі көрнекті дәлел де, әрі соларға байланысты.

Бір сөзінен басқа сөз таптарьіна ауьісқан жаңа сөз- дер жасалуға лексика-семантикальіқ жол да, морфоло- гиялық жол да және синтаксистік жол да жетекші бол- ған. Мысалы: Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді (мақал); Әбіл түн жамылып ауылға атпен бір келіп, бір кетіп жүрді (С. Сейфуллин); Бірлік бар жердетірлік бар (мақал);

Барлық адам теңеліп бірдей болмай, дүниені басца- мен теңеп болмас (С. Торайғыров); Бір жерде бірге жүрсең басың қосып, біріңнің бірі сөйле сөзің тосып (Абай); Қой, ешкінің мінезі тез үркеді, үріксе, бірыңғай жапырыла қашады (С. Мұқанов); Кднаушының бір- жола көзін жайып, жалшы, кедей жайраңдар емін-ер- кін (С. Торайғыров); Домбыраға қол соқпа шымыр- латып бір-бірлеп (Абай) т. т. сондай-ақ, бір-бір, бірсін- бірсін, бір-ақ, бір бет; бірегей; біркелкі, бірдеңе; бірне- ше; бірсәрі; бір ауық; бірсыпыра; бір талай; әрбір; еш- бір; қайбір; қайсыбір; кейбір; т. б. *

Реттік сан есімдер

Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолда- ныладьі. Мьісалы: Тамара атты жетінші класта оңып

жүрген жалғыз қызым бар (С. Мұканов); Екінші, үшін- ші этаждарда тағы да сондай өзгеиіе эсем ойылған те- сіктер бар (М. Әуезов).

Реттік сан есімдер де морфологиялық құрамы жағы- нан дара және күрделі болып келеді_де, күрделі сан есім- дерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанадьі. Мьісальі: Солардың ішінде ең жақ- сылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен (М. Әуе- зов).

Реттік сан есімдер де дәл өз мағынасында қолданыл- ғанда, ешқандай өзгеріске енбейді, субстантивтенген жағдайда ғана оларға көптік, тәуелдік, септік жалғау- лары қосыладьі. Мысалы: Біреулері қара қоңыр беш-

202

пенттерін, екіниіілері жамаулы, сүр шекпендерін киген (С. Сейфуллин).

Жинақтық сан есімдер

Жинақтық сан есімдер бірден жетіге дейінгі есептік саи есімдерге -ау (-еу) аффиксінің қосылуы арқылы жа- салады. Бұндай сөздердің негізгі мағьінасы абстракт сан мөлшерін білдіретіндіктен, олар үнемі субстантивтеніп жеке колданылады. Мысалы: Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, ешкі біреу, қасқыр бесеу (I. Жан- сүгіров); Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздьщ кө- рер жерім жоң (Абай).

Жшіактык сан есімдср ешкашан да күрделі түрде қолданьілмайды.

Жинақтық сан есімдер субстантивтеніп қолданьіла- тындьіқтан, оларға сөз түрлендіретін грамматикалық формалардың бәрі де қосьіла береді. Бірақ, солай бола тұрса да, жинақтык сан есімдерге сол грамматикалық формалар бір ізбен жалғанбайдьі. Мысалы, көптік жал- ғау тек қана біреу сөзіне жалғанады да, өзге жинақтық сан есімдерге жалғанбайды. Онда да бүл қосымша ол сөз (біреу) белгісіз есімдік ретінде қолданылса ғана жалғанады (біреулер дегеніміз — кім екендері белгісіз, әлдебір адамдар).

Тәуелдік жалғауларьі жинактық сан есімдерге жапа- тармағай қосыла бермейді, тск семантикалық ерекше- ліктеріне қарай ғана жалғакадьі (біздердін біреуіміз; екеуіміз; сендердің үиіеуің, төртеуің, олардың бесеуі, алтауы т. б.).

Жинақтық сандарға, баяндауыш болса, жіктіктің I — II жағынын. қосымшаларьі ғана жалғанады; үшінші жа- ғы грамматикальіқ көрсеткішсіз-ақ жүмсалады (біз екеуміз (үшеуміэ), сендер төртеусіңдер (бесеусіңдер), олар алтау (жетеу т. б.).

Септік жалғаулары жинақтьіқ сан есімдердің жай тү- ріне де, тәуелді түріне де жалғана береді. Ондайда бі- реу сөзі кейде белгісіз есімдік есебінде де колданыладьі. Мысалы: Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол үше- уінің жөнін білмек (Абай).

Жинақтық сан есімдерден декснкалық (семантика- лық), морфологиялык және синтаксистік тәсілдер аркы- лы біраз жаңа сөздер жасалған. Ондай сөздер сан есім ғатегорнясыныц өз құрамында қальіп қоймай, көбінесе езге сөз таптарына ауьісып отырады.

203




Синтаксистік тәсіл бойынша жинақтық сан есімдер- ден тек қосарлау арқылы ғана жаңа сөздер жасауға бо- лады. Мысалы: Ақтылы-көктілі көбелектер екеу-екеу жарысып ойнайды
(Ғ. Мүсірепов).

Топтық сан есімдер

Топтық сан есімдер есептік, жинактық, болжалдык сан есімдерге, казіргі кезде шығыс септікке тән грамма- тикалық мағьшадан біржола кол үзген -дан (-ден, -тан, -тен) аффиксін қосу аркылы жасалады да, біркелкі зат- тар мен құбылыстардын сан мөлшерін топтап көрсете- ді. Мысалы: Бір түн отырып ел адамдарын төрттен,

бестен жиып алып, барлығына бір түрлі іс тапсырған (М. Әуезов); Жүз-жүзден июғырланып аттанган жігіт- тер Амантай қосын айнала қоршаған кезде, туды Темір- бекке үстатып, Амантай да атқа мшді (С. Мұқанов).

Морфологиялық қүрамы жағынан топтау сан есімде- рі дара да, күрделі де болады. Дара түрі екіден, оннан, отыздан, жүзден, мыңнан сиякты жеке сөздермен айтыл- са, күрделі түрі он бестен, жиырма үіитен, қырық екіден деген сияқты сан есімдердің тіркесіп келуі арқылы не- месе үш-үіитен, бес-алтыдан., жиырма-отыздан сияқты қосарланып келуі арқылы айтылады.

Топтық сан есімдерге сөз түрлендіретін формалар да, сөз тудыратын формалар да қосылмайды.

Болжалдық сан есімдер

Болжалдық сан есімдер — белгілі бр заттар мен құ- былыстьің сан мөлшерін дәл атамай, тұспалдап кана ша- мамен атайтын сөздер. Мысалы: Алты совхозға келетін. тракторлардың ғана саны үш жүздей (С. Мұканов); Базаралының щсында бес-алты кісі қалған (М. Әуе- зов).

Болжалдык. сан есімдер морфологнялык. тәсіл арқы- лы да, синтаксистік тәсіл арқыльі да жасалады. Олар, біріншіден, есептік сан есімдерге әр түрлі қосымшалар жалғану аркылы жасалса, екіншіден, не еселтік сан ссімдердің өзара косарлануы арқьілы, не есептік сан есімдер мен жинақтық сан есімдердің қосарлануы ар- кылы жасалады.

Болжалдық сан есімдердін морфологиялық жолмен жасалуына мынадай жұрнақтар қатысады.

  1. -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары біріншіден, есеп-

204

тік сан есімдерге тікелей жалғанады. Мысалы: Мектепте төрт жүз елудей бала оқуы керек (С. Мұканов)

-дай (-дей„.) қосымшасыныц есептік сандарға қосы- льіп болжалдык сан есімдер жасаудағьі ролі барльіқ жағдайда үнемі бірдей емес. Мысалы, бұл косымша бір- лік саны косарланған формаларға, сондай-ақ, ондық, жүздік, мындык көбейтілмелі сандарға көбірек қосы- лады.

-дай (-дей) жұрнағы есептік сан есімдер тікелей тір- кесіп анықтайтын мезгілдік, көлемдік мағьіналы есім- дерге жалғанады да, болжалдық үғым тудырады. Мы- салы: Сол жолды біз жеті сағаттай жүріппіз (С. Мүқа- нов).

  1. -ер жұрнағы ете кене форма, қазіргі қазак тілінде тек бірер деген бір сөзде ғана сақталып калған. Мыса- льг Бірер адам машина қасында қалып, бірер адам ең жақын деген елге жаяу кетті (С. Мұқанов).

Болжалдық сан есімдердің синтаксистік тәсіл бойын- ша жасалуының да екі түрлі жолы бар. Біріншіден, бол- жалдық сан есімдер есептік сан есімдердің я өзді-өзі қо- сарлануы арқылы, я жинақтық сан есімдермен қосарла- нуы арқылы жасалады (ондай болжалдықсан есімдердің құрамындағы компоненттердін екеуі де дара сөздер бо- лып келуі мүмкін). Мысалы: Үш-төрт жылғы әдетің,

езіңе болар жендетің (Абай).

Күрделі болжалдык сан есімдердін күрамдарындағы компоненттердің екеуі де дара сандардан болатыны сияқ- тьі, не екеуі де бірдей, не біреуі (я алдынғысы, я сонғы- сы) күрделі сан есімдер болып келуі де мүмкін. Мыса- лы: Біздің совхозға келгендердің жиырма бес-отыз про- центі жасамыс адамдар (С. Мұқанов); Жолдыбатыр ер жетіп он бес-он алтыға келеді (Қазақ ертегілері).

Болжалдық сан есімдердін синтаксистік тәсіл арқылы жасалуына іиақты, шамасында, тарта, қаралы, жуық, ас- там, іиамалы сияқты сөздер де қатысады. Ондайда сан есім сөздер каншалық дәл өзінің мағынасында қолданыл- ғанымен, жетегіне іліккен сөздер ол сан есімдерге бол- жалдық мән үстемелеп отырады. Мысалы: жиырма иіақты сиыр; жүз қаралы жылқы.

Болжалдык сан есімдер де өзгеріске көп үшырамай- ды. Олар да тек субстантивтеніп қолданылған жағдайда ғана көптік, септік, тәуелдік жалғауларын кабылдайды. Онда да болжалдық сан есімдерге жалғанған көптік жал- ғаулары көптік мағынада емес, жалғанған сездеріне тұс-

205




палдау және болжалдау мағына жамап, біршама жұр- нақтық қасиетке ие болып кетеді. Мүндай жағдайда көптік жалғауы үнемі өзінен соқ септік жалғауларьіның жалғануын немесе іиамасы
сезінің тіркесе қолданылуын қажет етеді. Мысалы: Ондарға келгенше, Асаубайдың өмірден алғаны да осы ғана еді (М. Тиесов). Сәтемір жетілерде атасынан жетім ңалыпты (Ы. Алтынсарин).

Бөлшектік сан есімдер

Бөлшектік сан есімдер — негізінде таза математика- лык үғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен күбылыстардың сандьіқ бөлшегін білдіреді. Мысалы: Бүкіл Совет жерінде бес миллион гектарға ңа- мыс өседі екен, соның
үштен екісі Қазақстанда (С. Мү- қанов) дегенде үштен екісі сөзі жалпы бес миллион қа- мысты үш бөлгендегі екі бөлігін көрсетіп түр.

Бөлшектік сан есімдер қүрамьі жағьінан күрделі бо- лып келеді де, есептік сан есімдердің синтаксистік тәсіл- мен тіркесе айтылуы арқыльі жасалады. Ондай тіркесте- ғі сөздерге тіліміздің қазіргі нормасында қолданылатын белгілі грамматикалық түлғалардьщ бірі міндетті түрде косылып айтылуы дағдылы заңға айналған. Ал ондай грамматикалық қосымшалар мьінадай үш түрлі:

Біріншіден, бөлшектік сан есімдердін қүрамындағы сөздердін бірінші сыңары (компоненті) ілік септік фор- масында түрады да, екінші сьіңары (компоненті) тәуел- дік жалғаулы болып келеді. Яғни олар іліктесе, матаса байланысқан сөздердің тіркесі болады: үіитің бірі, төрт- тің екісі, онның үіиі, жиырманың алтысы, жүздің тоғызы т. б.

Екіншіден, бөлшектік сан есімдердін қүрамындағы сездердің бірінші сыңары шығыс септік формасында, ал екінші сыңары тәуелдік жалғаулы больіп келеді: екіден бірі, жиырмадан жетісі, жүзден бірі, мыңнан бірі т. б.

Үшініиіден, бөлшектік сан есімдердін. күрамындағы сөздердің бірінші сьіңары шығыс септік формасында, екінші сьін.ары атау түрінде қолданылады. Бірак. ондай- да «бөлігі» сөзін қосып айту кажет болады: еківен бір бөлігі, оннан бес бөлігі т. б.

Соңғы екі жағдайда бөлшектік сан есімдердін бірін- ші сьщарына тән ілік селтік жалғауы бөлшектік сан

206

есімдерден бүрынғы зат есімге жалғанады да, тәуелдік бөлшектің алымьін білдіретін сөзге жалғанады. Мысалы: Судың
үштен бірі қалғандсі, Қөлжүтардың үрты ғана суға толады (Қазақ ертегілері).

Белгілі бір заттын тиісті бөлшегін атау үшін, есептік сан есімдерге жарым сөзі тіркестіріліп те айтылады: Мысальі; Үш жарым мың жылқымыз, төрт жарым мың сиыр, жүз түйе бар (С. Мүқанов).

Бүдан басқа қазіргі қазақ тілінде жарты, ширек деген бөлшектік үғымдарды білдіретін сөздер де бар. Жарты сөзі екінің бірі (екіден бірі, ’/2, екі бөліктің бір бөлігі деген үғымда, ширек сөзі төрттің бірі (төрттен бір, 1/4) деген үғымда колданылады.

VII т a р а у

ЕСІМДІК


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет