Тезистер
1992-1994 жылдары ырықтандыру (либерализация) жүргізілді, нарықтық катынастың заңдылық негізі жасалды.
1995-1999 жылдары өндірістік секторды жетілдіру (өнеркәcіптерді тәртіпке келтіру, банкроттық, жекешелендіру, демонополизация), экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бюджеттік жүйедегі заң, ұлттық банк, салық пен міндетті төлем, құнды қағаздар нарығы және т.б. туралы заңдар қабылданды; зейнетақы жүйесіндегі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен білім беру саласындағы реформалар, ел дамуының алғышарты болатын «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды.
2000-2006 жылдары Қазақстан экономикасында сатылы даму байқалып, қаржылы сектор одан әрі нығая түсті.
Осы уақытқа дейін елдің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне қатысты стратегиялар қабылданып, Ұлттық қор мен Даму банкі құрылды.
Ипотекалық несиелеу туралы, сақтандыру қызметі, салық кодексі, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде заңдар қабылданды.
Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тiкелей шетел инвестициясы тартылды.
Қазақстан ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып, тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және сыртқы қолайсыз факторларға тәуелдi болмау үшiн Ұлттық қор құрды.
Дүниежүзiлiк банктiң есебі бойынша қазiргi уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегi елдердiң тобына кiредi.
Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады.
1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміздің экономикасына әлемнің 60 елінен 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды.
Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестицияның 80 пайызы Қазақстан еншісінде болып тұр. Ал экономикаға қосылған ішкі инвестициясының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр.
Сонымен қатар Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін ел экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке айналды.
«Қазақстан-2030» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты жетістігі мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды.
Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты.
Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде республикамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъекті құрылған. Онда 2 миллионнан астам адам жұмыс істейді.
Елімізде ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасы құрылды.
! Білім алушылар бүгінгі тақырып бойынша қосымша мәліметтерді төмендегі электорнды білім беру ресурстарынан алуға болады.
! Білім алушылар бүгінгі тақырып бойынша пән оқытушысының бейнесабағын тыңдай аласыз. Ол үшін YouTube Педагогический высший колледж имени М.Маметова деп кіріп мына төмендегі берілген сілтемені таба аласыз
YouTube: https://www.youtube.com/watch?v=l5t724UAKBU
Уикипедиядан тақырып бойнша мәтін алуыңызға болады
Білім ландтан тақырып бойнша видео мәліметін ала аласыз
Білім ландқа кіру үшін төменде логин және парол көрсетілген
e-kollege колледж базасының оқулықтарын ала аласыз.
Оның қадамдары төмендегідей:
Оқулық үшін e-kollege: http://manshuk.kz/e-library.aspx
Оның қадамдары төмендегідей:
- e-kollege батырмасын үстінен батырасыз
- e-kollege, Кітап іздеуге кіреміз
- Оқулық аты: Қазақстан тарихы
- Авторы: Тұрлығұл Т (240-257 беттер)
Уикипедия: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D1%8D%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B
Достарыңызбен бөлісу: |