болмай қалады. Тіпті бір реттік сәжде дүние мен ондағылардан қайырлы саналады» , – деген.
Сосын Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын):
«Қаласаңдар:
«Кітап иелері Исаға өлуінен бұрын, әлбетте, иман келтіреді. Және ол Қиямет күнінде оларға куә болады» 3 , – дегенді оқыңдар» , – депті
4
.
Сондай-ақ Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят
еткен келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Араларыңа Мәриямның ұлы түсіп, имамдарың өз іштеріңнен болса, қандай болады екенсіңдер?!» – деп айтқан
5
.
1
«Ниса» сүресі, 157-159 аяттар.
2
Жизия – мұсылмандардың қол астындағы басқа дін өкілдерінен
алынатын жан басы салығы.
3
«Ниса» сүресі, 159-аят.
4
Әл-Бұхари, Муслим.
5
Әл-Бұхари, Муслим.