Жазу және оқудың гигиенасы. Мектеп оқулықтары тез тозбайтын, ақ немесе сәл сарғыш түсті тегіс қағаздан жасалады. Мемлекеттік стандарт бойынша 1-ші жөне 2-ші номерлі А және Б маркалы қағазды пайдалануға болады. Кітаптың мұқабасы мықты, ұзақ пайдалануға болатын, салмағы жеңіл, оңай дезинфекцияланатын болуы тиіс. Кітаптың әріптері мен суреттері анық, біркелкі тегіс типографиялық қара бояумен басылады, 1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтардың әріптері мен цифрларының биіктігі 2,8 мм, әліппелерде — 4,5-3,5 мм, 2-4-ші сыныптар үшін 2,1-1,75 мм, 5-11-ші сыныптарға 1,75-1,50 мм. Кітаптардың ішіндегі суреттері әдемі, әр түсті, көз тартатындай болу керек. Сөздердің аралығы 2 мм, әріптер аралығы 0,5 мм. Оқулықтардағы әріптер тығыздығы гигиеналық талап бойынша 1 см2 жерде 1,5 әріптен аспау керек. Әріптер жолының ұзындығы 100-110 мм. Жолдың мұндай ұзындығы сөйлемдердің толық мағынасын тез түсінуге ыңғайлы.
Оқушылар дәптері 170 х 250 мм. Дәптердің жолдары көк, көзге анық көрінетіндей, тік сызықтар көлденең сызықтардан сәл жалпақтау болу керек. Себебі көлденең сызықтар көзге оңай көрінеді. Дәптердің қағазы өте тегіс, жылтыр, ақ түсті тығыз қағаздан жасалады.
Көрнекі оқу құралдары (сызбалар, кестелер, суреттер т.б.) ашық ақ қағазға жасалады. Әріптерінің биіктігі кемінде 3 см. Суреттер мен сызбалар әдемі, барлық бөлшектері анық, түрлі түсті, көрнекі болу керек.
Тарих пен жағрапия карталары мен атластар әріптерінің биіктігі 1 мм, әріп аралары 2 мм, оңай тазартатын, тез тозбайтын болу керек. Тозған, жыртылған оқулықтар мен көрнекі оқу құралдарын мезгілімен сұрыптау керек.
Оқушылардың қалам-қарандаштарының жуандығы 7-8 мм, ұзын дығы 140-170 мм, ұстауға қолайлы, біркелкі тегіс, көп қырлы не жұмыр дөңгелек болады. Жіңішке қаламмен жазғанда қол тез талады, ал жуан қалам жазуға қолайсыз келеді. Жазу жазуға көк пасталарды, ал әріптер мен сөздерді ерекще бөлу үшін не астын сызу үшін жасыл, қызыл, қара пасталарды пайдалануға болады. Оқушылардың пайдалануына N2 шамалы қатты қара қарындаштар қолайлы. Мұғалімдер мен ата-аналар бастауыш сынып оқушыларының портфелі немесе рюкзагі жеңіл болып, қажетсіз бөтен заттарды салмауын қадағалап отыруы керек. Ауыр портфельдер балалардың нәзік омыртқа жотасының қисайып (сколиоз) өсуіне себеп болады, денсаулығына зиян келтіреді, сондықтан рюкзак өте ыңғайлы.
Ертеден бері оқу ақпарат берудің негізгі құралы болып табылады. Бала кезден бастап адам аса көп ақпаратты меңгеру қажеттігі туады. Қазіргі кездегі білім берудің жаңа жолдары мен құралдар пайда болуына қарамастан, оқу ақпарат қабылдаудың негізгі әдістерінің бірі болып отыр. Мектеп жасында, мектепте, үйде, мектептен тыс уақытта кітап оқу оқыту процесінің басты түрі болып табылады.
Оқу балалар мен жасөспірімдердің жалпы ақыл – ой мен статикалық күштемесіне әсер етеді және ұзақтығы, тәртібі мен оның ұйымдастырылуын регламенттелуін қажет етеді. Кітап оқу оптимальді жағдайда жүргізілуі тиіс: жиһаздың нормаға сәйкес болуы, кітап қоюға арналған пюпитердің 45 градусқа орнатылуы, жұмыс орнының 300 лк люминесцентті шаммен жарықталуы.
Кітап оқу, оқу техникасы, мәтінді түсіну кіретін күрделі психофизиологиялық процесс. Оқу, әсіресе көру қабілетінің бастапқы типінде, тек көз көргіштікті, аккомодацияня, көз қозғалысын ғана қажет етпейді. Оған қоса, көру арқылы ажырату, көру арқылы есте сақтау тәрізді психикалық қызметтердің қатысуын қажет етеді.
Жас ұлғайған сайын оқу машығы қалыптасып, жылдамдыға жоғарылайды. Оқулықтар мен балаларға арналған кітап оқуға ыңғайлы, ұзақ жұмыс істегенде көру мүшесіне минимальды күштеме мен қажу болмауы керек. Ол оқулықтың сыртқы безендендірілуіне, белгілердің (шрифт) мөлшеріне, суреті мен сызықтарына, баспа интенсивтілігі мен біркелкілігіне, қағаз түсі мен безендендірудің басқа элементтеріне байланысты. Әсіресе кіші мектеп жастағы балаларға арналған баспаның маңызы зор. Көру қабылдағыштығы мен оқу машығының жетілмегендігіне байланысты, оқу процесі қиын және тез шаршатады.
Санитарлық ережелер оқу баспаларының шрифттік безендендірілуі мен сапасы, полиграфиялық материалдарға қойылатын талаптарды анықтайды.
Полиграфиялық материал мен қағаз сапасы оқулықтың санитарлық жағдайын анықтайды. Переплеттың төмен сапасы, сапасы нашар қағазды қолдану оқулықтың жылдам кірлеуі мен бұзылуына алып келеді. Бұл санитарлық – эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз.
Оқулықтар жұмсақ қаптамада немесе қатты переплетта жасалынады. Оқу шартын бұзатын баспа блогын бекітуге болмайды: жіппен тігу, жапсыру т. б
Оқулық дайындау үшін тек кітап баспаларына арналған ( кеңселік, типографиялық, кітап – журналдық ), жарқырау деңгейі 74 – 88 %қағаз қолданылады. Газета қағазын қолдануға тыйым салынады.
Көру күштемесінің мөлшері оқу кезіндегі көру шарты мен ыңғайлылығына байланысты. Мәтін анықтылығы қағаз сапасымен ( түсі, жарқырауы, тегістігі), баспамен (белгілер мен фон контрастылығы, краска қанықтылығы мен тұрақтылығы), ал оқу ыңғайлылығы – баспа белгілері сипатымен ( шрифт мөлшері), гарнитурамен (шрифт суреті), баспа түсімен, беттегі мәтіннің орналасуымен ( жол ұзындығы, интерлиньаж т. б.) анықталады.
Оқулықтардың шрифттік безендендірілуі қойылған гигиеналық талаптар қай сыныпқа арналғанына байланысты ( гуманитарлы, математикалық, бастапқы кәсіби оқуға арналған ).
Әліппе мен әліппеден кейінгі оқулықтарға арналған безендендірудегі оптпмальді шрифт кегльі – 20 пункт; жол ұзындығы – 126 – 130 мм; интерлиньяж ұлғаюы – 4 пункт; шрифт гарнитуры «әліппелік», «азбука», «журналдық», «гельвеника», «прагматика».
Өлең шумақтарынан басқа негізгі мәтінді екі бағанаға жазуға тыйым салынады. Екі бағанды жазу бағана арасындағы арақашықтық 18 мм болған жағдайда ғана рұхсат етіледі.
2 – 4 сыныптарға арналған баспаның оптимальді параметрлері келесідей: шрифт кегльі – 16 пункт; жол ұзындығы – 126 – 130 мм; интерлиньяж ұлғаюы – 2 - 4 пункт; шрифт – бөлшектелген қалыпты ашық түзу сызбалар.
Достарыңызбен бөлісу: |