қайшылықтағылар, әрине, одан күдіктенуде. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Бірақ күмәннің ғана соңында. Олар оны анық өлтірмеді. Жоқ, керісінше, Аллаһ оны Өз тарапына көтерді. Аллаһ – өте Үстем, хикмет Иесі. Кітап иелері Исаға өлуінен бұрын, әлбетте, иман келтіреді. Және ол Қиямет күнінде оларға куә болады» 1 , – деген.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Жаным қолында болған (Аллаһ)
пен ант етейін! Сендерге Мәриямұлының түсуі жақын қалды. Ол әділ билік жүргізіп, крестерді сындырады. Шошқаларды өлтіреді, жизияны 2 жояды. Мал-дүние асып-тасып, оны алатын ешкім