күні мені қорламауға уәде бергенсің, енді алыстатылған әкемнен асқан қандай қорлық бар?» 3 – дейді. Аллаһ тағала: «Расында, Мен жаннатты кәпірлерге харам еткенмін», – дейді. Сосын: «Ей, Ибраһим! Екі аяғыңның астындағы не?» – делінеді. (Ибраһим)
қараса, қанға бөккен қорқау жатыр екен. Оны аяқтарынан ұстап тозаққа лақтырады» , – деген
4
.
Осылайша, Ибраһимнің әкесі қорқау қасқырға айналып,
кәпірлік танытқаны үшін отқа тасталады. Аллаһ разы болмаса,
Оның кешірім жасауы үшін тіпті пайғамбардың әкесіне ара түсуі
де жеткіліксіз. Сөйтіп, Ибраһим әкесінен бойын аулақ салады.