Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Сүйектің өсуі мен қаңқаның қалыптасуы, иілістері



бет13/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД
Тезис дәріс ОФД, Тест тапсырмалары, Тест тапсырмалары, қаймақ
Сүйектің өсуі мен қаңқаның қалыптасуы, иілістері. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластикалардан тұрады. Остеон 2 заттан тұрады : тығыз заттар және кемік заттар. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Сүйектің 1/ 3 бөлігі органикалық жңне 2/ 3 бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады. Бірақ атқаратын қызметіне байланысты жасына байланысты әр түрлі болып келеді. Сүйектің жылтырлығы‚ серпімділігі оның органикалық затына‚ ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты. Қаңқаның құрылысы – бас‚ тұлға‚ аяқ- қол сүйектерден тұрады. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасы‚ 12 қос қабырғалар мен кеуде сүйегі жатады.
Адамның денесінде 600- ден астам бұлшық еттер бар. Олар бір- бірімен тарамас ұштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі. Жаңа туған баланың бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен дене салмағының 20-22/ қамтиды‚ ересек адамда 40-45/ олардың негізгі қызметі жиырылуға байланысты орындалады. Еттің жиырылуы нерв импульстерінің әсерінен іске асады.
Жас сүйектер ұзынына қарай шеміршіктер арқылы өседі . Шеміршек сүйектің екі ұшына орналасады. өсу тоқтағанда шеміршектер сүйекке айналып кетеді.Сүйектер өскен сайын құрамындағы су мөлшері кемейді. Ер кісінің сүйектері 20 – 24 жаста‚ әйелдердікі 2 – 3 жыл алдын тоқталады. Тұлға – омыртқа жотасынан‚ кеуде торынан тұрады.
Омыртқа жоталары алғашқы 2 жылда қарқынды өседі. 2 – 3 жас арасында мойын омыртқалары өсуін баяулатады. Ал бел омыртқалар жылдам өсе бастайды. Омыртқалардың өсуі 7-9 жаста және жыныстық жетілу кезеңінде байқалады.Одан әрі омыртқа көп өспейді.
Баланың сүйектерінің ерекшеліктері. Балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді‚ жұмсақ‚ оңай өзгергіш болып келеді. Сондықтан үйде‚ балалар бақшасында‚ мектепте‚ балалардың дұрыс отыру ерекшеліктерін‚ үйықтайтын төсегінің талаптарына‚ тамақтың құрамындағы минералды заттарға‚ витаминдерге көңіл аударып‚ баланы далаға шығарып‚ күннің ультра- күлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік туғызу керек.
Нәрестенің қаңқа сүйектері 270-ке жетеді. Оның 98-і аяқ-қолдарда, қалғандары білік (оқ) қаңқасының және бас сүйектерін қалыптастыруға қатысады (2-сурет). Сүйектер ірі талшықты сүйек ұлпасынан түзілген. Олардың негізгі мақсаты кемікті заттан құралған. Тығыз заттары нашар дамып, сүйектің жиектері бойынша жұқа қабық түрінде болады. Нәрестенің кемікті заттарында сүйектің қызыл майы болып, ол қан жасайтын мүше болып саналады (2-сурет).
Бала туылғаннан 1-6 жасқа келгенге дейін жілік (түтікті) сүйектерінің екі басында (эпифи-зінді), білезік және тіл ересек сүйектерде сүйектену нүктелері пайда болады. Тек топай сүйегі мен өкше сүйегінде туғанға дейін, түтікті сүйектердің диафизі мен эпифиздерінің арасында сүйектену басталып, қалғаны эпифиздік шеміршек күйінде болып, солардың есебінен сүйек ұзыннан өседі. Сүйектердің жуандауы сүйекқабығының остеоген құрамдары есебінен болады. Осы кезде тығыз жабынының қалыңдығы ұлғаяды да заттар біртіндеп жойылады. Соның нәтижесінде жіліктің (түтікті) сүйектің ортаңғы денесінің (диафизінің) ұзына бойын қамтып жатқан қуыс пайда болады. Осы қуыста сүйектің қызыл майы қан жасайтын қызметін жоғалтып, жіліктің сары майын түзеді.Ересек адамдарда сүйектің қызыл майы тек омыртқаларда, қабырғаларда, төсте, бас сүйектерінде және жіліктердің жекелеген эпифиздерінде ғана болады. 8-9 жастан бастап, сүйектердің төбешіктерінде, айдар-тарақшала-рында, өсінділерінде қосымша сүйектену нүктелері пайда болып, толық қалыптасуы жүреді. Бұл нүктелер 16-18 жасқа дейін өседі.Бассүйегінің өсіп-дамуын үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңі – туылғаннан 7 жасқа дейін. Екінші кезең – 7 жастан жыныстық жетілуге дейін бассүйегі тұтас күйінде өседі. Үшінші кезең – жыныстық жетілуден бастап 25-26 жасқа дейін жүреді. Осы кезеңде бассүйегінің өсіп-дамуы тағы да тездейді.

Нәрестенің бассүйегі әдетте сүйір басты (долихоцефалды) пішінді кездеседі. Оны қалыптастыратын сүйектер жұқа болып келеді. Ми сауытындағы төбе аймағының қалыңдығы 1 мм-ге жетпейді. Сүйек аралық жіктері әлі қалыптаспаған және олардың аралықтары дәнекер ұлпаларымен бөлінген. Бұл сүйектердің белгілі дәрежеде қозға-лысын қамтамасыз етеді. Бассүйек-терінің бұрыш аймағындағы дәнекер ұлпалы жұқа қабаттары кеңейеді де еңбектерді түзеді. Ол ромб пішінді, оның көлемі 18х20-дан 25х35 мм-ге дейін жетеді. Ол 2 жасқа келгенде бітеледі. Артқы, шүйде еңбегі үшбұрыш пішінді болып, шүйде сүйек қабыршақ ұшының үстінде орналасады. Мисауытының бүйір беттерінде (төбе, маңдай, сына тәрізді сүйектің үлкен қанатының және самай қабыршағының арасында) сына тәрізді және (төбе сүйектерінің байланысқан, шүйденің және самай сүйектерінің пирамида негіздерінің аралығында) емізіктәрізді еңбектер бар. Айтылғандардан басқа, кейде тұрақсыз еңбектер: мұрын түбірінің аймақтарында, маңдай жігінің ұзына бойында, жебе (сагитталды) жік аймағында, шүйде сүйегінде кездеседі.


Нәресте бассүйектерінің саны ересекке қарағанда көп. Маңдай, шүйде, негізгі, самай және астыңғыжақ сүйек бөліктері әлі бірікпеген. Олардың арасы дәнекер ұлпалы жұқа қабатпен бөлінген.
Нәрестенің сүйектері де ересек адамдардағыдай қозғалыссыз (синар-трозды) және қозғалмалы (диартроз-ды) байланысады. Қозғалыссыз (синартрозды) байланысу сүйекті (синдесмозды) және шеміршекті (синхондрозды) болады. Нәрестенің буындары тәнтанулық (анатомиялық) жағынан қалыптасқан, бірақ ұлпа құрылымы, олардың құрамдары (элементтері) әлі жетілмеген. Сүйектердің буын ұштары туылған кезде бүтіндей шеміршекті болады. Буын шеміршегі талшықты, қабығы жұқа және буынның қосымша элементтері нашар дамыған.
3 жасынан бастап буын жіктері өзіне тән түріне келе бастайды. Буындағы сүйектердің шеміршекті ұшы желімденіп мекемденуі (оссификациялануы) баланың 1-2 жасынан бастайды да ол кәмелеттік жасына дейін жалғасады.


Тұтас омыртқа жотасы. Балалардың омыртқа бұғанасы өсіп-дамуына байланысты, оның әрбір омыртқаларының жекеленген қызметтерінің жетілуіне (дифференция-циясы) тікелей байланысты. Баланың алғашқы 2 жылында омыртқа бұғанасы ұзындығына қарай екі есе ұзарады. Содан кейін баяу даму кезеңі 16 жасына дейін сақталады да, одан кейін қайтадан белсенді өсуі басталады. Нәрестенің омыртқа бағанасына қарағанда, ересектерде 3,5 есе ұзын болып келеді. Бел бөлімінің омыртқалары қарқынды өсіп дамиды. Ол бөлім 4 есеге ұлғайса, ал мойын бөлімі тек 3 есеге ұзарады. Омыртқа бағанасының бөлім аралық қатынасы 5-7 жасқа келгенде тұрақталады.
Жаңа туылған кезде омыртқа сүйектері тік болады. Бала мойнын, басын бекіткен кезде – мойын иіні (лардозы), одан кейін отырған кезде – кеуде иіні (кифозды) қалыптасады. 1 жастың соңында бала жүре бастағаннан – бел иіні (лардозы), ал одан кейін – сегізкөз-құйымшақ иіні (кифозы) түзіледі. Бұны тәнтірлігін-танулық иіндері деп атайды. Осындай жебе иіндермен қабат, баланың маңдай жазықтықтағы иіні (скалиозы) болуы да мүмкін. Ондай иіндер кеуде бөлімінде (оң не сол жағына қисаюы) кездеседі. Ол кәдімгі мектеп оқушыларында ұзақ уақыт дұрыс отырмауларынан пайда болады (8-сурет).



8-сурет. Балалардың физиологиялық
иіндерінің қалыптасуы


Тұтас кеуде қуысы. Нәрестенің кеуде қуысы кәдімгідей шошайған (пирамидалы) пішінді, оның алдыңғы-артқы бөлімі көлденеңіне қарағанда үлкен. Төс шеміршегі мен кіндік аралығындағы аумағының (эпигастралды) бұрышы доғал 115 дейін. Төс омыртқа бағанасына қарай сүйірленіп иілген, қабырғалар көлденең орналасқан.
Баланың кеуде қуысы бірінші жылда өте жылдам өседі, әсіресе 12-15 айында, 21-24 айында және 3 жастың соңында жылдам өседі. Бұл кезде кеуде қуысының барлық мөлшері ұлғаяды. Төс төмендеп, қабырғалардың иілуі артып, төс шеміршегі мен кіндік аралығындағы (эпигастралды) бұрышы 60-70 құрады, алдыңғы-артқы және көлденеңдік мөлшері теңдей дерлік болады.
6-7 жаста кеуде қуысының өсіп-дамуы баяулайды. 7 және 12 жаста кеуде қуысының пішіні ересек адамдардың кеудесіне ұқсайды. Жыныстық жетілу кезінде кеуде қуысы қайтадан тез өсіп, баланың жыныстық және жекедара ерекшеліктеріне тән болып біржола қалыптасады.
Тұтас жамбас қуысы (астау). Нәрестеде жамбас қуысы оймыш пішінді. Жамбас мүйістері онша айқындалмаған, мықын сүйектерінің жазық қалқандары тік орналасқан. Үлкен және кіші жамбас қуысының (астаудың) аралық шекарасы айқындалмаған. 3 жаста астаудың көлемі ұлғаяды, бірақ ол оймыш пішінін сақтайды. 7 жаста астау пішіні әлі оймыш тәрізді, бірақ шекаралық сызықтары білініп, мүйістері айқындалады. 8 жастан кейін астау оймыш пішінін жоғалтады, өйткені мықын сүйек қалқандарының иіндері ұлғайып, мықын шұңқырлары тереңдейді. Бұл кезеңде астау қарқынды өседі де балаларға қарағанда қыздарда тез өсуіне байланысты жыныстық белгілері пайда болады. 16-18 жаста жамбас қуысы (астау) жыныстық айырмашылықтары бітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет