АҚПАРАТ
«Ақпараттар» легінен тоғытылған
Есіл көзім майы-ай тауысылған.
Іске алмастай еткенде асылымды
Талай рет таусылып, сағым сынған.
Жоқтан жонып ақпарат «қорытылған»,
Санаң сарсаң болады, ойың-тұман.
Көңілге кірбің түсіп талтүсіңде
Жегідей жер жаныңды қою күмән
Сыналаған қолының табы тұрған,
Байқайсың дұшпаныңның торын құрған.
Саясатқа бойласаң сарапшыдай
Жымысқы, зымияндық тағы толған...
Жерисің өзге түгіл, өзіңнен де,
Не жетсін уайым-мұңсыз көз ілгенге!
Бағалап барымызды,берейікші
Қолдың ұшын үміті үзілгенге.
Теріске шығаратын дұрысыңды,
Жаратпай еңбегіңді, бір ісіңді
Шындығыңды «шылыққа» айналдырар
Кей ақпарат тарылтты тынысымды.
Баз біреу ой бұзғанды дөп көреді,
Бағыңды басыңдағы көп көреді.
Киелі ынтымақа ақау салар
Әзәзіл «ақпараттың» жоқ керегі.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫК,
«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ
85 ЖЫЛДЫҒЫНА
Оқырман ғой басылымның сыншысы,
Болсын дейтін тым талғампаз тілшісі.
Әр газетің жақсылыктың жаршысы,
Сөз қадірін ұғар болса шын кісі.
Жаңа ойыңмен, сезіміңмен, сөзіңмен,
Окушыны тәрбиелеп төзіммен.
Ұғындырған саясатты, тарихты,
Сен-шешен де, шежіресің көсілген.
Өзің болып ұлағатты ұстазым,
Көкке ұшырдың қаламымды ұштап шын.
Шабыт сыйлап, нұрға бөлер жанымды,
Сырласымсың, замандасым, тұстасым.
Балауса, балғын өрімдей боп талшыбық,
Жатушы едім қиялға түпсіз малшынып.
Жетелеп мені жеткізіп едің «Ак, жолым»,
Бидайың болдым, арпа ішінен аршылып.
Үмітімнің үлбіреген сағағын
Үзіп алмай, еппен ғана жалғадың.
Бектілігің, тектілігің арқаңда
Жап-жарык, боп нұрланып тұр жан-жағым..
Рухты өсіріп, жадымызды байыттың,
Шемен болған талай шерді ағыттың.
Әрлендіріп әр нөмірін өмірді
Шын дарынның к,абілетін таныттың.
Ойың-сергек, жай отындай жарқылы,
«Ақ жолымсың» кедергісіз даңғылы.
Жан жылытар мак,алалар молайып,
Қуат берсін, шуақты етсін таң нұры.
ҒАРЫШ КЕМЕСІ
Арқалап Жердің ыстық от-алауын,
Адамның асқактатып өр талабын.
Зымырап зымыран кеме барады ұшып,
Түсіріп хатқа жұмбақ «жер танабын».
Көз жұмып, тылсымдыққа басқан қадам,
Гагарин — жүрек жұтқан алғашқы адам!
Білім, ілім, айла, ақыл арқасында
Атақ-даңқы Әлемге аспандаған.
Азат қой қазір менің сүйікті елім,
Асыл жыр жүрегімнен шығып керім,
Басталып Байқоңырдан Ғарышқа жол,
Ұшырды қазақтың да жігіттерін.
Ғарышқа арман-сәлем айта барып,
Жер Шарын шыр айналып қайтады алып.
Елімнің Батырлары —Талғат,
Тоқтар Қондырар керек жерге «Айды» апарып.
Зерттейді құпияны білгісі кеп,
Ғылымда ашқан жаңалық, үлгісі көп.
Алланың жаратқаны Адамзатты —
Таным, ұғым, түйсіну үрдісі деп.
Ол рас, Әлемге аян, білімдіміз,
Сайрап жатыр біз салған ғылымда із.
Күні-түн көрігінен оты үзілмей,
Ұшады от-кемелер білдірмей із.
ТУҒАН ӨЛКЕДЕ
Катпар да қатпар Қаратауымның қойнауы,
Жалғыз-жарым сай сағалаған қойлы ауыл.
Бу болып ұшқан мұржаларыңның түтінін
Заңдылық қой сағынуым жөне ойлауым.
Еркелесем саған жарасар әнім-наздарым,
Ақкөлім сенде таранған аққу, қыздарым.
Кенезем кеуіп, қаталап жетсем өзіңе
«Балам» деп бастан сипалауыңнан жазбадың.
Тамағыма қонып, ақ шаңдағың қабады,
Түксиіп жиі қара бұлтыңның қабағы.
Жал-жал болып, күдірейіп жатқан жоталар
Тағдырым болып, тарихым болып қалады.
Мөп-мөлдір көлің,ал суың ғой майдай жұмсак, тым.
Жан-жүйемді көк майсаңа жатып «жусаттым».
Жұлдызды аспан астында батып ңиялға,
Ақ таңды қарсы ап, Айымды Күнге ұзаттым...
АУЫЛ ЖЫРЫ
Ауылдағы тіршілік ала-құла,
Қара суға қараған бала мына
Кызыл иек қария жәутеңдейді
Катқан нанды ас етіп тамағына.
Бір шаңырақ қоңыр күй кешіп отыр,
Бір шаңырақ әзер күнелтіп отыр.
Бір шаңырақ кертіп жеп сарымайдан,
Көкке екі елі төбесі жетіп отыр.
Сүр қазыдан асайды етті-женді,
Селт етпейді секілді жок, жүрегі.
Кайырылып қарамай қайыршыға
«Сен тимесең, мен тиме» деп жүреді.
Кейі өлместің күнімен тірлік етіп,
Кейі тоңып жүрсе де дір-дір етіп.
Туған жерін балайды баңытына
Караламай ешкімді кінәлі етіп.
Қыз-қыдырмаш ауылда, ұл-ұрыншак,,
Он сәбиге бұйырған бір куыршақ.
Тоздырмайық Ауылды ай аманда
Өркен жаяр қайтадан шын бұрылсақ.
Дей көрмеңіз, ақының бөсіп отыр,
Өкпе-реніш кеудемде өсіп отыр.
Ақ бұлакдың басында отырғанның
Өзге ырзығы көкейін тесіп отыр
Рас, қоғам жас әлі, жетілмеген,
Көп қажетін алдырар шетін елден.
Бостандығын басының олжа көріп,
Көніл-күймен әлі жүр кетілмеген.
Ауылымнан басталып тоқтың басы
Адам мұңы болсайшы жоқтың қасы.
Дүйім жұртын асырап Ауыл-ана
Домаласын жыл сайын өрге тасы.
Алданбаса ақ сенім — заты момын
Қыл қиянат түспесе атына оның
Ауыл жылы — ән-жырға айналса екен,
Асыл дәнге толтырып атырабын.
КӨКТЕМ
Буы шығып, бұрқырап дала жатыр,
Кыс-көктемге айналып бара жатыр.
Өрік гүлдеп, шиеңіз бүршік атып,
Әлі-ақ гүлден тәж киер, қара да тұр.
Тағы міне, қауыштым көктеміммен,
Барша Әлемге шұғыла төккен Күнмен.
Мен алғаусыз сенемін жүректерге,
Жылылық пен жарқырап нұр төгілген.
Десе де менен жастык, алыстаған,
Бәрібір бұлак,-күлкі таныс маған.
Қанатым жоқ, және де тағатым жоқ.
Бәйшешекті көргенде бала ұстаған,
Қырында қызғалдак,пен жарасып ем,
Түнінде Ай нұрымен таласып ем.
Енді Ана боп қараймын Каратауға,
Ақ пейілді кейуана қарасымен.
Көктемі көп болсын деп өркенімнің,
Жемісі мол болсын деп ертеңімнің.
Балам менен бағымды мәпелеймін,
Киелі таңбасындай Күлтегінің.
МУЗА
Айналсам, шіркін, ақын құлжасына,
Жырымның бөленсе елім шұғыласына.
Ауасы-асыл, топырағы мамык, өлкем,
Шығаршы мені де тау қырқасына!
Жер-ана, қасиетті мекенімсің,
Ыстығың Көкке қарай көтерілсін.
Тұрғанда шәрбәт жырға жаным иіп,
Күнімнен жібек шашак, от өрілсін.
Бірде-олай, бірде-бұлай толқып небір,
Секілді зырылдауық зулар Өмір.
Баладай болмашыға шаттанамын.
Көріктей-көңілімнен балқыр темір.
Жүректің үзіп беріп бір түйірін,
Байлаймын әр шумақтың бал түйінін.
Шабыттың өзегінен жарып шығар,
Музаның мен иесі «әлдиінің».
АҚЫНДАРЫМ
Ақкөңіл, аңқылдаған ақындарым,
Бәрің — жігіт,
бәрің — қыз, алтындарым!
Жетпісіңде желкілдеп отырасың,
Табиғатың ғажайып, асыл жаның.
Кыз көрсең,
Қызық көрсең —жүгінесің,
Қолға алып жүрегіңді жүгіресің.
Шешусіз шетін істі байқап калсаң,
Шыжғырып шығарасың
жұрттың есін.
Өзіңді аямайсың,
аянбайсың,
Сыр қалдырмай, бүкпесіз баяндайсың.
Мінезіңді осынау өзгерілмес
О дүниеге кеткенше
қоя алмайсың.
«Елім» десең, етегің толып жасқа,
Жанарың жасын атар болып басқа
Халқың үшін қарт та — сен,
дана да — сен Көрегені,
көсемі қалпы басқа.
Болса да ақыл, санаң қанша мықты
Сезімге берілесің мұншалықты.
Достасу өздеріңмен оңай болса,
Кетісу қиындайды соншалықты.
Күндерін өткізбейтін күйбеңменен
Тазасыңдар, есепке үйренбеген!
Тәңірім өзі жаратк,ан сал-сері етіп,
Жөнге келмес өйдеумен, бүйдеуменен.
Ку тірлікпен бара ма салың құрып,
Асылдарым, жүрсіңдер сағындырып.
Мына қатал заманның зардабынан
Киялшылым, кеттің бе сағым куып?!
«Жок,-жомартым» өздерің —ақындарым,
Әулием, бауырларым, жақындарым!
Шымырлатып жүректі жыр оқысаң
Дүр сілкінтіп жіберер жақын, маңын.
Мәзі кетіп, өмірімнің азы қалды,
Өмірдерек Сендермен жазылады.
Өздеріңмен өткізген сағаттарым —
Ғұмырымның, білсеңдер,жасыл бағы,
ақындарым, асылдарым!
Сағынтып достың лебізі
Алыстан тапкдн тұрағын.
Бөтенсіп кетті кейбірі
Тілеулес болып сонда да
Амандығын сұрап тұрамын.
Дос табу оңайға түспей,
Сарылдым талай қиыннан.
Өңімдегі елес ақ түстей,
Адастырып сөзі әдемі
Сүріндірді сан «дос» қиылған.
Сынынан, өмір тезінен
Сыр бермей жеткен мәреге.
Өткізіп көңіл көзінен,
Іріктеп достың адалын,
Айнымасын таптым әреңде.
Өздерің есік қаққанда
Куаныш табар көңілдер.
Тұла бойым сол сәттен-ак,
Қауырсыннан да жеңілдер!
Салым суға кетпесін
Келіңдер, достар, келіңдер!
ГҮЛІМ
Жұлдызды түндей қылықтым,
Жауқазындай көріктім.
Кызарып Қана күлесің,
Гүліндей Қызғылт өріктің.
Жүзінен нұры тамғаным,
Көзіне күлкі толғаным.
Не екенін білмейтін
Жамандық пенен жалғанның.
Сырнайдай сырлы сөзіңнен
Әдемі әдеп сезілген.
Өзің деп толқып жүремін,
Аналық аптап сезіммен.
Үміттің төрін жайлаған
Кызыл гүлім жайнаған
Сен барда, сәулем, шұғыла мен Жұпарға толы айналам.
Төрт ұл-қыздың бірегейі өзің боп,
Тым еркінсіп кететін де кезің көп.
Аз білгенді артық санап, асқақтап,
Бола қалар өзіңе-өзің көңілің тоқ.
Сенен өзге білгіш жоңтай білімді,
Намысыңа тисек — бәрі бүлінді.
Сәл жіберген еркеліктің салқыны
Сонша еңбекке татитынын кім білді?
Сайрап тұрсың, ақыл-есің бүп-бүтін,
Тек мінезің тілейді әлі көп күтім.
Қатемізді сол жіберген өтеуге
Қажет боп тұр қажыр, шыдам, көп күшім.
Екінші бөлім
Ана — алтын діңгегім
АЯУЛЫ ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ
Тірліктің кешіп мұз, қарын
Тағдырдың көрген ызғарын.
Кабағын шытпас сонда да
Құрметте қазақ қыздары.
Кұлпырып гүлдей реңі,
Елім деп соққан жүрегі.
Ардақты, абзал, асыл жан
Өмірдің сенсің тірегі!
Жан-дүниең неткен бай еді,
Мәрт, жомарт ерге сай еді.
Аяулы қазақ қыздары,
Жырымның сенсің мәйегі.
АНАШЫМ
Жас дәуреннің жалыны мен қызығын,
Бал күндердің бояуы ашық, қызылын
Бақытына туған Отан арнадың
Еңбек етіп, және өсіріп қыз, ұлын.
Куат алып ән мен күйден жыр-бұлақ
Қайнарға ұқсап тұр кеудемді ұрғылап.
Елшім де өзің, емшім де өзің, анашым,
Сәл қиналсам сені іздеймін шырқырап.
Өмірі-үлгі, рухы биік, еңселім,
Аяулы анам, мақтанышым — сен менің!
Жігеріме от беретін қамшыгер,
Бағдаршамым, жұлдызымдай сөнбегін!
Сексеуілдей шымыр болып Сексенің,
Тоқсан, жүзге жетуіңді көкседім.
Жалғыз тілек — көрмейінші, апатай,
Қабақ шытқан кездеріңді тек сенің.
АСЫЛ АНА
Аттамаған кісінің ала жібін,
Асыл анам, сен едің жанашырым.
Ездік емес, елдікті көксеуші едің,
Сабырменен бас деуші ең жан ашуын.
Ұл-қыздан бак, басына қонған анам,
Азға ынсап қып көңілі толған анам.
Орныменен мақалдап, мәтел айтып,
Әулетіне өнеге болған анам.
ӘЗ АНАМ
Сыр бермей сексен төртке жеткен анам,
«Тар жол, тайғақ кешуден» өткен анам
Жанарын жапқан жасын желмен желпіп,
Әлсіздік көрсетпестен кеткен анам.
Әз анам, әдемі анам, әсел анам,
Сөзі мен ісі үйлескен әсем анам.
Адамшылық өлшемі — көңіл десе,
Жүректің кілтін тапқан көсем анам.
Мойымас табиғаты тастай анам,
Қарсы алған ажалды да қашпай анам.
Аллаға шүкір айтып, «калимамен».
Аттанған о дүниеге саспай анам.
Дәлелдеп терең ойы ұлы затын,
Еңбекпен құт қондырар наз ұғатын.
Анашым рухы асқақ ғажап еді-ау,
Біріндей данышпанның аз туатын.
АЯУЛЫ КАЗАҚ ҚЫЗЫ ЕДІҢ
Бауырым, педагогика
ғылымдарының кандидаты,
профессор, Казакстан Республикасы
«Халык, ағарту ісінің озық қызметкері»
ақын, сазгер Айымгүл Жұмағұлкызы Көпжасар
Меңжан келінінің рухына бағыштаймын.
Әпкешім, анамдай едің,
Әдемі ак,маңдай едің.
Өзгеше жаратылыс
Асыл боп қалғандай едің.
Маңдайың жазык, еді,
Әр сөзің — азык, еді.
Қолыңнан қалам түспей,
Кітаптар жазып едің.
Ашу жоқ, ақыл едің,
Жаныма жакын едің.
Әнші едің бұлбұл көмей,
Сазгер ең, акын едің.
Балаға «Әлдиді»айтып
Жасаушы ең әнмен тәртіп.
Қиялшыл кызық жан ең
Ұмытам сені қайтіп...
Өзіңмен егіздей ем, .
Қасымда теңіздей ең.
Ешқашан бауырыңды
«Аласа» дегізбеп ең.
Ғалым ең саналы, үлгі
Адам ең сегіз қырлы
Ұстаз ең шәкірт үшін
Бүр жарған сезім гүлі.
Көңілдің жайтыменен
Жүруші ек айтып өлең.
Кызығып қараушы еді-ау
Қиылып Ай төбеден.
Тал бойың інжу-ілім
Мінезі — бірсыдырғым.
Бөбекпен ой бөлісіп,
Байқатпай тіл сындырдың.
Сағынып көрісерім ең,
Сыр ашып, бөлісерім ең.
Менің кай шешіміме де
Мақұлдап, келісерім ең.
Ауыртып жүрек жарам,
Көз жасым тарам-тарам
Пендемін, кешір, Аллам,
Езіліп, мұң шығарам...
Ән-жырдың тұмары едің,
Гүлдерге құмар едің.
Ел үшін еңбек етіп,
Ғылымды куған едің.
Тіршілік — жалған екен,
Ақ сәуле — арман екен.
Патшадан, пақырдан да
Дүр-дүние калған екен.
Айтылмай қанша ойың
Калғаны сонша уайым.
Алғандай жерден пішіп,
Ай мүсін, талша бойың.
Бидай өң, пісте мұрын
Жарңырап жанар нұрың.
Жылт еткен іштегіні
Сезуші ең елден бұрын.
Уаұытңа жібермей есе
Білімді жинадың кеше.
Таңды таңға қосушы ен,
Ұрпақтың мұраты десе.
Ащы етіп айтпайтын ең,
Сертіңнен қайтпайтын ең.
Сезімің селт еткенде
Сен тыныш жатпайтын ең.
Көлеңкем — ыстығымда,
Жанарға жас тығылды, ә?
Айырды-ау асылымнан
Ажал кеп қас-қағымда.
Пәктікті ұстап мығым,
Болмайтын іштарлығың.
Бағалар әр минутты
Өмірге құштарлығың.
Жұмбағың тез айтылар
Сәбидің ойында тұрар.
Ойнақы ән мен жырың
Ойнатып, ойландырар.
Мәтіні ең әніміздің,
Мақтаны ең еліміздің.
Ұшырып әкетті ғой
Жұлып ап желі күздің...
Көнеді қай пенде де
Алланың дегеніне.
Ерінбей еңбек жаздың
Зерек пен зерделіге.
Ортамның шырайы едің,
Шыншыл да, шынайы едің
Сүбелі сөзді айтар,
Шешен боп шыға келдің.
Лебізің жан еріткен
Шығатын шын жүректен.
Жинақы жұпар жырдай
Нұр жүзге қан жүгірткен.
Мақсатты өмір кешкен
Болды ма сіздей ешкім?!
Жайлаған имансыздық
Ішінде бүлінбестен.
Ұлғайса өнімді ісі
Ұшатын көңіл құсы.
Тіл жетпес сүйкімді едің
Сұқтанған үлкен-кіші.
Ән айтсаң сұлуланып,
Кетуші ең тым нұрланып.
Тіршілік тынысына
Мәз едің сыңғыр қағып.
Ерекше ыстык, жүрек
Болған ең үлкен тірек.
Құлады бәйтерегім,
Отырмын жалғыз, жүдеп...
Жадымда құлын көзің,
Әр ісің, әрбір сөзің.
Сен бізге бағдаршам ең,
Биік рух, сергек сезім!
Бітпейтін ізденісің,
Мактаным, білдей кісімі
Караса көз тоймайтын
Мінсізім, гүлдей мүсін.
Кетірмей тынышыңды
Үйірдің үй-ішіңді.
Алушы ең дау-дамайсыз
Бұйрықты тиесіңді.
Тал бойың биязылық,
Ізгілік, қыздай қылық.
Жездеме жел боп тимей
Сөйлеуші ең сондай сынық.
Жөн санап кішілікті,
Парыз дер кісілікті.
Санаға болған түрткі
Зиялым, ісі мықты.
Арманың көркем еді,
Аймақта өркендеді.
Айтарың немереңе
Жыр еді, ертегі еді.
Көсем ой әдіптедің,
Көркем сөз өріп бердің
Есіңде бүлдіршіннің
Қалды әсем «Әріптерің».
Бар еді небір әнің,
Көңілді ән «Қоңырауың»
«Алғашкы вальсіңе»
Сағыныш жаңбырымен
Жуылды омырауым
Соққылап қыр мен белді
Жел жылап шулар енді.
Өмірде бар ма екен жан
Өзіңдей ұғар мені!?
Жыл өтті сен кеткелі,
Қайғы-мұң сенделткелі
Татыр ма ширегіңе
Бар жақсы Жер-Көктегі!?
Кыз Жібек өзіндей ең,
Салт-сана көзіндей ең
Жан едің қайталанбас,
Лаулаған сезімдей ең.
Өмірдің өтпелігін
Өзгеден ерте білдің.
Толғантқан ұлт тағдыры,
Жоқшысы ертеңімнің.
Алла ісі, тәубә етемін,
Сұп-суық тау етегі.
Әлдене елегзітіп,
Көңілім дәметеді.
Азбадың алтын көріп,
Ала алман бәсің беріп.
Ақылға жеңдіретін
Жан едің дәтің берік.
Екеулеп «дана» шығып,
Екеулеп «дара» шығып,
Үміттің тарланбозын
Жүруші ек таң асырып.
Сен жұтқан ауа да ыстық
Сен жүрген жаға да ыстық.
Сен шыққан тас та жұмсақ,
Мақтадай басып тұрсақ.
Жүрегі тілгіленіп,
Өмірге ілбіп еріп
Келеді Зәйтүн жездем
«Сексеннен» белгі беріп.
Көлдетіп көзін жасын,
Сені іздеп жан жолдасын.
Елу жыл «е» демеген
Асыл бір жан болғасын.
Іздейді Баяным деп,
Іздеп жүр аяулым деп.
Іздейді Кыз Жібегін
Барым деп, баяғым деп...
Көңілі аңырап тұр,
Көз жасы жамырап тұр.
Өзіңдей бекзат жансыз
Дүние қаңырап тұр...
Не айла, Алла ісіне
Амал жоқ, көнесің де.
Алданыш немерелер
Алданыш — елесің де.
Аямай тер төккенің
Жазылған еңбектерің.
Халкыңның мүддесі үшін
Толғақты ой кешкенің.'
Жалғанның баяны жоқ,
Тірліктің аялы жок,
Басы бар дүниенің
Бітеді аяғы жоқ.
Қастерлеу өткендерді —
Адамдык, өткелдері.
Ақ таңдай жылы сөзің
Жастарға от береді.
Ай зулап, жыл өтті ғой,
Жабырқап күнелтті ой.
Сағыныш жай таптырмай
Өзіңді жыр еттім ғой.
Даладай дархан кең едің,
Дарияға да тең едің.
Бақытты бостан халқымның
Аяулы қызы сен едің.
Тағдырға кім көнбеген,
Гүл ең-ау күлтеленген
Көңілімнің көкжиегін
Мұң торлап, шілтерлеген.
Табушы ем керегімде,
Лағыл ең тереңімде.
Сен тұнған үлгі-өнеге
Болып ең өреніме.
Жылаймын қайта-қайта,
Жырлаймын қайта-қайта
Жазмыштан озған бар ма
Жүрерміз айта-айта.
Бақытты өмір кештің
Ұмытпас сені ешкім!
Жұлдызым Көгімдегі
Ертерек неге өштің?!
Асқақ рух асыл жанда,
Өзіңдей алтындарда.
Ардактар есіміңді
КАЗАҚТАЙ халқың барда.
ҒАШЫҚТАР АЛЛЕЯСЫНДА
Немесе «БОЛАТ КӘРЕНТАЕВ пен
АЙНҰР СҮЛЕЙМЕНОВА» атындағы
«МАХАББАТ СИМВОЛЫ»
монументі басында
Сусыды жұқа ақ торғын,
Қос ғашык, тас мүсіннен.
Туындысы ғой автордың
Сезімді терең түсінген.
Карайды ару қиылып,
Мөп-мөлдір таза махаббат.
Жанардан жас құйылып,
Жан-дүниеміз алапат...
Жұлдыздай ағып түскен соң,
Айналған рухқа қос мұңлық.
Өнегелі өмір кешкен соң,
Іздерің жатыр жосылып.
Жылдардың ұлпа тозаңы
Өшіре қоймас есімін.
Ғашықтың мұңлы ғазалы
Пейіштің ашар есігін...
Иінім түсіп, пәс болдым,
Ел үкілеген үміт ең.
Жалған дүние-қас болдың,
«Тәубәмен» көңіл жібітем.
Көрік пен білік, кішілік
Иманы жүзден тамып тұр.
Тұрған бойлары кісілік,
Тас мүсін шоқтай жанып тұр.
Ойларын шалқар кең етіп,
Ізгі іспен үлгі көрсеткен.
Ілім-білімін тең етіп,
Япыр-ау, қалай ержеткен?!
Ханзада сынды Болат ең,
Құйма мүсінді, тұлғалы.
Еліңнің үміт, куаты ең,
Есейіп, арман қуғалы.
Білімнің кілтін ашатын,
Бакытын Айнұр тез ұқты.
Алысқа сәуле шашатын
Ай маңдай жігіт кезікті.
Жандары жайсаң болатын
Жақсылық көпке тілеген.
Шыңдарға биік қонатын,
Аңсұңқар құстай түлеген.
Ананың сүтін ақтайтын,
«Отан!» деп отқа түсетін,
Қазағың, халкың мақтайтын,
Болатын нағыз кісі едің.
Жұртының жықпас намысын
Жүректері жалын, бұлқынған
Болатым-Айнұр арысым
Арманға асыл ұмтылған.
«Болашаққа» бірге аттанып,
Арманға қанат кақтыңдар.
Егемен елге шаттанып,
Білім ап келе жаттыңдар...
Алыстан үміт күлімдеп,
Әкеткен қиыр, жыраққа.
Зердеге тоқып білімді,
«Кел!» деп ек мініп пыраққа...
...Сезімді нәзік алқалап,
Жүрүші едің екеуің.
Мақсатың биік, нар талап
Жарқырап тұрды Ертеңің.
Айнұрың — Ай боп,
Нұр болып,
Жаныңа шуақ құятын.
Алқызыл жүзге гүл қонып,
Кірпікпен бүркеп ұятын.
Суымас ыстық сезімдей
Салтанат құрып алдымда.
Суйкімді көктем кезіңдей,
Ескерткіш болып қалдың ба?!
Жүзімізге мұң ұялап,
Өкініштің өртеп азабы.
Өзімізді жүрміз жиі алдап,
Пенделіктің бұл ғажабы.
Соғылған қылыш шарболат,
Шарт сынып,елді кейіткен.
Шапқылап аққан ақ бұлақ,
Суалды ерте неліктен?!
Шағаласы ұшқан жанымды,
Толқындар соғып, шайқады
Кеудемді зардың сарыны
Сындырмақ болып байқады.
III
Асылым, Болат — Айнұрым,
Кемшін болған мәз кунің.
Еткенмен тарлык, тағдырың,
Ғасырға сыймас аз күнің.
Кайтадан туған сиякты,
Қозы мен Баян кешегі.
Көктегі күндей куатты
Махаббат мәңгі деседі.
Казіргі Жібек — Төлеген
Жалындап тұрып сөндің бе?!
Аңызға атың бөленген
Санайды кімдер өлдіге?!
Макпал көкте Ай жүзсе,
Іздейміз сендей ғашыкты.
Үміт қой, шіркін, әйтпесе,
Күн төбеден асыпты...
Карлығаштардай құлдилап,
Каспийге келіп қосылдың.
Егіліп жаным тұр жылап,
Жыр жаза алмай, тосылдым.
Толкынға ақ жал оранып,
Жок, болдың жұлдыз құйрықты...
Айлаңыз бар ма бұрарлық
Алладан келген бұйрықты?!
Жас ұрпак, мәңгі тәу етер,
Жарықта жаркын бейнеге.
Махаббаттарыңды үлгі етер
Халқыма болған өнеге.
Асыққан бақи төріне,
Үлгермей неке қиғызып.
Дөңгеленген дүниені
Қарашықтарға сыйғызып.
Біріңді-бірің құшактап,
Тас қылып байлап белдікпен.
Талқаны шыққан ұшактан,
Кеттің бе ұшып ерлікпен?!
Тағатын таппай жан-жүрек,
Күйбіңін тірлік тауса алмай.
Сағыныштардың әні үдеп,
Сезімге қанбай кәусәрдай.
Ән-жыр боп Көкті аймалап,
Өлемді рухың шарласын.
Сезімге сұлу бай алап,
Сендерден табар жалғасын.
Азаяр кайғың бөліссең,
Жалынан ұстап уақытты.
Махаббат нұры-ұлы, үстем,
Ғашықтар мәңгі бақытты!
Шымырлап, толқып көл беті,
Теңселіп жатыр теңіз де.
Көрінер халық келбеті,
Туғандар тартса негізге.
Аз ғұмыр кешіп есімін
Шықпастай еткен көңілден.
Болатым, Айнұр-есілім
Алаулап өткен өмірден.
Жаралы жүрек жай таппай,
Ата-ана көңілі қаяулы.
Жүреді кейде нәр татпай,
Ұл-қызын ойлап аяулы.
Шабыт жыр беріп қаламға,
Дем беріп Ата-анаға.
Түр бекзат мүсін алаңда,
Айналып оттай алауға!
Уакыт пен ұлы Кеңістік
Қашықтатса да араны
Сүйіскен жүрек тым ыстық,
Мәңгілік жыр боп қалады.
Мүсін боп, міне, қиылып,
Алдымда тұрсың қос ғашық.
Адалдықтарыңа сүйініп,
Канша жұрт жатыр достасып.
Кіршіксіз іңкәр сезім деп,
Бәдіздеп таска бейнеңді.
Асық жүрек-егіз деп,
Махаббатқа бөлер ел енді.
Сәулесін шашқан бар маңға.
Қайтейін ғашық құлыным,
Арманда кеттің, арманда...
Махаббат сезім, пірімсің,
Өмірден көшкен таң қылып.!
Болатым-Айнұр, тірісің,
Аттарың өшпес мәңгілік!..
АР-НАМЫСТЫҢ АКЫНЫСЫҢ
Казакстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының иегері, белгілі акын
Күләш АХМЕТОВАҒА
Менің бүгін мақтанатын кезім шын,
Сен-ертеңгі тарихымның көзісің.
Айтпағанда Сара...Фаризаларды,
Ұлбикенің сіңлісісің, өзісің.
Әрбір жырың бітпегендей ой тастап,
Бірін айтып, бірге кетсек ойқастап.
Аз шумаққа мол мағына сыйғызған,
Жамбыл жыр — сен,
Кенен жыр — сен ойы асқақ.
Айтуға сөз, көруге де көз керек
Көрік-сенде, дарын сенде өзгерек.
Күн-түн демей көз майыңды тауысып,
Сыйлап жүрсің халқыңа жыр еселеп.
Айтқыш ақын, пәлсапаң да тастүйін
Өзгеше өрнек, ұйқас табар ең қиын.
Өнері сүтпен біткен имани жан,
Жырлай бергін ел арманын, көп күйін.
Тілім тасқа,
Төрт құбылаң түгел-ді,
Мөлдіреген моншақ жыр боп тұр енді.
Ақыл, әдеп, биязылык, бойдағы
Одан сайын жайнатады гүл өңді.
Аяулы ақын, Сен-Тараздың аққуы.
Дүйім жұртың санап жүр ғой бақ мұңы.
Шұғыладан өзің өрген шуақ жыр —
Көңіліңнің Елге деген пәктігі.
Шарықта, Күләш,
Шақыра берсін шың биік.
Жүре бер, қалқам, өлеңнен сәуле,нұр құйып,
Отанға деген, Отыңа деген махаббат
Жұмырыктай жүрегіңе жүр сыйып.
Басылмайтын жарқылы отты өнерлім,
Бал-шырындай сезімі тәтті өлеңің.
Керек жерде кесек сөйлер мүдірмей
Ақынысың ар-намыстың, өрелім!
Өлеңдей бекзат өнерде жанған жұлдызы,
Жанды гүлдей қазағымның сен қызы.
Айды жырмен аймалаған, асылым,
Мен сенемін қаларына нұрлы ізің!
Бұрқанып шабыт жұпар жыр боп гүл ашсын,
Казақи мінез, ақ таңдай әсем Күләшсің!
Тұнығым менің, тереңнен терген лағылды
Жыр-өмірің мәңгілікке ұлассын
Қыз
Кыз дегенің аққудың көгілдірі,
Шайылар көргенде оны көңіл кірі.
Ертеңгі ана, асыл жар, қыз-келіншек,
Тұтқасы дүниенің, өмір гүлі.
Қыз бар үйде қызық бар, жаңалык, бар,
Әсемдік бар ұяңдык,балалық бар.
Арқасында қыздардың жақындайды,
Үрім менен Кырымдай аралықтар.
Ақыл, қайрат-кісіні әлді етеді,
Ару кетсе, ауылыңнан сән кетеді.
Күлкісі сыңғыр қағып келсе кіріп,
Иранбак,тай жаныңды жайлы етеді.
Ойлы қыз қабағы ашық көп тыңдайды,
Шала іс қып, шата сөйлеп кеп тұрмайды.
Халқымның мінсіз мінез бойжеткені,
Есті сөз, ескертуді кек қылмайды.
Жанарында акшуак, таң шырайлы,
Айдай жүзі шабытты қамшылайды.
Ажарына заты сай шешендікпен,
Көсілсе,тілінен бал тамшылайды.
Жуымас жақсы қызға жаман атақ,
(Жердендау,болған талай қыздан шатақ).
Мүсәпірге ұқсар қыз басы айналып,
Махаббаты жігіттің алса матап...
Кыз бар жерде ғұмыр бар, тіршілік бар,
Сұлулыкққа бас ию, құлшылық бар.
Қыз дегенің, білсеңіз, тірлік тіні
Майысып солқылдаған гүл-шыбықтар.
Кыздар, қыздар көрікті ибасымен,
Қызыл ерні махаббат шипасы ма ең?!
Биязы, хәм сыпайы, әрі сынық,
Халқымның қызы ерекше, ырасымен.
АҢСҰҢҚАР
«Үздік кәсіпкер әйел» номминациясының
Қазақстан Республикасы бойынша
жеңімпазы (2006 жыл),
Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің» мүшесі СӘУЛЕ РЫСБАЕВАҒА
Адалдығың — ұстанарың негізгі,
Өзіңде ғой Ана жүрек ең ізгі.
Мейірімі мол, шуақ шашқан көзіңнен
Сезінемін тереңдікті, теңиді.
Кербез. Керім. Жалғандық жоқ жанарың,
Құс тілін де біле ме деп қаламын.
Сен — ақсұңқар Көкті тілген қанаты,
Дауыл менен Жел тараған балағын.
Керек жерде тым тәкәппар, өжетсің,
Рухың аскаң, бәрімізге қажетсің!
Тығырықтан шығаратын тар кезде,
Ақылыңа, сабырыңа не жетсін.
Әрі нәзік, әрі-батыл, жүйрік ой,
Шамыркансаң —жауың ығып, жиды бой.
Әлия, Мәншүк, Ләззаттардың намысы,
Жұдырықтай жүрегіңе сыйды ғой.
Заманыңа сай боп алдың бір іскер,
Амалдасаң — он орайтын әдіскер.
Сәнім де — сен,
Ханым да — сен қазіргі
Өнеріңнен үйренердей әртістер.
Жігіттердей жұлып түсіп, беріспей,
Кие жарып билік айтсаң келіспей,
Сұқсыр емес,сұңкар шыққан періштем,
Көрем сені еменге біткен беріштей.
Қоғам тұрмас бірқалыпты, өзгерер,
Өзгергенін әлі талай көз көрер.
Ынтымаққа, бірлікке елді шақыр деп,
Отан сендей кыздарына сөз берер.
Ай нұрындай арман әнің жетілсін,
Кажырыңның қарымтасы өтелсін.
Халқым десең, қанатыңды қаға түс,
Ұят тұрып, Намыс басын көтерсін.
ҚАЛАМПЫР
Әйел ғой үйдің қазығы,
Тақырыбымыз сол қазіргі.
Ер бағасын түсірмес
Ақылды әйел наз үні.
Маңайын нұрға толтырған
Ұйытып қырық жыл отырған
Калампыр, қателеспесем,
Құйылған алтын сом тұлғаң.
Досыңа мәлім өрің де,
Ылдиың және көңілде.
Мерейің артты үстем боп,
Нарықтық қатаң өмірде.
Білімді, білгір әжесің,
Білікті, ісмер енесің.
Білемін балаң кезіңнен
Батамен өсіп келесің.
Жүзіңде-мейірім аналық
Бойыңда —мода, жаңалық.
Дулатқа келін боп келіп,
Кірпіш боп қалдың қаланып.
Бизнестің шаққан жілігін
Көпке әйгі сәтті «қылығың».
Ақтүтек шабыт шакырған
Аркауы сенсің жырымның.
Еріңе басың бағалы,
Айқайы майдай жағады.
Алғысын айтып ізгі іске,
Арқаңнан жиі қағады.
Тұрымтай жырлар ұшырдым
Лебізіңді балдай тұшындым.
Жаксылыұ ойлар қауымға
Жан-дүниеңді мен түсіндім.
Кереғар мінез бойыңда,
Пысыкеың, жаным, мойында.
Аңғалсың әрі адалсың
Бататын лезде уайымға.
Інжу-маржан да жакұтсың,
Халилге біткен бақытсың.
Ай дидарлы аппағым,
Зүбаржат, лағыл, ақықсың...
Ақыл, ой да-биікте,
Махаббат, сезім, үміт те.
Әйел болу оңай ма,
Мінезі кесек жігітке!
Түсініп Ерің асылды,
Парасатыңа бас ұрды.
Үйлестірдің екеулеп
Тұрмысты қызыл-жасылды.
Жігіттей Халил қырланып,
Қараса жасқа ұрланып.
Алпыста қыздай қиылып,
Сен жүрсің күндей нұрланып.
Калампыр, жансың аяулы,
Бақытың болсын баянды.
Әлпештеген ата-енең
Тоқсанға жасы таянды.
Құдіретке бас иетін,
Адам көп Алланы сүйетін.
Жығылып журсің намазға
Болсыншы ңабыл ниетің.
Қыс емес, келді кектемің,
Боялды көкке көк белің.
Құшағың толы гүл болып,
Немере болсын әпкенің.
Карап қалдым таңырқап қас қаға алмай,
Күлгеніңде, еркем-ау, жас баладай.
Тұла бойым шымырлап бара жатты,
Тебіренткен әдемі сазға балай.
Еркелейсің, елігім, есімді алып,
Сал сезімнен өртенем от боп жанып.
Жаны — нәзік, сәбидей бал мінездім,
Қап-қараңғы түнімді еттің жарық,
Аяғыңды жүресің еппен басып,
Кербез кейпің, көріктім, еткен ғашық.
Саған деген сезімім сыймай жерге,
Алатаудың шыңынан кеткен асып.
АҚЫН ҚҰРБЫҒА
Көрмесем сені сағынам,
Адамсың, сәулем, нағылған?!
Пәкизат сезім, пәк жаның
Ән-жырдан алқа тағынған.
Өлеңмен өріп өмірді
Жүресің ылғи көңілді.
Емдейсің жырмен жүректі,
Іздемей және жеңілді.
Маржандай ашық үніңнен
Көктемнің нүры төгілген.
Жек көрсең, жақсы көрсең де,
Шықсам демейсің көңілден.
Жетесің, Шырын, аңқылдап,
Сөйлейсің даусың саңқылдап.
Өнерде есе жібермей,
Биіктен көрін жарқылдап.
Босатып ойдың көбесін,
Сөзден лағыл тересің.
Кемелденіп келесің
Байқатып шабыт өресін.
Мінезің қайсар ақынсың,
Сондықтан жұртқа жақынсың.
Нәзіктеу жаның болғанмен,
Мықты ғой рухың, батылсың.
Айшықталып таң жырың,
Гүлдене берсін тау, қырың.
Бұлбұлды бақша секілді
Ажарлансыншы тағдырың.
ТІЛАШАРДАҒЫ ТІЛЕК
Шырын-жан-ау, айтпасақ та жасырып,
Кемеріне ақ толқындар бас ұрып.
Біз алынбас қамал көрген
«АЛПЫСТЫ» Жіберіпті алты қырдан асырып.
Таң атқанша отырушы ек сырласып,
Мақпал түнде, әсем Айға боп ғашық
Жұлдыздан да көп еді ғой үміттер,
Қиял тербеп, жыр жазғанда жұптасып.
Шашымызға аппақ қырау түсті ме,
Уақыт — қатал, құдіретті, күшті де.
Балапанын ерткен қаздай балпаңдап,
Жүрсек ұзақ қара Жердің үстінде,
Деп армандар бәйбішеміз қазір біз,
Дембіл-дембіл дем алуға әзірміз.
Шашымызға қонғанымен ақ шаңдақ,
Біздің жаққа қыс түскен жоқ, әзір — күз.
Осылайша өзімізді қуантып,
Сірі жанды сері жырмен жұбатып,
Тіршіліктің айдынында жүземіз,
Көктем сайын бәйшешектей гүл атып.
Шырын-жаным, адал едің, ізгі едің,
Кісілікті кішіліктен іздедің.
Алла жазса, әлі-ак, орны толар деп,
Кажымадың, үміт жібін үзбедің.
Кам көңілің қуанышқа ұласар,
Толқып тұрсың, жасап бүгін тілашар.
Алланың шапағаты шексіз, жаным,
Қос немерең әлі-ак, ертең қыр асар.
Төтеп берер тау қопарар құйынға,
Нұрлы ақынға асар асу бұйым ба!?
Қос құлының құшақтаса «апалап»,
Тәубә дейсің Тәңірдің бұл сыйына.
Өмір-тірлік, ал тіршілік — ұлылық,
Өмірді өнер жібереді сүлу ғып.
Алла берді Жыр мен
Жігер — қайратты,
Кетпесін деп сені өмірден түңіліп.
Ертегі боп қалсын енді баяғың,
Жүзге жетші, ақ Шырыным, аяулым!
Бақытың мен Баққондың қос ауыл боп,
Шөбере мен шөпшек болсын «таяғың».
Асыл досым, ак, пейілім, қарағым,
Мен жаныңды мұң шалмауын қаладым.
Бақ пен Бақыт кетпесінші қасыңнан,
Түспесінші және ңолдан қаламың.
ҚҰЛЗИ
Келінім, келіп қапты бәйбішелік,
Білгенге жақындапты бес мүшелің.
Алланың мың шүкір ғып бергеніне
Көңілдің ақ желкенін кең пішелік.
Алладан қорқып, елден үялатын,
Кезің жоқ ар аттаған, аяулы атың.
Көл-көсір көп тілеуі сен дегенде
Казақи табындырар әйел затың.
«Өлмейді көрмей пенде көресіні»,
Мойындар Тағдыр атты төрешіні.
Тігісі сетінесе тірлігіңнің
Болмасы «күнде жақсы»— өмір шыны.
Өзің боп үйдің көркі, айдыны да
Көтердің иықтасып қайғыны да.
Жаны адал, намыстының жұбайы боп,
Жайғастың бүгін келіп жайға мына...
Болмасын жақыныңнан қарсыласың,
Көзіңнен төгілмесін тамшы жасың!
Канағат қып алғанға, бергенге де
Алланың аманаты — ЖАН шыдасын.
Жібімей гүл — сезімге кім қалады!?
Саласың әуелетіп «Бір баланы».
«Ес-жан» деп есін алып қайынымның
Күлкіңмен көмкересің нұр даланы
Адамды адам етер акыл, сезім,
Сыпайы, сөзі майда ақын да өзің.
Сабырлы, салқын қанды мінезіңмен
Табасың қай істің де ақыр көзін.
Қолыңды көлегейлеп күліп бүгін !
Ұзартып жүре бергін үміт жібін.
Ерің мен бала-шағаң бауырыңда,
Алпыс па?!
Алпыс деген — жігіт күнің!
ЖЕҢЕШЕМ
Томпиған көрмегендей ештеңені,
Мерейің, жеңешетай, үстем еді.
Ағамды ак,ылменен алға салып,
Сүйреген Сен емес пе көш-кемені?!
Түспеді не к,иындык, басыңызға,
Түнеді ажал талай қасыңызға.
Жараткан құдіретінің аркдсында,
Кеп отырсыз бүгінгі жасыңызға.
Жабыктың — кетсе үлың оза сөйлеп,
Қамықтың — кисе қызың қысқа көйлек.
Казақы салт-дәстүрді көп ескердің,
«Кызым — үйде, қылығы — тыста» ғой деп.
Таба алмай көркем сөз бен бейнелі ой,
Тойыңа жұқалау боп келгенім ғой.
Біртоға мінезің мен момындығың —
Жарасар тек өзіңе дегенім ғой.
Өмірге сенің іңкәр, құштарлығың,
Бойдағы сеніміңді ұстар мығым.
Сеземін сүттен аппак, көңіліңді,
Себебі, адамға жок, іштарлығың.
Қызыл шырай жүгіріп іреңіңе,
Бүгін қатты соғып түр жүрегің де.
Аллаға шүкір айткан, қанағатшыл,
Ұрпағыңа өнеге, тілегің де.
Әуез бар қайтқан құстың қанатында,
Мен үшін әрбір Ана дара тұлға!
Арқабек — сазгер болса, Динаң — әнші,
Өнердің жұлдыздары санатында.
«Алып туар-анадан» білсеңіздер,
Білімменен білікті өлшеңіздер.
Немере боп жайқалып қайта келді,
Кейін қалған Жиырма бес,
Он сегіздер.
Сен-кешегі бейкүнә дала қызы,
Сәуле шашқан маңына лала жүзі.
Жылдар жылжып өтеді, өкінбеңіз,
Ең бақытты сәттердің қалады ізі
САҒЫНЫШ
Құдам Серікбай мен
құдағиым Гүлжанның рухына
Дәм таусылды.
Дем бітті.
Токтап жүрек. Олар кайтты...
Біз қалдық жаппай жүдеп.
Жыл толса да отырмыз сене алмай, «Армысыз!» деп босаға аттай
ма деп.
Дірілдейді біртүрлі денем неге,
Беймәлім тірі жанға о Дүние.
Біз пенде болғандықтан, періште емес
Ауыр ойлар тартады тереңіне.
Жүріп ек тіршілікте сіз-біз десіп, Сыңқылына аңқудың ән ілесіп...
Әйдік үл-к,ыз өсірді мақтан түтар
Өмірдің мағынасы, мәні десіп.
Қол ұстасып жүрме екен
Айға барып,
Армандарын канат қып
байлап алып?!
Әлде әулетін жүретін
қорғап-қоршап,
Кетті ме екен
Әруаққа айналып...
Жүрмеңіздер ойымды жаңсак, көріп,
Ақ көңілін отырмыз аңсап келіп.
Қиыла қарап қойып, баяғыдай,
Желпінтіп кетсе, шіркін, ән сап беріп...
Алладан пәрмен болмай
Ай батпайды,
Ұрпағы Ер еңбегін айғақтайды.
Ғажап сезім иесі — Құдаларды
Есті деп ескеріп, ел мақтайды.
Ұзак, таң енді әңгіме айта алмаймыз,
Төс қағысып,құшаққа тарта алмаймыз. Қосылып салған әнін құдалардың
Қалған біз сыбырлап та айта алмаймыз.
Жетпейміз қол созғанмен нұр пішінге,
Жолықтыра алмаймыз жұрт ішінде.
Жалынып Жаратқаннан тілеріміз,
Жұмақта жүрсін жұпар гүл ішінде!
Ой, дүние-ай, жалған десе, жалғансың-ау,
Батырдан, бағланнан да қалғансың-ау!?
Дей алман өнегелі тірлік кешкен
Құда мен Құдағиым
армансыз-ау...
Жоктау айтпай,келмей тұр салтты бұзғым,
Сағынғанда таба алман ақтық ізін.
Айнымас адал жұпты екеуіне
Көруге жазсын деймін
Хактың жүзін.
Қос жүректің ғашықтығы танылды,
Қалың қауым ортасынан жарылды.
Әкең көзі қуаныштан буланып,
Анаң байғұс жүрісінен жаңылды.
Батасын ап қуанта бер әкеңді,
Адам емес, Алла қисын некеңді.
Үкілеген үміті едің, ақтадың,
Сабырының қарымтасы өтелді.
Бақыт құсы бастау алды тойыңнан,
Алған жарың шықсын ылғи ойыңнан.
Пәк сезімнің жібек жіптей шуағы
Жылылық боп тарап жатсын бойыңнан.
Бақ құсы боп кірсін жарың үйіңе,
Балбырасын сенің тәтті күйіңе.
Сәби санын көбейте алмай жатқанда,
Қос-қосынан уіл қоссын уілге.
Батасын ал, қуанта бер әкеңді,
Адам емес, Алла қисын некеңді!
Ақ мамыққа орағанмен қар қалың,
Ыстық сезім нұр, жылылық әкелді.
Басталды күзім қоңырқай,
Шуакты жазым тез өтіп.
Масасы шақты оңдырмай,
Шыбынды шілде мезі етіп.
Тұрары қайда бір қалып,
Сарғайды жасыл жапырақ.
Нұр тайды жүзден ұрланып,
Үсік шалмастан жатып-ақ.
НАУРЫЗ ШУАҒЫ
Кірпікке іліп наурыздың от-шуағын,
Ай жүзімді аппақ нұрмен жуамын.
Күн шуаққа арқа тосып, әлденем,
Жіңішкерген кезі емес пе «жуанның»?!
Теңеспей ме наурызымда күн мен түн,
Бәйшешектен көретінмін гүл көркін.
Тау басында ала-құла жатқан кар
Жылы күннің шуағынан үркер шын.
Шашатұғын бар Әлемге жарығын,
Күннен алам тыныс, қуат — барлығын.
Жұпары аңқып, жон-жоталар көгеріп,
Семіртеді қысқы малдың арығын.
Таңда-мүйіз, түсте-киіз жер мынау,
Жүрегімді бұлкынтады жыр-бұлау!
Жасындайын жалындаған жаныммен
Өзіме-өзім әрең сыйып жүрмін-ау!...
Үшінші бөлім
Ой түйіндері
ТІЛЕК
Махаббаттың жырлатқан ән дастанын,
Сүйген жарым, өзіңсің — алдаспаным!
Қосылғанда Алладан шын тіледік
Болашактың ұрпақпен жалғасқанын.
Сен-ерімсің тау тұлға, қола мүсін,
Отбасына арнаған бұла күшін.
Біздің байлық, қазына —төрт перзент қой,
Түн ұйкыны төрт бөлдік солар үшін...
Шұғыласына шабыттың малынамын,
Жырларыммен халқыма таныламын.
Төрт құбылам түгел боп тұрса екен деп,
Тәңіріме күн сайын жалынамын...
АЗАМАТ
Жетелейді киырға мақсат-арман,
Жаркылдаған жиырма бес артта қалған.
Өтті отызың кыр асып, киял куып,
Ару көрсе жанары оттай жанған.
Тірлік мәнін ойланар шақ туған кез,
Жан-жағына көз салып, сақ тұрған кез.
Қыл жуытпас қырқың кеп қылшылдаған
Ойың сергіп, басталар бақ қуған кез.
Ер жасы боп есейтіп елу жетті,
Парасат пен сабырды серік етті.
Діл мен дінді түгендеп, тілің түзеп,
Мойындадың Алла атты құдіретті.
Дүниенің әуені, тынысына
Құштарлықпен ұмсынтқан гүл ұсына.
Асқақ Алпыс-әсем жас «талтүсің» ғой,
Тіршіліктің салатын талқысына.
Бұл әдемі, білсеңіз, Ата жасың,
Бағалайтын сөзіңді дос пен қасың.
Шешіміңе тоқтайтын жұмылып жұрт
Биязылық, бекзаттык, болса басым.
Жетпіс жетсе ізгінің өзі болып,
Жаксы әкенің өмірде көзі болып,
Киянатқа қимайсың ешбір жанды
Ақтық пенен пәктіктің ізін қорып.
Тоқ мейілсу, білмейтін кек қууды,
Мақтан тұтар ел дәйім текті ұлды
Мөлдіреген сәбидей тазалықты
Парасат пен кісілік етер құнды.
Армандаумен жастықты жеткізбейтін,
Сексен, тоқсан үйіңнен кеткізбейтін.
Пайда болар Жүз жетсе «киізқұлақ»
Сыбыр түгіл, айқайды өткізбейтін...
Алланың берген жасын сүресің де,
Тағдырмен шамаң жетпес күресуге.
Тек ауырмай, ардағым, қунак, жүрші,
Лайық боп АДАМ деген ұлы есімге!
Достарыңызбен бөлісу: |