Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет82/147
Дата06.02.2022
өлшемі7,92 Mb.
#79188
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   147
Байланысты:
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3
Түсті қабықтың қабынуы (ritis) ирит. Ирит жеке сирек кездеседі. Онымен тамырлы қабықтың өзге де құрылымдарының қабынулары қабаттаса жүреді. Мысалы: түсті қабық пен кірпікті дененің бірге қабынуы – иридоциклит, кірпікті дене мен негізгі тамырлы қабықтың қоса қабынуы – циклохориойдит немесе үшеуінің бірдей қабынуы – иридоциклохориойдит (немесе увейт деп аталады) жиі кездеседі. Көздің негізгі тамырлы қабығы мен кірпікті дене терең орналасқандықтан оларды тікелей зерттеу қиын. Дегенмен бұл құрылымдар нақты қызметтер атқарады және олардың қабынуына тән клиникалық белгілерде бар. Олар ауру туралы жанама қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ирит қабыну эксудатының сипаты бойынша: серозды, серозды – фибринозды, геморрагиялық, іріңді - деп жіктеледі. Ал ағымы бойынша: жіті және созылмалы болады.
Белгілері. Жіті иритте жарықтан жасқану, көз аумағының аурушаңдығы, көзден жас ағу сияқты жалпы көз ауруларының белгілер байқалады. Иритке тән клиникалық белгілер: қарашық кішірейген және ол тұрақты. Түсті қабықтың қан тамырлары қанталаған, қызарған. (сау көзде ол қара қоңыр). Оның қанталағаны жарықта көзді жанынан қараса жақсы көрінеді. Серозды – фибринозды және фибринозды иритте көз камерасында фибриннің ақ ұлпалары байқалады. Уақыт өте келе ол оның түбіне шөгеді. Осы фибринозды шөгінді - «шварт» деп аталады. Ал серозды – фибринозды сұйық қасаң қабық пен бұршақ дене қабығына сіңсе - «преципитат» делінеді. Уақыт өте келе фибринді шөгінді түсті қабықтың қарашық жақ жиегін бұршақ дененің алдыңғы бетіне жабыстырып тастайды. Ол «синехии» (байлам) деп аталады. Кешірек ол жерге дәнекер ұлпа өсіп, «синехии» одан әрі бекіп, көздің көруіне кедергі келтіреді немесе көз толық көрмейді. Геморрагиялық иритте көздің алдынғы камерасына қан құйылып, эритроциттер оның түбіне шөгеді. Іріңді иритте көз камерасы сұйығының түсі жасыл – сарғыш, аз уақыттан кейін ірің көз камерасының түбіне шөгеді. Созылмалы иритте жіті қабыну белгілері аз байқалады. Қарашық кішірейген, көздің алдынғы камерасы түбінен фибрин, ірің шөгіндісі - «шварт» анықталады. Оның түсі ақшыл, сарғыш, жасыл - сарғыш бболады.
Емі: Серозды иритте емнің тиімділігі жоғары. Ал басқа ириттерде төмен. Негізгі емі жоғарыда қарастырылған тамырлы қабықтың жарақаттарындағдай. Қарашықтың бұршақ денеге жабысуын болдырмау үшін көзге дионин ерітіндісі тамызылады. Алғашында диониннің 0,5% - дық ерітіндісі, содан соң оның концентрациясы 6 - 8% - ға жеткізіледі. Сонымен қатар жалпы ағзаны қуаттандыратын емдер жасалады. Малға құнарлы азық беріп, жайлы, қара көлеңке қорада бағады. Антибиотик қосып ретробульбарлық новокаин блокадасы жасау, В, С, Е, Р витаминдерін егу жақсы көмектеседі. Серозды – фибринозды ирит нәтижесінде қарашық пен бұршақ дене жабысып қалса олар операция арқылы ажыратылады.
Операция техникасы: Мал операция жасалатын көзі үстінгі жағына қаратылып бекітіледі. Наркоз беріледі. Мұнымен қоса ретробульбарлық ауырсындырмау жасаған соң көзге 1% атропин сульфат тамызады. Қабақтарды қабақ ашқышпен ашып, тұрып қасаң қабық арнайы немесе инекциялық инемен тесіліп, сол жерден «Бауменов зонды» енгізіліп, оны қарашық пен бұршақ дене арасынан айналдыра отырып, оларды ажыратады. Операциядан соң бір апта бойы күнде конъюнктиваға 1% атропин сульфат және дионин ерітінділерін тамызып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет