«Қайсыбір пенде шын
ниетімен Аллаһтан өзге құдай жоқтығына және Мұхаммед
Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік берсе, Аллаһ тағала
оған тозақты харам етеді»
, – деген.
Сонда Муғаз Пайғамбарымыздан (с.а.с.):
«Уа, Аллаһтың
елшісі! Адамдарды сүйіншілеп
(мұны)
хабарлайын ба?»
– деп
сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.):
«Онда олар
(бұл сөзге)
арқа сүйеп
кетеді»
, – деп бұл айтқан сөзінен адамдардың хабардар болуын
құп көрмеді
4
.
Расында да, бұл хадисті естіген мүмін «Маған Аллаһ тозақты
харам етіп қойған» деген ойға келіп, түрлі күнәларға ұрынуы
мүмкін ғой? Сол үшін де Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұны
адамдардан жасырған. Ал хадисті естіген жалғыз Муғаз
1
Уәжіп – міндетті түрде орындалуы керек іс-амал.
2
Ахмад.
3
Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының есімін бұлайша үш қайтара атауымен,
өзінің (с.а.с.) оған өте маңызды бір нәрсе айтқысы келетіндігін
аңғартты.
4
Әл-Бұхари, Муслим.
|