Байланысты: Ахметова лжан т леген ызы орынбор ылыми м ра атты комиссиясын (1)
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ халқының жүріп өткен жолын тануда және оны қайта зерделеуде 1887 жылы Орынборда ашылған Ғылыми Мұрағаттық Комиссияның атқарған қызметі, ғылымға сіңірген еңбегі бүгінгі күн үшін ерекше маңызды. Мұрағаттық Комиссия қалдырған ғылыми мұра қазақ тарихының деректер мен құжаттарының бай қоры болып есептеледі. Оның бастауымен қазіргі таңдағы мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар және іргелі ғылыми зерттеулер дүниеге келді. Соның негізінде төл тарихымыздың ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы деректік негіздері қаланды.