АҚын — сезім перзенті



бет3/4
Дата18.02.2018
өлшемі1,61 Mb.
#37809
1   2   3   4

ҚАЛПАҚ ПЕН ҚАМШЫ
Бөрік киіп басыңа

Бөлекше ұл бол,құлыным.

Ерсіленбе, тасыма

Ерекше ұл бол,құлыным.

Тақия киіп төбеңе



Төрге өткін, құлыным.
Ұқсап бабаң Төлеге
Төрелік еткін, құлыным

Тұмақ киіп қазақша
Дара болғын, құлыным.

Дархан мінез қазаққа

Дана болғын,

құлыным.


Қалпақ киіп, шынында

Қайқайып жүрші, құлыным.

Алатаудың шыңындай

Шалқайып жүрші, құлыным.

Камшыны ұстар қаттырақ

Сесті болғын, құлыным.

Бәрінен де жқсырақ

Есті болған,құлыным.

Ерікті елдің ұланы

Еркін болғын, құлыным.

Сағынар апа —тұрағы —

Төркін болғын, құлыным.

Өзіңді-өзің қамшылап,

Намысты бол, құлыным.

Тіліңнен бал тамшылап,

Жарыссаң оз, құлыным.

Артық сөзді білмейтін

Апаңдай болшы, құлыным.

Сүймесе перзент шөлдейтін

Атаңдай болшы құлыным.

Нанын адал табатын

Әкеңдей болшы, құлыным.

Таусылмас сабыр-тағаты

Шешеңдей болшы, құлыным.

Қалпак, киіп, қамшы ұстап,

Жігіт болғын, құлыным.

Дуалы ауыз қартқа ұқсап,

Жасап тұрмын ырымын.

Табыл жақсы қасынан

Күн иісті тұлымдым.



Бақ кетпесін басыңнан

Менің титтей құлыным!



ДӘРІГЕР
Жамбыл облыстық

ауруханасының

хирургия бөлімінің менгерушісі

БАҚЬІТЖАН МАҚҰЛБЕКОВКЕ
Тұрсам да мен дертімнен күдіктеніп,

Алдыңа келген едім үміттеніп.

Бойымнан бар сырқатты куып шыктың

Жебеуші періштемдей күліп келіп.

Жалғанның кайта таптым мен шуағын,

Қу шыбынның қарашы, тыншығанын

Бір Аллаһ және өзіңнің арқаңда ғой

Өріліп жатса бүгін жыр шумағым.


Жанымды жұбатардай жараланған,

Сөзің-нық, жүріс-ширақ дараланған.

Сегіз қырлы, бір сырлы сыйлы жансың,

Кәсібіңе адалсың қалап алған.

Еңбегің елене ме қайысқанмен,

Ажалмен бетпе-бет кеп алысқанмен?!

Өзің тұрмак, кезекші медбикеңді

Теңеймін «елім» деген арыстармен.

Айтқызбай ұғысатын бағып жанар

Шын білгір емшілерден бағың жанар!

Саусақтары сиқырлы дәрігерсің,

Сан сырқаттың сайтанын қағып алар.


Мәңгілік пәлсапа ғой — Өмір,

Өлім Екеуінен күй болып төгілемін.

Жүрегім жүрегіңнен от алғандай

Жап-жарық нұрға толды төңірегім.



ТӨРТТАҒАНДАР (1)
Кітабың — қасиетті Құран Кәрім,

Жөн болмақ біліп алу мұның бәрін.

Ділің таза, тіл-қазақ, дінің — Ислам,

Намазға тұр, бекісе буындарың!


Ұланым, сен-періште, ақ тілеулім,

Білмейтін бөтенсуді пәк жүрегің.

Ата-әже алақаны аялаған

Болады жаның жомарт, нақ білерім.

Дей алмаймыз Әлемде аз мұсылман,

Бостан елміз, назына наз қосылған.

Түспейтұғын аузынан «Алла-жары»,

«Шүкір, тәубә» дейтұғын әу басынан.


Сәби — ұлттық үміті, болашағы,

Аналарға бесік жыр жарасады.

Халқымның әл-қуаты өскен сайын

Деп сенем арта бермек бала саны.


Әрқашан жүзің жарқын сүйікті ұлым,

Аспаның ашық болсын, биік күнің!

Өкініп жүрмес үшін өткеніңе,

Еңбегім жансын десең, таппа тьным.


«Аллаһу акбар!» деп Алласын ұлықтайтын,

Аә иләһа иллил-лаһпен ұйықтайтын,

Момын қазақ баласы «Бисмилласын»

Іштей айтып жүретін, ұмытпайтын.


Түлкідей қызыл жастық шақ
Бұлаңдап өтті-ау асыр сап.

Кешіре қоймас жас ұрпақ

Кемшіліктерді жасырсақ.
Тұрғандай құлын мүшем, құлын көрік

Карайсың жанарыңның нұрын төгіп.

Ақылға дес берместен асау сезім,

Жатырма жүрегіңе үміт егіп...


Калайды көңіл ыстығын

Арманы асқақ жастығың.

Лапылдап от боп жүресің,

Жаз түгілі, қыстыгүн.


От алған Каратаудың етегінен

Мен-шоқпын, сәл үрлесең көтерілген.

Шынтуайтқа келгенде озатын жан-

Сезімге ақыл басшы ете білген.


Білдім қағаз екенін «пұл» дегенің,

Ой жалғыздығы екенін «түл» дегенің.

Тойымсыздық екенін «құл» дегенің,

Жан бақыты екенін «күн» дегенің.


Ар тазасы екенін «күн» дегенің,

Жан тазасы екенін «дін» дегенің.

Болмысыңның пәктігі «діл» дегенің,

Кандастық қарындастық «тіл» дегенің.


Кетер ме екен үзіліп,

Жүрегім дұрыс сокпады.

Жегідей жейді жанымды

Сырқаттың ауыр токпағы.


Ақ сылаң шаң басады

Жасыл шөпті тепсеңде.

«Тәубә» жуар күнәні

Таудай болып кетсе де.


Кай дінде, қай нәсілі,

Өзі де білмейді, әсілі,

Мәңгүрт деген жұрт болды,

Жүйкені жеген құрт болды.


Қазіргі кезбе сиреген кезі катардың,

Киылып, кимай кызарып көзі батар күн.

Жүректің нәзік пернесін уакыт шертеді,

Жүретін шақ қой күлкі мен өзі қатар мұң.


Жанарда — күлкі, көңілінде шаттык, қарттардың,

Бүгінгі кеш айтылар мадақ, құптар күн.

Мерейлі тойын ата-әжесінің өркені

Ұлағат етіп, есінде ұзак, сақтар күн.


Адам боп келіп өмірге,

Адам боп кету — жалпы сын.

Еңбекқор, мекем ісіне

Өзіңдей болсын әр кісің.

Атадан канша болсаң да

Көз жұмар шақта жалқысың.


Адамдық пен адалдықтың құлы адам,

Бакыт, ырыс кірсе үйіме құп алам.

Пайымы бар, кайырымы мол жан көрсем

Ар-намысы биік қой деп куанам.


Бастың емес, көптің қамын жейтұғын,

Үлкенді — аға, кішіні — іні дейтұғын.

Тұлпардың тұяғы көріп, әспеттеп,

Жігіт сұлтаны, төресі осы дейтінмін.


Бақыттымын, қамаламай ой-орман,

Ұл~қыздарым шықса ылғи ойымнан.

Кісіліктен,кішіліктен аттамай

Асқақ рух есіп тұрса бойымнан.



ЕКЕУМІЗ
Ерттеп ұшқыр уақытты

Кай белеске жеттік біз.

Таппақ болып бақытты

Неше өткелден өттік біз.

Қайғыны да қақ бөлдік

Жүрекке жеңіл болсын деп.

Азды бойға шақ көрдік

Қанағат аулы қонсын деп.


Кітаппенен суарып,

Гүл өсірдік көңілге.

Отырушы ек қуанып,

Өлең келсе өмірге...


Кінәсі жок, аққуға қалай ғана оқ аттың,

Түсің кетті бұзылып, өсек сөзді бораттың.

Тас-талқаны шыққан соң менің нәзік жүрегім,

Саған деген сүйкімді сезімімді жоғалттым.


Ұсақ-түйек сөз куу жараса ма жігітке,

Осыншама құл болып кеткенің бе күдікке?!

Өзгелердің ұясы бұзылмасын десең сен,

Өрт қоймағын ешқашан арман толы үмітке.


Іштей әбден күйзеліп,титығымды шығардың,

Астан-кестен бүлінген жай-күйімді ұғар кім?

Жан әлемім дәл кәзір қырық жамауболып тұр,

Сызат түссе сенімге бұған қалай шыдармын?!.


Ақындарын ардақтап, еркелетер өз елім,

Бағалайтын жырымды жұртым барын сеземін.

Қадірімді түсінбей қара күйе жақсаң сен,

Дей алмаймын тоңмойын мінезіңе төземін!..


Жарқылдап кеп ем қасыңа,

Жағымнан тартып жібердің.

Орнатып тозақ басыма

Кап-қара бұлттай түнердің.


Елік ем нәзік еркелер,

Шошынып, катты дір еттім.

Қаталдық неткен көр, керең

Пәршелеп кетті жүректі.


Өлтіре мені жаздады,

Аяусыз аткдн мылтығың.

Өкініш оты маздады,

Жүректе қалды тыртығы...


Калайша сені түсірген

Торына топас пенделік?!

Торығып, солып ішімнен

Дал болып тұрмын сенделіп.


Бір уыс болдым бүрісіп,

Батыл ем тауды жайлаған.

Кеудемнен жатыр жыр ұшып,

Мұңайып, бармақ шайнаған...



ЖАРЫМА НАЗ
Буынсыз жерге ұрынып,

Жүресің кей сәт «жұлынып»,

Жүйкенін ісі деп мұны

Көрмеп ем, әсте, куынып.

Кертөбел аттай «желісің»,

Кеңейе берсін өрісің.

Дей алмас сені әлі ешкім

Жаман «шалдың» бірісің



Жігіттің бегі, езі емес,

Саған «жетпіс» сөз емес.

Аллаға шүкір, денің сау,

Болбырайтын кез емес!

Жырлаймын сені дәріптеп,

Сөз басындағы Әліп деп.

Тәңірім қола мүсінді

Бере салған-ау алып кеп...

Көктегі күндей мейірің,

Бұлақтай мөлдір пейілің.

Теңіздей толкып кей кезде,

Мінезің шата, иірім

Өкпелейсің бұртиып,

Қабағың шытып, дүрдиіп.

Каталдау болып мінезің

Көрінер сыртқа бір тұйық..

Ойымды үнсіз тап дейсің,

Адалдық —бізге бақ дейсің.

Сәбидей сөзге иланып,

Зұлымды кейдепәк дейсің.

Кезің жок, сенім шайқаған,

Ақтығыңды дәйім байқағам.

Сыйлаган сені Тәңірге

Күніне мың сан тәубе айтам!


«Жалаңаяк, жар кешіп,

Кызылаяк, қар кешіп»

Елу жыл бірге келеміз,

Әупірім, тәубә, жан десіп.

Жарты ғасыр уакыт бұл,

Жанұялык, бақыт — бұл!

Арналды қанша өзіңе

Жүректегі жақұт жыр.

Қуаныш, қайғы көп көрдік,

Талай іс бастан өткердік.

Шындықты іздеп шырылдап,

Жалғандықты жек көрдік.

Дұшпандык, көрсек ықпадық,

Қиындык, болса бұқпадық.

Дос-жаран, бауыр, жакынның,

Көңілін, әсте, жықпадық.



АЛПЫС БЕС ЖАС
Иесіндей боп жер-көктің,

Биіктен маңғаз қарайсың.

Өзіңнен кіші еркектің,

Балаға бәрін балайсың.

Даналығы деп халқымның,

Мақал — мәтелге мән беріп.

Даралығы деп қартыңның,

Аймаққа жүрсің сән беріп.

Бір кезде болған ұлы арман,

Каракөздерден қаймығып.

Жер сүзіп жанар ұялған,

Кайырыла алмас халді ұғып.

Қадірін біліп ерекше,

Әр бұйымыңды құнттайсың.

Заманға сай бөлекше,

Ақылын жастың құптайсың.

Ілім мен білім — барыңды,

Ұрпағыңа деп бағыштар.

Өмірден ұтылғандарыңды,

Өкініш өлшеп нақыштар.

Жалғанын жасыл дүниенің,

Білсең де қимай, уайымдап.

Алланың жалғыз екенін

Қойдың ба мүлде мойындап?



Түлкідей қызыл жастык, шақ

Бұлаңдап өтті-ау асыр сап.

Сене де қоймас жас ұрпақ,

Сырымызды бүгін жасырсақ.

Ойлана қалсаң «әттең» көп,

Бос өткен уақыт қаншама!

Немереге жақсы Ата боп,

Катеңді түзе біршама.


АТА
«Ата» дегенің абыройлы ат, пайымда,

Сезесің оны тектілік жатса бойыңда.

Өмір жалына іңкәрлікпенен жармасып,

Өркенің үшін үлкен жүк салып мойынға.



Акеден бүгін, ақкөйлек Ата атанып,

Оралып етек немерелерге, маталып.

Өзіңнен-өзің шежіре шалға айналып,

Тырысып жүрсің жібермеу үшін қаталық.



Көзбенен сүйіп, жаныңнан шуақ шашасың,

Бейәдеп сөзден ыңғайсызданып қашасың.

Ақсұңқар етіп балапандарын баулыған,

Әулетіміздегі қадірлі қартсың, Атасың.

Шықса екен дейсің ұл-қыздарым ойымнан,

Айнала түгел қамап алғанда ой-орман.

Кісіліктен де, кішіліктен де аттамай,

Асқақ рух есіп тұрады сосын бойыңнан.


Тірліктің мәнін қаншалыкты сен түсіндің,

Шындыкты мөлдір сіңіріп қанша тұшындың?!

Білім мен білік және тілің жеткенше,

Қаншама жасқа шұғыла, сәуле түсірдің?!

Шөбере-шөпшек көлеңкелеген ығыңда,

Шынарсың биік Алатау шырқау шыңында.

Буын қатайтар беделді болса өсиетің,

Өскінің терең тамырлы болар, шынында.




ЖҰБАЙ СЫРЫ
Жарты ғасыр жібіте алмай

Қабағыңның тоңдарын

Аязда да күйіп-жандым,

Шілдеде де тоңғанмын.

Ой орманын аралағам

Іздеп себеп іздерін.

Жүрек қанша жараланған

Сонда да үміт үзбедім...

Тым сезімтал ақын жаным

Нәзіктікті ұнатқан.

Жылынамын, асыл жарым

Көзіңдегі шуақтан.

Жібек мінез, қыз қылықпен

Ақылды алға салдым мен.

Аңғалдықтан сен үріккен

АДАЛДЫҚТЫ алдым мен.

Ұя бұзбас ұяңдықтан

Қанаттанып қалдым да,

Пәк сезіммен алабұртқан

Кішірейдім алдыңда.


Ғашық еткен өр мінезің

Әлде жүреке кінәлі.

Бақыт-бағым тек бір өзің

Болмасыншы күмәнің!

Өзіңсіз, жарым, түк емес маған тіршілік,

Оттегім-сенсің, әйтпесе қалам тұншығып.

Жырақтап менен, жүдетпе титтей жүректі

Тұрсыншы десең сабырмен соғып, тыншығып.

Алыстай көрме, алыстасаң — адасам,

Бақытым сенсің, қолкұсың болам, қаласаң!

Арманым бар ма бес күндік мына жалғанда

Қиналған кезде қажетіңе сенің жарасам...

АҚЫН НАЗЫ
Кінәмшілмін, аса сөйлеп, зекіме,

Сәбидеймін көлеңкеден тоңатын.

Мен — бояқты саламын ғой есіңе,

Ыссы суға тисе тез-ак, оңатын.

Жаным жылар, батпаса да етіме,

Тас емеспін, сақтайтұғын о қалпын.

Катты кетпе, жаралама жанымды,

Аялағын, болсамдағы «жазықтың»,

Үзе көрме, әуелеген әнімді,

Мен-пендемін, жаратылған нәзік тым.

Айтсаң айтқын, уәжіңді нанымды

Тік тұратын алшысындай асықтың.

Кылтасынан үзілген гүл іспетті,

Сұлық түстім, үлкен «кінә» тағылды.

Былайғы жұрт десе дағы «нең кетті?»

Ақ арыма қара күйе жағылды.

Жүрегімнің бір талшығы үзіліп,

Сен жақтағы терезесі жабылды...

Үйлесімдік, жарасымдык, бұзылды,

Жанға-шуақ, бойға-қайрат беретін.

Киял-быт-шыт,таң көретін қызылды,

Ай сәуледен әдемі арман өретін.

Ақын көңіл баса алмай от-қызуды,

Кәкті ҚОЙЫП,

Жерден жүлдыз теретін.

Кызыл тілің көмейіңді күйдіріп,

Басып қалдың жанып тұрған жалынды.

«Келін өкпе, кемпір назға» қитығып.

Нысанаға ар-намысым алынды.

Шындық шіркін бозторғайдай шырылдап,

Кызғаныштың құрбаны боп шалынды...

Ентіксем де сезіп келген күз демін,

Тауға шығып гүл, к,ызғалдак, іздедім.

Қырдан төмен сырғып келе жатсам да

Бал тірліктен күдерімді үзбедім.

Жеңілденіп,

Етек-жеңді түрініп,

Жасыл шөптің шырышына сүрініп...

Жан жадырап,

Көңіл, шіркін, жасарып,

Бара жатты өшкен сезім тіріліп...


ТӨРТТАҒАНДАР (2)
Көңіліме келер ойлар қайдағы,

Бұзылмасын тепе-теңдік қаймағы.

Ақтала ма, ақталмай ма үміттер

Түлкі тектес жандар барда айлалы!?


Көңілде

Көлдей сырым бар,

Жазылмай жүрген жырым бар.

Ұғатын,


Ұкпас ұлым бар.

Жазықтым —

Жазмыш, ұғыңдар!
Әрең басып жүрек-қанның тасуын,

Ертеңіңді,

Сені ойладым, асылым.

«Тәк-тәкпенен» тоқтатамын өзімді,

Балап баққа жанарыңның жасынын.

Ұға алмаса шалағай жан сөз парқын,

Айырмаса жібек пенен бөз нарқын,

Сабырынан,

Салмағынан айрылып,

Күйіп-жанар осындай бір кезде ақын.


Бітімің-кесек,

Мінездім.

Әніңе келсек —

Әуездім.


Кереғар мінез,

Болмысқа


Болып тұрмыз әуес тым.
Әр шумаққа әр беріп,

Үмітімді үкілеп.

Сылап,

Сипап өң беріп,



Жүрмін жырды үпілеп.
Ойы ұшқыр, көңілі сара асыл жандар,

От болып, алау болып басылмаңдар!

Келісім, бірлік, тірлік арқасында

Бүр жарып,

Бүршік атып ашылғандар,

Асыл жандар.


Дүниеге — ғапыл асық көп

Мұң жауғанмен себелеп.

От-өмірге ғашық боп

Жанып өлер көбелек


Жұмбағың кеткен «жұтылып»,

Калғансың маған тұтылып.

Алпыс екі айлам бар,

Құтылып көр енді, құтылып!?


Мен де бірі қаны таза қазактың,

Өлеңім де болмысымдай азат тым!

Содан шығар жасандыққа жаным қас,

Шын құлымын Шындық атты ғажаптың.


Шумағынан жырыңның

Тұрсын, жаным, от тамып.

Шуағыңнан жылындым,

Жүрегіңнен от алып.


Ұяң да ұялшак, жырларым менің жылап,

Жұртымның жан айқайын жеткізеді.

Бұландаған бұла өмірде, бірақ,

Халқымның арманы мол, көп тілегі.


Істің орнына пысықай, мылжың сөз келді,

Ақысыз «тұяқ қимылдатпайтын» кез келді.

Уәжге токтайтын сабырлы, салқын мінез жоқ,

Кеще надандыққа заман өзгерді.


Бір кісідей тыңдай ма үлкен сөзін,

Керкеткен ұл санаған өзін дана.

Тіл құрметтеу, ұлт сүю-үлкен сезім,

Екенін ерте ұғынар өсер бала.


Тірлігінде тең мазалы іс, азабы,

Ауылымның аңқылдаған қазағы.

Үлкен айтса, қабылдайды Каулыдай,

Үлкен айтса, тақ тұрады ғажабы.


Алтын Күннен жылу алса бусанып,

Кейде бұлтпен Көк күнбезі қоршалып.

Каратауым ой мүжіген қарттайын,

Сәл мүлгісе, отыратын күш алып.


Тірлік күрес-зерделі болсаң,

Ізетті, үятты-перделі болсаң.

Күн көңіліңе намыс ұялаған,

Батыр жүректі, кеуделі болсаң.


Ой-кәртеміш, ертеңін мың ойлаған,

Көрер көз дүниеге бір тоймаған.

Жұпар жырым-шын сыры жан-дүниемнің

Жетсе деп жүректерге күнде ойланам.


Сыр ашыла қоймаса, шын қоймаған,

Сыйласар көлгірсімей тек ойлы адам.

Тереңде тұнған алтын секілденген,

Шапағы алтын түсті Күн айналам,

Үкілі үміті боп мен байланам...

Үйіріп миығыңа мысқыл күлкі,

Қарайсың қыр көрсетіп кәдуілгі.

Алдайсың алып-беріп саудагердей


Нәпсінің құлы болған кәрі түлкі.

Кырмызы дүниенің бәрі сәттік,

Демесең базарынан бірге қайттық.

Сендейлер түсіне ме өзге мұңын,

Дәулетті көтере алмай болған тәйтік.
Ол дүниенің сыры жұмбақ,

Калың перде тұтулы. Мәлімсіздік...

Ойға алсаң-ак, Кашырады құтыңды.

Әлем тұнған нақыл сөздің жиыны,


Сөз — өмірдің салиқалы түйіні.

Асыл ойдан өнеге алу, үйрену —

Азаматқа қиынның ең қиыны.

Ыстықты ыстық, суыкты суык, демеген


Жаманды жаман, жақсыны тәуір көрмеген

Серпілте қоймас сезімсіз жанды ештеңе,

Калыс бол, жаным, алыс жүр ондай пендеден.

Теңмін дерсің,

еріңе еркін сөйлесең,

Ұтыларсың —

кетті десең бір есем.
Алға кетсең — көз құртар,

Артта қалсаң — сөз құртар.


Қолыңда сенің гүл болды-ау,

Жүрегіңде — Күн болды-ау.

Тас қамалға соғылып,

Аяулы сезім күл болды-ау!..


Сен гүлімсің ерте шыққан нұрланып,

Жакқұымдай жарқырайсың қырланып.

Үлбіреген үмітімді әлдилеп,

Телміремін ақ жүзіңе ұрланып.


Сезетіндей жете алмасын алқынып,

Сабыр тауып, қалса көңіл тартынып.

Ащы күйдей қарт қобыздан есілген

Мазалайды жүрегімде зар тұнып.


Еңдігімсің шыңға біткен ырғалып,

Жеткізе алмас нұр бейнеңді жыр анық.

Бақыттымын, гүл сезімім сөнбестен,

Тәтті мұңнан тұрса жанар дымданып.


Төбеңде Күн тең бөлетін жарығын,

Жігітсің ғой, қиналмашы, жарығым.

Ақылменен арыстанды жеңе алсаң

Көрер едің еңбегіңнің қарымын.


Аталы сөз айта алады саналы,

Шұғылаға шомылдырып сананы.

Адам ойы — асыл болмай, іс оңбас.

Ел ұнатар, әсте, көңілі сараны.


Ең киыны — өзіңді-өзің түсіну,

Ең оңайы-акыл айту «ісіну»

Құлазыса кейде жаның жалғыз боп,

Оған себеп —уды бал деп ішіру...


Пенденің мол рахаты мен азабы,

Бар зұлымдык, — адамнан ғой, ғажабы.

Ақтарыла шын куанар сен үшін,

Табу қиын ниеті пәк, тазаны.


Төбеңде Күн тең бөлетін жарығын,

Жасымағын, жан ауыртпа, жарығым.

Естісің ғой, икемделгін өмірге,

Басылмасын өмірге іңкәр арының.


ҮМІТ
Жалғанның шырғалаңы шыр үйіріп,

Еншіңе туа сала мұң бұйырып,

Жаралған сәби едің мұңлык, болып,

Төбеңнен мәңгі тұрсын нұр кұйылып.


Қорғаның — періштедей әкең барда,

Бойжетіп келесің сен өсіп арда.

Ата-әжең мейіріміне шомылдырып,

Жетелер махаббаты армандарға.


Үмітжан, бар үмітің ақталсыншы,

Бір Аллан не тілесең жак, болсыншы!

Отырған той төрінде үлкендердің,

Асылым, ақ батасын ап қалсаңшы.


Жазбаса тағдырыңа Ана көру,

Жазылсын маңдайыңа Ана болу!

Адам басы — Алланың добы емес пе,

Келеді шермен, мұңмен дана болу.


Арлы бол, білімді бол, намысты бол,

Өзгеге мейірімді бол, алысты көр!

Ақылмен қаруланғын, Айласы мол

Түсінсең бұл тіршілік — жарыс түгел!




ЖҮРЕКЖАРДЫ
...Құрбым-ау, сенің балаң-менің балам,

Дүниеге немерең кеп, жайлау-жағаң

Асыл қыз,ұлағатты үл өсірсең,

Артпай ма бүл жалғанда сенің бағаң!


Пендеге сәбиден жок, тәтті нәрсе,

(Дені-сау, қол-аяғы бүтін келсе).

Және де куаныш қой құда-жекжат

Боп жүрсе сырлас, сыйлас, әсіресе.


Кара шәй құдалармен бөліп ішсең,

Рахман сол деп біле бер,

Көктен түскен

Ішінде ағайынның ардақталып,

Мерейің өз ортаңа болады үстем.
Бақ крнар, Алла жазса, бақыт қонар,

Бақырың қолыңдағы жақұт болар.

Сексенге селдіреген сендер келіп,

Бойжетер Бал Қадишаң уақыт болар.


Катарда, Алла жазса, отырармыз,

Тойыңды ақтілекке толтырармыз!

Ел сүйер артымызда ұрпақ қалсын,

Біздердің солар болмақ мол мұрамыз!


АКТЕР
Кім сезінген ұлы өнерді актердей,

Өзін-өзі камшылайды бапкердей

Қол созады жауһар — жүлдыз арманға,

Арзан ойдың етегінен шап бермей.


Түнжырайды келмесе роль оңтайға,

Жанын қинап толғанады ондайда.

Жүзіне нұр ойнап шығар «ойыны»

Алшы түссе, түспесе тек оңқайға!


Дегеніне көндірем деп өмір-мұң

Бұза алмады бал-қаймағын көңілінің.

Күрсінісі күншілік қу тіршілік

Сүтін емес, ішкізсе де кебігін...


Шабыт кысса, деңбекшіп таң атырған,

Сәйлейді тек қоғам, халық атынан.

Ет-жүрекке жүк түсіріп жүргені

Нәзік сезім, періштедей задынан.


Киялыммен қыр кездім

Жыр маржанын тағынып.

«Аллалап «айтқан әр сөздің

Киесіне табынып.


Дүние-жұмбак, шешуін

Шабыт қүспен шарқ ұрып

Іздеп жүрмін сабылып,

Қалар ма деп табылып.

Сұлулыққа сусадым,

Нұрынан өнер жаралып.

Медиен дала, құм, сағым...

Мен үшін күнде жаңалық!

Сылдырынан бал-бұлақ

Қуаттанам нәр алып.

Алпыс екі тамырға

Жатыр жыр боп таралып...

Қанатын қағып ұшсын деп,

Жанымды жақын ұқсын деп

Балапан қыран баулыдым

Балақ жүнін үшкілдеп.

Шықсам деп Көп көңілінен

Соққы да жедім өмірден.

Ойлайсың-ау жүйкемді

Жаралған деп темірден.

Баладан алдым пәктікті,

Аққудан алдым ақтықты.

Айдынға жуған жүзімде

Амал мен айла жоқ, тіпті.

Қия тартамын төтелеп,

Үміт жүр демеп, жетелеп.

Арманым асыл, мен саған

Жетсем-ау, шіркін, ертерек?!

Үміт — күдік алмасып,

Желмаядай желемін.

Тас пен тағам қаржасып,

Ұшкындатып келемін.

Бұлттай көшіп барады,

Ұшқыр уақыт дегенің.

Үміт-гүл үзіп сабағын,

Жүрекке толды мұң-қайғы.

Секемшіл, кінәз кабағым

Тартылудан тынбайды.

Тағдырға мойынсұну ма,

Не дейді екен мұндайды?!


МІНЕЗ
Жүректі атша тулатқыза қактырып,

Сабырымды жіберді отқа лақтырып.

Бірак,-ақ сәтте тұнығымды лайлап,

Быт-шыт етті тосын мінез, жат қылық...


Неғылады өзге мұңын, басқаны

Ойлағаны ошақ қасы, бас қамы.

Жер-Жаһанды құйын соғып, сел алсын,

Көлеңкесі өз маңынан аспады...


Тамағыма қалғандайын қақ тұрып,

Жаным жылап, арлан —кеудем жатты ұлып...

Қан қысымы көтеріле жөнелді

Бас жарылып, кеткендей-ак, жақ сынып.


Жолыққандай бір пысыққа бір тәуір,

Жүрек ұйып, сол иығым-зілмәуір.

Сонда да мен өкпелемен ешқашан,

Себебі сол — кеудем толы кіл бауыр!


КӨҢІЛ КҮЗІ
Күн енкейіп бара жатыр мен үшін,

Айыра алмай келем тірлік өң-түсін.

Жаратқанға жалынамын жүз рет,

Тоқтатпа деп сағатымның соғысын.

Тәттілігі тіл үйірген бал сынды,

Жылдарымды аппақ сағым қаусырды,

Қызыл — жасыл кемпірқосак, іспетті,

Ғұмырымның гүл дәуірі таусылды.

Биік-шырқау көтерілмей көңіл-құс,

Көзім алды сұр да сұрқай, қоңыр түс.

Көңіл күйді көмкереді өңсіздік,

Дәлеліндей «дүние-жалған, өмір-түс».

Күзгі дала көңіл-күзге салып мұң,

Ілбіп келем аяңымен алыптың.



Кызыл — қырда, мен — ылдида болғанмен,

Өрт жастықтың әуеніне қанықпын.

Талайыма не жазса да мырза күн,

Тағдырым деп қабылдаймын, ырзамын.

Кыс басы деп қарсы аламын қасқайып,

Сүмбіледе суык, күздің ызғарын.



АҚЫН АҒАҒА
Арғынбай БЕКБОСЫНҰЛЫНА

Ойлы жанар әр сөзіме мән беріп,

Жанға жайлы әзілдессе тең көріп.

Баладайын бас изеймін мақұлдап,

Баптап айтқан нұрлы ақылын жөн көріп.
Бойы — сұлу, ойы —түзу жақсы жан,

Өзгермепті өзім көрген қалпынан.

Сырбаз еді, сыпайы еді жасынан,

Мәз боп қайттым, жаз боп қайттым қасынан.


Гүл қуарып, шөп солғандай хал еді,

Көкірегімде крю бұлт бар еді.

Мақпал үнмен жадыратып жіберіп,

Көңілімді әсем күйге бөледі.


Қарлығашым ұясына крнды кеп,

Еш қауіп жоқ, тірлік тыныш, оңды деп.

Тынды-ау ақыр сол мазасыз музыка

Тұратұғын жүйкемді өртеп, жанды жеп...


ТАЙҒАНАҚ
Ақ кар.

Көк мұз.


Тайғанак,...

Іс өнбейтіні айдан-ак,.

Кебісімнің бүрі жок,,

Жүре алмаймын тайғанап.


Сиықсыз жолдар біртүрлі,

Кедір-бұдырлы, шұқырлы.

Тар көше үсті шұрк, тесік,

Жанарға қоңыр мұң тұнды.

Жүргіншінің алар зәресін,

Танытып «үгіт» өресін.

Қойылған «Жібек жолына»

Көлік-қаңқаларды көресің.

Акшаға шаққан әр ісін,

Біледі пайда мәнісін.

Апаттың «алдын алудың»

Тапқан-ау «оңай» әдісін.

Өз керегін құнттап,

Көрпесін қатты тұйықтап,

Жолға жауапты «шекпенді»

Жатады қамсыз ұйықтап.

Айнадан асфальт тайғанақ,

Иманым касам-тайғанап...

Сенуден қалған жүрегім

«Уәде-сөз, қане, қайдалап ?!»

Тайғанап келем, тайғанап,

Көз жастың көлін шайқап ап.



ҚАРТТЫҚ
Асылымды тоздырып, асқағымды кішірткен,

Жан-дүниемді тоңдырып, пәк сезімді үсіткен.



Соқпағымен қарттықтың жаяулап жүріп келемін,

Құйғытып шапқан жастықтың құлагерінен түсіп мен.

Тозған бұйым секілді көңіл жыртығын жамайын,

Ойды асықтай үйіріп,шакшадай басқа қамайын.

Күміс қырау қап-қара шашыма ғана түскен жоқ,

Лүпіл қаққан жүрекке қолын салды, ағайын.


Көп пенденің ісінде емес, сөзінде боп ынтымак,,
Пайда үшін айла іздейді, қызыл көзі қанталап.

Ынсапсыздар өңеші кең, іздегені —«мол тамак,»,

Шалғайымды басып-көктеп, шаңқай түсте жүр талап.

Мен қарбалас тіршіліктен жүргенім жок, түк те ұғып,

Қан базарда қалғандаймын, қалта қағып, ұтылып.

Кете алмадым майдаланып, шаңсорғышқа жұтылып,



Түкке крлым бармай отыр, бармай отыр, түтігіп...
НАҚЫЛДАР
Кыздың тілі қысқа болсын,

Ердің ісі нұсқа болсын.
Ана мейірімді болсын,

Аға қайырымды болсың.


Әжең ақылды болсын,

Атаң нақылды болсын.


Аға татымды болсын,

Іні мақұлды болсын.


Қарулас қайырымды болсын,

Қарындас мейірімді болсын.


Ұлың талапты болсын,

Жырың қанатты болсын.


Сөзің бағалы болсын,

Атың тағалы болсын.

Жұмысқа икемді бол,

Халыққа сүйкімді бол.

Жанарыңмен жай отындай жасқайсың,

Сырың — жұмбақ, дәтің берік тастайсың

Шылбыр үзіп, шындық үшін морт кетер,

Талғамыңмен тап өзіме ұқсайсың.

Бірде-алтын, бірде күрең мыстайсың,

Бірде-көктем, бірде суық қыстайсың.

Жан сезімін арнасынан асырмай,

Ақылыңмен ауыздықтап ұстайсың.

Сиқырлайды мені осы болмысың,

Бал татыған шырын сезім, бармысың?!

Жүрек сенді...

Бір Аллаға тапсырдым,

Одан әрі,

Одан әрі, арғысын...

Тәмсіл ғып ел айтқанмен «жола ма деп»,

Болыстым болмайтынға бола ма деп.

Кісіге кісі ақылы сеп болмастан

Білсем де кететінін далага тек.
Өтті деп менің есіл уақыттарым,

Өкінбен, көремін мен бакыт бәрін.

Бап қажет жанға-дағы тән сияқты

Парызым өтелді деп жақұт — жаным.


Шарт емес бірдей болу көзқарасы,

Ол -дағы Жаратылыс төл баласы.

Тәңірдің жаратк,ан бір пендесі ғой,

Өмірдің тимегенмен төр жағасы.
Қолына ақыл қалта ұстатқанмен,

Барады «кейіпкерім» ұсақтаумен.

Жоғалып кетпесін деп құйттай «мені»

Келемін сезімге орап, құшақтаумен.

Майырып ап біреуін қос қанаттың,

Тағы келдім алдыңа ақ халаттым.

«Кәріліктен өзге дерт шипалы» деп,

Тәуелді ғып өзіңе Хақ жараттың.


Жұпар ауа, жұмақтай бак, мекенім,

Байқатасың тірліктің тәтті екенін.

Еске сала қоясың бұл пендеңе

«Садақаны сауда беру» жақсы екенін.

«Кәлимаға» келтіріп тіл-көмейді,

Келгеннен соң фәниге кім өлмейді?!

Имандылық жолына мойын бұрған

Мұсылманбыз дейтұғын ел көбейді.

Оң мен солын байыптап, Кұбыласын,

Ойы сергек мойындар бір Алласын.

Талқысында уақыттың тезге түсіп,

Өмірім мағыналы боп барасың.

Айналам болса бұлыңғыр,

Күлкі емес күлкім-жаңғырық,

Қалады көңіл кұрығыр

Жаңбырлы күні жабығып.

Қабағын түйсе көк аспан

Көзінен жасы бұршақтап.

Қыбырсыз қалам мен жазған

Жақтауын әйнек құшактап.

Шалшыкты кешем шошынып,

Бүйығып денем түршігіп.



Көңіл-күйіме крсылып

Сүреңсіз сұрғылт тіршілік.

Лезде айналам ғаріпқа,

Шашырап ойым, ыдырап.

Түсемін қайта қалыпқа

Күн шықса бұлттан жадырап.


ЕСЕНКҮЛГЕ
Жанарыңнан кашанда

Мейірбандык, сезем кіл.

Жақсы көрем өзіңді

Жаным, сіңлім, Есенкүл.


Білем өтті басыңнан

Қиыншылық неше бір.

Жүрегіңді ауырткан

Ой күрмеуін шеше біл.

Жоламасын қайғы-мұң

Таңнан сұрап төсе нұр.

Көңіліңді көтерсін

Жеңгең жазған әсем жыр.


Әлдилеген перзентің

Ақ сүтіңді ақтасын.

Алла өзі жар болып,

Тіл мен көзден сақтасын.

Туыстықтың бұрымын

Мызғымастай өрейік.

Бала-шаға кызығын

Бірге, сәулем, көрейік!



БАУЫРЫМ
Артта қалды балалық шақ

Тай-құлындай тең өскен.

Анашымның еркелеткен

Сүт кенжесі емес пе ең?!


Саған сактап беруші еді

Тамағының тәуірін.

Адалдыктың періштесі,

Айналайын, бауырым.

Сырқатыңның емін таппай,

Кысылып тұр жүрегім.

Жанарымды мұңга малмай,

Тез айықшы, тілегім!

Кім бар дейсің бұл жалғанда,

Маған жакын өзіңдей.

Ыстык, әрі қымбатсың сен,

Әке-шешем көзіндей.


КӨҢІЛІМНІҢ БІР КҮЙІ
Астамға әсте көнбедім,

Жалаға жылап боздадым.

Бастаған ісім өнбеді,

Ешкімнен және оздадым

Шыңырау мұңға бойладым,

Шықсам деп өнер үйреніп.

Азымды көптей тойладым,

Жаманнан қаштым жиреніп.

Ырғағы ерте бұзылып,

Жүрегім дұрыс соқпады.

Тағдырдың болды ізі-құт,

Бұралаң өмір сокпағы.

Кім ойлаган өмірді —

Мәңгіліктің басы» деп?!

Жанымнан жақұт төгілді,

Еркелеу болдым назы көп.

Секемшіл болып сәл неден

Кабағым тұрды тартылып.

Кірпияз, сыншыл, әлде не

Қойды әсем жырға зар қылып....

Жігітке келіспейтін қылығың көп

Жүруші ем сені мөлдір тұнығым деп.

Ойладым өзіңді тік тау шыңы деп,

Көргім кеп сабырым да таусылып ед.

Жарасып түрганменен тұр мен бойың,

Боп шыкты кемшін ақыл, төмен-ойың.

Нағызға ұқсамайды сөзің, ісің,

Сен емес қиялдағы арман кісім!


Балап ем арқа сүйер асыл ерге,

Тигендей болып отыр басым Жерге...


Өзің деп өзгеше бір күйге еніп ем,

Ок, тимей, опырылып, күйредім мен...


ТӨРТТАҒАНДАР (З)
Нұр себелер алыстан Темірқазык,

Содан табам кей кезде жырыма азық.

Қиналған сәттерімде өлең жолын

Дайындап береді өзі Өмір жазып.


Жетелеп аралатар Арман бағын,

Сезімді бұғауладым, арқандадым.

Көгімнен кетпесе деп бұлттай көшіп

Бакытым басымдағы — Балқантауым.


Санасызға сыр беріп, ет қызынып,

Сан талшығы жүйкемнің кетті үзіліп.

Күйзелтпесе болмас па «көргіш» етіп,

Жаратпаса болмас па «түп-түзу» ғып.


«Тәрбиені тайлаққа жегіп» кілең

Жүрген жансып сөз айтар білем-білем.

Ойы — аласа, ақылы аз бүл міскіннің

Масқарасын көріп жүр көрші-көлем.


Халқымның алақаны болар бесік

Жатқанда сана сергіп, рух өсіп.

Көксеген арман, мақсат орындалып,

Берсе екен Алла Тағала мол ғып несіп.


Есімі зерделеніп, ардакталып,

Ұрпағым өсе берсін Әруақ танып.

Өткеніне мән беріп, мағына беріп,

Тарихтың жылнамасы тұр қатталып.



ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
ЖАТЫҢНЫҢ ЖАҚСЫСЫН АЛ


МӘРМӘР ТЕҢІЗ. ТҮРІК ЕЛІ
Кеме жүзіп, қайык, қалқып бетінде,

Мәрмәр теңіз толқып самал өтінде.

Желтоқсанда райхан аңқып, раушан

Гүл жарып түр мөлдір қауыз шетінде.

Жапырағын жоғалтпаған тал, қайың,

Әсемдіктің жасағандай жағдайын.

Өз ризығын өзі тапқан түріктер,

Қазір жанға бастырмайды шалғайын.


Түрік-тегім, жаны жұмсақ, сынық тым,

Бар дәстүрін қадір тұтқан жуықтың.

Адамы түгіл, теңізінде де түріктің

Сырлы, сыпа мінезі бар ұлықтың.

Ойы-асқақ, көгіңнен бүлт ұстарлық,

Көңілі-кең, жасамайтын іштарлық.

Өнеге боп, үлгі болып шықты алдан,

Түріктегі тіршілікке құштарлық.

Ізгілік пен пәктік нұры-көзінде,

Парасаты, бейнелі ойы-сөзінде.

Көкке ұшырды шексіз мына сыйластық,

Адамдықтық шын құлы едім, өзім де.
Түнгі Стамбул.

Мың сағыныш.

Мың елес...

Кайыршы да, мүгедек те жок, емес.

Еңбегімен,

өнерімен тәнті ету —

Ер Түріктің жігітіне түк емес!

Аякөз сіңілім, айқабағы керіліп,

Жанармен сөйлеп,

жүрегіменен беріліп,

Ыстық сезіммен қиылады қандасым,

Бұрымыма кетердей қоса өріліп.



Жұмбақ сұлу секілденіп келбеті,

Сырын бермес іштей тынып көл беті.

Ініден-ізет, ағадан көріп қамқорлық,

Езілемін, жан сезімін көлдетіп...

Кеме жүзіп, қайык, қалқып бетінде,

Мәрмәр теңіз толқыр самал өтінде...

Қарашыққа сыйғыза алмай паң көркін,

Ойға шомдым жағажайдың шетінде, ...

Мәрмәр теңіз толқып самал өтінде...


ТАИЛАНД
Тай елі жері — жұмақ, сыры — жұмбақ,

Тұратын аула-аймағын гүл сұлулап.

Мінезді болғанымен Кытай теңіз,

Жұртының жүзі-жылы, жаны-шуақ.


Жыкпылдан тасты жарып, тал шығады,

Мүк басқан шың басында-тау шынары.

Биіктен құлап аққан ақ бұлақтың

Жартасты мүжіп жатыр тамшылары.

Көңіліміз паң көркіне толғандай біз

Теңізге шағала боп қанғандаймыз.

Бетінде тұзды судың жаңқаға ұқсап,

Екі аяқ жерге тимей, жалбаңдаймыз.


Ащы су денемізге майдай жағып,

Көңіл шат, көтерілген — айдай жарық!

Теңселіп, тебіреніп су ішінде

Ақын жүрек өртенер лаулай жанып...


Жұп-жұмсақ көк шәлідей торғын жібек

Кетеді кешке жақын толқын үдеп.

Сиямның шығанағы құрт құбылса,

Қалады үрейленіп, толқып жүрек.


Бұрқылдақ бүгін теңіз әже болды,
Жағаны сабап жатыр оңды-солды.
Жиылып су бетінің бар қокысы,

Караңыз, қос уысқа зорға толды.

Көкпенен көмкеріліп теңіз беті,

Көңілдің көкжиегін кеңітеді.

Ессіздей еркелесе долы теңіз —

Бір сәтте бар дүниеңді жок, етеді.


Сұсымен сескендіріп су жарыктық,

Танабы тартылғанда қабақ шытып.

Өкіріп тау толқындар желкелесе,

Сезбейсің шыққаныңды жағаға ытып.


Аждаһа секілденіп аңыздағы

Жатады ирелеңдеп теңіз «жалы».

Жайғасқан жағалауға шипажайға

Байлаулы, байланысты Тайланд бағы.


Жасынан мойынсұнған пәс өмірге,

Тайлықтар адал екен кәсібіне.

Мінезі қара жердей ауыр жандар,

Тәубә дер тәңір берген нәсібіне.


«Алладан» деп шыдайтын азабына

Өзімнің ұқсас екен Казағыма.

Итеңдеп ит тірлікпен ғұмыр кешкен

Таңғалдық көнбістіктің ғажабына.

Теңізін, елін, жерін сүйіп қайттық,

Кеудеге жырын, сырын түйіп қайттық,

Жиреніп жаманынан бөтен елдің,

Жақсысын ай-құлаққа іліп қайттық.


БУДДА ХРАМДАРЫ
Фарфор Будда, мыс Будда, жақұт Будда,

Алтын Будда храмы, ақык, Будда...

Тайлық үшін тәу ету Буддасына

Зор нығымет, білсеңіз, бақыт бұл да.


Күн менен Ай адамға, аспан ортақ

Мақсат-мүдде және де арман ортақ.

Үйлесімнен жаралған, келісімнен

Кызыл-жасыл көркімен Жалған да ортақ.


Сүрінесің «Буддаға» Бангкок барсаң,

Ғибадатханаларға кіре қалсаң.

Жалаңаяқ, жар кешкен тайлық жүрер,

Қыжалаты тірліктің еткен сарсаң


Рухани тазаланып, жеңілденіп,

Ол да пенде қалатын көңілі кеңіп.

Тұрмыс билеп санасын кеткен жандар,

Бағын тосып жүреді, үміт өріп...



і

Шыны Будда, мыс Будда, жақұт Будда,

Алтын Будда храмы... ақык, Будда...

Тайлык, үшін табыну Буддасына

Зор нығымет, білсеңіз, бақыт бұл да.
ФИЛИППИН АРАЛДАРЫНДА немесе АЛЛАНЫҢ ҒАЖАБЫ

/Сізге — өтірік, маған шын/
Филиппин деген Жер түбі,

Жер түбіне де жеттік-ау!

Тәубә, тәубә, жүз тәубә,

Асудан талай өттік-ау.


Ем іздеп келдік шалғайдан,

Кысы жок, елге шаңқайған.

Қаратау, Алтай, Египет...,

Жан үшін келмес кім кайдан.

Пальмасы Көкпен таласқан

Жерұйық десе жарасқан

Осынша көп гүл көрмеп ем,

Алматы менен Тараздан.

Өтпейтін иттің, тұмсығы

Ну орман сәнін сақтаған.

Дүниенің, төрт бұрышы

Ем үшін мұнда қаптаған.


Кына-сансыз, қанша гүл!

Гүлдейді тастың үсті де.

Құлпырып түрсын деп әлде,

Алланың нұры түсті ме?!



Кылдай белі қыздары,

Жігіті сымдай тартылған.

Жанын жақсы ұғасың

Жанарындағы жарқылдан.


Тістері аппак, күріштей,

Күлкісі әсем, риясыз.

Айтарға тіл жоқ өрістей,

Өкініп іштей тынасыз.


Биязы, жібек мінезі,

Жайдары жаздай жүз қандай!

Жұмактай жұпар дүние

Сырқаттың шебін бұзғандай.

Мың дерттің Алла мың емін

Береді екен білгенге.

Рақымымен Алланың

Жазылар жас та, үлкен де.

Казаққа ұқсас қыз-жігіт қонақжайлықпен дос тапқан.

Тілмаш арқылы бізді ұғып,

Ұсынды кокос — тостақтан.

Кигізіп басқа гүл тәжін,

Ханшадай күтіп, сыйлады.

Көңіл тасыса, жоқ лажым,

Ақын жүрегім жырлады.

Жапырағы мен жемісі

Ағаштың ұшар басында.

Білінбейтұғын жүрісі

Сұлу Биңгі бар қасында.

Кірді бір жігіт гүл өңді

Сәлемін беріп, тіл қатып.

Кісілігімен күлімдеп,

Кішілігімен тыңдатып.

Көзімен сөйлеп, сезімін

Ымменен жайлап ұқтырған.

Казағымның пейілін

Бойына қалай жұқтырған

Қазақтың қара баласын

Көріп тұрғандай аң-таңмын.

Бауырымдай жаны асыл

Үмітімді оған артамын.


Дүбірлеткен өз елін

РОМИО— бұл құлы

Алланың. Аурудың алып өзегін

Шаттыққа бөлер жан-жағын.


Карапайым жігіт ол

Тілеген Көктен әділет.

Сенім, шыдам, үміт — ол,

Алладан келген қабілет.


Северина — тілмаш асықтай

Жеткізсе ойын Хилердің.

Биңг жазады асықпай

Келтіріп диагноз іретін.


Баладай сылап, мәпелеп

Сани, Рани май жағады.

Массажистер «көке, тәтелеп»

Жүрегіңнен орын табады.


Кыз мінезді жігіттер

Ылғи да ашық қабағы.

Ойыңнан шығу ниетте
Кызара күлім қағады.

Дайын боп солай жетесіз

Алдына Алла құлының.

Мойындап жалғыз екенін

АЛАА атты Ұлының.

Скальпелсіз-ақ қарныңды

Саусақтарымен қақ жарып,

Дертіңді қолмен қарымды

Іліп шығады ол дәл барып.
Көзіңмен көрмей мұны өзің,

Сенбейсің қоолмен ұстамай. Ромиоға,

Алла, бер төзім Ықыласыңнан тыс тастамай.

Кан шыққанмен денеңнен

Кансырамайсың, әрине.

«Операция» дегенмен

Салмайды дәрі, сан ине.

Бас айналу және жоқ,

Болмайды «соңғы» азабы.

«Жарды» деуге де дәлел жоқ,

Алланың бұл бір ғажабы.
Ішіңді «жарып», жылдамдап,

Саусақпен бүріп өтеді.

Көз ілеспес жылдамдық

Ізін жойып кетеді.

Дінінен бастап ағаштың

Өседі шоқ-шоқ сарыгүл.

Меңдеген дерт пе, ісік пе,

Хилер мырзаға бәрібір.

Айыққан жанға айтатын

«Аунап тұрдыңы» нақ осы.

Тұсау сап келген ауруға

Табылар шипа — дауасы.

Аллаға тәубә, мың алғыс,

«Салаамат» сосын Ромиге.

Кайтарар жазып сырқатын

Қуаныш сыйлап әр үйге.

Папортник, қылқан қарағай

Су ішсе балқып бұлақтан.

Жаңа туған баладай

Нұрландык, жұмбақ қуаттан.

Оңтүстік Киыр Шығысым,

Қапырық, ылғал аймағың.

Тропиканың ұл-қызы,

Жүзіңнен жылы айналдым.

Ұмьппан сені өлгенше,

Аспаннан Күнім сөнгенше.

Есімде мәңгі жүрерсің,

Филиппин арал өзгеше,

Қош енді, қош бол, ендеше!

ГИД ОСМАН
Шықпаған мұрты-түбіті

Түріктің кыздай жігіті.

Келеді бастап бізді

Осман Елінің үлкен үміті.
Ұяты бетін қызартып,

Созбайды уәж ұзартып.

Биязы мінез, зиялы

Білсеңіз қыздан жүз артық!

Киімі таза мұнтаздай,

Кимылын бағам көз жазбай.

Ерлері мықты болған соң,

Түріктің жұрты жүр тозбай.

Еңбегі ерен, ұйқысы аз,

Селтеңі жок, та, өзі жас.

Кайрауы жакқсы болған соң,



Шарболат, әсте, мұқалмас.

Берік ол сабыр, шыдамға,

Бөспеден нақыл үғам ба.

Білімді, білгір баурымды



Тіл-көзден сақта, бір Алла!
ЫСТЫҚ КӨЛ САЗДАРЫ

  1. АЛАТАУ

Жайлы ма, нарым, жатысың?

Өрлігіңе елің татысын!

Жайлауыңа, жарыңа

Менің де бар ғой қатысым!
Өзіңнің егіз төліңбіз,

«Шоң» кырғыз қоңсы еліміз.

Бәйшешек толы беліміз,

Білесіз, ұқсас өңіміз.


Қызғалдақтай қырмызы,

Қызыл жаулыкты қырғызым

Қыр қызы еске салатын

Күнікейдей Күн қызын


Ақ қайың, сәмбі көмкерген

Көл қызығын тең көргем.

Ыстықкөл ерке сұлудай,

Ботадай көзін төңкерген.


Жағасы — құмдак,, тас-табан,

Суы да жылы басқадан.

Алланың берген сыйы ғой,

Баурыңдағы көл — «тостаған».

Көгілдір Көгің мөлдіреп,

Көгілдір көлің үлбіреп,

Жел қаққан жібек секілді

Алатау, кейпің бір бөлек!





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет