Ахмет Байтұрсынұлының «Екі жирен» әні орындалады.
Орындайтын Тошболатов Бахрам
Абдулазиз: 1909 жыл 1 шілдеде полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан- нақақ 8 ай бойы азап- қорлық көреді.
Ахмет Байтұрсынұлы Семей түрмесінде жатқанда анасына арнап «Анама хат» атты өлең жазады.
Сахналық қойылым: А.Байтұрсынұлының «Анама хат» атты өлең жолдары негізінде қойылады.
Ахмет Байтұрсынұлының ақындық таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екендігін танытады. Оның жинақтары “Қырық мысал” , “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. «Қырық мысал» орыстың атақты мысалшысы И.Крыловтан аударылған және соның ізімен жазылған өлеңдер. Мысал жанры-қазақ халқына да жақын, таныс дүние, ғибрат айтып, жақсылыққа шақырудың ең бір ұтымды амалы.
Ахмет атамыздың мысал өлеңдерін тыңдайық
Би: Ахмет Байтұрсынұлының «Аққұм» әні
Севинч: Ақыры, Қазақстанда тұру құқынан айрылғандықтан, 1910 жыл 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына кетті. А. Байтұрсынұлы өміріндегі бір белесті кезең – 1913- 18 жылдары Орынбор шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет- “Қазақты” редакциялап, жарыққа шығарып тұруы. 1917 жылы А. Байтұрсынұлы газеттен кетіп, 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясының жұмысына араласады, біршама адасушылық күй кешеді. 1929 жылдың 2 маусымында алғаш қамауға алынған 30- ға тарта оқығандардың алды болып нысанаға, “рухани көсем” – Ахмет Байтұрсынұлы ілінеді.
Абдулазиз: 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.
Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-
деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді.
Севинч: Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек, “Байтұрсыновшыл” болу- бүгінгі қазақ зиялысы алдында тұрған басты міндет екенін естен шығармағанымыз жөн.
Абдулазиз: Оқушылыр сендердің алған білімдеріңді, мәліметтеріңді бекіту мақсатында тапсырмалар әзірленді.
Ахмет атаның өзіңе ұнайтын мысал өлеңін айтып бер.
“Сандықша”
Достарыңызбен бөлісу: |