«Айқын мақсат қоя отырып»


-қадам:  Енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады, барлығы  басынан қайта басталады.  «Соқыр паровоз»



Pdf көрінісі
бет64/79
Дата11.01.2023
өлшемі1,75 Mb.
#165305
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
Байланысты:
ӘДІСТЕР ҚОЙМАСЫ

7-қадам: 
Енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады, барлығы 
басынан қайта басталады. 
«Соқыр паровоз» 
Қатысушылар үштен бөлініп тұрады. Алдыңғы ойыншының көзі 
байланады. Ол үшінші ойыншының айтқанымен жүреді, ортадағы ойыншы 
кедергі, ол паровоздың дауысын салады. Бірнеше паровоз осылайша діттеген
жерге жету керек. Мұнда көшбасшыға сенім, сенімсіздік, көшбасшының 
кедергіге қарамастан, топты алып жүруі сарапқа салынады.
 
 «Социометрия» 
Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің 
түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас 
әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа 
бөлінетіндігін айтып отырады. 
Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік 
туғызады. 
«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін» 
Шашылған 
түрлі 
сөздердің 
ішінен 
бір-біріне 
мағыналық 
қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш, аю» деген секілді. 
Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі 
қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін: 
«Бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.»
Немесе шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып
аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.»
Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып қояды 
да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. 
Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді 
әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады. 
«Сөздерден әңгіме құрастыру» 
 
Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды 
тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) 
тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут
ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну керек. 
Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде 
аталуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет