ТАМЫРЛЫҚАБЫҚ АУРУЛАРЫ Тамырлы қабық – көз алмасының фиброзды қабығының астында орналасқан ортаңғы қабық. Ол үшке бөліп қарастырады:, біріншісі түсті қабық, екіншісі кірпікті (цилиар) дене, үшіншісі негізгі тамырлы қабық. Бұл қабықтар анатомиялық жағынан астасып, бірігіп жатыр. Қан айналымы, жүйке жүйесі бірге. Осыған орай олардың бірінде пайда болған патологиялық үрдістің екіншісіне ауысуы жиі кездеседі.
Тамырлы қабық жарақаты.Тамырлы қабық әртүрлі механикалық әсерлерден, оның ішінде жиі соғылудан, ұрылудан жарақаттанады. Бұл жағдайда тек тамырлы қабық қана емес, көздің барлық құрылымдары зақымдалуы мүмкін (қабақ, ақ қабық, қасаң қабық, торлы қабық және тағы басқа көз құрылымдары).
Белгілері. Көз ауруларына тән клиникалық белгілермен қоса көз камераларына қан құйылады. Кейде құйылған қанның көптігі сонша, көз алмасының іші қып – қызыл болып қанға толады. Асқынбаса қан біршама жылдам тартылады. Ал асқынғанда тамырлы қабықпен бірге өзге дн көз құрылымдары қабынуға ұшырайды. Торлы қабықтың тамырлы қабықтан ажырауы, бұршақ дененің орнынан таюы мүмкін.
Емі. Малдың соғылған көзіне қысып танғыш салып, қаракөлеңке қорада күтіп ұстау керек. Антибиотик қосып ретробульбарлық новокаин блокадасын жасау жақсы нәтиже береді.