«Аңыз адам – 100 жаста»
Мақсаттары: Қоғам және мемлекет қайраткері Д.Қонаевтың 100 жасқа толуына орай оқушыларды аңыз адамның өмірімен,атқарған істерімен таныстыру;
Өз елдеріне,өз елінің құрметті азаматтарына деген мақтаныш сезімдерін ояту;
Халқымыздың құндылықтарын сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу;
Өткізілетін орны:сынып бөлмесі
Көрнекіліктер: Д.Қонаевтың портреті,оның өмірбаяны жазылған хронологиялық кесте,атқарған еңбектерінің тізбесі,қанатты сөздер
Тәрбиелік шараның түрі:Ауызша журнал
Шараның жоспары:
1-бет.Бала Димаштан - Ел ағасы Димекеңе дейін
2-бет.Ұлы тұлға жайлы көркем ойлар
3-бет.Д.Қонаевтың 100-жылдығына -100шара
4-бет.Аңыз адамның нақылға айналған сөздері
Мұғалімнің кіріспе сөзі.(шараның тақырыбымен,мақсатымен таныстыру)
1-бет.Бала Димаштан –Ел ағасы Димекеңе дейін
(кесте бойынша оқушылар баяндайды)
1912ж. 12-қаңтар - Алматы қаласында дүниеге келген
1930ж. - Алматыдағы №14 орта мектепті бітірді
1931-1936 ж.ж. - Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтында оқыды
1937-1939 ж.ж. - Қоңырат кенішінде бұрғылау цехының бастығы
1939ж. -«Алтайполиметалл» комбинатының Риддер кеніші басқармасына директор болып тағайындалды
1939ж. - КОКП мүшелігіне тағайындалды
1942-1952ж. - Қазақ ССР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды
1949ж. - «Қоңырат мыс кенін қазу»атты ғылыми еңбегі жарыққа шықты
1952ж. - Қазақ Ғылым Академиясының академигі және Президенті болып сайланды
1955-1960ж. - Қазақ ССР Министрлер кеңесінің Төрағасы болып қызмет атқарды
1960-1962ж. - Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды
1966-1970ж. - Социалистік Еңбек Ері атағы,Ленин ордені ,Орақ пен балға алтын белгісі тапсырылды
1978ж.- «Кеңестік Қазақстан» таңдамалы сөздері мен мақалалары жарыққа шықты.
1982ж.- Үшінші рет Социалистік Еңбек Ері атағын алды.
1986ж. 16 желтоқсан - Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1992ж. – «О моём времени» атты кітабы жарық көрді.«Өтті дәурен осылай»
1993ж. 20 тамызда - Д.Қонаев Алакөл ауданының Ақши ауылында дүниеден өтеді.
2 бет. Ұлы тұлға туралы көркем ойлар
Мейірім-шуағы мол , пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық - қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай , келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент – Дінмұхаммед Қонаев.
Джавахарлал Неру Үнді мемлекетінің негізін қалаушы
Мен бір жақсы адамдармен жекжат болған екенмін... Димаш бұйырса иісі қазаққа ортақ ұл болғалы тұр, тіл-көзден сақтасын.
М.Әуезов , жазушы
Мен бүгін зор тұлғамен таныстым. Ол - терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам . Ол – КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы.
Дуайт Эйзенхауер, АҚШ мемлекетінің экс-президенті
Шынын айтайын, Қонаевқа тең келетін адамды көрмедім.
Генадий Толмачев, жазушы
3-бет Д.Қонаевтің 100 жылдығына – 100 шара.
1994 жылдың 24 ақпанында ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Алматы қаласында мұражай-үйін құру жөнінде бұйрық шығарады.
Мұражайда 3000 жәдігер бар. Д.Қонаев жайында жазылған 66 кітап топтамасы бар. Жалпы кітаптардың саны 3000 асады.
Д.Қонаевтің атымен аталатын университеттің ашылғанына биыл 18 жыл. Университетте соңғы 10 жыл ішінде 20-ға жуық заң ғылымдардың диссертациялары , барлығы 200 диссертациялық жұмыс жасалып шықты.
Аңыз адам атына көшелер мен мектептер ашылуда.
Атамыздың 100 жылдық мерейтойына арнап « Елімнің ағасы» атты ән дүниеге келді. Ән авторлары Ескендір Хасанғалиев пен Қайрат Жұмағалиев. Ән: «Елімнің ағасы»
4-бет Аңыз адамның нақылға айналған сөздері
Бүгінгі күн – ертеңгі күн шәкірті.
Жалада шындық болмайды.
Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.
Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.
Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
Ақиқаттан аттап кету – арға сын.
Орынды сын ойлантпай қоймайды.
Адамға ең үлкен жаза – жұмыссыз қалдыру қалдыру.
Адам айнасы – адам.
Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Тәрбиелік шара Дінмұхаммед атамыздың сөзімен қорытындыланады.
« Адамдық қалыпты биік ұстау - кімге де болса үлкен сын . Адамгершілік деген осы. Асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі де осы, азаматтылық жолда осы.»
Қаирдолдина Гульназ Нургуметовна
«Чернова орта мектебі»КММ
Аққайнар ауылы
Катонқарағай ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Достарыңызбен бөлісу: |