2.3 «Жарнаманың кемшілігі» Проекторда қала көшелерінде ілінген жарнамалардың қателері көрсетіледі.
2.4 «Жарнамалық көрініс» Әр топ өткізуді ынталандыру мақсатында жарнаманы көрініс түрінде көрсетеді.
2.5 «Жарнама құрастыру ойыны» Кішкене қобди ішіне студенттердің парталарынан алынған әр түрлі заттар( көзілдірік, қаламсап, дәптер, қарындаш, ұялы телефон және т.с.с.) салынған. Әр топ өкілі қобди ішінен бұл заттардың біреуін суырып алғаннан кейін, берілген уақыт ішінде (8-10 минут) топ мүшелері сол затқа жарнама(мәтін, ұран, плакат т.б) құрастырып, оны қалайша қолдануға болатындықты жиналғандарға көрсетуі (ойнап шығуы) керек.