Емі. Ретробульбарлық невриттегідей.
Көздің көру жүйкесінің семуі – (Atrophia nervi optici) атрофиясы. Ол бір немесе екі жақты болады. Себептері көп. Негізгі бір себебі жоғарыда қарастырған көздің көру жүйкесінің қабынулары. Сондай – ақ көздің көру жүйкесінің қанмен толық қамтамасыз етілмеуі, В-1, В-12, РР витаминдерінің жетіспеуі, улану, менингит, миға қан құйылу, зілді ісіктер де осыған себеп болады.
27 – ші сурет. Көз түбінің патологиялық өзгерістерінің офтальмологиялық көрінісі (К.А. Фомин бойынша):
1 – жылқы көзінің көру жүйкесі бүртігіндегі қарапайым іркіліс; 2 - жылқы көзінің көру жүйкесі бүртігінің семуі (атрофиясы); 3 - жылқы көзінің шашыраңқы хориоидиті; 4 - жылқы көзінің көру жүйкесі бүртігінің семуі (атрофиясы) мен нейро - ретиниті; 5 – иттің көзінің торлы қабығының жартылай ажырауы.
Белгілері. Алғашқы сатысында анықтау қиын. Ауру асқына келе көздің көруі біртіндеп нашарлайды. Соңынан толық көрмей қалады. Қарашық кеңейген. Көзді офтальмоскоппен зерттегенде торлы қабық пен көздің көру жүйкесінің бүртігінің қан тамырлары азайған, олардың көлемі кішірейіп жіңішкерген, жартылай немесе толық бозарған. Көздің көру жүйкесінің бүртігі қабынған болса оның шекарасы айқын емес, ал басқа жағдайларда оның шекарасы айқын көрінеді. Көздің көру жүйкесінің бүртігінің толық жойылуы да мүмкін.
Емі. Аурудың алғашқы сатысында себебін жоюға бағытталған емдер жасалады. Сонымен бірге невриттегі емдер қолданылады. В-1, В-12, РР витаминдері егіледі. Ауру асқынып, көздің көру жүйкесінің бүртігі толық семсе ем тиімсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |