: «Бұл Раббымнан бір
мейірім. Қашан Раббымның уәдесі келсе, оны жермен-жексен
қылады. Сондай-ақ Раббымның уәдесі хақ!» – деді. Қиямет
күні оларды бір-біріне қосылған түрде қоямыз және сүр
үріледі де, оларды тұтас жинаймыз»
1
, – деген.
б) Яжуж-Мажуждың шығатынына қатысты хадистегі
дәлелдер
Зәйнәб бинт Жахш (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте бір күні Зәйнәбтың алдына Аллаһ елшісі (с.а.с.)
үрейленіп кіріп:
«Лә иләһә иллаллаһ! Жақын қалған пәледен
арабтардың соры құрысын! Яжуж-Мажуждың бөгетінен
мынадай ашылды»
, – деп сұқ саусағы мен бас бармағының
ұштарын түйістіріп, домалақ шеңбер көрсеткен.
Зәйнәб:
«Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біздің арамызда
ізгілер болса да опат боламыз ба?» – деп сұрадым. Ол (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: |