АИТВ инфекциясын емдеу және алдын – алу ерекшеліктері. Орындаған;Ғалымова.Г.Э Тексерген;Бисариева.М.С
Батыс Қазақстан Жоғарғы Медициналық Коледжі
Жоспар - 1.Кіріспе
- 2.Симтомдары
- 3.Емдеу ерекшелігі
- 3.Алдын-алу ерекшелігі
- 4.Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе - Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (АИВ/ЖИТС) — адамның иммунтапшылық вирусы (АИВ) қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын дертті жағдай. Инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін.[ Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады.[ Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез секілді көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы мүмкін.[Инфекцияның аталған кеш белгілерінің жиынтығын жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп атайды.[Әдетте, бұл саты адамның өте қатты жүдеуімен қатар жүреді.
- АИВ бірінші кезекте қорғаусыз жыныстық қатынас жұқтырылған қан құю, теріасты инъекцияға арналған ине арқылы, сондай-ақ жүктілік, босану не емізу кезінде анадан балаға беріле алады. Вирус сілекей, тер, жас секілді дене сұйықтығы арқылы адамнан адамға берілмейді
Симтомдары АИВ инфекцияның үш негізгі сатысы бар: жіті инфекция жасырын саты ЖИТС. Жіті инфекцияі Жіті АИВ инфекциясының негізгі симптомдары АИВ жұқтырғаннан кейінгі алғашқы кезең — жіті АИВ, бастапқы АИВ немесе жедел ретровирустық синдром деп аталады.[Көбіне жұқтырғаннан 2-4 апта өткеннен кейін адамда тұмау тәрізді не мононуклеоз тәрізді синдром дамуы мүмкін, ал кейбірінде еш симптом байқалмайды.Барлық жағдайдың тек 40–90% симптомдар көрініс беруі мүмкін. Жиі кездесетіндері: қызба, лимфа түйіндерінің ұлғайып, ауырсынуы, тамақ қабынуы, бөртпелер, бас ауырсынуы, шаршағыштық және/не ауыз бен жыныс мүшелеріндегі жаралар Бөртпе 20–50% жағдайда кездесуі мүмкін, ол, әдетте, кеудеге дақ не көпіршікше түрінде шығады.[ Кей адамдарда осы сатының өзінде оппортунис инфекциялар (иммунитеті қалыпты жұмыс істейтін адамдарда ауру туғызбайтын шартты патогенді флора қоздыратын инфекциялар) дамиды.] Бұдан бөлек лоқсу не диарея сынды асқазан-ішек белгілері көрініс беруі мүмкінЖүйке жүйесі тарапынан шеткері нейропатиялар мен Гийен–Барре синдромы дамуы мүмкін Симптомдардың ұзақтығы әр түрлі болады, бірақ, әдетте, бір не екі аптаға созылады
Достарыңызбен бөлісу: |