Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Дәріс 1. Тақырыбы: Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары



бет3/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД
Тезис дәріс ОФД, Тест тапсырмалары, Тест тапсырмалары, қаймақ
Дәріс 1.
Тақырыбы: Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары
Жоспар
1..Пәннің мақсат,міндеті, педагогика және психология пәндерімен байланысы
2. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің қалыптасуының негізгі кезеңдері
3. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.
4. Жасты кезеңдеу. Әрбір жас кезеңіне сипаттама
Пәннің мақсат
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні физиологияның жеке саласы болып есептеледі. Ол онтогенездік дамудың әртүрлі кезеңінде адам ағзасының қызметтік ерекшеліктерін, яғни мүшелер мен мүшелер жүйесінің және тұтас ағзаның өсуін, дамуын, қалыптасуын оқытып білдіреді.
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің психология мен педагогика үшін маңызы зор.
Даму кезеңіндегі түрлі факторлардың әсерін қабылдаудың өте жоғары болуы және де бұл кезеңнің аса сезімталдығы мен ағзаның сол әсерлерге қарсы тұру мүмкіндігінің төмендігі тән, балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін басты назарға алатын тәрбиелеу мен оқытудың педагогикалық тиімділігі олармен тығыз байланыста болады.
Бала ағзасының физиологиясын білу, дене тәрбие сабақтарындағы қолданылатын қимыл-қозғалыстық тәсілдердің тиімділігін, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру әдістерін, қозғалыс сапаларының дамуын және жүргізілетін сауықтыру жаттығуларының маңыздылығын анықтау үшін өте маңызы зор.
Оқушылардың физиологиялық дамуы бала психологиясының жасқа сай ерекшеліктерін түсінуге үлкен септігін тигізеді. Әртүрлі жастағы бала миының функциясын оқып білу, түрлі жас кезеңдерінде бала ағзасының арнайы психикалық және психифизиологиялық қызметтердің жүзеге асырылуын, ақпаратты қабылдау, зейін салу, затқа танымдық құштарлықты дамытуға бағытталған педагогикалық үрдістер әсерлеріне ең сезімтал шақтарды нақтылап анықтауға мүмкіндік жасайды.
Мектеп гигиенасы – балалар ағзасының қоршаған ортамен қарым-қатынасын, соның негізінде олардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, үйлесімді дамуы мен функционалді мүмкіншіліктерін жетілдіруге бағытталған гигиеналық нормативтер мен талаптарды жасап өңдеуге мақсатталған
Балалар гигиенасы, оқу-тәрбие үрдістері, мектепке дейінгі балалардың және оқушылардың күн тәртібі мен тынығуы, балалардың тамақтануы, балабақшалар және мектеп құрылыстарын жобалау және олардың жан-жақты дұрыстығы бойынша педагогикалық ғылыми негізделген гигиеналық ұсыныстармен толық жабдықтайды. Мектеп гигиенасының басты талаптары – жылу жүргізу, су, канализация, желдету және жарықтандыру сияқты санитарлы-техникалық жабдықтауда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет