Жас тілші:Өздеріңе таныс ұйғыр халқының ұлттық тағамдарын атаңдар?
Жауап: Самсу (самса), әткән чай, гөш нан, саңза, жусәй манты.
Журналдың төртінші беті корей халқына арналады.
Редактор: Журналдың төртінші бетін ашамыз. Бұл бет өзінің еңбексүйгіштігімен, кішіпейілдігімен ерекшеленетін корей халқына арналады.
Ғасырлар бойы корейліктер Жаңа жылдық мерекені өнім жинау науқанынан соң тойлап келіпті. Жаңа жылдың алғашқы күні әрбір отбасы ерте тұруға тырысады. Ата-анасы балаларын: «Тұрыңдар, бүгін бізге бабаларымыз қайтып оралады» немесе «Бүгін кеш тұрған адамның қасы ағарып кетеді» деп оятқан. Отбасы мүшелері тегіс тұрып, жуынып, жаңа киімдерін үстеріне ілген соң, әр үй мерекелік тасаттыққа әзірленген. Бұл алғашқы күннің ең маңызды салтанаттарының бірі. Тасаттық берілетін бөлмеге кішірек үстел қойылып, дастарханға балық, ет, көже, көкөніс, күріш, шарап әкелінеді. Рәсімді сол күні абыз рөлін атқаратын отағасы басқарады. Ол үстіне әппақ желең (турумаги) жамылып, басына ат қылынан тоқылған лента (мангон) тағып, оның үстіне қалпақ киеді. Мұндай алқалы жиынға тек ер адамдар қатысады. Бұл жаңажылдық салт –дәстүр Сэхва деп аталады. Сонымен қатар толь- бөбектің бір жасқа толуы тойланатын күн, герхонсик-үйлену тойы, және хуангаб-алпыс жасқа толу салтанаттарын ерекше атап өтеді.