Қасаң қабықтың ксерозы – қасаң қабықтың шектен тыс құрғауы, кебуі. Ол кератомаляцияға – қасаң қабықтың қопсып, ыдырауына, бүлінуіне әкеледі. Оның негізгі себептері В, А витаминдерінің жетімсіздігінен болатын – гипо және авитаминоздар. Сондай – ақ конъюнктиваның кілегей бездерінің, жас безі қызметінің бұзылуы, қабақтың дұрыс жабылмауы, қора ауасының шамадан тыс құрғақ болуы да ксероз туғызады.
Белгілері. Қасаң қабықтың қабынуында байқалатын жарықтан жасқану, көзден жас ағу, көздің аурушаңдығы. Қасаң қабық кеуіп, кедір – бұдырланып, қопсып, ортасында сұр дақтар пайда болады. Мөлдірлігі жоғалып, бұлдырланады. Асқынса терең қабаттары бүлініп, құрғақ жарақатқа айналады. Қасаң қабық тұтас қопсып, ыдырап, көз көрмей қалады.
Емі. Аурудың себептерін жоюға бағытталған этиологиялық емдер жасалады. Инфекция түсіп, қабынуға қарсы антибактериялдық көз майлары қолданылады. В және А витаминдерін егіп, витаминдермен толықтырылған рационмен азықтандырып, қораның ауасының ылғалдылығын зоогигиеналық талапқа сәйкестендіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |