Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет95/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Сабақ ұзақтығы. Сабақ кестелеріне қойылатын талаптар оқушылардың апталық, айлық, тоқсандық және оқу жылындағы еңбек қабілетіне сай жасалады. Ол аптаның дүйсенбі-сәрсенбі күндері жоғары болады. Бейсенбі күнінің аяғында шаршау белгілері пайда бола бастайды. Жұма, сенбі күндері апталық шаршау белгілері айқындала түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Осыған байланысты оқушы жексенбі күні жақсы демалу үшін аптаның аяғында қиын тапсырма берілмейді. Демалыстан соң, дүйсенбі күні оқушының сабаққа зейіні төмен болады. Осыны ескеріп мектептегі оқу бөлімінің меңгерушісі бұл күні сабақ кестесінде қиын пәндердің санын азайтып, сейсенбі-бейсенбі күндері оларды көбірек қояды. Жұма-сенбі күндері сабақ санын және қиын пәндердің мөлшерін азайтқан жөн. Бұл күндері жеңіл пәндерді көбірек қояды. Жеңіл пәндерге әдебиет, тарих, ән-күй, дене шынықтыру, сурет-сызу пәндері жатады. Қиын сабақтардың алдында денешынықтыру пәнін қоюға болмайды. Себебі денешынықтыру сабағында балалар спорт ойындарын ойнап, жүйкелері қозады да келесі сабаққа зейіні төмен болады. Мектептегі қиын пәндерге физика, математика, грамматика, химия пәндері жатады. Дене еңбегі пәндеріне денешынықтыру, еңбек сабақтары жатады. Әдебиет, тарих физика, астрономия, биология пәндерін ауызша пәндерге жатқызады. Мұндай бөлу шамамен жасалған.
Әрбір оқу күнінің 2-3-сабақтары балалар үшін нәтижелі келеді, 5-6-сағатта шаршау белгілері үдей түседі. Бастауыш сыныптарда шаршау белгілері 3-ші сабақтың соңында басталып, 4-ші сабақта анық білінеді. Жоғарғы сынып оқушыларында шаршау белгілері төртінші сабақтың соңында басталады.
Біркелкі еңбек адамды тез қажытып, жылдам шаршатады, сондықтан оқушылардың еңбегін жеңілдету үшін ауызша пәндер мен жазбаша, қиын пәндер мен жеңілдерді, ой еңбегі сабақтарын дене еңбегімен кезектестіріп отыру керек. Еңбектің түрлері ауысып отырғанда, балалардың шаршауы азаяды. Сабақ кестесін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың шаршауын азайтып, қалжыратпай оқыту мүмкіндігін тудырады.
Балалардың шаршауын ескере отырып, 1-4-ші сыныптарда күніне 4 сабақтан, 5-7-ші сыныптарда 5-6, жоғарғы сыныптарда 6 сабақтан аспауы тиіс. Бағдарламадан тыс, мамандандыруға байланысты факультативтік сабақтар апталық 36 сағат қалыпқа сыймаса, мектептегі мұғалімдер кеңесінің шешімі бойынша арнайы күндері (аптасына 2 реттен асырмай) ғана жоғарғы сыныптарға 7 сабақ қоюға болады. Бақылау жұмыс тарын соңғы сабаққа қалдырмай, қиын тақырыптарды баланың тың кезінде өтеді, қосарланған сабақты (қатарынан 2 әдебиет немесе математика т.с.с.) күнде қоюға болмайды. Себебі баланың ми қыртыстарының нерв клеткалары біртекті ұзақ жұмыстан соң тез шаршайды. Оқушылардың шаршауын азайту үшін ән-күй, дене шынықтыру пәндерінің маңызы зор. Бұл пәндерден кейін баланың миы тынығады. 1-ші сынып оқушылары алғаш мектепке келген кезде ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Олардың организмі тез шаршайды. Сондықтан толық сабақ уақытына (45 минөтке) біртіндеп үйрету керек. Алғашқы 1-2-ші аптада сабақ ұзақтығы 20-25 минөттен басталып, біраздан соң 30-35 минөт, содан кейін 45 минөтке созуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет