Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Дене бітімі. Дене бітімінің дұрыс қалыптасуы



бет16/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД
Тезис дәріс ОФД, Тест тапсырмалары, Тест тапсырмалары, қаймақ
Дене бітімі. Дене бітімінің дұрыс қалыптасуы Баланың тік тұруы рефлекторлы жолмен бұлшықеттің жиырылуына байланысты және жердің тарту күшін жеңгенде іске асады. Бұл дененің жалпы орталық ауырлығына да байланысты. 6-7 жастағы балалардың өзі де ұзақ уақыт тік тұра алмайды. Дененің орнықты болуы 10 жастан 12 жасқа дейін жүреді. 13-14 жаста ересек адамдардағыдай болады.
Дене сымбаты. Балаларда 6-7 жастан дене сымбаты қалыптаса бастайды. Дене сымбатының дұрыс қалыптасуына тұлға бұлшықеттерінің дамуы көп әсер етеді. Бұлшықеттердің кернеуі мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы балаларда жетілмеген, сондықтан да олардың дене сымбаты тұрақты емес.
Баланың қимылдау әрекетінің қалыптасуы қызметтік жүйесі сияқты, тірек-қимыл жүйесінің жекеленген тізбектерінің жетілуіне тікелей байланысты. Эмбриналды дәуірдің өзінде морфологиялық қайта құрылу барысы қарқынды жүруімен сипатталады. Сүйек жүйесінің буындар және бұлшықет жүйесінің ұлпалық (тканьдік) дамуы, үлкен сатыда афференттік жүйкелену (инервация) және қантамырларымен жабдықталуы, сөзсіз нәрестенің туған күнінде өтежоғары дәрежеде дифференциалдануы болыпсаналады.
Нәресте де үздіксіз барлық қол-аяқ, тұлға мен бас қимылдары болып, буындар және бұлшықет рецепторларын шырышты қабаттарды және тепе-теңдікті сақтау аппараты тітіркендіретін, жақсы айқындалған түрлі шартсыз рефлекске (дененіңқандайкүйде болу рефлексіжәнеорныққандысезурефлексі, сіңіру рефлексі, шартсыз қимыл рефлексі, дыбыс және жарыққа (сәуле) тітіркену рефлекстері т.б.) оларға тән жеңіл-желпі жауаптары (реакциясы) қалыптаса бастайды.
Тамақтану мәселесіне де ерекше көңіл бөлу керек. Тамақтану арқылы конституцияны қалыптастыруға әсер етуге және физикалық пен психикалық саулықты басқаруға болады. Бұл, ең бірінші, тамақ ингредиенттерінің ақпараттық әсеріне және олардың энергетикалық құндылығына байланысты. Ақпараттық әсер ретінде тамақ құрамы арқылы организмге енген биологиялық белсенді заттардың, дәрумендердің, микроэлементтердің зат алмасуға әсері алынады. Мысалы: ерте жаста йод, темір, кальцийдің маңызы зор. Жыныстық жетілуі кешеуілдеген қыз балаға көп мөлшерде организіміне мыс элементі қажет. Әр түрлі тамақ ингредиенттеріне деген қажеттілік жасқа және конституция түріне сәйкес болуы керек.
Бала өсіп жетілген сайын оның алдында өмірге бейімделу проблемасы тұрады. Сондықтан, системогенезді бағыттайтын және функциональдық қордың үздіксіз өрбуін қамтамасыз ететін жаттықтырушы әсерлерді ендіру қажет болады. Әр түрлі соматикалық ауруларды алдын алу бұл жағдайда денсаулық деңгейін көтеру болып табылады.
Баланың физикалық денсаулығын қалыптастырудың негізігі принциптері оның негізігі бағыттарымен үндеседі. Оған мыналар жатады:
- тіршілік әрекетін жақсы жағдайлармен қамтамасыз ету;
- баланың салауатты өмір салты;
- соматикалық конституцияны білімді, дұрыс қалыптастыру;
- денсаулық деңгейінің үздіксіз жоғарлауын қамтамасыз ететін дамытушы, үйлестіруші, жаттықтырушы әсерлерді уақытында және сәйкесінше қолдану;
- спецификалық және спецификалық емес ауруларды алдын алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет