10-практикалық сабақ. Әскери ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты.
Әскери ұжым және оның ерекшеліктері. Әскери ұжым дегеніміз жеке құрам өмір сүретін, жауынгерлердің рухани бейнесі мен шеберлігі қалыптасатын қоғамдық-идеялық, психологиялық орта. Ол басқа ұжымның түрлерінен алдына қойған мақсаттары мен Отанды қорғау міндеттерімен ерекшеленеді. Егер бөлімшенің мүшелері өздерінің міндеттері мен бағыттарын терең түсінсе, онда ол нағыз әскери ұжым деп танылады. Болашақ жауынгерлер әскери қызметтің мақсатары мен міндеттерін мектепте, әсіресе алғашқы әскери дайындық сабағында кеңінен түсінеді. Әскери ұжымның ерекшеліктері олардың алдына қойған мінтерінің қаруды, ұрыс техникаларын қолдану арқылы шешілетіндігімен байланысты болады.
Осыған сәйкес, барлық мүшелері батыл мүшелері батыл, өжет, шыдамды, соонымен қатар техника мен қаруларды шебер қолданатын ұжым, нағыз әскери ұжым болып есептеледі.
Әскери ұжым өз мүшелерінің арасындағы арақатынас пен тәртіптің арнайы нормалар мен ережелер тек әскери қызметтің талаптарына ғана емес, әскери қызметтің қажеттіліктеріне де сәйкес белгіленеді. Олар жалпы әскери жарғыларда көрсетіледі.
Әскери ұжымның барлық мүшелерінде әскери бөлімге, жолдастарына, жауларына деген белгілі бір қатынас пайда болады. Бұл қатынастар әскери этиканың нормаларын құрайды. Егер жауынгерлердің Отан алдындағы борышын өтеу, серт пен дәстүрге деген адалдық, жауларға дегенөшпенділік сезімдері болмаса, онда ұжым ұрыс тапсырмаларын орындауға дайын емес деп есептеледі.
Қарулы Күштерде тұлғаның ұжымға бағыныштылығы принципі – бөлімшенің барлық жауынгерлері командирге мемлекеттің өкілі ретінде сөзсіз бағынулары тиіс.
Әскери психологияда әскери ұжым дегеніміз ҚР Конституциясына сәйкес әскери қызметкерлердің ұрыс техникалары мен қаруларын қолдану арқылы орындайтын қызметтерінің, идеялық және моральдық ұстанымдарының негізінде жоғары ұйымдастырушылығымен, ұрысқа дайындығымен, қабілеттілігімен көзге түсетін командирдің басшылығымен ұйымдасқан түрде бірлесуі