Ал кім Оған бір нәрсені серік қосып өлсе, тозаққа кіреді де, оған тозақ уәжіп болады» , – деп жауап берген
2
.
Демек, таухид жаннатты, ал ширк тозақты уәжіп қылады екен.
Әнәс (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте, бірде
Пайғамбарымыз (с.а.с.) артында мінгесіп келе жатқан Муғазға
(Аллаһ оған разы болсын):
«Ей, Муғаз!» – дейді. Муғаз:
«Ләббәй, уа, Аллаһтың елшісі!» – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
қайтадан:
«Ей, Муғаз!» – дейді. Муғаз:
«Ләббәй, уа, Аллаһтың елшісі!» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы да қайтара:
«Ей, Муғаз!» – дейді. Муғаз да:
«Ләббәй, уа, Аллаһтың елшісі!» –
дейді
3
. Сонан соң Пайғамбар (с.а.с.):