Айтыс: ой жарысы; сөз жарысы



бет9/9
Дата07.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#92936
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
айтыс

"Біржан мен Сара" айтысы өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі.
  • Біржан мен Сара жайында. Біржан да, Сара да — көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1887 жылы қайтыс болған. Бейіті Степняк қаласынын, жанында. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі. Табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, "әнші, ақын, сал Біржан" деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды.
  • Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарылғапберді, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.
  • Біржан көптеген ән шығарды. Оның "Көкшетау", "Жанбота", "Ләйлім шырақ", "Айтпай", "Адасқақ", "Жамбас сипар" сияқты әндері — қазақ музыка мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.
  • Біржанның басқалардан ерекшелігі — ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның даңқы әуелде әнмен жайылған. Бірақ, ол тек әнді шығарушы әрі тамаша орындаушы ғана емес, ол әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Оның ән мәтіндері мазмұны, көркемдігі жағынан шебер.


  • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет