«Иә, егер бұзықтық көбейсе» , – деп жауап берді» , – деген
2
.
Ән-Наууас ибн Самған (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Аллаһ Исаға: « (Оларға)
қарсы соғысқа ешкім төтеп бере алмайтын бір құлдарымды шығардым! Пенделерімді Турға алып бар!» – деп уахи етеді. Сөйтіп, Аллаһ тағала Яжуж-Мажужді жібереді. Олар әр төбеден ағылады. Олар Табария көлінен өтіп, одан ішеді. Ал олардың соңғы лектері өтіп бара жатып: «Мына жерде су болған екен», – деседі. Иса мен онымен бірге болғандар қоршауға түсіп, тіпті оларға өгіздің бір басы бүгінгі жүз алтын динардан құндырақ болады. Осыдан кейін Иса және онымен бірге болғандар дұға қыла бастайды. Сонда Аллаһ (Яжуж-Мажуждердің)