АҚын — сезім перзенті



бет4/4
Дата18.02.2018
өлшемі1,61 Mb.
#37809
1   2   3   4

КӨЛ. КӨҢІЛ

Қондырып алақанға «балақай» бақ,

Сүңгідік айдын көлге «алақайлап»...

Астасып Алатауым зеңгір көкпен,

Көзімнен көшіп барад қала, аймақ...
Тұрғандай дүние түгел уысымда-ай, .....

Таныс та, бейтаныс та туысымдай!

От болып ақын жүрек жанып жатыр,

Қымсынып, егдемін деп қыры сынбай.

Жақсы мен жаңалыққа жаным құмар,

Жылмиып өтіп жатыр жылым жылдар.

Жалғыз сөзден сақайып, сағым қуар,


Тегім — сал, шегірткеден шырыл тыңдар.

Саусағым көлдің қойнын саумалайды,

Расында, «ит жүзіске» сол қолайлы.

Шағала шабак, көрсе Көктен көлге

Атылған оқтай болып сорғалайды.

Табанды қызыл құмы қарып ыстық,

Жер таппай жанды қояр алып-ұштық...

Бесінде емес, ақшамда алакеуім,

Кернейді тұла бойды қаным ыстық, ...

Табанды жаға құмы қарып ыстық.


III. ДЕМАЛУ

Алатау, шыннан өркешің,

Жүректі көркің өртесін! . .

Сезіндік, сезіне алмаған

Еркіндіктің мұнда көкесін.

Ұйқыны тәтті қандырып,



Биді де жүрдік «жандырып».

Өткеншек тептік, доп ойнап,

Жүздік біз білек талдырып.

Ән-жырдан алқа тағындық,

Жастықты өткен сағындық.

Жанымыз нұрға малынып,

Бала қасынан табылдық.

Үлкенбіз, кіші демедік,

Бақыттан тұрдық дәметіп..

Әлдилеп сәби сезімді,

Толқының тұрды тербетіп
ДУБАЙДА ТУҒАН ОЙ
Әйдік қала.

Кайнаған құрылысы,

Болмайды таза еңбектің «бұрылысы».

Қиыршық қызыл құмға ғимарат сап,

Ғажапты жасап жатыр бүгін кісі.

Дубайдың арабы аз, крнағы көп,

Ыстык, ауа шыжғырар даланы жеп.

Жер тегін.

Ақааң болса Сарай тұрғыз,

Жылжымас мүлік болып қалады тек.

Арабтың көңілі — көл, жүрегі — жыр ,

Ақ шаңқан жейдеменен жүреді бір.

Қымтанып, қыз-келіні жүзін жауып,

Дәстүрін бұзбай өмір сүреді кіл.

Алласын тастамайды ауызынан,

Реніш білінбейді дауысынан.

Сабырлы, салқын канды, сөзге ұстамды,

Қонақжай азаматы тер ұсынған.

Асфальтты жолдары кең, оқтай түзу,

Аптабы жер қуырған оттай қызу.

Ел жайлы сыр шашу жоқ еш адамға,

Шұқылап,


Артық-кемін жіптей тізу...

Теңіздің бетіне сап «Мұнараны»,

Гүл егіп, жұмақ еткен құм-даланы.

«Әлемнің Сегізінші ғажабы» деп,

«Жер үсті Метроға» ел таң қалады.

Өртеңге өркен жайған гүл мен ағаш,

Біреудің күнкөрісі —біреуге оғаш

Темір тәртіп орнатқан арабтардың

Ешбір заңын жатжұрттық бұза алмас.

Ең күшті Алладан соң Халық қана,

Салыпты жоқтан жонып, алып қала.

Құнттаған Құран сөзі әлімсақтан

Түсірген жүрегіне жарық сана.

Тектілік, ар-намыстан мерейі үстем,

Көрінер ұлтжандылык, ерен істен.

Тоқыған жырдан шілтер Араб елі

абады тастан тамыр керек етсең.

Өмірден түңілдірмес үміттері,

Пенде боп ағат кетпес жігіттері.

Алла сүю-ынтыктық ақик,атқа,

Адам сүю-мейірім ғой жүректегі.

Дубайда тұрып терең ойға баттым,



Имандылык, сырына бойламаппын.

Исламның әміріне мойынсұну—

Ең тамаша тартуы бойға Хақтың!
АКТЕҢІЗ.

ӘСЕЛ.

ТОЛҚЫНДАР.
Жағадағыны сумен жасырып,

Кайықтағының сұрын қашырып.

Бірде долданып, бірде қомданып,

Теңіз жатады сұсын асырып.


Езуден аппақ жындарын шашып,

Ойрандап болып, жүгіре қашып,

Кескенмен кейде кедергілерді,

Әлсіреп сосын, «жылайды» жасып...

Жыландай толқын жағаны сүзіп,

Жармен ойнауы жүдә бір қызык,!



Кайтқан толк,ынмен «к,ак,пак,ыл» ойнап,

Өсершіл, қызым, жүр денең кызып.

Толқындар тарап шашыңды ұзын,

Арыстан болып атылдың, қызым!

Жал-жал толқынды жапырғың келіп,

Ата әруағын шакырдың, қызым.


Бойыңда бүла от — ыстығың ба,

Батырлығың ба, арыстығың ба?!

Қасарысасың қатал теңізбен,

Көк Түркілігің бе, барыстығың ба?!

Адуын күшке арқаңды тосып,

Теңдз шуына айқайды қосып,

Бойыңа сыймай селдеген сезім,

Толқынды жүрсің аймалай осып...

Теңізді асау жеңгің келе ме,

Толқынды ерттеп мінгің келе ме?!

Түбіне сүнгіп су перісіндей,

Асыл маржанын тергің келе ме?!


Жаныңды жей ме намыс қамшылап,

Жүзіңнен шыктар тердей тамшылап.

Ұғындым, қызым, қара көзіңнен

Ар-ұятың боп тұр ғой сан сұрақ.


Желкеден соғып, «ақырып» өтіп,

Әлсіздерге жасайтын әлімжеттік.

Долы теңізің түк қыла алмайды,

Рухың биік болса, ақылың тетік.


ҚЫЗ БАЗАР
Паттайа.

Теңіз.


Пальма — бәрі жаксы.

Сұлулар жүр кқиылып қара қасы.

«\Я/а11 Зігееі» — тар көше...

Оғаш базар.

Осы арада ерлердің кәрі-жасы.

Кыз-келіншек майысқан құлын мүше,

Катып-семген тағдырдың уын іше.

Сатылып...

Асырайды қара басын,

Тірі тауар-арулар, толы көше...

Шал-шауқандар жыл мүжіп кейпі кеткен,

Қыз-қайыңға қызығар көркі-көктем.

Гүл базарда жүргендей басы айналып,

Өр сұлуға сұқтанып, есі кеткен.

Кыз мойнында ілулі қағаз қалың.

Шарты...


Уақыты...

Бағасы «қабылдаудың»

Сыр бермейді бойжеткен тылсым, үнсіз

Тұншықса да демінен сасық шалдың.

Ұят қысса, бұрылып кете алмайды.

Жоқшяылыктың шылбырын кесе алмайды.

Актүтекте адасып кдлған жандай,

Өзін-өзі үмітпен неше алдайды.

Іші жылап, бержағы-жымияды,

Үлбіреген аруды кім кияды?!

Жетегіне жегіліп акхиалының

Барады ілбіп селт етпей «қу тұяғы».

...Бізде де..

Дардай ақын көшесінде,


Тізіліп тұр сұлудың нешесі де.
Өңмен тесіп, телміріп қарағанмен
Анау айтқан аш емес, есесіне.

Бізде де.

Үстіндегі салмақты кем көргендей,

Қорлығына адамның еті өлгендей.

Балпаң басып барады бай ұлындай,

Қара піл қара жерді көтергендей.


Ит тұмсығы өтпейтін жыныс іші,

Жалғызаяқ жолы бар, жаман иісі...

Жарықтықты таң көріп, қызық үшін

Пілге мініп келеміз үш-төрт кісі.


Піл басады тербеліп, ырғалақтап,

Керек жерде жөнелер сырғанақтап.

Шың басына қонған бір шіркейге ұқсап,

Ұшып кетпей отырмыз, Құдай сақтап.


Піл айдаушы сұққылап «шанышқысын»
Көрсеткен боп қояды оған қысым.

Еркінен тыс «құл» болып, «айдауда» жүр ,

Моп-момақан, болпиған, бала пішін.

Суға түссе нән кеме секілденіп,

Ақ айдынға береді асыл көрік.

Шын ауырды жүрегім жануарға,

Жанарының мұң басқан жасын көріп.
Тұмсығына орап ап шөп-шөңгені,

Аузына апарып лып төгеді.

Өз бетімен жайылып, еркін жүрген,

Бостандығын неге Адам көп көреді?!

Жайға қалды дем алып, кыдырғаным,

Карап тұрып қайнады зығырданым.

Бостан болмай, бақытты болмайды екен,

Менің, жалған дүниеден ұғынғаным.


АРАБ ЖАЗУЫ
Аят емес, бұл дегенің ою ғой,

«Сүкун, ташдид, танвиндерді» қою ғой,

Әр харакет дыбысталып сан түрлі

Қиялыңды шарыктатар ойын ғой.

Араб әрпі, бұл дегенің кесте ғой,

Аллаһ сөзі, Құран сөзі —кестелі ой.



Бәрі Рахман нығыметі деп түсіну

Әр пенденің жетесіне жетсе ғой.

Пешенеме бар тағдырым жазулы,

Кеш бастадым мен арабша жазуды.



Саусақтарда сәл-пәл ғана діріл бар,

Керек боп тұр бір мұғалім «азулы».

Ізгі істерді атқаруды түсінген

Жаратқанға иман айтар ішінен.

Жүрегіңді нұрландырар әр ғарпі

Киелі етіп Раббым Көктен түсірген.

Жазу емес, бұл дегенің — сұлулық,

Қасиетін көркемдіктің біл ұғып.

Дін — Исламнан бар Ғаламға әйгілі

Өзіндегі зор Құдірет, Ұлылық.


ҰШАҚТАН ҚАРАҒАНДА
Шуда бүлттың түү астынан
Жер кдрайды мөлдіреп.
Анамыз ол туысынан

Көзге ыстық, тым бөлек.

Күнге жонын жатыр тосып,

Мақтадан бұлт әдемі.

Сүңгі шыңдар шатырға ұсап

Көрінеді әуелі.

Граниттен қашалғандай

Катпар-кдтпар әрленіп.

Адам үшін жасалғандай

Гүл-ғажайып бұл көрік

Жарқайды айнадайын

Күн көзінде көл, теңіз...

Нұр сәулелі айналаны

Көңіл шалқыр көрсеңіз.

Бесінші бөлім

Әсем ән – көңіл ажары

ӘКЕ БАҚЫТЫ

Әнін жазған Айбек ЖАНСЕИІТОВ (Беркут)
Көңілден — күй, көмейден ән есіліп,

Далам жатса дариядай көсіліп.

Еркін елде еркелеп өс асылым,

Мейрімді боп, мерейімді өсіріп.

Қайырмасы:

Перзентімнің алғашы,

Тірлігімнің жалғасы.

Жүрегімді жібітіп,

Ғұмырымды жалғашы.

Желбіреген тұлымы

Айналайын құлыным,

Қуанышым, кызығым

Жанарында — күн нұры.

Қорғаның боп әке парыз өтейін,

Қысылғанда ақылың боп жетейін.

Сыңғырлаған сенің сәби күлкіңнің

Садағасы, Садағасы кетейін!

Асқак, арман — жетелесе Ертегі

Білім жина ғұламадай

Күлтегін. .

Өнер,өлең...

Қай салада жүрсең де,

Өз халқыңның алаңдатсын Ертеңі.
АРМАН

Әнін жазған Айбек ЖАНСЕШТОВ (Беркут)
Үзілді үміт жалғанбай,

Соғылды жарға ақ маңдай.

Сөйтсе де шырын — тәттіні

Армандай берем, армандай.

Жұқарып жүйке тозды ғой,

Жүйрігің — уақыт озды ғой.

Күрсініс жарып көкірек,

Күдік пен уайым созды бой.


Малып бір мұңға алғандай,

Көз жасынан малмаңдай.

Болса да титтей жүрегім

Армандай берер, армандай.



КӨКМОНШАҚ

Әнін жазған Айбек ЖАНСЕИГТОВ (Беркут)
Көк көзді сұлу қыз

Көңілімде, алыста.

Киялыммен кұшаққа ап,

Ұшып барам Ғарышқа.

Көктегі жұлдыздар

Жымыңдайды сырласып.

Аймалайды Ай сұлу

Алма деп сырды ашып.

Қайырмасы:

Жанарың мөлдіреп

Ұялып, күлімдейді.

Үстіңде ақ көйлек

Тал бойың дірілдейді.

Мойныңда — көк моншақ

Сұлулығың сонша!...

Сәулем-ау, сенсіз сәт

Кірпігім ілінбейді.
Бір тәтті сезіммен

Сені, жаным, аңсадым.

Бақыт болып сезілген

Бал ләззатты тамсадым.

Кетпеші қасымнан

Келбеті — Ай асыл жан!

Сыр ұғам қос қанат

Қиылған қасыңнан.



БАЛАҚЫЗ

Әнін жазғап Айбек ЖАНСЕЙІТОВ (Беркут)

Алардай қолмен Айды үзіп,

Секіресің, балақыз.

Еншіңде ғой сенің мол қызық

Думан дала, қаламыз.
Нұрланып жүзің — алқызыл гүл,

Жарып шыққан қауыздан.

Шайнаңдайды екі езуің

Босамастан сағыздан.



Қ а й ы р м а с ы:

Еркем менің билеші,

Өкшең жерге тиместен.

Қайғы-мұңды білмеші,

Құшағыңда — гүлдесте.

Еркем, еркін боп алдың

Бал-бүл жанып бақыттан.

Жұлдызың бар жоғары —

Түн алқасы жақұттан.
Киіп анаңның белдемшесін,

Тағып алып сырғасын.

Біз тақамен кеп, кердеңдейсің,

«Бойжеткен» боп шығасың.

Ақ самал тарап кекіліңді,

Ақша жүзің құлпырған.

Азат елдің сен — еңлік гүлі

Жүрегінде жыр түнған.


Қ а й ы р м а с ы:
Еркем менің билеші,

Өкшең жерге тиместен.

Қайғы-мұңды білмеші,

Құшағыңда — гүлдесте.


ҚАРШАҚЫЗ

Әнін жазғаи Айбек ЖАНСЕЙІТОВ (Беркут)
Каңтарда аппақ Каршақыз,

Көкшіл көзі мөлтілдеп.

Өзіңсіз сәнсіз шыршамыз,

Ұша қоймас жыр түлеп.

Мамыктай жұмсақ Каршақыз

Кырау түзген қалқатай.

Мәзбіз ғой көріп баршамыз,

Көктен түскен ұлпадай.


Қ а й ы р м а с ы:
Жыл бесігін тербетіп,

Жылым келді төрлетіп.

Жаңа Жыл Каршакыз болып,

Жайғассыншы төрге өтіп.

Жаңа Жылда бақ қонсын,

Жаңа Жылда құт қонсын.

Сый-сыбаға мол болып,

Бойға қуат, жұқ болсын.


Ертегі сынды ерке еді,

Сылқым, сұлу, керікті.

Жандырып жүрек өртеді,

Қардан киіп бөрікті.

От-шашулары шашылды,

Жұлдыз төмен құйылып.

Қаршақыз амал асырды,

Күміс белбеу түйініп.


Қайырмасы:
Жыл бесігін тербетіп,

Жылым келді төрлетіп.

Жаңа Жыл Каршақыз болып,

Жайғассыншы төрге өтіп.

Жаңа Жылда бақ қонсын,

Жаңа Жылда ұқт қонсын.

Сый-сыбаға мол болып,

Бойға қуат, жұқ болсын.


СЕЗІМ__Әнін_жазған_Айбек_ЖАНСЕЙІТОВ_(Беркут)'>ШУАҚ СЕЗІМ

Әнін жазған Айбек ЖАНСЕЙІТОВ (Беркут)
Жарғанда қауызын сезім гүлі,

Үміт ұшқыны — көзім нұры.

Көгімнен бір аппақ нұр себелеп,

Төгілді сен болып жүрек жыры.


Қ а й ы р м а с ы:
Лаулаған оттай сезім басылмасын

Шалқысын шыңдарға, биікке.

Бірге қарсы алайық

Бізге осы лайык,

Гүлдей Күн шүғыласын.

Лаулаған оттай сезім басылмасын

Шалқысын шыңдарға, биікке.

Бірге қарсы алайық

Бізге осы лайық

Шуақты таң шұғыласын!


Аңсаған ңол жетіп асылдарға,

Көңілдің бұлты аршылар ма?!

Сағыныш үзіліп түсіп жатыр,

Айналып мөп-мөлдір тамшыларға.


Ырғала тербелші биші қайың,

Өзіңмен арман-тауға бір шығайын!

Өнерде өрелі аққуымсың

Қасымда қанаттасып жүрші ләйім.


КЕЛЕМ ІЗДЕП

Әнін жазғанАйбек ЖАНСЕЙІТОВ (Беркут)
Жүзім жанып арайланып,

Сені іздеймін шыр айналып.

Өзіңменен егіздеймін,

Дүние кезіп сені іздеймін.

Сағым ойнар сары дала.

Менше сені сағына ма?!

Сәнім болып өміріме,

Гүл қадашы өңіріме.


Қ а й ы р м а с ы:
Аққу сезім ақ ұлпа арманым ба?

Арманымды үмітке жалғадым да.

Жүзіп келем толкынның жал-жалында,

Алланың көніп, жаным, салғанына.

Есімді алып мойыл көзің,

Жан жібітіп момын сөзің.

Құс боп қоншы білегіме,

Жалғыз өзің жүрегімде.

Келем іздеп шыр айналып,

Сені табар жыр айналып.

Нұр жүгіріп келбетіңде,

Жүрсең болды жер бетінде.


ПУЭРТО — РИКО

Әнін жазған Айбек ЖАНСЕЙІТОВ (Беркут)
Көк теңіз. Шағала.

Ақ күміс айнала.

Жердегі ол — жұмақ

Дүние —жұмбақ



Жатыр шулап...

Жұлдыздар от өріп,

Көңілді көтеріп,

Мас етіп махаббат

Өртендім мен,

Өртендің сені!


Қайырмасы:

Жүрегі күйіп,

Жалындап сүйіп,

Жолыққан сәулем!

Толқындай ізі жоқ,

Бір сәттік сезім боп



Күлесің еркелеп. Баладайсың,

Мазалайсың...

Нәзігім, қылықтым.

Неге тез ұмыттың?!

Жіптерін үздің-ау,

Ақ үміттің,

Неге ұмыттың?!
АЛЛО-ОУ!

Әнін жазған Айбек ЖАНСЕЙІТОВ (Беркут)
Жер мен Көктің арасынан

Сенен табам жарасым ән.

Касымда бол, қал, асылым,

Аяулымсың жаны ашыған.

Кайда сенің қоңыр үнің?!

Ести алмай мен мұңдымын.

Қалды ма әлде қақ бөлініп,

Үнсіз сота құрғырың?!


Қайырмасы:
Алло-оу! Алло-оу!

Халің калай сұлу қыз,

Байланысқа шығыңыз...
Сен дегенде енді мен не дейін,

Сен дегенде мен еркелейін.

Сені іздеумен таң да атты,

Сезімсің ғой ең тәтті.

Сен дегенде енді мен не дейін,

Сен дегенде мен еркелейін.

Аққу аппақ қауырсын

Қымбат маған дауысың


Кайырмасы:
Алло-оу! Алло-оу!

Халің қалай сұлу қыз,

Байланысқа шығыңыз...
Жер мен Көктің арасынан

Сенен табам жарасым ән.

Қасымда бол, кақ асылым,

Аяулымсык, жаны ашыған.

Алло-оу! Алло-оу!

Халің қалай сұлу қыз,

Байланысқа шығыңыз...

Кайда сенің қоңыр үнің?!

Ести алмай мен мұндымын.

Калды ма әлде қақ бөлініп,

Үнсіз сотка құрғырың?!

Алло-оу! Алло-оу!

Халің қалай сұлу қыз,

Байланысқа шығыңыз...

Алло-оу! Алло-оу!...

СЕЗІМ

Әнін жазған Қазақстан Республикасына

еңбек сінірген әртісі Жорабек ШҮЛЕНБАЕВ
Жанардан шұғыла нұр шығып,

Бақытқа баттым тұншығып.

Ерітіп жанды барады

Кеудемнен құйттай Күн шығып


Төңірек түгел лапылдап,

Өртеуге шақ жақындап...

Ысынды жанып көкірек

Махаббат — оттан жалқындап.


Жүрегім-жалын күйіп тұр,

Төбеме Көгім тиіп тұр.

Сабат ауа, ну ішін

Бар болмысым сүйіп тұр.


Сезімді тербеп әсем ән,

Қиялдан мүсін қашаған.

Ойнайды шалқып ақ сәуле

Уысқа сыймай, Жасаған...


КҮН МЕН АЙЫМ

Әнін жазған Айбек ЖАНСЕЙІТОВ (Беркут)
Асылымсың жетем деген,

Өзіңе мені тағдыр жетелеген.

Қыраныңдай қарсы алып мен шыға алам,

Аққуым самғай ұшып келші маған

Сен болып шықау биік жыр — шағалам

Жан-жүрегім тыншымаған, сенші маған.


Қ а й ы р м а с ы:
Жанымдасың сен,

Жалындайсың сен.

Жылуыңнан жылжиын жылынайын....

Көктемгі құстай

Мен қалсам ұшпай,

Жақында құлағыңа сыбырлайын.

Жанарда жасым

Жарамды басып,

Көзіңді салшы маған

Күн мен Айым.

Арманым — сен асығамын,

Арналып бір өзіңе асыл әнім.

Байқатқан жан-дүниеңнің аппақ кезін

Қайдасың ұлпа, нәзік, кәусар сезім?!

Сен болып шырқау биік жыр — шағалам

Жан-жүрегім тыншымаған, сенші маған.


НӘЗІГІМ

Әнін жазған Мэлс ӨЗБЕКОВ
Жетелейсің арманды ұдай

Бүршік жарып жасылдай.

Жанарыңның мұңы бардай,

Кейде жалын, жасындай.


Қайырмасы:
Сен — көзімнің жалтылысың,

Көңілімнің жаркынысың,



Асылымсың, жан тынысым, Нәзігім.

Белгісі ұят ізінің сен,

Бетіңдегі қызылыңмен,

Сырлы, сынық наз үніңмен, Нәзігім.

Нөсер күнгі жел — самалдай

Жайлы, жұмсақ мінезің.

Билеп алдың жан — сарайды,

Менде ес жоқ, біл өзің.



САҒЫНДЫМ, ЖАНЫМ, САҒЫНДЫМ

Әнін жазғаі Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген әртіс Жорабек ШҮЛЕНБАЕВ
Сезімге, жаным, бағынам,

Көрмесем сені сағынам.

Тербеліп жүрек теңіздей

Шалдықтым шаршап сені іздей.


Қ а й ы р м а с ы:

Сағындым, сені, сағындым

Жарқылындай лағылдың.

Асыл нұрдан жаралдың

Сәулелі ғой жанарың.
Жаның жас сенің арайлым,

Жырымды саған арнаймын.

Өзің деп күнде көз ілдім,

Арқауы босап төзімнің.


Қ а й ы р м а с ы:
Сағындым, сені, сағындым,

Бір өзің деп сабылдым

Арман атты сағымның

Арасынан табылдың.



Сөзіңнен тәтті «сіз» деген,

Лүпілін жүрек іздегем.

Азабың, жаным, сөз бе екен,

Үміттің жібін үзбеген.



Үніңнен сенің мақпалдай,

Үзіліп маржан жатқандай.



Ғажайып сырлы әлемің,

Қасыма келші, әдемім..
АҚҚУ ӘН

Әнін жазған Аман МАЛДЫБАЕВ
Жастығым болып бір сағым,

Көп іздеп сені шаршадым.

Шығынан таңның алғандай

Жүзіктей жүзді аңсадым.




Қ а й ы р м а с ы:
Ерке наз сазыңды тыңдап,

Өтеді өмір, өтеді зырлап.

Айдын көл жаққа асыға ұшып

Аққуым барад,

Аққу ән барады қанатын бұлғап.
Өніңнен коңіл гүлдейтін,

Жан кілті сенде жүр дейтін

Серті ғой сері сезімнің,

Махаббат отын іздейтін.

Көмекей толы балкып ән,

Алаулап оттай шалқыған.

Жібектей жұмсақ саз-әуез,

Шарықтап көкте шалқыған.


МАХАББАТ МҰҢЫ

Әнін жазған С. ӨСЕРБАЕВ
Сезінген бір кез еді өмір демін

Мен содан шектен аса көңілді едім.



Қолайсыз қарасыңнан қоңыр тартып,

Қасыңа қарлығаш боп төмендедім.


Қ а й ы р м а с ы:
Жаныма салып бір қайғы,

Селт етпей сезім қинайды,

Кеудеме жүрек сыймайды.

Ерке-наз асырап,

Жұмбағын жасырып —

Махаббат мұңын сыйлайды.

Айрылып гүл сезімнен, өзімнен де,

Ән қалды шорт кесіліп, үзілді де.

Секілді сыбызғыдай сырлы даусым

Айналды қысқа-қысқа үзіндіге.

Қалатын сәл нәрседен көңілім азып,



Жүрегім сезімтал-ды, ойым — нәзік.

Жалт етіп бір тастаған көзқарасың,

Болғанда дәтке-қуат, ойыма - азық.
Қ а й ы р м а с ы:
Жаныма салып бір қайғы,

Селт етпей сезім қинайды,

Кеудеме жүрек сыймайды.

Ерке-наз асырап,

Жұмбағын жасырып —

Махаббат мұңын сыйлайды.


КЕЛШІ, ҚҰЛАНҒА

Әнін жазған Мэлс ӨЗБЕКОВ
Маңдайын Күн сүйіп,

Карайды сыр түйіп.



Каракқыр — тау биік,

Арайлы белім!



Ак, гүлі жерімнің

Актаған сенімін,



Мақтаны елімнің —

Алмагүлдерім.


Қайырмасы:
Көркің — әсем көктем,

Құмырсқа бел, көкем,

Күлімдеші, күлші,

Жүзің — гүл, алма!

Үмбет құмын асып,

Жібек жолын басып,

Келші, сәулем, келші,

Біздің Құланға.


Қарама тым тұнық,
Сәбидей монтиып,


Басыңа гүл түйіп,

Қолыңды берші!

Сұлутөр шұрайлы,

Келін боп шырайлы,

Серік боп шынайы,

Қасыма ерші.

Карақаттай көзің,

Балдан тәтті сөзің

Алаулаған сезім

Бақытым менің!

Жон-жотаны баса,

Кел, терейік болса

Қаракатпен қоса

Уакыт гүлдерін.


КӨКТЕМ

Әнін жазған М. МҮЛКӘРАЗОВ
Жалының — отың қайдалар,

Қылықты жардай аймалар

Көңілді бүрлеп, көктетер

Көктемдей маусым қайда бар?!

Кұмар боп жастық-жасылға

Жеткенде оған асыға,

Желпінтіп жігіт желігі

Түсірер сан ой басыңа.

Қайырмасы:

Әлдилер асқак, ән — кезбе

Аққудай аппак, бал кезде!

Көрінбес, әсте, әсем боп

Сүйгеннен басқа жан көзге.

Арынды жүрек — тұлпары

Жұтады дала жұпарын.

Талшығын талмай күзетіп

Ақ торғын сезім — жұқаның...

Бөктердің кіріп реңі,

Қырмызы қыр да түледі.

Көктемнің көркем екенін

«Он сегіз» жақсы біледі.
Қ а й ы р м а с ы:
Әлдилер асқақ, ән — кезбе

Аққудай аппақ бал кезде!

Көрінбес, әсте, әсем боп

Сүйгеннен баска жан көзге


МАРАЛЫМ

Әнін жазған Казақстан Республикасына еңбек сіңірген әртіі Жорабек ШҮЛЕНБАЕВ
Жымиясың, еркем-ау, жас баладай

Көз тоқтатқан қалады қас қаға алмай.

Жанарыңнан мөп-мөлдір таңғы шықтай

Жалғыз маржан тұрсыншы жас құламай.



Қайырмасы:
Ах -а-ау, маралым-ай,

Көзіңе көзім түсіп, нәр алдым-ай!

Еркелейсің, еркем-ау, есімді алып,

Сел сезімнен отырмын өртсіз жанып.

Жаны — нәзік, сәбидей бал мінездім,

Көлеңкелі көгімді еттің жарық.


Аяғыңды жүресің еппен басып,

Кербез кейпің маралым, еткен ғашық.

Саған деген сағыныш сыймай жерге,

Асқарынан Алатау кеткен асып.


ЕҢЛІК ГҮЛІМ

Әнін жазған Казакстан Республикасына еңбек сіңірген әртіі Жорабек ШҮЛЕНБАЕВ
Еңлік гүлім ерте шыққан нұрланып,

Гауһар татай жарқырайсық қырланып.

Үлбіреген үмітімді әлдилеп,

Телміремін ақ жүзіңе ұрланып.


Білгендейін жете алмасын алқынып,

Сабыр тауып, қалса көңіл тартынып.

Мұңды күйдей қарт қобыздан есілген,

Мазалайды жүректен бір зар шығып.

Ецлік гүлім, шыцға біткеи ырғалып,

Өзгермесін бал-бұл жанған нұр қалып.



Бақыттымын, гүл сезімім сөнбестен,

Махаббаттан тұрса, мейлі, мұңданып.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет