Өкпенің тіршілік сыйымдылығы: 1. қалыпты тыныс көлемі – 500 мл
2. қосымша тыныс (алу) көлемі – 2500 мл
(тыныс алудағы қосымша ауа көлемі (ТАҚА)
3. қосымша тыныс (шығару) көлемі – 1500 мл (тыныс шығарудағы қосымша ауа көлемі (ТШҚА)
Өкпенің тіршілік сиымдылығы – 4500 мл. Енді өкпеден демді барынша шығарған кезде де шамалы ауа өкпеде қалады - оны қалдық ауа немесе өкпенің тіршілік сыйымды-лығының қызметтік қалдық сыйымдылығы (ҚҚС) дейді.
Есеп. Адам 1 мин. 15 рет тыныс алса, әр тыныста 500 мл десек, 500х15=7500 мл/мин. Сонда тыныстың минуттық көлемі (ТМК) – 7500 мл.
Бір қалыпты тыныс көлемінде қабылданған 500 мл ауаның бәрі өкпе көпіршігіне бармайды, оның 150 мл ауатыныс жолында қалып газ алмасуға қатыспайды. Сондықтан да (500-150)х15=5250 мл, сонда 1 мин қабылданған 7500 мл ауаның көпіршіктік (альвеолалық) ауа (газ) алмасуы 5250 мл ауаға тең.
Демді шығаратын ауадағы СО2-мөлшері: %CO2 Vco2 =Vax 100
Vco2- демді шығарғандағы CO2 көлемі
Vco2x 100
VА = %CO2 %CO2 100 мөлшерін CO2-ң фракциялық концентрациясы - Fco2 деп белгілейді.
Сонда демді шығарудағы ауадағы СО2-ң мөлшерін, бұл газдың көпіршіктік ауасындағы концентра-циясына бөлу арқылы көпіршіктік ауа алмастыруын табуға болады.
СО2-ң парциалдық қысымы (Рсо2) бұл газдың көпіршіктік ауадағы концентрациясына пропор-ционалды:
Pco2 = Fco2xK K- константа
Осыдан CO2 VА = Pco2xK.