149
шытын шығарады. Олардың ешқайсысы артында мыңнан
астам ұрпақ қалдырмайынша өлмейді»
, – деген
1
.
а) Яжуж-Мажуждың сипаттары
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларды:
«Жалпақ жүзді, қысық көзді,
шаштары сұр, барлық жақтан ағылып келеді, беттері
терімен қапталған қалқан сияқты»
, – деп сипаттаған
2
.
ә) Яжуж-Мажуждың шығатынына қатысты Құрандағы
дәлелдер
Аллаһ тағала:
«Яжуж-Мажуж ағытылып, әрбір төбеден
келгенге дейін. Ол шын уәде
(Қиямет)
таяса, сол уақытта
қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: «Әттеген-
ай! Біздің бұдан қаперсіз болғанымыз қандай өкініш!
Негізінде, біз залым болған екенбіз», – деп айтады»
3
, – деген.
Аллаһ тағала Құранда жер бетін шарлап, әділдік орнатып
патшалық құрған Зұлқарнайынның қиссасын әңгімелей отырып:
«Екі таудың арасына жеткен кезде сөзді түсіне алмайтын бір
Достарыңызбен бөлісу: